Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысы

Жаңартылған

      Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мынадай құрамда Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің директоры;
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
      «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
      «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісім бойынша).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 90 қаулыларымен.
      2. Комиссияның жұмыс органы функцияларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.
      3. Комиссия отырысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жарты жылда кемінде бір рет өткізілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов