Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мынадай құрамда Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
2. Комиссияның жұмыс органы функцияларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.
3. Комиссия отырысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жарты жылда кемінде бір рет өткізілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов