Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 747 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «МЖЗҚ» АҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
      2. «МЖЗҚ» АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «БЖЗҚ» АҚ) болып қайта аталсын.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 193 қаулысымен.
      4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 193 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 102-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «102. АЛА-005033 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ»;
      2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі:
      мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
      27-2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» 100 %» акционерлік қоғамы.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 747 қаулысымен   
мақұлданған     

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық
Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы
зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) және «Ұлар
Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының
акцияларын мемлекеттік меншікке қабылдау және оларды «БЖЗҚ»
АҚ-ға беру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Іс-шаралар жоспары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 193 қаулысымен.