Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 628-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов