Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «МЖЗҚ» АҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
2. «МЖЗҚ» АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «БЖЗҚ» АҚ) болып қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын мемлекеттік меншікке қабылдау және оларды «БЖЗҚ» АҚ-ға беру жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлдансын.
4. Комитет және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 102-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«102. АЛА-005033 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ»;
2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
27-2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» 100 %» акционерлік қоғамы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 747 қаулысымен
мақұлданған
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық
Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы
зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) және «Ұлар
Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының
акцияларын мемлекеттік меншікке қабылдау және оларды «БЖЗҚ»
АҚ-ға беру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын оларды «Қазақстан Халық Банкі», «Қазкоммерцбанк» және «БТА Банк» акционерлік қоғамдарынан, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның және «БТА Банк» АҚ-ның акцияларын сату есебінен сатып алу арқылы сатып алуы туралы мәселені «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның уәкілетті органдарының қарауына шығару |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның уәкілетті органдарының шешімдері |
2013 жылғы |
2. |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін республикалық меншікке беру туралы мәселені «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның уәкілетті органдарының қарауына шығару |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның уәкілетті органдарының шешімдері |
2013 жылғы |
3. |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін республикалық меншікке қабылдау |
Қаржымині, ММЖК |
көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорларының акцияларын республикалық меншікке қабылдауға келісу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2013 жылғы |
4. |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры», «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» (Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы) және «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін «БЖЗҚ» АҚ орналастырылатын акцияларын төлеуге беру |
Қаржымині, ММЖК |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
2013 жылғы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ММЖК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.