Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 405 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 497-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасында:
9, 10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын жылдық сатып алу жүргізу үшін жоспарланған 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 1-нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде 1-нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты бес жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
10. Жер қойнауын пайдаланушы, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, 2, 3-нысандар бойынша EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
11. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, 4-нысан, 1 және 2-бөлігі бойынша EXCEL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
12. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын және жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, 5-нысанға сәйкес экрандық нысанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен кадрлардағы жергiлiктi қaмту жөнiндегi міндеттемелерді орындау туралы есепті индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.».
2. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1018 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жер қойнауын пайдаланушы, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей нысан бойынша EXCEL форматында электрондық түрде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға есеп береді және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.».
3. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 83-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген барлауға арналған модельдік келісімшартта:
«Анықтамалар» деген 1-бөлімде:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
18), 19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
19) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндірушінің тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тaуaрдың түпкi құнындaғы пайыздық үлесі;
20) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс (қызметті) орындаушының еңбегіне ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»;
«Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері» деген 7-бөлімде:
2-тармақта:
14), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
15) барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл |
тауарлар |
жұмыстар |
қызметтер |
1 жыл |
|||
2 жыл |
|||
… |
|||
(бағалау кезінде) |
»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) * тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
Ескертпе*: осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
жалпы таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған;
жерасты суларын барлауға арналған;
емдік балшықтарды барлауға арналған;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар және тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп беруге;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушымен тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуды жоспарлау және жүргізу туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығындар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, бaрлaу жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғaлaрғa тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) кен орындарындағы сынамалы пайдалану кезінде мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде мұнай мен газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін кестелерде айқындалған көлемдерде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде өңдеуге арналған шикі мұнайды жеткізуге;»;
«Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі» деген 19-бөлімде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;»;
«Құпиялылық» деген 21-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
барлауға арналған модельдік келісімшартқа 1-қосымшадағы:
«Қазақстан Республикасы аумағындағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар, мың теңге/$» деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген өндіруге арналған модельдік келісімшартта:
«Анықтамалар» деген 1-бөлімде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
18), 19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
19) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық үлесi;
20) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»;
«Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері» деген 7-бөлімде:
2-тармақта:
14), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауардағы, жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
15) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл |
тауарлар |
жұмыстар |
қызметтер |
1 жыл |
|||
2 жыл |
|||
… |
|||
(бағалау кезінде) |
»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнiнен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) * тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келiсiмшaрттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 aқпaндaғы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
Ескертпе*: осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған;
жерасты суларын өндіруге арналған;
емдік балшықтарды өндіруге арналған;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар және тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп беруге;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға кететін шығыстар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, өндіру жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;»;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51) мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін кестелерде айқындалған көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде өңдеу үшін шикі мұнайды жеткізуге;»;
«Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі» деген 19-бөлімде:
1-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;»;
«Құпиялылық» деген 21-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
өндіруге арналған модельдік келісімшартқа 1-қосымшадағы:
«Қазақстан Республикасы аумағындағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар, мың теңге/$» деген жол алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшартта:
«Анықтамалар» деген 1-бөлімде:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
20), 21), 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«20) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
21) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық үлесі;
22) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту — жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»;
«Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері» деген 7-бөлімде:
2-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауардағы, жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) бірлесіп барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл |
тауарлар |
жұмыстар |
қызметтер |
1 жыл |
|||
2 жыл |
|||
… |
|||
(бағалау кезінде) |
»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) * тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 aқпaндaғы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
Ескертпе*: осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
жалпы таралған пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған;
жерасты суларын бірлесіп барлауға және өндіруге арналған;
емдік балшықтарды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар және тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп беруге;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушымен тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатып алуды жоспарлау және өткізу туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығындар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;»;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) мұнайды өткізудің техникалық-экономикалық негіздемеде қабылданған есептік бағалары шегінде мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін кестелерде айқындалған көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде өңдеу үшін шикі мұнайды жеткізуге;»;
«Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі» деген 20-бөлімде:
1-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;»;
«Құпиялылық» деген 22-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшартқа 1-қосымшадағы:
«Қазақстан Республикасы аумағындағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар, мың теңге/$» деген жол алынып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартта:
«Анықтамалар» деген 1-бөлімде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі — Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
14), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) кадрлардағы жергілікті қамту — келісімшартты орындау кезінде жұмысшылар мен қызметшілердің әрбір санаты бойынша бөле отырып, жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санындағы қазақстандық кадрлардың пайызбен алғандағы саны;
15) тауардағы жергілікті қамту — Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық үлесі;
16) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту - жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттардың бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»;
«Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері» деген 6-бөлімде:
2-тармақта:
14), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес мердігер ұйымдарды тартқан кезде конкурс шарттарында тауардағы, жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі жергілікті қамту бойынша талаптарды көздеуге;
15) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша жергілікті қамту көлемі тауарларға қатынасы бойынша ______ пайызды, жұмыстарға қатынасы бойынша ______ пайызды, көрсетілетін қызметтерге қатынасы бойынша ______ пайызды құруға, оның ішінде жылдар бойынша:
Жыл |
тауарлар |
жұмыстар |
қызметтер |
1 жыл |
|||
2 жыл |
|||
… |
|||
(бағалау кезінде) |
»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) жергілікті қамту бөлігіндегі, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және өткізуі туралы, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға шығындар туралы келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;»;
«Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі» деген 16-бөлімде:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының 30 % мөлшерінде;
2) кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;»;
«Құпиялылық» деген 18-бөлімде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті қамту бөлігінде келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуларды жоспарлауы және өткізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға шығындар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жұмсалған шығындары туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшартқа қосымшадағы:
«Қазақстан Республикасы аумағындағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар, мың теңге/$» деген жол алынып тасталсын.
4. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
13-тармақтың бірінші бөлігінде:
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кадрлардағы ең төменгі жергілікті қамту;
7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең төменгі жергілікті қамту;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс.»;
23-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;
7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;»;
41-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;».
5. «Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 227-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасында:
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қатты пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлауға, өндiруге және бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша — индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi орган.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қатты пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi» интеграцияланған ақпараттық жүйесiнiң (бұдан әрi – ҚР ЖП ББМЖ ИАЖ) экрандық нысанын толтыру және ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органға бередi.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жерасты суларын, емдiк балшықты барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға, сондай-ақ ҚР ЖП ББМЖ ИАЖ экрандық нысанын толтыру және ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органға бередi.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жер қойнауын пайдаланушылар осы Қағиданың 8, 10, 11-тармақтарына сәйкес ұсынатын келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы есептердiң негiзiнде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жиынтық есептердi дайындайды, олар келiсiмшарттар талаптарының орындалуы туралы есептердi ұсыну мерзiмi аяқталғаннан кейiн екi айдың iшiнде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiберіледi.»;
13-тармақтың екінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеудi кемсiтпеушiлiк негiзiнде қамтамасыз ету бойынша;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары — тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту бөлiгiнде, оның iшiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi арқылы;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бақылау барысында құзыреттi органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мониторинг деректерiн талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың талаптарын сақтауы бойынша оларға тексеру жүргiзедi.»;
келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасына 1-қосымшаның кестесінде:
«Баптардың атауы» деген бағанда:
«ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар»;
келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасына 2-қосымшаның кестесінде:
«Баптардың атауы» деген бағанда:
«ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар»;
келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасына 3-қосымшаның кестесінде:
«Баптардың атауы» деген бағанда:
«ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар»;
келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау қағидасына 4-қосымшаның кестесінде:
«Баптардың атауы» деген бағанда:
«ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар».