Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 405 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынaн кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 405 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.12.2016 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
      13-тармақтың бірінші бөлігінде:
      6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кадрлардағы ең төменгі жергілікті қамту;
      7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең төменгі жергілікті қамту;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері қамтылуға тиіс.»;
      23-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
      6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;
      7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;»;
      41-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;».
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.