Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-1. «Қадағалау сатысындағы қылмыстық істер жөніндегі өндірістің тәртібі туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 16 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
      1) 1 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. ҚІЖК-нің 50-тарауының нормаларына сәйкес бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулылары, оларды кассациялық сатыдағы сот қарағаннан кейін ғана, сондай-ақ кассациялық сатыдағы соттың қаулылары шағымдануға (наразылық келтіруге) және қайта қаралуға жататыны түсіндірілсін. Бірінші сатыдағы соттың үкімі, қаулысы, егер оларға апелляциялық тәртіппен шағым, наразылық келтірілмесе, ҚІЖК-нің 423-бабының  3-бөлігінде көрсетілген, жарияланған кезінен бастап заңды күшіне енетін апелляциялық үкімдер мен қаулыларды қоспағанда, апелляциялық шағым, наразылық беруге заңмен белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Істі апелляциялық сатыда қараған кезде үкім, қаулы апелляциялық қаулы шыққан күні заңды күшіне енеді. Егер шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарылған жағдайда, шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты іс жүргізуді қысқарту туралы апелляциялық сатының қаулысы шыққан күні үкім мен қаулы заңды күшіне енеді.»;
      2) 4-тармақ «бұзушылықтар немесе» деген сөздерден кейін «қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 7-тармақтың 2-абзацындағы «, қылмыстардың рецидиві, түзеу
мекемесінің түрі дұрыс белгіленбеген» деген сөздер алып тасталсын;
      4) 10-тармақтағы «немесе қылмыстардың рецидивін, түзеу мекемесінің түрін дұрыс танымаған жағдайда» деген сөздер алып тасталсын;
      5) 12-112-2-тармақтар алып тасталсын;
      6) 12-3-тармақтың екінші абзацы «Азаматтық талаптың» деген
сөздердің алдынан «Талапты қараусыз қалдыру жағдайларын қоспағанда,»
деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 13-тармақтың 2-абзацындағы «жауапкерлер,» деген сөз «жауапкер және» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 15-тармақтың бірінші сөйлеміндегі өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
      9) 16-тармақтың 2-абзацындағы «қадағалау шағымы» деген сөздер «қадағалау өтініші» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 2223-тармақтардағы «бірінші және апелляциялық» деген сөздер «бірінші, апелляциялық және кассациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 26-тармақтағы «үкімде негізделмеген сотталғанға түзеу мекемесінің анағұрлым жеңіл түрін тағайындауды бұзумен және ҚК-нің 48-бабына сәйкес түзеу мекемесін тағайындаумен;» деген сөздер алып тасталсын.
      1-2. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      1-3. «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
      1) 3-тармақтағы «мен соттардың» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 5-тармақтағы «немесе төменгі саты сотының қарауы кезінде» деген сөздер алып тасталсын және аталған тармақтағы «ҚІЖК-нің 446-8-бабының 6) тармақшасына» деген сөздер «ҚІЖК-нің 446-8-бабының  8) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) аталған нормативтік қаулы 15-1-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-1. ҚІЖК-нің 59-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, қадағалау сатысындағы сот ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде ҚІЖК-нің 448-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жеке қаулы шығарады.»;
      1-4. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
      1) 39-тармақтың екінші абзацындағы «575» деген цифрлар «575-1» деген цифрлармен ауыстырылсын, «қадағалау тәртібінде ғана» деген сөздер «талап қараусыз қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кассациялық және қадағалау тәртібінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      1-5. «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13:
      1) 9-тармақтың үшінші абзацы «сотталушымен» деген сөзден кейін «соның ішінде медиация тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 12-тармақтағы «391» деген цифрлар «393» деген цифрлармен
ауыстырылсын.

       2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                        Б. Бекназаров

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                            Д. Нұралин