Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы және деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"Жеке айыптау", "жеке айыптау", "жеке айыптаушымен", "жеке айыптаушы", "жеке айыптаушының", "жеке айыптаушыларға", "Жеке айыптаушыға" деген сөздер тиісінше "Жекеше айыптау", "жекеше айыптау", "жекеше айыптаушымен", "жекеше айыптаушы", "жекеше айыптаушының", "жекеше айыптаушыларға", "Жекеше айыптаушыға" деген сөздермен ауыстырылды;
"ҚІЖК" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Жекеше айыптау қылмыстық iстері бойынша iс жүргiзу кезiнде заңнаманы біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында және сот практикасында туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Соттар жекеше айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде әркімнің ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың өзге де конституциялық құқықтарын сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын дәлме-дәл және бұлжытпай сақтауға тиіс.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Жекеше айыптауды қозғауға жәбірленушінің: 18 жасқа толған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 71, 76-баптарында көрсетілген жәбірленушінің заңды өкілдерінің және өкілдерінің шағымы себеп болады.
ҚПК-нің 32-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, егер іс-әрекет дәрменсіз немесе тәуелді күйдегі не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жекеше айыптау істері бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауы мүмкін.
Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдарға қатысты жекеше айыптау бойынша іс жүргізу кезінде ҚПК-нің 57-тарауында көзделген іс жүргізу ерекшеліктері қолданылатынын соттардың ескергені жөн.
Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар адамдарға қатысты жекеше айыптауды заңда көзделген тәртіппен және негіздерде прокурор ғана қозғайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2-1. Жекеше айыптау істерінің соттылығын айқындау кезінде қылмыстық істің қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуға жататындығы туралы ҚПК-нің 314-бабының ережелерін сақтау қажет.
ҚК-нің 131-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істердің соттылығын айқындау кезінде мынадай ережелерді негізге алған жөн. Адам өз атына айтылған қорлау сөздерді естіген (алынған) кезде қорлау құрамы аяқталған болып саналады. Осыған байланысты адресатқа пошта не факсимильдік байланыс немесе әлеуметтік желілер арқылы жіберу жолымен не телефон арқылы ауызша нысанда білдірілген қорлау фактісі бойынша қылмыстық істерді сот қорлық көрген адамның тұрған жері бойынша қарауға тиіс.
Ескерту. Нормативтік қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.3. Соттар шағымда сипатталған іс-әрекеттерде оқиғаның немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, оның ішінде жасалған әрекеттің маңызы жағынан болмашы болуы, дәлелдемелердің болмауы, шағымға айыпталушының бұрынғы соттылығы, психикалық жағдайы туралы және басқа да деректердің қоса тіркелмеуі уәждері бойынша шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
Шағым берген тұлға судьяның шағымды тиісті процестік нысанға келтіру бойынша нұсқауын орындамаса, шағымды тиісті емес адам бермесе және сол сияқты басқа да жағдайларда жәбірленушінің шағымын іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту жүзеге асырылады. Жәбірленушінің шағымын іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту соттың уәжді қаулысымен ресімделеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Жәбірленушінің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағымы жекеше айыптауды қозғайтын процестік құжат болып табылады және ол сот талқылауының шегін айқындайды. Бұл ретте сот қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығармайды. Судья шағымды қабылдау кезінде ҚПК-нің 409-бабының бірінші бөлігін басшылыққа алуы және онда шағымды дұрыс шешілуі үшін, атап айтқанда: қашан, кім, қай жерде құқыққа қарсы әрекет жасағандығы, оның нақты қандай түрде болғаны және шағым берілген адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жәбірленушінің өтініші немен расталатыны туралы барлық қажетті деректер қамтылған-қамтылмағанына көз жеткізуі тиіс.
Жәбірленушінің ауызша не анонимді түрде берілген шағымы іс жүргізуге қабылданбайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. Судья кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрап, жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағыммен жүгінген жәбірленушіге көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертуі тиіс. Бұл туралы шағымда белгі қойылады немесе арыз беруші қол қоятын бөлек хаттама жасалады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламалар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келіп түскен кезде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі және олар бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері үш күн ішінде жүргізілуі тиіс.
Хабарламада жеке тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық туралы мәселенің қойылғаны туралы факт анықталған және бұл ретте жәбірленушінің өз шағымы болмаған кезде осы хабарлама бойынша іс жүргізу ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіз бойынша тоқтатылуға жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыда істің іс-әрекет фактісі бойынша емес, жекеше айыптау бойынша жәбірленуші шағымының болмауына орай тоқтатылғаны міндетті түрде көрсетілуі тиіс, бұл жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға) заңда көзделген тәртіппен жекеше шағым беруіне кедергі келтірмейді.
Егер жекеше айыптау ісі бойынша шағымды жәбірленушінің өзі берсе, онда ол кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерінің материалдарымен бірге ҚПК-нің 179-бабының бесінші бөлігіне сәйкес аудандық және оған теңестірілген сотқа істің аумақтық соттылығы бойынша жіберіледі, бұл туралы арыз беруші хабардар етіледі.
Егер өтініште жекеше айыптау құқық бұзумен қатар жекеше-жариялы немесе жариялы тәртіппен қудаланатын басқа да құқық бұзушылықтардың орын алғаны көрсетілсе, онда сотқа дейінгі іс жүргізу органы құқық бұзушылықтың осы құрамдары бойынша шешім қабылдауы тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Қылмыстық қудалау органдарынан түскен немесе арыз беруші тікелей сотқа жіберген шағым бойынша судья жәбірленушіні шақыртады және оның адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағымда көрсетілген өз арызын қолдайтынын-қолдамайтынын, сондай-ақ оны дұрыс шешуді қамтамасыз ететін басқа да мән-жайларды анықтауы тиіс.
Шағым ҚПК-нің 408-бабы екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда судья ҚПК-нің 409-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаулы шығарады, онда шағым авторына оны көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруді ұсынады және ол үшін мерзім белгілейді.
ҚПК-нің 409-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімді есептеу ҚПК-нің 408-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келетін шағым келіп түскен күннен бастап жүзеге асырылады. Сот шағымды заңда көзделген талаптарға сәйкес келтіру үшін оны берген адамға жіберген жағдайда, ҚПК-нің 409-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзім осы шағым тиісті түрде келіп түскен күнінен бастап есептелуі тиіс.
Егер шағымның мазмұнынан жекеше-жария немесе жария тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтың бар екені анық байқалса, судья шағымды ҚПК-нің 409-бабына сәйкес өзінің іс жүргізуіне қабылдамай тергеулігі бойынша жіберуге міндетті.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Сот шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдай отырып, өз қаулысында шағыммен жүгінген адамды жәбірленуші деп тану туралы көрсетуі тиіс.
Жекеше айыптау істерін қарау кезінде жәбірленушіге айыптауды қолдау құқығын беретін процестік нормаларды сақтау міндеттілігіне соттардың назарын аудару қажет. Айыптауды қолдау сот жарыссөздеріне қатысумен ғана шектелмейді, өтінішхаттарды мәлімдеу, дәлелдемелерді ұсыну және т.с.с. арқылы бүкіл сот талқылауы барысында жүзеге асырылады.
Қарсы айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілген жағдайда сот жарыссөздеріне қатысушылардың сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді. Жәбірленуші немесе оның заңды өкілі өз айыптауын өзі тұжырымдайды және негіздейді, оны сотталушының жағдайын нашарлатпайтын жаққа өзгертуге құқылы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Жекеше айыптау істері бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктерінің бірі, жәбірленушінің шағым келтірілген адаммен татуласу мүмкіндігі болып табылады. Тараптардың татуласуы құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан соттар осы мақсатқа қол жеткізу үшін шаралар қабылдауы тиіс және шағымды қабылдау кезінде судья жәбірленушіге жауаптылыққа тартуды сұраған адаммен оның татуласу құқығын түсіндіруге міндетті. Бұған қоса судья арыз берушіге айыптау расталмаған жағдайда оған сот шығындарын өтеу міндеті жүктелетінін түсіндіруі тиіс.
Егер тараптар татуласса, судья ҚПК-нің 412-бабы бірінші бөлігінің 2-тармағының негізінде істі тоқтату туралы қаулы шығарады. Татуласуға қол жеткізілмеген жағдайда, судья істі ҚПК-нің 322-бабының қағидалары бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды.
Сот отырысының дайындық бөлігінде ҚПК-нің 411-бабы төртінші бөлігінің талаптарына сәйкес сот жәбірленушіге оның айыпталушымен, оның ішінде судья татуластыруға шаралар қабылдаған, бірақ оған қол жеткізілмегеніне қарамастан, іс тыңдауға тағайындалғанға дейін медиация тәртібімен татуласу құқығын түсіндіруге міндетті. Татуласу кез келген сатыда сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін орын алуы мүмкін.
Соттар әрбір жағдайда жәбірленушілерге ҚПК-нің 408-бабының тоғызыншы бөлігіне сәйкес айыптаудан бас тартқан және айыпталушымен татуласқан жағдайда, сол адамды қайтадан сол іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру мүмкіндігі жойылатынын түсіндіруі тиіс.
Сотқа шағыммен жүгінген күні 18 жасқа толмаған зардап шегуші немесе өзінің әрекеттеріне есеп беруге қабілетсіз болса және тәндік немесе психикалық кемістігі салдарынан оларды басқара алмайтын болса, заңды өкілінің келісімінсіз тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатуды талап етуге құқылы емес.
Тараптарды татуластыру бойынша судьяның әрекеттері барлық жағдайларда шағымды іс жүргізуге қабылдау және сот отырысын тағайындау туралы қаулыда, егер олар сот отырысында орын алса, хаттамада көрсетілуі тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Сот жекеше айыптау ісі қаралып жатқан адамға қатысты бұлтартпау шарасын қолдануы мүмкін. Бұл ретте соттар ҚПК-нің 147-бабының бірінші бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы онша ауыр емес қылмысты жасады деп айыптау кезінде тек айрықша жағдайларда және заң талаптарына қатаң сәйкестікте қолданылуы мүмкін екенін ескеруі тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. Сотқа жәбірленушінің шағымымен қатар жекеше айыптаушы немесе оның өкілі шағым берген адамның қарсы шағымы келіп түскен кезде, судья ҚПК-нің 408-бабының сегізінші бөлігі және 411-бабының үшінші бөлігі негізінде, егер жәбірленушінің шағымы және қарсы берілген шағым іс жүргізу қозғалған қылмыстық жазаланатын әрекеттің нысанасымен байланысты болса, екі шағымды бір іс жүргізуге біріктіруі және оларды бір мезгілде қарауы тиіс.
Шағымдарды бір іс жүргізуге біріктіруге судьяның қаулысы бойынша сот тергеуі басталғанға дейін жол беріледі.
Қарсы шағымды жәбірленушінің шағымымен бірге бір іс жүргізуге біріктіру барысында екі адам сол бір процесте тек жәбірленуші ретінде емес, сотталушылар ретінде де қатысатындықтан, сот олардың әрқайсысының жәбірленуші, сонымен қатар сотталушы ретінде де заңда берілген барлық процестік құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Егер қарсы шағым сот талқылауы барысында түссе, оны біріктіріп қарау туралы мәселе оң шешілген кезде, сот қарсы шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауы тиіс. Қарсы шағым түскен адамның қорғалу құқығын қамтамасыз ету үшін оның өтінішхаты бойынша сот талқылауы ҚПК-нің 411-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес үш тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте сот қарсы шағымның көшірмесін тапсыруы, сондай-ақ басқа да қажетті процестік әрекеттерді жүргізуі тиіс.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Жекеше айыптау істері бойынша сот отырысы тағайындалған кезде соттар ҚПК-нің 409-бабы төртінші бөлігінің талаптарын қатаң сақтауы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға істің қаралу уақыты мен орны туралы хабарланған кезден бастап, сондай-ақ сотталушы судьяның шағымды іс жүргізуге қабылдау туралы қаулысының көшірмесін алған кезден бастап кемінде үш тәулік өткеннен кейін басталуға тиіс.
Сотқа жекеше айыптаушының өкілі, азаматтық талапкер мен мемлекеттік айыптаушы қатысқан кезде ҚПК-нің 67-бабы бірінші бөлігінің 8), 9) тармақтарына сәйкес жарыспалылық қағидатын іске асыру мақсатында сотталушының қорғаушысы қатысуы міндетті.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. ҚПК-нің 411-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей қалуы, егер айыптаушы істі қарау кезінде жеке өзі қатыспаса, жекеше айыптау ісі ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негіз бойынша, яғни іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылуға жатады.
Осыған байланысты сот дәлелді себептерге ҚПК-нің 157-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар жататынын ескеріп, әрбір жағдайда жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің сот отырысына келмей қалу себептерін анықтауы қажет. Бұл себептердің дәлелсіз екенін сенімді куәландыратын деректер болған кезде ғана іс жүргізу тоқтатылуы мүмкін.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. ҚПК-нің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес сотталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайда жекеше айыптау ісі сотталушының қатысуынсыз қаралуы мүмкін.
Сотталушының өтінішхаты бойынша жекеше айыптау ісі ҚПК-нің 335-бабы екінші бөлігінің 1) тармағына және 411-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес оның қатысуынсыз мәні бойынша қаралуы мүмкін.
Сотталушының орнына оның өкілі қатысқан жағдайда сотталушының болмауына байланысты соңғы сөз берілмейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Жекеше айыптау істері бойынша жәбірленуші сотқа шағым бергенге дейін қайтыс болған жағдайда, қылмыстық қудалаудың құқық мирасқорлығы көзделмеуіне байланысты оның туыстарының арызы негізінде іс қозғалуы мүмкін емес.
Егер сотталушы жекеше айыптау қозғалғаннан кейін, бірақ сотта іс қаралғанға дейін қайтыс болса, сотталушының жақын туыстары оны ақтау мақсатында істі қарауды талап еткен жағдайларды қоспағанда іс тоқтатылуы тиіс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.17. Егер жекеше айыптаушының немесе оның өкілінің шағымы бойынша қозғалған істі қарау кезінде сотталушының іс-әрекеті жекеше жариялы және жариялы тәртіппен қылмыстық қудалауға жататыны анықталса, сот ҚПК-нің 412-бабы бірінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу мәселесін шешу үшін істі тиісті прокурорға жібереді. Бұл жағдайда сот айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
Егер жариялы айыптау ісін қарау барысында ол саралауды өзгерту нәтижесінде жекеше айыптау сипатын алса, ал жәбірленушінің шағымы болмаса, онда ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 5-тармағының негізінде, ол бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Дәл осындай жағдайда, бірақ жәбірленушінің шағымы немесе оның сот отырысында айтқан кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болса, істі одан әрі қарай сот ҚПК-нің 47-тарауының қағидалары бойынша қарайды. Бұл жағдайда мемлекеттік айыптаушы процеске қатысудан босатылады, ал айыптауды әрі қарай жәбірленуші немесе оның өкілі қолдайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. Соттар жекеше айыптау істерін қарау кезінде басқа істерді қараған кездегідей істің барлық мән жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу туралы ҚПК-нің 24-бабының талаптарын қатаң түрде орындауы, сотталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды анықтауы тиіс.
Әрбір іс бойынша айыпталушының, сотталушының пиғылының бағытталуы, ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың уәждері және мақсаттары анықталуы тиіс, себебі оның әрекеттерін заңдық негізде дұрыс бағалау және жекеше айыптау істерін басқа қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырату осыған байланысты болып табылады.
Жекеше айыптаушы өзі берген айыптауды өзгерту туралы арызды берген кезде егер жаңа айыптау жекеше айыптау тәртібімен қаралуға тиіс болса, сотталушының жағдайын нашарлатпаса және оның қорғалу құқығын бұзбаса, сот оны қабылдауы мүмкін.
Жекеше айыптаушы бас тарту уәждерін келтірмей айыптаудан бас тартуға құқылы (ҚПК-нің 411-бабының бесінші бөлігі). Сот отырысында басты сот талқылауының хаттамасына енгізіле отырып, жазбаша не ауызша нысанда айыптаудан бас тартуға жол беріледі.
Егер сот істі басты сот талқылауында қарап, жарыссөздер өткізгеннен және соңғы сөзді тыңдаған соң кеңесу бөлмесінде әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмады деген қорытындыға келсе, істі тоқтату туралы қаулы емес, ақтау үкімін шығарады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19. Сотталушының спирттік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын асыра қабылдағаны туралы деректер болса, оның созылмалы ауру түрлерімен (алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық және басқа) ауыратын-ауырмайтыны тексерілуі және негіз болған жағдайда, оған қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесі талқылануы қажет.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. Жекеше айыптау істерін қарау кезінде азаматтық талап қоюларды беру, қарау мәселелері ҚПК-нің 20-тарауында реттеледі.
"Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес жекеше айыптау істері бойынша азаматтық талап қоюды дәлелдеу ауыртпалығы ҚПК-нің 410-бабына сәйкес мүліктік залал немесе моральдық зиян келтірілуіне байланысты өз құқықтарын қорғау үшін қажетті тиісті дәлелдемелерді сотқа ұсынуы, ал егер мүмкін болмаса, судьяға олардың қайда тұрғанын хабарлауы және оларды алу туралы өтінішхат жасауы тиіс азаматтық талапкерлерге (жекеше айыптаушыларға) жүктелетінін соттардың назарға алғаны жөн. Соттың функциясы жекеше айыптаушыға азаматтық талап қою бойынша дәлелдемелерді жинауға, егер ол бұл туралы өтінішхат берсе, көмек көрсету болып табылады.
Азаматтық талап қоюды азаматтық процесте қараудың орындылығын сылтау етіп, оны қабылдаудан бас тартуға болмайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.21. Соттар жекеше айыптау істері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың себептерін және жасалу жағдайларын анықтауы, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерге жекеше қаулылар арқылы, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ете отырып, ден қоюы тиіс.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.22. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы |
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысының міндетін атқарушы |