Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1196 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2013 № 1042 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жұмыс берушiнiң қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, iшкi iстер органдары, қаржы полициясы және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде (бұдан әрi – Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзiледi.».
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7. «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
көрсетілген қаулының 14-қосымшасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлер мен қызметкерлер болып табылмайтын, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет жүйесiнiң азаматтық қызметшiлерiне, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындарының қызметкерлерiне бiрыңғай еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылар»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесінде еңбек сiңiрген мынадай жылдары үшiн: |
Қарулы Күштердегi, басқа әскерлердегі және әскери құралымдардағы, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы қызметiндегi жұмысы үшiн үстемеақы |
БЛЖ-дан 10% |
Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақыны белгілеудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орталық орган белгілейді |
»;
көрсетілген қаулының 21-қосымшасында:
1-тармақта:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктiлiк кестесiне сәйкес лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген;».
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 180 қаулысымен.