Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 848 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қаржыларының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 844 қаулысы.
      2. «Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 52-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 тамыздағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 21-тармағы.
      5. «Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарты болған кезде зейнетақы жинақтарын бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан біреуіне аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 55 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 23-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 72 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 29-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 1-тармағының 3) тармақшасы.
      7. «Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 1134 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 324-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 648 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      9. «Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру ережесін және Жинақтаушы зейнетақы қорларының электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 111 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 344 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 501-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.