Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1196 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат):
көрсетілген аталған қаулымен бекітілген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін қызмет стажы бар әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу және аудару «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнде:
көрсетілген Ережеге қосымшадағы мына абзацтар:
«Кеден органдарын қоспағанда, орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша зейнетақы төлемiне құқығы бар адамдарға кеден органдарын қоспағанда, әскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған кезде толық көлемде зейнетақы төлемдерi тағайындалуына;»;
мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органдарын қоспағанда, орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздемелер бойынша зейнетақы төлемiне құқығы бар адамдарға кеден органдарын қоспағанда, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған кезде толық көлемде зейнетақы төлемдерi тағайындалуына;».
3. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жұмыс берушiнiң қызметкерге кiрiстер түрiнде төленетiн шығыстарын есептеу, әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, iшкi iстер органдары, қаржы полициясы және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлестерiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге кiрiс түрiнде төлейтiн шығыстарына қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде (бұдан әрi – Салық кодексi) көзделген тәртiппен жүргiзiледi.».
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесiнде:
4-тармақтың 2) тармақшасында:
«үзінді көшірме ұсынылады» деген сөздер «үзінді көшірме;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«арнаулы мемлекеттік органы қызметкері әйелiнiң (күйеуінің) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде бірақ он жылдан аспайтын онымен бірге тұрғанын растайтын арнаулы мемлекеттік органның басшысымен уәкілеттік берілген лауазымды адамның анықтамасы»;
7-тармақтың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкi iстер органдары мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қаза болуы немесе қайтыс болуы қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе әскери қызметтен не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауруы салдарынан туындағанын растайтын анықтама.».
6. «Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 68-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы және «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және жоғарыда көрсетiлген адамдар санатына зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.»;
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемi - бұрынғы әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң қатарындағы адамдарға, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын ай сайынғы ақшалай төлем;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн (бұдан әрi – зейнетақылар) тағайындауды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар:
1) Қарулы Күштерде, әскери прокуратура, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарда және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi;
2) iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi;
3) ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
4) Президенттiң Күзет қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;
5) Республикалық ұлан қызметінде өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы;
6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінде қызмет атқарған арнайы атақтары бар адамдарға – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетi;
7) «Сырбар» Сыртқы барлау қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметi;
8) прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырады.
4. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдар кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарының қызмет өткергенiн және оның босатылу күнiндегi ақшалай үлесiнiң мөлшерiн растайтын құжаттардың тiзбесiн айқындайды. Құжаттар қабылдауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде ведомстволар мен аумақтық органдар (бұдан әрi - бөлiмшелер) жүзеге асырады.
Көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы Ережені нақтылау жөніндегі нұсқаулықты қабылдайды.»;
көрсетілген Ережеге 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларда:
«Кеден органдарын қоспағанда, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiне» деген сөздер «Кеден органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiне» деген сөздермен ауыстырылсын.;
2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан шыққан зейнеткердiң зейнеткерлік iсiнен үзiндi-көшiрме»;
3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақы алушының iсiнен үзiндi-көшiрме».
7. «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
көрсетілген қаулының 14-қосымшасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлер мен қызметкерлер болып табылмайтын, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет жүйесiнiң азаматтық қызметшiлерiне, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындарының қызметкерлерiне бiрыңғай еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылар»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесінде еңбек сiңiрген мынадай жылдары үшiн: |
Қарулы Күштердегi, басқа әскерлердегі және әскери құралымдардағы, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы қызметiндегi жұмысы үшiн үстемеақы |
БЛЖ-дан 10% |
Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақыны белгілеудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орталық орган белгілейді |
»;
көрсетілген қаулының 21-қосымшасында:
1-тармақта:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктiлiк кестесiне сәйкес лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСРО Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген;».
8. «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң тiзбесiнде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лауазымдық жалақыдан, әскери, арнайы атақ бойынша берiлетiн жалақыдан, арнайы атақ немесе сыныптық шен үшін қосымшаақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыдан;».