Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1180 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 485 бұйрығын қараңыз.


      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1180 қаулысымен   
бекітілген      

Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері

      1. Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді ұсыну нысаны: 

р/с №

Іс-шараның атауы

Іс-шараны өткізу мерзімі

Іс-шараның нәтижесі

Қаржылық шығындар

Іс-шараны өткізу мерзімділігі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








      2. Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді ұсыну мерзімдері:
      орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына қарай энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.