Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есепептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қарашада № 12264 болып тіркелді

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
6-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                  Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақтан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ________________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 17 тамыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақтан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _____________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 18 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ________________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 8 тамыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 18 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      ________________ И. Тасмағамбетов
      2015 жылғы 7 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі
      ________________ А. Мұхамедиұлы
      2015 жылғы 5 қазан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақтан Республикасының
      Сыртқы істері министрі
      ________________ Е. Ыдырысов
      2015 жылғы 11 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақтан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 27 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақтан Республикасының
      Ішкі істері министрі
      ________________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 30 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақтан Республикасының
      Энергетика министрі
      ________________ В. Школьник
      2015 жылғы 9 маусым

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі    
№ 485 бұйрығымен       
бекітілген           

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысаны және оларды ұсыну мерзімдері

      1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі орталық атқарушы органдардың есептерді ұсыну нысаны:

Іс-шараның атауы

Іс-шараны өткізу мерзімі

Іс-шараның нәтижесі

Қаржылық шығындар

Іс-шараны өткізу кезеңділігі

Қатысқан ұйымдар

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8









       2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерді орталық атқарушы органдардың ұсыну мерзімдері:
      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға есеп беруден кейінгі жылдың 25 қаңтарына орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша есептер ұсынады.