Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Ұйымдардың стандарттарын есепке алу және тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Өлшеу құралдарының типін бекіту сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды
беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) мынадай мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 6-тармағының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 203 бұйрығымен бекітілген Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды есептік тіркеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің www.memst.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Қағаз жеткізгіште Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті растау саласында жұмыстар жүргізуге есептік тіркеу туралы куәліктің берілуі не жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі ұйымдардың құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) ұйымның филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер (республикада болған кезде);
4) ұйымның мемлекеттік немесе орыс тілдерінде сәйкестікті растау саласындағы қызметті іске асыру құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) ұйымның құрылымы, штат саны және персоналдың біліктілігі туралы мәліметтер;
6) ұйымның орналасқан орнын растайтын құжат.
12. Толтыруға арналған өтініш нысандарын Комитеттің кеңсесінде беріледі немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында «Құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызмет алуға арналған құжаттар мына мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде қабылданады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, № 33 кабинет.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының байланыс деректері, тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін).
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келген кезде не почта байланысы арқылы беріледі.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық жиынтығын ұсынбау және оларды қарау барысында анықталған кемшіліктер немесе сәйкессіздіктердің болуы есептік тіркеу туралы куәлікті беруден бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі заңдылық, сыпайылық, берілетін ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету және алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Комитет жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және мына мекенжай бойынша шағымды дайындауда жәрдем көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 79-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (7172) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда жетекшілік етуші Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің атына мына мекенжай бойынша шағым беріледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Transport tower» ғимаратында, № 2117 кабинетінде, телефоны 8 (7172) 240475.
22. Тиісті түрде қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына: осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша және осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жіберіледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері почта, электронды почта немесе қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда келтірілген мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігін растайтын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың қызметі, тегі, аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған қызметтік тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарастыру «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау саласындағы
шетелдік үлгідегі құжаттарды
беретін шетелдік және
халықаралық ұйымдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
ӨТIНIШ
____________________________________________________________________
ұйым атауы,
______________________________________________________________ атынан
мекенжайы, БЖН, банктiк деректемелер, тiркеу туралы деректер
____________________________________________________________ басшысы
тегi, аты, әкесiнiң аты
____________________________________________________________________
қызмет түрлерiнiң атауы
_______________________________ жүргiзуге есептiк тiркеу жүргізіледі.
Аталған қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде қолданыстағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес қатаң сақталып жүзеге асырылатын болады.
Ұйым басшысы ______________ ________________________
қолы Т.А.Ә.
М.О. Күнi
Сәйкестікті растау саласындағы
шетелдік үлгідегі құжаттарды
беретін шетелдік және
халықаралық ұйымдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылда көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылда көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлары % (үлесі) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызметтер көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және сапаға қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпаратты Интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтер % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Департамент қызметкерлерінің сыпайылығына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар
шығарылған елді айқындау, аккредиттеу жөніндегі)
сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармағының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қазандағы № 274 бұйрығымен бекітілген Сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Қағаз жеткізгіштегі сарапшы-аудитор аттестаты немесе біліктілік аттестаты не жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету Комитетке құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтінім;
2) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторға кандидаттың) жеке карточкасы;
3) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) сарапшы-аудиторға кандидаттың аттестаттаудың мәлімделген саласында теориялық даярлықтан өткені туралы куәліктің көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі;
6) сарапшы-аудиторға кандидат жұмыс істейтін ұйымның кадрлар қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;
7) осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген белгіленген нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есептер (өнім мен қызметтің сәйкестігін растау – бес есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстарға қатысуды қоса алғанда), менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау – жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күнімен төрт тағылымдама (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу және олар туралы есептер құруды қоса алғанда), аккредиттеу бойынша – төрт есеп).
Тағылымдамалар туралы есептерге тағылымдамадан өту кезiнде тағылымдамадан өтушi өткiзген практикалық жұмыс туралы құжат көшiрмесi қоса берiледi (комиссия құрамына енгiзiлгенi туралы бұйрық көшiрмесi, өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiлерiнiң көшiрмелерi, тексеру бағдарламасының (жоспарының) көшiрмелерi, сынау хаттамасының көшiрмелерi, сараптама актiлерiнiң көшірмелері).
Біліктілік аттестатын алу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген белгіленген нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі;
4) жеке тұлғаның теориялық даярлықтан өткенін растайтын оқу орталығы берген куәліктің не сертификаттың көшірмесі;
5) жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы оның тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі жұмыстарға қатысқанын растайтын осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген белгіленген нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есептің он көшірмесі;
6) кемінде екі жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасынан көшірме.
Құжаттар жинағы тігілген және нөмірленген түрде тапсырылады.
12. Құжат нысандары Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында «Құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызмет алуға арналған құжаттар мына мекенжай бойынша Комитеттің кеңсеcінде қабылданады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, 33 кабинет.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсетіп тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірлері және күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін) байланыс деректері.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келген кезде не почта байланысы арқылы беріледі.
16. Сарапшы-аудитор аттестатын немесе біліктілік аттестатын беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
техникалық реттеу және тауар шығарылған елді айқындау саласындағы заңнама талаптарын бұзу;
осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген біліктілік талаптарға алушының сәйкес келмеуі;
алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық жинағын ұсынбауы.
Уәкілетті органға материалдарды қайта жіберу бас тартылғаннан кейін алты айдан ерте жүзеге асырылмайды.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі заңдылық, сыпайылық, берілетін ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету және алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Комитеттің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және мына мекенжай бойынша шағымды дайындауда жәрдем көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 79-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (7172) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында.
21. Алушы уәкілетті орган аттестаттаудан бас тарту туралы қабылдаған шешімін бас тартуды алған күннен күнтізбелік он күн ішінде апелляциялық комиссияға шағым береді. Уәкілетті органның апелляциялық комиссиясы өтінішті осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша, Комитет Төрағасының бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда жетекшілік ететін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің атына мына мекенжай бойынша шағым беріледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Transport tower» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны 8 (7172) 24-04-75.
22. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
23. Шағымдар осы стандарттың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері почта, электронды почта немесе қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда келтірілген мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда аты, әкесінің аты, тегі (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
24. Қабылданған шағым осы стандарттың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымдық тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарастыру «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті
растау, тауаршығарылған елді айқындау, аккредиттеу
жөніндегі) сарапшы-аудиторларды аттестатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
____________________________________________________________________
(аттестаттау органының толық атауы)
_______________________________ бойынша сарапшы-аудиторлыққа кандидат
(қызмет бағыты)
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.А. лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)
Өтiнiм
Менi __________________________________________________ бойынша
(қызмет бағыты)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiне
сарапшы-аудитор ретiнде аттестаттауыңызды сұраймын.
Сарапшы-аудиторға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
саласындағы заңнамада белгiленген талаптарын толық орындауға
мiндеттенемiн.
Қосымша:
1. Сарапшы-аудиторға кандидаттың жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
2. Жоғары бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
3. Сарапшы-аудиторға кандидат жұмыс iстейтiн ұйымның кадрлар қызметi куәландырған еңбек қызметiн растайтын құжаттар немесе еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
4. Сарапшы-аудиторға кандидаттың аттестаттаудың мәлiмделген саласында теориялық даярлықтан өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5. Тағылымдамадан өткенi туралы есеп;
6. Сарапшы-аудиторға кандидаттың жеке карточкасының көшiрмесi.
Қолы, күнi
Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті
растау, тауаршығарылған елді айқындау, аккредиттеу
жөніндегі) сарапшы-аудиторларды аттестатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Сарапшы–аудитордың (сарапшы–аудиторға кандитаттың) жеке
карточкасы
Фотосуретке арналған орын
____________________________________________________________________
(маманды аттестаттайтын жүйенiң атауы)
____________________________________________________________________
(аттестаттау облысы)
Толтырылған күнi ___________________________________________________
3) Жеке деректері:
Тегi ____________________________ Аты ____________________________
Әкесiнiң аты _____________________________
Туған жылы _________________ Жеке куәлiгiнiң № ______________________
Бiлiмi ______________________________________________________________
Бiтiрген оқу орнының атауы __________________________________________
Бiтiрген жылы __________________ дипломның № ________________________
Дипломы бойынша мамандығы ________________________________________
Дипломы бойынша бiлiктiлiгi _________________________________________
Ғылыми дәрежесi ___________________________________________________
___________________________________________________________________
(сарапшы-аудитордың)
20___ ж. "___" __________ берiлген № _______________________ аттестат
Аттестаттаған күнi __________________________________________________
Жұмыс орны __________________________________________________________
Лауазымы __________________________ телефоны ________________________
Тұрғылықты мекенжайы _______________________________________________
2. Өндiрiстiк қызметi:
Күнi |
Ұйымы, лауазымы |
Негiзгi мiндеттемелерi |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
3. Стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарға қатысу:
Тексерiлетiн кәсiпорынның (ұйымның) атауы және мекен-жайы, орындалған жұмыстардың атауы |
Тексеру (орындау) күнi |
Тексеру түрi (жұмыс) |
4. Бiлiктiлiктi арттыру:
Күнi |
Оқу түрi |
Мамандығы |
Куәлiктiң № |
Оқытуды өткiзетiн оқу орталығы |
___________________________ ________________________________
Сарапшы-аудиторға Cарапшы-аудитордың қолы және
кандидаттың қолы қолының толық жазылуы
Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті
растау, тауаршығарылған елді айқындау, аккредиттеу
жөніндегі) сарапшы-аудиторларды аттестатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Сарапшы-аудиторға кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ЕСЕП № _____
___________________________________________________________________
(аттестаттау саласы)
____________________________________________________________ бойынша
____________________________________________________________________ (тағылымдамадан өтуге кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________ (есеп мәтiнi)
Тағылымдамадан өтушi ________________________________________________
(қолы) (аты-жөнi, тегi)
Тағылымдама жетекшiсiнiң пiкiр-сипаттамасы:
Бағалау саласы |
Бағасы (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) |
Бiлiмi: |
|
Қазақстан Республикасы заңнамасының негiздерi |
|
Негiз қалаушы нормативтiк құқықтық актiлер және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құжаттар |
|
Тексерiлетiн объектiнiң жұмыстары және тексерулердi, сипаттамаларды жүргiзу әдiстерi мен рәсiмдерi, оларды бағалау әдiстерi мен тәсiлдерi, есептердi, қажеттi құжаттарды дайындау, жұмыс нәтижелерi бойынша қорытындылар |
|
Бiлiмдi тәжiрибеде қолдана бiлуi |
|
Жеке басының қасиеттерiн iске асыру |
|
Жалпы бағалау |
Тағылымдама жетекшiсi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сарапшы-аудитор, тегi, аты, әкесiнiң аты, тiркеу нөмiрi, аттестат
нөмiрi, қызмет бағыты, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтiлi)
____________________________________________________________________
______________________________
(қолы, қолының толық жазылуы)
Ұйым басшысы ________________________________________________________
(қолы, қолының толық жазылуы)
М.О.
Ескертпе:
Есеп мәтiнiнде мыналар көрсетiледi:
1) сынақ iсiнiң өту күнi, сынақ iсi өткен ұйымның атауы мен мекен-жайы (Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi тiзiлiмiнде тiркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмiрi);
2) ережелер мен рәсiмдердi анықтайтын қандай құжаттарға сәйкес жұмысты өткiзгенi;
3) құжаттар негiзiнде тексерiлетiн объектiнiң сәйкестiгi (сәйкессiздiгi) туралы шешiм қабылдаған құжаттарды (сертификаттау рәсiмiнiң қорытындысы, сынақ хаттамасының және басқа құжаттар нөмiрi) көрсете отырып жұмыстарды өткiзу тәртiбi;
4) сәйкестiк сертификатын беру туралы қабылданған шешім (тексерiлетiн ұйымның атауы және мекен-жайы).
Есептердi ұсыну кезiнде сынақ iсiне үмiткерлiкке қатысатынын растайтын құжаттар болуы қажет.
Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті
растау, тауаршығарылған елді айқындау, аккредиттеу
жөніндегі) сарапшы-аудиторларды аттестатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Сәйкестiктi растау, тауар шығарылған елді айқындау және
аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа қойылатын
біліктілік талаптары
Сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа сарапшы-аудитор аттестатын алу үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
1) аттестаттаудың мәлiмделген саласына сәйкес келетiн жоғары бiлiмнiң болуы;
2) мамандығы бойынша жұмыс өтiлi – кемiнде төрт жыл;
3) аттестаттаудың мәлiмделген саласында жұмыс өтiлi кемiнде үш жыл;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес аттестаттаудың мәлiмделген саласына теориялық оқудан өтуi;
5) аттестаттаудың мәлiмделген саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі;
Тауарды шығарған елдi айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлыққа кандидатқа бiлiктiлiк аттестатын алу үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптар қойылады:
1) жоғары бiлiмнiң болуы;
2) кемiнде екi жыл жұмыс өтiлi;
3) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес теориялық оқудан өтуi;
4) практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту.
Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті
растау, тауаршығарылған елді айқындау, аккредиттеу
жөніндегі) сарапшы-аудиторларды аттестатын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткішінің мәні
Сапа мен қол жетімділік көрсеткіші |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылда көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылда көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлары % (үлес) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және сапаға қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпаратты интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтер % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Департамент қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған алушылар % (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор
біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор біліктілігін беру туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 11) тармағының және 5-бабы 2-тармағының 11-1) тармақшасы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Қағаз жеткізгіштегі сарапшы-аудитор сертификаты немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі –алушы).
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету Комитетке құжаттардың толық жинағы түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін негізде көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенді және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін алушы Комитетке мынадай құжаттар ұсынады:
1) мәлімделген қызмет бағыттары көрсетілген еркін нысандағы өтініш;
2) біліктілікті алатын кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған не аттестаттауға құжаттар берген ұйым растаған көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған не аттестаттауға құжаттар берген ұйым растаған көшірмесі;
4) біліктілік курсынан өткенін куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған не аттестаттауға құжаттар берген ұйым растаған көшірмесі;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында және өтінім берген қызмет бағытында тәжірибелік жұмыс өтілін куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған не аттестаттауға құжаттар берген ұйым куәландырған көшірмесі;
6) ұйым мөрімен куәландырылған жұмыс орнынан мінездеме;
7) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де жұмыстарға қатысқаны, қосымша оқығаны туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған не аттестаттауға құжаттар берген ұйым растаған көшірмесі (бар болса).
12. Толтыру үшін құжат нысандары Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында «Құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға арналған құжаттар мына мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде қабылданады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, 33 кабинет.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін) байланыс деректері.
15. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудитор аттестаты алушы өзі келген кезде не сенімхат түпнұсқасын ұсынған кезде сенімді тұлғаға беріледі.
16. Мыналар аттестаттаудан бас тартуға негіз болып табылады:
1) кандидаттың осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сарапшы-аудиторларға белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
2) ұсынылған құжаттар жинағының осы стандарттың 11-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
Біліктілік беруден бас тартылған кандидат бас тартуға негіз болған біліктілік комиссиясының ескертулерін жойғаннан кейін құжаттарды қайта тапсырады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметі заңдылық, сыпайылық, берілетін ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету және алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Комитеттің жұмыс нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және мына мекенжай бойынша шағымды дайындауда жәрдем көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 79-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (7172) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында.
21. Алушы біліктілікті беруден бас тартумен келіспеген жағдайда, ол бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның апелляциялық органына қабылданған шешімге апелляциямен жүгінеді, № 33 кабинет.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда жетекшілік ететін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің атына мына мекенжайға шағым жіберіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Transport tower» ғимараты, № 2117 кабинеті, телефоны 8 (7172) 240475.
22. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
23. Шағымдар осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері почта, электронды почта немесе қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда келтірілген мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігін растайтын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған қызметтік тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз
ету саласындағы сарапшы аудитор
біліктілігін беру туралы сертификатты беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Өлшем бірлігін қамтамасыз
ету саласындағы сарапшы-аудиторларға қойылатын
біліктілік талаптары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторға кандидатқа мынадай біліктілік талаптар қойылады:
1) жоғары не орташа техникалық білімінің болуы;
2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес мәлімделген қызмет бағыты бойынша біліктілік курсында теориялық дайындықтан өтуі;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс өтілі жоғары техникалық білімі бар кандидат үшін – төрт жылдан кем емес, орташа техникалық білімі бар кандидат үшін – бес жылдан кем емес, мәлімделген қызмет бағытында тәжірибелік жұмыс тәжірибесі барлық кандидаттар үшін – екі жылдан кем емес.
Өлшем бірлігін қамтамасыз
ету саласындағы сарапшы аудитор
біліктілігін беру туралы сертификатты беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылда көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылда көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1 Құжаттарды тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтерді ұсыну жағдайының % (үлесі) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Алушылар құжаттарды бірінші көргеннен дұрыс толтырған және тапсырған жағдайдың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпарат Интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтер % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Комитет қызметкерлерінің сыпайылығына қанағаттанған алушылар % (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 24-бабының және «Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережелері мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39 бұйрығының (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Комитеттің www.memst.kz интернет ресурсының «Құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.
5. Халықаралық, ұлттық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының (олардың ресми аудармаларының) мұқабаларында (титул беттерінде) тіркеу нөмірін көрсете отырып мөр қою не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - алушы).
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау сәтінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
Құжаттарды қағаз түрінде тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Халықаралық, ұлттық стандарттарды және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын есептiк тiркеуге алу үшiн қағаз жеткізгіште мынадай құжаттар ұсынылады:
1) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттың және оның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқалық аудармасының екi көшiрмесi. Аударманы шетел тілінен уәкiлеттi орган растайды;
2) стандарттардың түпнұсқалары иесімен жасалған шарттың, түпнұсқа иесiнiң осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерiстермен пайдаланушыларды қамтамасыз етуi жөнiндегi мiндетi қамтылған шетел мемлекетiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының, сондай-ақ пайдаланушыларды құжаттарды үшiншi жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшiрмесi;
3) егер халықаралық, ұлттық стандарттарда немесе шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарында олардың құзыретiне кiретiн өнiмдерге, процестерге қойылатын мiндеттi талаптары қамтылса, мемлекеттiк органдар қорытындысының көшiрмесi;
4) өнiмнiң каталог парағы (ұйым стандарттары және ТМД елдерiнің техникалық шарттары үшін).
Ұсынылатын халықаралық, ұлттық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары нөмірленеді, тігіледі және мөрмен таңбаланады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш бланкісі еркін нысанда толтырылады.
13. Құжаттарды қабылдау осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің кеңсесінде 33 кабинетте жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының байланыс деректері, тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін).
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолма-қол (жеке өзі келген кезде не сенімхат бойынша өкіл арқылы) мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй, 22 кабинет, не почта байланысы арқылы жіберіледі.
16. Алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаты
17. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі заңдылық, сыпайылық, берілетін ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету және алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және мына мекенжай бойынша шағымды дайындауда жәрдем көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 79-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (7172) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда жетекшілік етуші Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің атына мына мекенжай бойынша шағым беріледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Transport tower» ғимаратында, № 2117 кабинетінде, телефоны 8 (7172) 240475.
22. Тиісті түрде қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша және осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жіберіледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері почта, электронды почта немесе қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған сұрақтарды шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігін растайтын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың қызметі, тегі, аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған қызметтік тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
«Халықаралық, ұлттық стандарттарды
және шетел мемлекеттерінің стандарттау
жөніндегі нормативтік құжаттарын
есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштеріне мәндері
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылда көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлары % (үлесі) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және сапаға қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпараты интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтер % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Департамент қызметкерлерінің сыпайылығына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Ұйымдардың стандарттарын есепке алу және тіркеу» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ұйымдардың стандарттарын есепке алу және тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – ТРМКД) ұсынады.
2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 23-бабының және «Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығының (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің www.memst.kz интернет-ресурсының «Құқықтық база» бөлімінде орналастырылған.
5. Тіркеу нөмірін беру арқылы стандартты Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізу (бұдан әрі – тізілім) немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Тіркеу жүргізілгеннен кейін стандарттың және катологтық парақтың бір данасы, төрелік құжат ретінде, тіркеу жүргізген ұйымда қалады, ал стандарттың және катологтық парақтың екінші данасы электронды және қағаздағы түрінде «Қазақстан Республикасының өнімдері» каталогын қалыптастыру үшін техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорнына беріледі, қалғандары түпнұсқаны ұстаушыға беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - алушы).
7. Ұйым стандарты күнтізбелік 30 күн ішінде қаралады. Оң шешім болған жағдайда 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тіркеу жүргізіледі.
Құжаттарды қағаз түрінде тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенді және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Есепке алуға және тіркеуге жататын ұйым стандарты мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалуға тиіс. Тіркеуге қағаз жеткізгіште мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ұйым стандартының 4 данасы;
2) каталог парағының 3 данасы;
3) Ережеде көзделген жағдайларда, құзырына стандарттау объектілерінің қауіпсіздігін нормалау және қадағалау кіретін мемлекеттік органның (органдардың) келісімі.
Ұсынылған ұйым стандарты нөмірленген, тігілген және мөрмен таңбаланған болады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш бланкісі еркін нысанда толтырылады.
13. Өтініш пен қажетті құжаттар тізбесі осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ТРМКД кеңселеріне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының байланыс деректері, тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін).
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келген кезде не почта байланысы арқылы беріледі.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбау мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. ТРМКД мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі заңдылық, сыпайылық, берілетін ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету және алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі – Комитет) жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және мына мекенжай бойынша шағымды дайындауда жәрдем көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 79-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (7172) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Комитет төрағасының атына мына мекенжайға шағым беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, № 33 кабинет.
22. Тиісті түрде қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым ТРМКД директорының атына осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша және осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесі бойынша жіберіледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым жазбаша түрде почта, электрондық почта не осы стандарттың 21 және 22-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда келтірілген мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда аты, әкесінің аты, тегі (жеке куәлігін растайтын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі немесе аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған қызметтік тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
«Ұйымдардың стандарттарын есепке
алу және тіркеу» мемлекеттік қызмет
стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылда көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлары % (үлесі) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтер % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Департамент қызметкерлерінің сыпайылығына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
«Ұйымдардың стандарттарын есепке
алу және тіркеу» мемлекеттік қызмет
стандартына
2-қосымша
Р/с№ |
Департаменттің атауы |
Мекенжайы |
1. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті |
Көкшетау қ. |
2. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті |
Ақтөбе қ., |
3. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті |
Талдықорған қ., |
4. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті |
Алматы қ. |
5. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті |
Астана қ. |
6. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті |
Атырау қ. |
7. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Өскемен қ |
8. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті |
Тараз қ. |
9. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Орал қ. |
10. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті |
Қарағанды қ. |
11. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті |
Қостанай қ. |
12. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті |
Қызылорда қ. |
13. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Ақтау қ., 26 ықшам а-ны, 52 ғимарат (мешіттің артында), № 11 каб. |
14. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті |
Павлодар қ. |
15. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Петропавловск қ. |
16. |
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті |
Шымкент қ. |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Өлшеу құралдарының типін бекіту сертификатын беру» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Өлшеу құралдарының типін бекіту сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 17-бабының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Қағаз жеткізгіште өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификатты беру немесе жазбаша түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - алушы).
7. Мемлекеттік қызмет сараптамалық зерттеу жұмыстары аяқталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей ұсынылады.
Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өтініш;
ҚР СТ 2.21-2007 «ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарының типін сынау мен бекітуді жүргізу тәртібіне» сәйкес жүргізілген эксперименттік зерттеу материалдары;
сынақтың немесе типтік бағдарламаға қосылатын өзгерістердің және/немесе толықтырулардың бекітілген бағдарламасы;
толық техникалық және метрологиялық сипаттамасын қамтитын өндіруші фирманың құжаттама жиынтығы;
салыстырып тексерудің бекітілген әдістемесі;
екі дана 13х18 немесе 18х24 жалпы түрінің фотосуреті бар Д ҚР СТ қосымшасына сәйкес нысан бойынша типі бекітілген сипаттама;
типін сипаттауды ашық баспада жариялауға рұқсат ету туралы алушының хаты;
оларды Қазақстан Республикасында пайдалану үдерісінде салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтер;
ұсынылатын тексеру аралық негіздеуді растайтын құжаттар;
сараптамалық зерттеулер актісі.
12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінім еркін нысанда толтырылады.
13. Өтініш және қажетті құжаттар тізбесі мына мекенжай бойынша орналасқан Комитеттің кеңсесіне тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының байланыс деректері, тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін).
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келген кезде не почта байланысы арқылы беріледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
өлшеу құралдарының типін бекіту мақсатында сынаудың теріс нәтижесі;
алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбауы.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі заңдылық, сыпайылық, берілетін ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету және алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және мына мекенжай бойынша шағымды дайындауда жәрдем көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 79-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (7172) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мынадай мекенжай бойынша жетекшілік етуші Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47 үй, «Transport tower» ғимараты, № 2117 кабинетінде, телефон 8 (7172) 24-04-75.
22. Тиісті түрде қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжайға және осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес Комитет Төрағасының атына беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері почта, электронды почта немесе қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған сұрақтарды шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігін растайтын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне жағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың қызметі, тегі, аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған қызметтік тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарастыру «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
«Өлшеу құралдарының типін
бекіту сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткішінің мәні
Сапа мен қолжетімділік көрсеткіші |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылда көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылда көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.2. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлары % (үлесі) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және сапаға қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтер % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртібіне қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Департамент қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚазМетрИн) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 17-бабының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ҚазМетрИн www.kazinmetr.org интернет-ресурсына орналастырылады.
5. Қағаз жеткізгіште өлшем құралын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру немесе жазбаша түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ҚазМетрИн мен алушы арасында жасалған шартпен көзделген мерзімде жүзеге асырылады.
Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету құны келтірілген шығын есебін ескере отырып, анықталады және оны ҚазМетрИн бас директоры бекітеді.
Төлем банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және екінші деңгейдегі банктер арқылы мынадай деректемелер бойынша қолма-қол және аударым түрде жүзеге асырылады: «Қазақстан халық банкі» АҚ, СТН 600200094177, БИН 961140000222, IBAN KZ026010111000033182, SWIFT BIC HSBKKZKX, 16.08.10 ж. КБЕ 16, № 0005835, сериясы 62001 ҚҚС бойынша куәлік.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Мүмкіндіктері шектеулі алушылар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған өтінім;
өлшем құралдарын әзірлеуге арналған техникалық тапсырма немесе оны ауыстыратын, өлшем құралдарына қойылатын талаптар жазылған құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу көзделсе);
пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмада көзделген көлемде);
өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы;
өлшем құралын салыстырып тексеру әдістемесіне арналған құжаттың жобасы (пайдалану құжаттарында салыстырып тексеру әдістемесі болмаған жағдайда);
егер осы сынақтар техникалық тапсырмада көзделсе, әзірлеуші өткізген алдын ала зерттеулердің (сынақтардың) хаттамалары.
Автоматты басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендерге) кіретін өлшеуіш арналарды метрологиялық аттестаттау бойынша қызметтер жүргізу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
жүйеге (кешенге) арналған техникалық құжаттар;
метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш арналардың тізбесі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе өлшеуіш арнаның құрама элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар.
Техникалық құжаттама мемлекеттік немесе орыс тілінде берілуге тиіс.
12. Мемлекеттік қызмет алуға берілетін өтінім бланкісі еркін нысанда жазылады.
13. Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алу үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ҚазМетрИн-да № 44 кабинетте жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсетіп тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының байланыс деректері, тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін).
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға жеке өзі келген кезде не почта байланысы арқылы беріледі.
16. Мыналар өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
2) өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының сәйкессіздігі;
3) өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамаларын анықтау үшін өлшем құралдарын уақтылы бермеу;
4) төлем жасалмауы.
3. Жұмыс қағидаты
17. ҚазМетрИн мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі заңдылық, сыпайылық, берілетін ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету және алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. ҚазМетрИн уәкілетті қызметкерлері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша № 40, 41 кабинеттерде немесе осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес 8(7172) 79-32-96 телефон нөмірі бойынша шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
21. Көрсетілген қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының атына мына мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 19-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (71 72) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында шағым беріледі.
22. Тиісті түрде қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ҚазМетрИн басшысының атына не 8 (7172) 79-34-18, 24-09-15, 79-32-86 телефон нөмерлері немесе call-орталығы: 88000808345 бойынша, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген ҚазМетрИн жұмыс кестесіне сәйкес немесе ҚазМетрИн www.kazinmetr.org интернет-ресурсында беруге болады.
23. Егер көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым жазбаша түрде почта, электрондық почта не осы стандарттың 20 және 21-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда келтірілген мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда аты, әкесінің аты, тегі (жеке куәлігін растайтын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың қызметі, тегі, аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған қызметтік тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
«Метрологиялық аттестаттау
туралы сертификатты беру»
мемлекеттік қызмет
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылдағы көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтерді ұсыну жағдайының % (үлесі) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісі сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпараты интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтердің % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қолданыстағы шағым беру тәртібіне қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Департамент қызметкерлерінің сыпайылығына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11 үй, «Эталон орталығы» ғимаратында көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет алушыда электронды-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда, «www.e.gov.kz электрондық үкімет веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1529 қаулысының (бұдан әрі – біліктілік талаптар) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: «Құқықтық база» бөлігінде www.memst.kz;
2) уәкілетті орган стендінде;
3) веб-порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат call-орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылуы мүмкін.
5. Мыналар көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады:
уәкілетті органда:
ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (веб-порталда) немесе қағаз жеткізгіште Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіш нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
веб-порталда:
ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін веб-порталда лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) лицензия беру – алушы осы стандарттың 11-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қажетті құжаттарды берген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей.
2) лицензияны қайта рәсімдеу – алушы осы стандарттың 11-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қажетті құжаттарды берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей.
3) лицензияның телнұсқаларын беру – алушы осы стандарттың 11-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген қажетті құжаттарды берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.
уәкілетті органда:
1) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
2) құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт – 15 минут.
8. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық Кодексі) оның өлшемі белгіленген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымдар төленген жағдайда көрсетіледі:
1) лицензия беру – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) телнұсқаны беру – 10 АЕК;
3) қайта рәсімдеу – 1 АЕК.
Лицензиялық алымдар төлеу бюджеттік жіктегіш коды – 105402, төлемдерді тағайындау коды – 911 деректемелері бойынша банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұраныс берілген жағдайда, төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Веб-порталдың жұмыс істеу кестесі - күн сайын.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды күту және дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталған), өрт қауіпсіздігіне қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады, өткізу режимі көзделген. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметті кедергісіз алуын қамтамасыз ету үшін жабдықталған тұтқалар, пандустар және сүйеніштер көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
уәкілетті органға:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін – жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жеке кәсіпкер үшін – өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесі;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесі;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мынадай мәліметтер мен құжаттар:
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді дайындау үдерісін регламенттейтін белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама);
меншік немесе оны жалдау құқығымен өндірістік техникалық базаның (өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде стандарттау бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалған мемлекеттік рәміздердің сапасы мен жасаудың технологиялық үдерісінің сақталуын қамтамасыз ететін түстер атласы);
пайдаланылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдығын метрологиялық аттестаттау немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттың;
мемлекеттік рәміздерді жасаудың технологиялық үдерісіне қарай өндіруші әзірлеген нұсқаулықта белгіленген лицензияланатын қызметтер саласында тиісті біліктілігі мен білім беру деңгейі бар қызметкерлердің деректері.
Лицензия және (немесе) лицензия қосымшалары жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензия телнұсқасын және (немесе) лицензия қосымшаларын алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін мемлекеттік лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) өтініш;
2) қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда, нотариалды куәландырылған);
3) лицензия көшірмесі және лицензия қосымшалары (болған жағдайда) қажет.
Лицензияға лицензия телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) лицензия телнұсқасын және (немесе) лицензия қосымшаларын беру туралы өтініш;
2) телнұсқаны беру үшін бюджетке лицензиялық алымға төлем жүргізгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда, нотариалды куәландырылған).
Порталда:
1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) заңды тұлғаның жарғысы (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) – сканерленген көшірмелері түрінде құжаттың электрондық сұрауына бірге тіркеледі.
3) біліктілік талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар – сканерленген көшірмелері түрінде құжаттың электрондық сұрауына бірге тіркеледі:
стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген мемлекеттiк рәміздерді дайындау үдерісін регламенттейтiн техникалық құжаттамалар (техникалық тапсырмалар, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама);
жеке меншiк немесе оны жалға алу құқығындағы өндiрiстiк-техникалық база (өндiрiстiк үй-жайлар, технологиялық жабдық, өлшеу және бақылау құралдары, оның iшiнде қолданыстағы стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттiк рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық үдерісін сақтауды қамтамасыз ететiн түстер атласы);
пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдығын салыстыру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар;
мемлекеттiк рәміздерді дайындаудың технологиялық үдерісіне байланысты, өндiрушi әзiрлеген нұсқаулықтарда белгiленген, лицензияланатын қызмет саласында тиiстi бiлiктiлiгi және бiлiм деңгейi бар персонал.
4) құжаттардың мәліметтері:
жеке тұлға үшін – алушының жеке басын куәландыратын құжат;
заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде алушының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
дара кәсіпкер үшін – алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі;
салық органында есепке қойылуы туралы куәлік;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы мәлімет.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін мемлекеттік лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы мәліметтер.
3) лицензия және лицензияға қосымшалардың мәліметтері (веб-порталда болған кезде) не лицензия және лицензияға қосымшалар – сканерленген көшірмелер түрінде құжаттың электрондық сұрауына тігіледі (қағаз жеткізгіште болған кезде).
Лицензияға арналған лицензия телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында лицензияға арналған лицензия телнұсқасын және (немесе) қосымшалар беру туралы сұрау;
2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы мәліметтер.
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерді уәкілетті орган электронды-цифрлық қолтаңбада қол қойылған электронды құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелердан алады.
12. Осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш нысандары веб-порталда, сондай-ақ Комитеттің www.memst.kz интернет ресурсында орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне мына мекенжай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, 33 кабинет.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) құжаттарды қабылдау нөмірі және күні;
2) сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының байланыс деректері, тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін).
Веб-порталға жүгінген кезде электрондық сауал алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сауал таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттік органға – адресатқа автоматты түрде жіберіледі.
Веб-порталға жүгінген кезде алушыға веб-порталдағы «жеке кабинетіне» өтініштің (сауал нөмірі) жіберілгені туралы хабарлама жіберіледі. Өтінішті жіберген және номер берілген сәттен бастап екі күннен кешіктірмей мемлекеттік орган өтінішті тіркеуі тиіс, бұл ретте алушыға «жеке кабинетіне», сондай-ақ веб-порталда тіркеу кезінде көрсетілген электрондық мекенжайына қабылдаған күнін көрсетіп мемлекеттік орган өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жіберіледі.
15. Алушы уәкілетті органға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, 20-кабинетте, байланыс телефондары +7(7172)793379, +7(7172) 79-33-13 бойынша алушының өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті өкілге қағаз жеткізгіште беріледі.
16. Лицензия беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады, егер:
1) субъектілердің аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынса;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш ұсынылған жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмесе;
4) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;
5) өтініш берушіге қатысты, оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын сот өкімі заңды күшіне кірсе;
6) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салса.
Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия не лицензия беруден дәлелді бас тартуды бермеген жағдайда, онда лицензия берілген мерзім өткен күннен бастап мемлекеттік лицензия берілді деп саналады.
Уәкілетті орган лицензия берген мерзім өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензия беруге міндетті.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметі заңдылық, сыпайылық, ұсынылатын ақпараттық сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижесі
18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және қолжетімділігінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің уәкілетті қызметкері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және мына мекенжай бойынша шағымды дайындауда жәрдем көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11, тел.: 8 (7172) 79-33-01, 24-02-48 немесе call-орталығы телефоны 88000808345, 8 (7172) 79-34-18 арқылы күн сайын (сенбі және жексенбі күндерінен басқа) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, немесе Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда жетекшілік етуші Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің атына мына мекенжай бойынша шағым беріледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Transport tower» ғимаратында, № 2117 кабинетінде, телефоны 8 (7172) 240475.
22. Тиісті түрде қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша және осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жіберіледі.
23. Егер көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым жазбаша түрде почта, электрондық почта не осы стандарттың 21 және 22-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағым құзыретіне шағымда қойылған сұрақтарды шешу кіретін лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігін растайтын құжатта бар болған жағдайда), мемлекеттік қызметті алушының почталық мекенжайы, шағымды беру күні және мемлекеттік қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Шағым беру кезінде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдалып отырған лауазымды тұлғалардың қызметі, тегі, аты-жөні, шағымдану себебі және талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы Стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым ұсынған мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған қызметтік тұлғаның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы жөнінде ақпарат алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон берілуі шағымды қабылдауды растау болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туын және Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша
____________________________________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс аумақтарда
____________________________________________________________________
(қызмет (іс-әрекет) түрін көрсету)
____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны
____________________________________________________________________
2. Құрылған жылы
____________________________________________________________________
3. Тіркелуі туралы куәлік
____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берген)
4.Мекенжайы ________________________________________________________
(индексі, қаласы, облысы, ауданы, көшесі,
____________________________________________________________________
үйдің №, телефон, факсі)
5. Есеп айырысу шоты
____________________________________________________________________
(шот №, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Филиалдар, өкілдіктер ___________________________________________
(орналасқан жері және деректемелер)
7. Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы ______________________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
20___ж. «____» __________________
Өтініш 20___ж. «___» _________________қарауға қабылданды.
___________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты, әкесінің
аты)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туын және Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 2-қосымша
____________________________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты)
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс аумақтарда
____________________________________________________________________
(қызмет (іс-әрекет) түрін көрсету
____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәлiметтер:
1.Туған жылы _________________________________________________
2.Паспорт деректерi __________________________________________
(сериясы, №, кiм және қашан берген)
3.Бiлiмi _____________________________________________________
(мамандығы болған жағдайда дипломның (өзге құжаттың) №,
_____________________________________________________________________
оқу орнының атауы, бiтiрген жылы)
4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тiркелгенi туралы куәлiгі (қажет болған жағдайда) _______________________________________
(№, кiм және қашан берген)
5.Үйінің мекенжайы ___________________________________________
6.Жұмыс орны _________________________________________________
7. Есеп айырысу шоты (егер бар болса)
____________________________________________________________________
(шот №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
____________________________________________________________________
8. Қоса берiлiп отырған құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________ _________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
20__ жылғы _________________
Өтiнiш 20__ жылғы __________________ қарауға қабылданды.
____________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туын және Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет
стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Келесі жылда көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есептік жылда көрсеткіштің ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайы % (үлесі) |
|||
2. Сапа |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және сапаға қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
3.2. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді болатын қызметтер % (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған алушылардың % (үлесі) |