Жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 маусымдағы № 736 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-03/125 бұйрығын қараңыз.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 2 маусымдағы
№ 736 қаулысымен  
бекітілген       

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жануарларды еріксіз жағдайларда ұстау – жануарларды торларда, аквариумдарда, террариумдарда, бассейндерде және басқа да арнаулы үй-жайларда ұстау;
      2) жануарларды жартылай ерікті жағдайларда ұстау – жануарларды шарбақтарда және табиғи мекендеу ортасына жақын басқа да жағдайларда ұстау.
      3. Осы Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық және балық шаруашылығы субъектілеріне қолданылады.
      4. Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен реттеледі.
      5. Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға:
      1) шаруашылық мақсаттарда (аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды);
      2) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарда;
      3) олардың тыныс-тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін;
      4) өсімін молайту мақсатында пайдалану үшін жол беріледі.
      Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тиісті жағдайлар жасамай, оларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға жол берілмейді.

2. Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда
ұстау тәртібі

      6. Жабдықталған торларды, аквариумдарды, террариумдарды, бассейндерді, шарбақтарды және басқа да арнаулы учаскелер мен (немесе) үй-жайларды (бұдан әрі – үй-жайлар) қоса алғанда, жануарларды ұстау үшін жағдайлар болған кезде олар еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталады.
      7. Еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар түріне, жынысына, физиологиялық жай-күйіне байланысты өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес:
      1) демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен (індер, ұялар, жасырын баспаналар, қалқалар, тоғандар және басқалар);
      2) қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен;
      3) астаулармен, суаттармен, құстар келіп қонатын сырықтармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен;
      4) жем-шөппен және ішетін сумен;
      5) зоотехникалық және ветеринариялық іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.
      8. Еріксіз жағдайда ұсталатын жануарлар:
      1) үй-жайды тыныс-тіршілік өнімдерінен тазарту жүйесімен;
      2) үй-жайды лас ауаны сыртқа шығарып, желдету және суды аэрациялау жүйесімен, артық суды ағызып жіберетін жабық дренаж жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
      9. Еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарларға күтім жасау басқа жануарларға зиян келтірмеудің алдын алу шаралары қолданылып және қызмет көрсететін персонал мен келушілердің қауіпсіздік жағдайлары қамтамасыз етіле отырып жүргізіледі.
      10. Үй-жайлар оңай ашылатын құлыптармен, ілмектермен және басқа да оқшаулау құрылғыларымен, олардың өздігінен ашылып кетіп, жануарлардың үй-жайдан тысқары жерлерге кетіп қалуына жол бермейтін бекіткіштермен жабдықталады.
      11. Аквариум әйнектерін қабырғаларға, темір және басқа да металл жақтауларға жұмсақ амартизатор төсемдерінсіз орнатуға жол берілмейді.
      12. Террариумдарда тамашалау терезелері сынбайтын шыныдан немесе басқа да сынбайтын мөлдір полимер материалдардан жасалады.
      13. Торлар, бассейндер және шарбақтар, үй-жайлардың ішкі және сыртқы қоршаулары жануарлардың өмірі мен саулығына қатер төндірмеуге тиіс.