"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 216-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 623 қаулысымен
бекітілген
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары
Осы Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу тәртiбiн анықтайды.
Қағидалар мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудың ерекше және арнайы тәртiптерiне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор (бұдан әрi - Оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрi - веб-портал) - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызметтерiне бiрыңғай қол жеткiзу нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;
4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрi - Қатысушы) - тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;
5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - Пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен Қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
6) веб-порталға қатысу - мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтер алу үшiн қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалануы;
7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
8) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) шартты жеңiлдiк - конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердiң негiзiнде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысын шартты азайтудың пайыздық мәнi;
10) қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi - түпнұсқа қағаз құжаттың ақпаратын толық шығаратын, веб-порталда уәкiлеттi өкiлдiң электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық цифрлық нысандағы электрондық құжат;
11) веб-порталдағы уәкiлеттi өкiл - веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бiрiншi басшысының тиiстi шешiмiмен веб-порталдағы барлық iс-қимылдарды орындауға, оның iшiнде қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауға құқықтар берiлген;
12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2. Конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, аукцион және бір көзден алу тәсiлдерiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу осы Қағидаларда анықталған тәртiппен жүргізіледі.
Мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға көрсетілетін электрондық қызметтер веб-порталды пайдалана отырып, уәкілетті орган анықтаған тәртiппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
3. Электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болып әрекет еткен жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушi Заңның 7-бабына сәйкес электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрi - ұйымдастырушы) анықтайды.
4. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы веб-порталда өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi болып табылатын лауазымды адамдарды анықтайды. Егер тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң және ұйымдастырушының веб-порталдағы уәкiлеттi өкiлi болып табылатын бiр лауазымды адамды анықтауға жол берiледi.
2. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргізу тәртібі
Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып
алуды ұйымдастыру және жүргізу
5. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу (бұдан әрi - электрондық конкурс) веб-порталда мынадай дәйектi iс-шараларды орындауды көздейдi:
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң ұйымдастырушыны, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлiн анықтауы;
2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң веб-порталдың көмегiмен веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жiберуi;
3) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыру және бекiту;
4) тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттаманы бекiтуi;
5) веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау;
6) ұйымдастырушының веб-порталда электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жариялауы;
7) веб-порталға қатысушы - әлеуеттi өнiм берушiлердiң веб-порталда оны алу фактiсiн автоматты түрде тiркей отырып конкурстық құжаттаманы алуы;
8) ұйымдастырушының веб-порталдың көмегiмен осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi;
9) веб-порталда электрондық құжат нысанында берiлетiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi автоматты түрде тiркеу;
10) өтiнiмдердi ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
11) бiлiктiлiк талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi және шартты жеңiлдiктер мөлшерiн конкурстық комиссиясын қарауы;
12) конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiн айқындауы және веб-порталда жiберу туралы тиiстi хаттаманы жариялауы;
13) электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тiркеу;
14) электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңiмпазды анықтау, қорытындылар хаттамасын веб-порталда жариялау;
15) ұйымдастырушы жүргiзген электрондық конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс берушi мен электрондық конкурстың жеңiмпазы арасында мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу.
6. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты ұйымдастыру кезiнде ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi конкурстық құжаттамада олардың бiртектi түрлерi бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыра және өткiзе алады.
Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.
Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.
Веб-порталда конкурстық құжаттаманы
қалыптастыру және бекiту
7. Ұйымдастырушы электрондық конкурсты өткiзу шарттары мен тәртiбiн айқындау үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады және тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен келiседi.
8. Ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
Бiрыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адамдар не олардың мiндетiн атқаратын адамдар бекiтедi.
Конкурстық комиссияның құрамын, сарапшыны
(сараптау комиссиясын) бекiту
9. Электрондық конкурс өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн ұйымдастырушы әрбiр электрондық конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесi атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша оның веб-порталда тiркелген қызметкерлерiнiң қатарынан оның өкiлдерiн енгiзе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу кезеңiнде сараптау комиссиясын құрады (сарапшыны тартады).
10. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа да мүшелерi болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемiнде үш адам болуы тиiс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиiс. Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының орынбасарының төмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалуы тиiс. Егер ұйымдастырушы ретiнде тапсырыс берушi өзiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан әрекет етсе, тапсырыс берушiнiң осы құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысынан төмен емес лауазымды адамы конкурстық комиссияның төрағасы болып анықталуы тиiс.
11. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның қызметiне басшылық етедi;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап әрекет етедi және тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметiн тоқтатады.
13. Конкурстық комиссияның шешiмi веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады. Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
14. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметiн конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;
2) веб-порталда электрондық конкурс өткiзілетіні туралы хабарландыруды, электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерін ашу хаттамасын, электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Ұйымдастырушыда әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда ұйымдастырушы тараптардың уағдаластығы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал басқа сарапшыларды ақылы негiзге де, өтеусiз негiзде де сарапшылар ретiнде тартады.
Қызметiнiң бейiнi мемлекеттiк сатып алу мәнiне сәйкес келуi қандай да бiр тұлғаны сарапшы ретiнде тарту үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
Ақылы негiзде сарапшыны таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
16. Бiрнеше сарапшыларды тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасында сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан сараптау қорытындысын бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Егер сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған болса ғана, оны конкурстық комиссия мiндеттi түрде ескередi. Сараптау қорытындысына сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында веб-порталда электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға қоса бередi.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келiспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiредi, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
17. Электрондық конкурс өткiзу басталғанға дейiн конкурстық комиссияның мүшелерi, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекiтiлген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысады.
Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарлама
18. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретiн соңғы күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей, ал электрондық конкурсты қайтадан жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өткiзiлетiн электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы веб-портал арқылы жариялайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру
19. Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет бiлдiрушiлерге конкурстық құжаттаманы веб-порталдан тегiн алу мүмкiндiгi берiледi.
20. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
21. Веб-порталда электрондық конкурс өткiзу туралы хабарлау сәтіне дейiн конкурстық құжаттаманы беруге жол берiлмейдi.
Конкурстық құжаттама ережелерін түсiндiру
22. Веб-портал қатысушысы - әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiнгі күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей конкурстық құжаттама ережелерін түсiндiру туралы ұйымдастырушыға сұрау салу жiбередi.
Ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде конкурстық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттама ережелерін түсiндiру мәтiнiн веб-порталда жариялайды.
23. Ұйымдастырушы қажет болған кезде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы күнi өткенге дейiнгі күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей жеке бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы - әлеуеттi өнiм берушiлердiң сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы - әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.
Мұндай жағдайда, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде он күнтiзбелiк күнге ұзартылады.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң мазмұны
және оларды беру
24. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм электрондық құжат нысанында берiледi және электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткiзудi (жұмысты орындауды, қызмет көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
25. Электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң ұйымдастырушыға беретiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында санамаланған құжаттарды қамтуы тиiс.
26. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етiлетiн, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттiк дерекқорға өтiнiш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруiне жол берiледi.
27. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн бередi.
28. Электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiнiң тиiстi хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жiберу сәтiнде қабылданған болып есептеледi.
29. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм беруге құқылы.
30. Әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға берген өтiнiмi мынадай жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде жойылады:
1) әлеуеттi өнiм берушi бұдан бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген болса;
2) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен болса;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың автоматты түрде бас тартуына жатады.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзімі конкурстық өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күннен бастап кемiнде күнтiзбелiк отыз бес күн болуы тиіс.
31. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдері веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
32. Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде өзi енгiзген электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтаруға құқықтарын жоғалтпастан, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертеді немесе кері қайтарып алады.
33. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi
қамтамасыз ету
34. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушi Заңның 23-бабына сәйкес енгiзедi.
Электрондық конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынады.
35. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етуді банк кепiлдiгi түрiнде енгiзген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес берiледi.
36. Егер әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдендiрiлген ақшалай жарна түрiнде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепiлдендiрiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде берiледi.
37. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуды қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға осындай қамтамасыз етудi алған фактiнi банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналына тiркейдi.
Ұйымдастырушы банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналында мынадай мәлiметтердi көрсетедi:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы мен өткiзiлетiн мерзiмi;
2) ұйымдастырушының толық атауы;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты-жөнi;
4) банктiк кепiлдiктi тiркеу күнi мен уақыты.
Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналы тiгiледі, беттері нөмiрленеді және конкурстық комиссияның хатшысы әрбір бетіне бұрыштама қояды. Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiледі.
Бiр қаржы жылы iшiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс тәсiлiмен барлық мемлекеттiк сатып алу бойынша банктiк кепiлдiктердi тiркеудiң бірыңғай журналын өткізуге рұқсат берiледi.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс
тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ашу
38. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдердi ашуды хатшы веб-портал арқылы жүргізеді.
Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерін ашуға қолжетімділікті веб-портал конкурстық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді берудің соңғы күні мен уақыты басталғаннан конкурстық комиссия хатшысына автоматты түрде береді.
39. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерін осы Қағидаларға сәйкес егер электрондық конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм электрондық конкурсқа (лотқа) берiлген жағдайда да ашылады және қаралады.
40. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдердi ашу хаттамасын хатшы веб-порталда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашылған күні жариялайды. Бұл ретте веб-порталда автоматты түрде тіркелген конкурстық комиссия мүшелеріне, әлеуеттi өнiм берушiлерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жiбередi.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi
қарау, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру
41. Конкурстық комиссия веб-порталды пайдалана отырып, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарайды және электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді ашқан күнінен бастап күнтізбелік он күн iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды (конкурсқа қатысушылар деп таниды).
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
42. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және оны конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы хабарлама жiбере отырып, веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні жариялайды.
Электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға олар болған кезде конкурстық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптау комиссия мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса берiледi.
43. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
44. Конкурстық комиссия:
1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерiн құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуiн қарайды;
2) құжаттардың толық тiзбесiн бермеген және (немесе) тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды берген әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
3) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратады;
4) электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерінде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда сұратып алады.
Конкурстық комиссияның сұрауларына және электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, ресiмделген құжаттарды тиiсiнше түзету жолымен сәйкес келтiруге бағытталған конкурстық комиссияның iс-әрекеттерi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi электрондық конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру деп түсiндiрiледi;
5) бiлiктiлiк және өзге конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды және электрондық конкурсқа қатысушы деп таниды.
Банкроттық не тарату рәсiмiне қатысының болмауы бөлiгiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсiмдерінiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
45. Конкурстық комиссия мынадай:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
2) конкурстық комиссияға:
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнің қамтамасыз етуін берген тұлғаны;
оған қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету оның пайдасына енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiніс табатын электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
3) электрондық конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi электрондық конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
46. Заңды тұлға болып табылатын (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған) әлеуеттi өнiм берушi егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушысы мынадай:
әлеуеттi өнiм берушi өз қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыруын қоспағанда, қазақ және (немесе) орыс тiл(дер)iне аудармасымен заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының не сауда-саттық тiркелiмiнен заңдастырылған үзiндi көшiрменiң электрондық көшiрмесiн бермеу;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерiн бермеу;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн не электрондық конкурс жарияланған күнінен кейін берілген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндiнiң қол қойылған және белгiленген тәртiппен мөрмен расталған электрондық көшiрмесiн бермеу;
электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
әлеуетті өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты оңалту рәсімі жүргізілу жағдайын қоспағанда, банкроттық не тарату рәсіміне жату негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi мынадай:
техникалық ерекшелiгін бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi;
электрондық конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға) беруi;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi бермеу негiздемелерi бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.
Ескерту. 46-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
47. Жеке тұлға болып табылатын (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған), кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушысы мынадай:
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
электрондық конкурс жарияланған күнінен ерте емес берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берiлген тиiстi салық органының үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екені туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнің анықталуы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты оңалту рәсімі жүргізілу жағдайын қоспағанда, банкроттау не тарату рәсіміне жату негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi мынадай:
техникалық ерекшелiгін бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi;
электрондық конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерге (бiрлесiп орындауға) беруi;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалар талаптарына сәйкес бермеу негiздемелері бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.
Ескерту. 47-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
48. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдердi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
1) өз құзыретiнiң шегiнде әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды және зерделейдi;
2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы сараптама қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
3) тиiсiнше ресiмделген сараптама қорытындысын конкурстық комиссия хатшысына бередi.
49. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiрiн бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
50. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн конкурстық комиссияның хатшысы сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын веб-порталда жариялайды және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелерiне таратады. Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып қарайды.
51. Конкурстық комиссия, электрондық конкурсқа қатысуға бір өтiнiм берілген жағдайларды қоспағанда, Заңның 17-бабының 4-тармағына және осы Қағидаларға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әрбiр әлеуеттi өнiм берушiге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңiлдiктердi анықтайды.
Конкурстық комиссия, электрондық конкурсқа қатысуға бір өтiнiм берілген жағдайларды қоспағанда, электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдердi бағалау және салыстыру үшiн конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердi ескередi және оларды электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерге тең мөлшерде қолданады.
Әлеуеттi өнiм берушi осы өлшемдердi растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi шартты жеңiлдiктi қолданбайды. Шартты жеңiлдiктердi қолдану үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған талаптар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа енгiзiледі.
52. Егер онда электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмнiң мәнiне нұқсан келтiрмей түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, электрондық конкурсқа қатысу өтiнiм конкурстық құжаттама талаптарына жауап бередi деп танылады.
53. Егер неғұрлым үздiк функционалдық және басқа сипаттамалары бар тауарлар ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) жұмыстар үздiк материалдардан жасалса, әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген техникалық ерекшелiкке сәйкес келмеуiне жол берiледi.
54. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген негiздер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (электрондық конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
55. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң нарықтағы жұмыс тәжiрибесiнiң әрбiр жылына нөл бүтiн оннан бес пайызы (0,5%), бiрақ бес пайыздан аспайтын мөлшерде шартты жеңiлдiк бередi. Жұмыс тәжiрибесi бiр жылға дейiн болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгiленбейдi. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.
56. Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнің сатып алынатын тауарларды пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң құны ең төменін анықтайды және мүндай өтінімнің бағасын екi пайызға шартты түрде азайтады. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.
57. Ұсынылатын тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде отандық тауар өндiрушi үшiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
58. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік тағайындайды.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
59. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм бағасын шартты түрде екi пайызға азайтады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
60. Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтінім айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтінімнің бағасын жарты пайызға (0,5%) шартты түрде азайтады.
61. Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтінім айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтінімнің бағасын жарты пайызға (0,5%) шартты түрде азайтады.
62. Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарлардың ең үздік сапалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтінім айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтінімнің бағасын үш пайызға шартты түрде азайтады.
63. Жергілікті мазмұнның болуын қарау кезiнде конкурстық комиссия жергілікті мазмұнның әрбiр бiр пайызы үшiн электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң шартты бағасын оннан бiр (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда жергілікті мазмұнның болуы СТ-КZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Егер тауарлардың әлеуеттi өнiм берушiсi сатып алынатын тауардың отандық тауар өндiрушiсi болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң бағасын жергілікті мазмұн болғаны үшiн он пайызға шартты түрде азайтады.
Жұмыстардың, қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсiнiң жергілікті қамтуы жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, қызметтердi тiкелей де, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шартын жасасу арқылы да мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үшiн әлеуеттi өнiм берушi сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттерi жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндiру өлшемдерiне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгiленген қазақстандық шығу тегi үлесiнiң (үлестерiнiң) құнынан мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретiнде анықталады.
64. Конкурстық комиссия отандық тауар өндiрушiге он пайыз мөлшерiнде, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiге бес пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
65. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуеттi өнiм берушi (электрондық конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 10-қосымшасына сәйкес конкурстық баға ұсынысын веб-порталға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей береді.
66. Веб-портал конкурстық баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi хабарлама жiбергеннен кейiн конкурстық баға ұсынысы қабылданған болып есептеледi.
67. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәлiметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.
68. Әлеуеттi өнiм берушiнің конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болса;
2) ол осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түссе;
3) конкурс қатысушысы бұдан бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берсе;
4) конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 65-тармағында белгiленген мерзiмнен кеш түссе веб-портал әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысын автоматты түрде кері қайтарады.
69. Электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген күнi және уақытта веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалау мен салыстыруды жүргiзедi:
осы Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтiк баға есептеледi және электрондық конкурсқа қатысушының демпингтiк болып табылатын баға ұсынысы қабылданбайды;
егер демпингтiк бағасы бар конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн электрондық конкурсқа қатысушылардың екi және одан асатын конкурстық баға ұсыныстары электрондық конкурсқа қатысқан жағдайда, оларға электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада көрсетiлген шартты жеңiлдiктердi қолдану арқылы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары анықталады;
электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, неғұрлым аз шартты баға негiзiнде электрондық конкурс жеңiмпазы анықталады;
конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде электрондық конкурс мәнi болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесi мол отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушi жеңiмпаз деп танылады.
70. Электрондық конкурс қорытындысы туралы хаттама веб-порталда автоматты түрде тіркелген конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне және барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-портал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнiң
демпингтiк бағасын анықтау тәртiбi
71. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
72. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң консультациялық қызметтерге арналған электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы электрондық конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.
Электрондық конкурсты өтпей қалды деп тануға
негiздемелер
73. Электрондық конкурс мынадай жағдайларда:
1) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдер болмағанда;
2) электрондық конкурсқа қатысуға екiден кем өтiнiм берiлгенде;
3) электрондық конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;
4) электрондық конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе;
5) электрондық конкурсқа қатысушының бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;
6) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, электрондық конкурс өтпедi деп танылады.
3. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүзеге
асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi
электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және
өткiзу
Баға ұсыныстарына электрондық сұрау салуды өткiзу туралы
хабарлау
74. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей веб-порталда нысан бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жариялайды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын беруi
75. Әрбiр әлеуеттi өнiм берушi тек бiр баға ұсынысын ғана бередi, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасында көзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, оның тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызметті көрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.
76. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді.
77. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының электрондық хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынады.
78. Баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
79. Әлеуеттi өнiм берушiлер баға ұсыныстарын беру мерзімі біткенге дейін қажет болса берілген баға ұсынысын кері қайтарып алады және оларға өзгерiстер енгiзеді.
80. Мынадай жағдайларда:
1) егер осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болса;
2) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы лотқа баға ұсынысын берсе;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдың әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысынан автоматты түрде бас тартуына жатады.
81. Егер баға ұсыныстарын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз берілген болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде өтпеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына
сұрау салу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
алу қорытындыларын шығару
82. Баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталғаннан кейін веб-портал баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргізеді.
83. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жеңімпазы деп ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші танылады.
84. Бірнеше әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысын берген жағдайда, өзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Баға ұсыныстарын салыстыруды веб-портал автоматты түрде жүргізеді.
85. Егер осы Қағидалардың 80-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қайтарғаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
86. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шыққаннан кейін веб-портал оларды автоматты түрде жариялайды.
87. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудың жарияланған қорытындыларында баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудағы жеңiмпаз туралы, сондай-ақ жеңiмпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi туралы не баға ұсынысы жеңiмпаз ұсынған бағадан кейiн ең төменгi баға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер қамтылады.
4. Бiр көзден алу тәртiбiмен электрондық мемлекеттiк
сатып алуды өткiзу
88. Заңмен анықталған жағдайларда ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге бiр көзден алу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысу туралы шақыру жiбередi, сондай-ақ шақыруды электрондық құжат түрiнде веб-порталда орналастырады.
89. Тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi электрондық құжатты веб-порталға жiберу арқылы сұралған ақпаратты ұйымдастырушыға ұсынады.
90. Ұйымдастырушы сұралған ақпаратты әлеуеттi өнiм берушi ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiр көзден алу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады.
5. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк
сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
91. Аукцион тәсілімен (бұдан әрі - аукцион) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткізу веб-порталда мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін анықтауы;
2) тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-портал көмегімен веб-портал қатысушысы болып табылатын ұйымдастыруға шақыру жіберуі;
3) аукциондық құжаттаманы қалыптастыру, қажет болған кезде сараптау комиссиясының (сарапшыны) құрамын қалыптастыру және бекіту;
4) тапсырыс берушінің аукциондық құжаттаманы бекітуі;
5) аукциондық комиссияның құрамын қалыптастыру және веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық аукциондық хатшысын анықтау;
6) ұйымдастырушының веб-порталда аукцион өткізілетіні туралы хабарландыру жариялауы;
7) веб-порталға қатысушы – әлеуетті өнім берушілердің оны алу фактісін веб-порталда автоматты түрде тіркей отырып, аукциондық құжаттаманы алуы;
8) ұйымдастырушының, осы Қағидалардың 107 және 108-тармақтарында көзделген жағдайларда, оны алған әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманың ережелерін веб-портал көмегімен түсіндіруі;
9) электрондық құжат нысанында берілетін аукционға қатысу өтiнiмдердің бірінші және екінші бөліктерін веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
10) өтiнiмiнің бірінші бөлігінде қамтылған мынадай құжаттардың:
өтiнiмді қамтамасыз етудің;
11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау, ал жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алған жағдайда, оларды аукционға қатысушы деп тану үшін өтінімді қамтамасыз етуді қарауы;
12) тауарды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, өтiнiмiнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерінің құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы ашу;
13) аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуетті өнім берушілердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану үшін аукциондық комиссияның тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қарауы;
14) рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
15) аукцион өткізу;
16) аукциондық комиссияның құпиялылығын сақтай отырып, аукционға қатысу өтiнiмдерінің екінші бөлігін қарауы;
17) аукциондық комиссияның аукцион жеңімпазын және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді бекітуі;
18) қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
19) тапсырыс беруші мен жеңімпаз арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер аукционның мәні болып табылады.
Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Аукциондық құжаттаманы веб-порталда
қалыптастыру және бекіту
92. Ұйымдастырушы аукционды өткізу талаптары мен тәртібін анықтау үшін веб-порталда аукциондық құжаттаманың электрондық нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қалыптастырады және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушыны бір адам болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
93. Ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушінiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
Аукциондық комиссияның құрамын, сарапшыны (сараптау
комиссиясын) бекіту
94. Аукционды өткізу рәсімін орындау үшін ұйымдастырушы әрбір аукционға аукциондық комиссия құрады және аукциондық комиссияның хатшысын анықтайды.
Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
Егер ұйымдастырушы тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің атынан тапсырыс берушінің өзі болған жағдайда, аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам, тапсырыс беруші не тапсырыс берушінің міндетін атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайда ұйымдастырушы аукциондық комиссияның құрамына онымен келісе отырып, веб-порталда автоматты түрде тіркелгендер қызметкерлері арасынан тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізеді.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшін ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы әзірлеу кезінде қажет болғанда сараптау комиссиясын (сарапшы тартады) құрады.
95. Аукциондық комиссияның мүшелері төраға, төрағаның орынбасары және аукциондық комиссияның басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
Аукциондық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиіс. Егер ұйымдастырушы тапсырыс берушінің тікелей өзі болса, аукциондық комиссияның төрағасы етіп тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиіс. Егер ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің атынан тапсырыс берушінің өзі болса, аукциондық комиссияның төрағасы етіп тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға анықталуы тиіс.
96. Аукциондық комиссияның төрағасы:
1) Аукциондық комиссияға басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
97. Аукциондық комиссия оның құрылғаны туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
98. Аукциондық комиссияның шешім веб-порталды пайдалана отырып, дауыс берумен қабылданады және ол үшін аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, ол үшін аукциондық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің айрықша пікірге құқығы болады, ол қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда жарияланады. Аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда хатшы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты веб-порталда жариялайды.
99. Аукциондық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Аукциондық комиссияның хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссияның шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие болмайды.
Аукциондық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізуге жауапты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғалары арасынан анықталады.
Аукциондық комиссияның хатшысы:
1) аукциондық құжаттаманы веб-порталда қалыптастырады;
2) веб-порталда аукцион өткiзілетіні туралы хабарландыруды, аукционға қатысуға рұқсат берілгені туралы хаттаманы, аукционның өткiзілу хаттамасын, аукционның қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
100. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ұйымдастырушы сарапшы ретiнде өтемсіз негiзде мемлекеттiк қызметшiлердi, ал өзге мамандарды ақылы, сол сияқты тараптардың уағдаластығы бойынша өтемсiз негiзде де тарта алады.
Сарапшы ретiнде қандай да бір адамды тарту үшін міндетті шарт оның қызмет бейінінің мемлекеттiк сатып алу мәніне сәйкестігі болып табылады.
Сарапшыны ақылы негізде таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
101. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылар арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан комиссияның жетекшісін анықтайды.
Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық қорытынды береді және аукциондық комиссияның шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие болмайды. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын аукциондық комиссия тек ол аукциондық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған жағдайда ғана міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытындыға сарапшылардың (сараптау комиссиясы мүшелерінің) қолдары қойылады және ол аукциондық комиссияның хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда аукционға қатысуға рұқсат берілгені туралы хаттамаға қоса беріледі.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзінің айрықша пікірін айтады, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
102. Аукционды өткізу басталғанға дейін аукциондық комиссияның мүшелері, аукциондық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген аукциондық құжаттамамен және оның қосымшаларымен танысуы тиіс.
Аукцион өткізілетіні туралы хабарлама
103. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын веб-порталда өткізілетін аукцион туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Егер аукцион тәсiлiмен өткізілетін мемлекеттiк сатып алудың мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспаса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы веб-порталда өткізілетін аукцион туралы хабарландырудың мәтінін әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жеті күн бұрын жариялайды.
Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы
табыс ету
104. Электрондық аукцион өткiзілетіні туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап қалаған адамдардың барлығына веб-порталдан аукциондық құжаттаманы ақысыз алу мүмкіндігі беріледі.
105. Веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
106. Веб-порталда аукцион өткiзілетіні туралы хабарлама жарияланған сәтке дейін аукциондық құжаттаманы беруге жол берілмейді.
Аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
107. Веб-портал қатысушысы – әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салуға, бірақ оны электрондық аукционда қатысуға өтінім берудің табыс етудің соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтізбелік алты күннен кешіктірмей жіберуге құқылы.
Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік бір күн ішінде аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы – әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтінін веб-порталда жариялайды.
108. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Қағидалардың 92-тармағында белгiленген тәртіппен бекiтiледi.
Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аукциондық құжаттамаға енгізілген өзгерiстер және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы – әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда нақтыланған аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Мұндай жағдайда аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзімі кемінде жеті күнге ұзартылады.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің
мазмұны мен оларды беру
109. Аукционға қатысуға өтiнiм электрондық құжат нысанында беріледі және аукционға қатысудан үміткер әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетуді) аукциондық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.
110. Аукционға қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім берушінің мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға табыс ететін аукционға қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрінде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада тізбеленген қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екі бөліктен тұрады.
111. Әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етiлетiн, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге және/немесе мемлекеттiк дерекқорға өтiнiш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруiне жол берiледi.
112. Аукционға қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн бередi.
113. Аукционға қатысуға берiлген өтiнiм аукционға қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiнiң тиiстi хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жiберу сәтiнде қабылданған болып есептеледi.
114. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға бiр ғана өтiнiм береді.
115. Әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға берген өтiнiмi мынадай:
1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы аукционға қатысуға өтiнiм берген;
2) аукционға қатысуға берiлген өтiнiм аукционға қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен;
3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады;
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi аукционға қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын аукциондық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аукциондық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде күнтiзбелiк отыз бес күн болуы тиіс.
116. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген аукционға қатысу өтiнiмдер веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
117. Әлеуеттi өнiм берушi өзi енгiзген аукционға қатысу өз өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, аукционға қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта аукционға қатысу өз өтiнiмiн өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
118. Аукционға қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз ету
119. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушi Заңның 35-5-бабына сәйкес енгiзедi.
120. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдi банк кепiлдiгi түрiнде енгiзудi қамтамасыз еткен жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi.
121. Егер әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдендiрiлген ақшалай жарна түрiнде аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз еткен жағдайда, ол кепiлдендiрiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде берiледi.
122. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуды қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда осы Қағидалардың 120-тармағына сәйкес ұйымдастырушы аукционға қатысуға осындай қамтамасыз етудi алған фактiнi банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналына тiркейдi.
Ұйымдастырушы банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналында мынадай мәлiметтердi көрсетедi:
1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы мен өткiзiлетiн мерзiмi;
2) ұйымдастырушының толық атауы;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты-жөнi;
4) банктiк кепiлдiктi тiркеу күнi мен уақыты.
Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналы тiгiлуi, парақтарына нөмiрлер қойылуы тиiс және конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама қоюы тиiс. Банктiк кепiлдiктердi тiркеу журналының соңғы парағы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiлуi тиiс.
Бiр қаржы жылы iшiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион тәсiлiмен барлық мемлекеттiк сатып алу бойынша банктiк кепiлдiктердi тiркеудiң бірыңғай журналын өткізуге рұқсат берiледi.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион
тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргізу
Аукционға қатысуға арналған өтiнiмдердің бірінші
бөлігін ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
123. Аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімінің күні мен уақыты келген сәттен бастап, құпиялықты сақтамастан, аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысуға өтiнiмдерінің бірінші бөлігін ашуға:
өтiнiмді қамтамасыз етуді мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде рұқсат береді.
Ескерту. 123-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
124. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз етуді аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi тұрғысынан қарауы және анықтауы.
Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
125. Аукциондық комиссия мынадай:
1) аукционға қатысуға өтiнiмдi банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
2) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы;
банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
4) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
126. Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.
Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
127. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетілген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
128. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ аукционға қатысу өтiнiмдердi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
1) өз құзыретiнiң шегiнде әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды және зерделейдi;
2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы сараптама қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
3) тиiсiнше ресiмделген сараптама қорытындысын аукциондық комиссия хатшысына бередi.
129. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiрiн бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
130. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн аукциондық комиссия хабарламаларды аукциондық комиссия төрағасына және мүшелерiне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды.
Аукциондық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қарастырады.
131. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің бірінші бөлігінің мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
132. Аукциондық комиссия мынадай:
1) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
2) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
3) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтiнiмдi берген тұлғаны;
оған қатысу үшiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн аукционның атауы;
аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
4) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса, техникалық ерекшеліктердің ұсынылмауы;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса жұмыстардың үздік материалдардан орындалуы жағдайларын қоспағанда, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi жағдайларында өтінімнің бірінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.
133. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердің бірінші бөлігін қарайды және мемлекеттік сатып алу кезінде аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
Егер аукцион мәні жұмыс, көрсетілетін қызмет болып табылатын болса, онда аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімнің бірінші бөлігін қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
Ескерту. 133-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
134. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күні жариялайды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса берiледi.
135. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтінімнің екі бөлігі де ашылады және қаралады.
Аукционды өткізу
136. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні болып табылады.
Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгіленеді және Астана уақыты бойынша сағат 18-00–ден кеш болуы мүмкін емес.
137. Аукционда аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер қатысады.
138. Аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшін бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
139. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныстар береді, ол баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейді.
140. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
141. Егер аукционның осы қатысушысы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
142. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
143. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
144. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы Қағидалардың 139-тармағына сәйкес, аукцион өтпеді деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсілімен қайталама мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
145. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні автоматты түрде қалыптастырылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.
Аукционға қатысуға арналған өтінімдердің
екінші бөлігін қарау және аукцион жеңімпазын айқындау
146. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты, осы Қағидалардың 144-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.
147. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
148. Аукциондық комиссия:
1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуiн қарайды;
2) құжаттардың толық тiзбесiн бермеген және (немесе) тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды берген әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
3) аукционға қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратады;
4) аукционға қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Аукционға қатысуға өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, ресiмделген құжаттарды тиiсiнше түзету жолымен сәйкес келтiруге бағытталған аукциондық комиссияның iс-әрекеттерi аукционға қатысуға өтiнiмдi аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру деп түсiндiрiледi;
5) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттық рәсiмiне қатысы болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
149. Заңды тұлға болып табылатын аукционға қатысушы:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi немесе бiрлесiп орындаушысы мынадай:
мемлекеттiк және (немесе) орыс тiл(дер)iне аудармасымен заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының не сауда-саттық тiркелiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрменiң электрондық көшiрмесiн бермеу;
лицензиялардың не электрондық құжат түріндегі лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және сатып алынатын тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және іске асыруға арналған өнім берушінің құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбау;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтымаған жағдайда) не аукцион хабары күніне дейінгі бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен көшiрме бермеу;
аукцион хабары күнінен кешiктiрiлмей берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екенi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы мәлiметтердiң болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбау;
әлеуетті өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
аукционның сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға) беруi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
Ескерту. 149-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
150. Жеке тұлға болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi немесе бiрлесiп орындаушысы мынадай:
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
аукцион хабары күнінен кешiктiрiлмей берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екенi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы мәлiметтердiң болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
әлеуетті өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
Ескерту. 150-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
151. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтiнiмінің екінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берiлмейдi.
152. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
153. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
154. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы веб-порталда аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні электрондық почта арқылы аукционның барлық қатысушыларын автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жариялайды.
Аукционды өтпеді деп тану негіздері
155. Аукцион:
1) егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтінім берілген жағдайда;
2) Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
3) аукцион жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс беруші Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаған жағдайларда өтпеді деп танылады.
6. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт жасасу
156. Электрондық конкурстың немесе аукционның жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн веб-порталда электрондық конкурстың немесе аукционның қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.
Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
157. Осы Қағидалардың 156-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған не оларда олардың электрондық көшiрмелерiмен сәйкессiздiктер анықталған жағдайда Заңның 10 және 38-баптарында көзделген iс-қимылдарды орындау қажет.
158. Тапсырыс берушi мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекiтiлген үлгi шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының екi данасын өнiм берушiге жiбереді, оған тапсырыс берушi қол қояды және тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi әр парағына қол қояды.
159. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді.
160. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
161. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгiлейдi, ол кемінде үш пайыз болуы тиіс.
162. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.
163. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
164. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
165. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
Ескерту. 165-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
166. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.
166-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.
Ескерту. Қағидалар 166-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Ережені 166-2-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк
сатып алу туралы шарттың орындалуы
167. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелiгi, құны, оларды жеткiзу (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) орны мен мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиiс.
168. Тапсырыс берушi мен өнiм берушi көрсетiлген шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалды деп есептеледi.
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды
жүргiзу қағидаларына
1-қосымша
Бекiтемiн:
___________________________________
тапсырыс берушiнiң толық атауы,
___________________________________________________________
Конкурстық құжаттаманы бекiткен тапсырыс берушiнiң аты-жөнi
№ шешiм _________________
Күнi ______ Уақыты ______
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ
_____________________________________________________________________
(сатып алу мәнiнiң түрi көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
(электрондық конкурстың атауы көрсетiледi)
Тапсырыс берушi
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жерi, БСН, банктiк деректемелерi көрсетiледi)
Тапсырыс берушiнiң өкiлi
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетiледi)
Ұйымдастырушы
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жерi, БСН, банктiк деректемелерi көрсетiледi)
Ұйымдастырушының өкiлi
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетiледi)
Конкурстық комиссияның хатшысы
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетiледi)
1. Жалпы ережелер
1. Электрондық конкурс қоса берiлген лоттардың тiзбесіне сәйкес өнiм берушiнi(лердi) таңдау мақсатында өткiзiледi.
2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрi - КҚ) мыналарды:
1) осы КҚ-ның 1-қосымшасына сәйкес лоттардың тiзбесiн;
2) осы КҚ-ның 2-қосымшасына сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы КҚ-ның 3-қосымшасына конкурсқа қатысу келісім нысанын;
4) осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер нысанын;
5) Заңның 17-бабының 4-тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетудi ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мiндеттi өлшемдердiң тiзбесiн қамтиды;
6) егер, жұмыстарды орындау мерзiмi жобалау құжаттамасына сәйкес бiр қаржы жылынан асатын болған жағдайда жұмыстарды орындау кезеңдерi, түрлерi және көлемдерi, сондай-ақ әрбiр қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттiк сатып алудың сомасы туралы ақпарат қоса берiледi;
7) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.
Лоттар бөлінісінде осы конкурс үшін бөлінген сома
лот № |
Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң атауы) |
Лот бойынша бөлінген сома (теңге) |
(лот №) |
(тауардың (жұмыстың, қызметтiң атауы)) |
(лот бойынша бөлінген сома (теңге)) |
3. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiммен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде конкурсқа қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудi төменде келтірілген нысандардың бiрiнде енгiзедi:
1) мынадай банктiк шотқа орналастырылатын ақшаның кепiлдiк берiлген ақшалай жарнасын
__________________________________________
_______________________________________________________________
___________________________________________
_______________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң не ұйымдастырушының банктiк шотының толық деректемелерi);
2) осы КҚ-ның 6-қосымшасына сәйкес банктiк кепiлдiк. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзiнiң мерзiмiнен кем болмауға тиiс.
2. Ұйымдастырушының веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм
берушiлерге КҚ-ның ережелерiн түсiндiруi
4. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бiрақ (сұрау салуды қабылдау аяқталатын күнi мен уақыты көрсетiледi) кешiктiрмей КҚ-ның ережелерiн түсiндiру жөнiнде электрондық сұрау салу жiбереді.
5. Ұйымдастырушы КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде КҚ-ның ережелерiн түсiндiру мәтiнiн веб-порталда жариялайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
6. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, мерзiмнен кешiктiрмей (КҚ өзгертудiң соңғы мерзiмi көрсетiледi) жеке бастамасы бойынша немесе әлеуеттi өнiм берушiнiң сұрауына жауап ретiнде КҚ-ға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзеді. КҚ-ға өзгерiстер енгiзу КҚ-ны бекiтудегi сияқты тәртiппен ресiмделедi. Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi болады және КҚ-ға өзгерiстер бекiтiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жарияланады. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi мұндай жағдайда әлеуеттi өнiм берушiлердiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде осы өзгерiстердi есепке алуы үшiн кемiнде күнтiзбелiк он күнге ұзартылады.
3. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге
қойылатын талаптар және әлеуеттi өнiм берушiлердiң
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынуы Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм
7. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.
8. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
9. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға беретiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм мыналарды:
1) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған қағаз электрондық көшiрмелерiн не электрондық құжаттарды:
құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжатты, жеке куәлікті):
заңды тұлғалар үшiн, заңды тұлға өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғыны;
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәлiктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттарды;
заңды тұлғалар үшін электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген, акция ұстаушылар тізілімінен құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған, құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтерді қамтитын үзiндiні;
төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:
осы КҚ-ның 7-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берiлген болуы тиiс;
электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берiлген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң бар екенi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын қамтуы тиіс;
Әлеуеттi өнiм берушi, қажет болған кезде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерінiң банктiк кепiлдiктерi түрiндегі шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растайды. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн КҚ-да белгiленген мерзiмге банктік кепілдік түрінде бередi, оның түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін беріледі.
Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде, өзiнiң, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың электрондық қағаз көшiрмелерiнiң бiреуiн:
а) әлеуеттi өнiм берушiге (қосалқы мердiгерге, бiрлесiп орындаушыға) халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгенiн растайтын құжатты;
б) әлеуеттi өнiм берушiнiң (қосалқы мердiгердiң, бiрлесiп орындаушының) биржаның ресми листингiне енгiзiлгенi туралы қор биржасынан үзiндiнi беру арқылы растайды;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу үшін бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;
осы КҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн ұсынуы тиiс;
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгiн, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету кестесiн (әдiстерiн) және шарттарын сипаттай отырып, техникалық ерекшелiгiн;
5) Заңда белгiленген мөлшерде электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiн қамтамасыз ету, мынадай:
банктiк кепiлдiк, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес берiледi;
ұйымдастырушының банктiк шотында орналасқан кепiлдiк ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде;
6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен;
Конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап күнтізбелік _____ күнді құрауы тиiс.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге қойылатын
талаптар
10. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында ұсынады.
11. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерi дәл және айқын болуы тиiс.
12. Әлеуеттi өнiм берушi дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм, сондай-ақ электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады және беріледі. Оларды әлеуеттi өнiм берушi басқа тілде жасаған және берген жағдайда оған (нотариалдық расталған) дәл аудармасы қоса беріледі.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi беру тәртiбi
13. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында бередi.
14. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтiнiмдер журналында тiркеледi.
15. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiге тиiстi хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жiберген сәтте электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм қабылданған болып есептеледi.
16. Әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға берген өтiнiмi мынадай:
1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген;
2) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi өзгерту және
оларды қайтарып алу
17. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн.
18. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу сияқты, оған өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
19. Ұйымдастырушы КҚ-мен белгiленген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерге олардың өтiнiмдерiнiң қолданылу мерзiмiн нақты уақыт кезеңiне ұзарту туралы қажет болған кезде сұрау салады. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмiн ұзартудан электрондық конкурсқа қатысуға оның өтiнiмдi қамтамасыз етуiн қайтару құқығын жоғалтпай, электрондық конкурсқа қатысуға берген өзiнiң өтiнiмiн керi қайтарып, бас тартуға құқылы.
20. Әлеуеттi өнiм берушi, оның электрондық конкурсқа қатысуымен
байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) электрондық конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.
4. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға
өтiнiмдердi ашуы
21. (Өтiнiмдердi ашатын күнi мен уақыты көрсетiледi) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашуды веб-портал автоматты түрде жүргiзедi. Егер электрондық конкурсқа (лотқа) электрондық конкурсқа қатысу бiр ғана өтiнiм ұсынылған жағдайда, онда электрондық конкурсқа қатысуға бұл өтiнiм де ашылады.
22. Конкурстық комиссияның хатшысы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашудың хаттамасын веб-порталда ашылған күнi жариялайды. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тiркелген әлеуеттi өнiм берушiлерге хабарламаны автоматты түрде таратады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға
өтiнiмдердi олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестiгi мәнiне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық конкурсқа қатысуға
рұқсат беру
23. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлердiң арасынан бiлiктiлiк талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
24. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде конкурстық комиссия қажет болған кезде:
1) электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлерден электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерге байланысты материалдар мен түсiндiрмелердi жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратады;
2) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратады.
Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi КҚ талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi КҚ талаптарына сәйкес келтiру деп конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге бағытталған әрекеттерi түсiнiледi.
Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтiнiмнiң мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, КҚ талаптарына жауап бередi деп қарайды.
25. Конкурстық комиссия:
1) жұмыстарды не қызметтерді әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшін құжатты (құжаттарды) әлеуеттi өнiм берушiнiң ұсынбауы не тиiсінше ресiмделмеген күйде ұсынуы;
2) әлеуеттi өнiм берушi оның сәйкестiгiн растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк фактiсi анықталуы;
3) бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және Қағидалардың 46 және 47-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
Конкурстық комиссия соманың бiр пайызынан астам мөлшерде электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзiлген қамтамасыз етудi осы КҚ талаптарына сәйкес келедi деп таниды.
26. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгiзiлген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi осы КҚ талаптарына сәйкес емес деп таниды:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
2) конкурстық комиссияның:
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
қатысу үшiн өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған электрондық конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету пайдасына енгiзiлiп отырған тұлғаны анықтауына мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнiс табатын конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
3) конкурстық өтiнiмдi қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзiлсе.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмді енгiзiлген қамтамасыз етудi өзге негiздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берiлмейдi.
27. Электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi КҚ талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, оның iшiнде, егер ол электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi конкурстық құжаттама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаса, электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
28. Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру үшiн Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған өлшемдердi ескередi және конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, оларды электрондық конкурсқа қатысуға арналған барлық өтiнiмдерге тең мөлшерде қолданады.
Әлеуеттi өнiм берушi осы өлшемдердi растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi шартты жеңiлдiктi қолданбайды. Шартты жеңiлдiктi қолдану үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа енгiзiлуi тиiс.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң нарықта болған жұмыс тәжiрибесiнiң әрбiр жылы үшiн нөл бүтiн оннан бес пайыз (0,5%) мөлшерiнде, бiрақ бес пайыздан аспайтын шартты жеңiлдiк бередi. Бiр жылға дейiн жұмыс тәжiрибесi болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгiленбейдi. Конкурстық өтiнiмнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауы тиіс.
Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеудiң ең аз құны бар электрондық конкурсқа өтiнiмдi айқындайды және оған екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi. Конкурстық өтiнiмнің шартты бағасына осы өлшемнің жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес отандық тауарөндiрушi үшiн ұсынылған тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік тағайындайды.
Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік тағайындайды.
Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарларының функционалдық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде, жарты пайыз (0,5%) мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарларының техникалық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде, жарты пайыз (0,5%) мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарларының сапалық сипаттамалары ең үздік конкурстық өтінім айқындалған кезде үш пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
Жергілікті мазмұнның болуын қарау кезiнде конкурстық комиссия жергілікті мазмұнның әрбiр бiр пайызы үшiн электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң шартты бағасын оннан бiр (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда жергілікті мазмұнның болуы СТ-КZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Егер тауарлардың әлеуеттi өнiм берушiсi сатып алынатын тауардың отандық тауар өндiрушiсi болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң бағасын жергілікті мазмұн болғаны үшiн он пайызға азайтады.
Жұмыстардың, қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсiнiң жергілікті мазмұны жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, қызметтердi тiкелей де, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шартын жасасу арқылы да мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үшiн әлеуеттi өнiм берушi сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттерi жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндiру өлшемдерiне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгiленген қазақстандық шығу тегi үлесiнiң (үлестерiнiң) құнынан мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретiнде анықталады.
Конкурстық комиссия отандық тауар өндiрушiге он пайыз мөлшерiнде, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiге бес пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
29. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия:
1) бiлiктiлiк талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысуға жiберiлетiн (конкурсқа қатысушылар) әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды;
2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес КҚ-да көзделген шартты жеңiлдiктердiң мөлшерлерiн анықтайды.
30. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған (конкурс қатысушылары деп танылған) күні электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң барлығына автоматты түрдегi хабарламалар тарата отырып, веб-порталда жариялайды. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiмi Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.
6. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуеттi өнiм
берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын ресiмдеуi
31. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуеттi өнiм берушiлер (электрондық конкурсқа қатысушылар) конкурстық баға ұсынысын (бұдан әрі - КБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес бередi.
32. Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң КБҰ теңгемен берiлуге тиiс.
33. Ұлттық валютада берiлмеген КБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына - КБҰ берiлген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейдi.
34. КБҰ берген өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны жiбергеннен кейiн КБҰ қабылданған болып есептеледi.
35. Веб-портал мынадай:
1) конкурс қатысушысы бiр және тағы сол конкурсқа (лотқа) бiреуден артық КБҰ берген;
2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бөлiнген сомадан асып кеткен;
3) конкурстық баға ұсынысы рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап, үш жұмыс күнінен кешігіп түскен жағдайларда КБҰ-н қабылдаудан автоматты түрде кері қайтарады.
36. Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде, КБҰ-н ұсынудың соңғы мерзiмi бiткенге дейiн КБҰ-ны кез келген уақытта өзгертеді немесе қайтарып алады.
7. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа
қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы
мен салыстыруы және конкурс жеңiмпазын анықтау
37. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген КБҰ туралы мәлiметтер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
38. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген күнi мен уақыты веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргiзедi:
Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтiк баға есептеледi және конкурсқа қатысушының демпингтiк болып табылған КБҰ қабылданбайды;
егер бағасы демпингтiк болған КБҰ қабылданбағанынан кейiн электрондық конкурсқа қатысушылардың екi және одан да көп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген шартты жеңiлдiктердi электрондық конкурстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы айқындалады;
электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең төмен шартты баға негiзiнде электрондық конкурстың жеңiмпазы анықталады;
КБҰ-лардың шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiлерiнiң КБҰ-ларының шартты бағасы теңескен кезде электрондық конкурстың мәнi болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында көбiрек тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiлерiнiң КБҰ-ның шартты бағасы теңескен және электрондық конкурстың мәнi болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығындағы тәжiрибесi бірдей болған кезде жеңiмпаз болып бұрын түскен КБҰ танылады.
39. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелерi мен веб-порталда тіркелген әлеуетті өнім берушілердің барлығын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.
8. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қамтамасыз
етудi қайтару
40. Ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге енгiзiлген электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) электрондық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және электрондық конкурс жеңiмпазы КҚ-да көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бiрi басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарады.
41. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырған;
2) электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң КБҰ-н белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алған;
3) электрондық конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
4) электрондық конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
9. Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт
42. Электрондық конкурстың жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
43. Электрондық конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалады.
44. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуі тиіс.
45. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнiм берушiнің мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзіледi.
46. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгiлейдi, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.
47. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.
48. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
49. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
50. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
51. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.
52. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оны бiр қаржы жылынан артық мерзiмге жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
53. Шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу туралы жағдайларды қамтуы тиiс.
54. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, қызметтердi отандық берушiлермен жасалған шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуы тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауы тиiс.
55. Егер әлеуеттi өнiм берушi Заңда белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге ұсынбаса немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, КҚ-да көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi енгiзбеген жағдайда мұндай әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып танылады.
56. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс берушi
1) ол электрондық конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және уәкiлеттi органға тиiстi мәлiметтердi ұсынады әрі мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
2) қажет болған кезде, сотқа мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтiрiлген шығындардың орнын толтыру туралы талап-арызбен жүгiнеді.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
1-қосымша
Аукционның мәні (лот)
(бекітілген жылдық жоспардың негізінде қалыптастырылады)
Аукционның № _________________________
Аукционның атауы ______________
Лоттың № |
Тапсырыс берушiнiң атауы |
Тауардың (жұмыстың, қызметтiң) атауы |
Өлшем бiрлiгi |
Саны, көлемi |
Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес) |
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмi |
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны |
Аванстық төлем мөлшерi % |
Лот бойынша бөлiнген сома, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелiкте көрсетiледi
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
1-қосымша
Лоттар тiзбесi
(бекiтiлген жылдық жоспар негiзiнде қалыптасады)
Электрондық конкурстың № __________________________
Электрондык конкурстың атауы
___________________________________________
Лоттың № |
Тапсырыс берушiнiң атауы |
Тауардың (жұмыстың, қызметтiң) атауы |
Өлшем бiрлiгi |
Саны, көлемi |
Беру шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес) |
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмi |
Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны |
Аванстық төлем мөлшерi % |
Лот бойынша бөлiнген сома, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
* Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелiкте көрсетiледi
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Ашу хаттамасы
(әрбiр лотқа жеке қалыптастырылады)
Электрондық конкурстың № ____________________________________________
Электрондық конкурстың атауы ________________________________________
Лоттың нөмiрi _______________________________________________________
Лоттың атауы ________________________________________________________ Конкурстық комиссияның құрамы:
№ |
Т.А.Ә. |
Ұйымдағы лауазымы |
Комиссиядағы рөлi |
Конкурстық құжаттама мынадай әлеуеттi өнiм берушiлерге ұсынылған:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Деректемелерi |
Конкурстық құжаттама алынған күн мен уақыт |
Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мынадай әлеуеттi өнiм берушiлер бердi:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Деректемелерi |
Өтінім берілген күн мен уақыт |
Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Құжаттың атауы |
Болу белгiсi |
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
2-қосымша
Сатып алынатын тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн
қызметтiң) техникалық ерекшелiгi
Аукционның № _________________________
Аукционның атауы _____________________
Осы техникалық ерекшелiкте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қажеттi ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық сипатын және талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамасын беруi тиiс және берiлетiн тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сәйкес болуы тиiс халықаралық немесе iшкi стандарттарды көрсетуi тиiс. Қажет болған кезде тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттамаға сiлтеме жасалуы тиiс.
Қажет болған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелiкте:
1) тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн:
тауарларды/қызметтердi беру кезiнде тапсырыс берушiге қажет iлеспе қызметтердi (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрi сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргiзiлуi тиiс, тауардың шыққан жылын, кепiлдiк мерзiмiн көрсетедi;
2) жұмыстар үшiн: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергiлiктi ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесiн беруi тиiс және объектiнi пайдалануға беру кезiнде қайшылықтарды болдырмайтын объектiнiң толық құрамын, аумақты инженерлiк дайындау, өндiрiс технологиясы мен жабдық, инженерлiк қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектiнi жарақтандыру жөнiндегi талаптарды көрсетуi тиiс.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
2-қосымша
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн
қызметтердiң) техникалық ерекшелiгi (әрбiр лотқа жеке берiледi)
Электрондық конкурстың № _______________________
Электрондық конкурстың атауы __________________________________
Лоттың № __________________
Лоттың атауы ________________________________________
Осы техникалық ерекшелiкте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қажеттi ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық сипатын және талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамасын беруi тиiс және берiлетiн тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сәйкес болуы тиiс халықаралық немесе iшкi стандарттарды көрсетуi тиiс. Қажет болған кезде тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттамаға сiлтеме жасалуы тиiс.
Қажет болған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелiкте:|
1) тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн: тауарларды/қызметтердi беру кезiнде тапсырыс берушiге қажет iлеспе қызметтердi (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрi сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргiзiлуi тиiс, тауардың шыққан жылын, кепiлдiк мерзiмiн көрсетедi;
2) жұмыстар үшiн: сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергiлiктi ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесiн беруi тиiс және объектiнi пайдалануға беру кезiнде қайшылықтарды болдырмайтын объектiнiң толық құрамын, аумақты инженерлiк дайындау, өндiрiс технологиясы мен жабдық, инженерлiк қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектiнi жарақтандыру жөнiндегi талаптарды көрсетуi тиiс.
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Рұқсат беру туралы хаттама
(әрбiр лотқа жеке қалыптастырылады)
Электрондық конкурстың нөмірі ___________________
Электрондық конкурстың атауы _____________________
Лоттың нөмiрi __________________
Лоттың атауы ________________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ |
Т.А.Ә. |
Ұйымдағы лауазымы |
Комиссиядағы рөлi |
Электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдер туралы ақпарат:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Деректемелерi |
Өтiнiм берiлген күн мен уақыт |
Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi туралы сарапшылар қорытындысы (егер тартылған жағдайда):
Конкурстық комиссия мүшелерiнiң дауыс беру нәтижелерi:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
Т.А.Ә., лауазымы, комиссиядағы рөлi |
Комиссия мүшесiнiң шешiмi |
Ауытқу себебі |
Негіздеме (ауытқыған жағдайда көрсетілетіледі) |
Керi қайтарылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
Керi қайтару себебi1 |
1 үш мәтіндік мәннен құралған анықтамалық: {біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу, Заңның 6-бабының талаптарын бұзу}
Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер:
№ |
Өнім берушінің атауы |
БСН (ЖСН) |
Заңның 17-бабы 4-тармағында көзделген өлшемдердің салыстырмалы мәнінің осы электрондық конкурсқа қатысуға берілген электрондық конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат.
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
Шартты жеңілдіктер, % |
|||||
БСН (ЖСН) |
Жұмыс тәжірибесі |
Қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау құжатының болуы |
Тауарларды ерікті сертификаттау туралы құжаттың болуы |
Сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің болуы |
Тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығыстардың ең төменгі құны |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Жалпы шартты жеңілдік % |
|||||
Тауарлардың үздік функционалдық сипаттамалары |
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық сипаттамалары |
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің үздік сапалық сипаттамалары |
Қазақстандық қамту |
Отандық тауар өндірушінің, отандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілердің мәртебесі |
|
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша ШЕШТI:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Деректемелерi |
Конкурстық комиссияның шешiмi |
Электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын берудiң соңғы күнi мен уақыты: ______________. Бiр ғана өнiм берушi жiберiлген жағдайда ол конкурстық баға ұсыныстарын бермейдi.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
3-қосымша
Аукционға қатысу туралы келісім
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Осымен осы аукционға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға ниет бiлдiредi және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткiзудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм бiлдiреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы болмағанын растаймыз.
Осымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiмін білдіреміз.
Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға өзiнiң құқығы, бiлiктiлiгi, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) дұрыс емес мәлiметтер бергенi үшiн жауапкершiлiгi, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердi сақтауы туралы хабардар етiлгенімізді растаймыз.
Аукционға қатысуға өтiнiмде және оған қоса берiлетiн құжаттарды мұндай дұрыс емес мәлiметтер бергенiміз үшiн жауапкершiлiктi өзiмізге толық аламыз.
Аукционның жеңiмпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аукционға қатысуға өз өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiкті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттенемiз.
Аукционға қатысуға арналған біздің аукциондық өтiнiміміз аукциондық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
Бiздiң аукционға қатысуға өтiнiм жеңдi деп танылған жағдайда, бiз мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi шарттың жалпы сомасының үш процентiн құрайтын сомада енгiземiз (егер де аукциондық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзу көзделген болса көрсетiледi).
Біздің аукциондық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса көрсетіледі).
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу сәтiне дейiн аукционға қатысуға берген біздің өтініміміз оны жеңдi деп тану туралы хабарламамен бiрге тапсырыс беруші мен бiздiң арамыздағы мiндеттi түрдегi шарт рөлiн орындайтын болады.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
3-қосымша
Электрондық конкурсқа қатысу туралы келісім
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
Осымен электрондық конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға ниет бiлдiреміз және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды (ларды) жеткiзудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм бiлдiреміз.
Осымен Заңның 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы болмағанын растаймыз.
Осымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды (ларды), жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiмін білдіреміз.
Конкурстық құжаттамамен танысқанымызды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзiнiң құқығы, бiлiктiлiгi, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (жеткізілетін тауарды (ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) дұрыс емес мәлiметтер бергенi үшiн жауапкершiлiгi, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердi сақтауы туралы хабардар етiлгенімізді растаймыз.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмде және оған қоса берiлетiн құжаттарды мұндай дұрыс емес мәлiметтер бергенiміз үшiн жауапкершiлiктi өзiмізге толық аламыз.
Электрондық конкурстың жеңiмпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде электрондық конкурсқа қатысуға өз өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiкті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттенемiз.
Электрондық конкурсқа қатысу біздің конкурстық өтiнiміміз конкурстық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.
Бiздiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм жеңдi деп танылған жағдайда, бiз мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi шарттың жалпы сомасының үш процентiн құрайтын сомада енгiземiз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзу көзделген болса көрсетiледi).
Біздің конкурстық өтiнiміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу аукциондық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу сәтiне дейiн электрондық конкурсқа қатысуға берген біздің өтініміміз оны жеңдi деп тану туралы хабарламамен бiрге тапсырыс беруші мен бiздiң арамыздағы мiндеттi түрдегi шарт рөлiн орындайтын болады.
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Қорытынды туралы хаттама
(әрбiр лотқа жеке қалыптастырылады)
Электрондық конкурстың № ___________________________
Электрондық конкурстың атауы ___________________________
Лоттың нөмiрi _________________
Лоттың атауы __________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ |
Аты-жөнi |
Ұйымдағы лауазымы |
Комиссиядағы рөлi |
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер):
Лоттың нөмірі |
Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтің) атауы |
Сатып алу үшiн бөлiнген сома, теңге |
Мынадай өтiнiмдер электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлдi:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Деректемелерi |
Конкурстық баға ұсыныстарын мынадай электрондық конкурсқа қатысушылар ұсынды:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Өкiлдiң Т.А.Ә |
Конкурстық баға ұсынысы берiлген күн мен уақыт |
Конкурстық баға ұсыныстары керi қайтарылды:
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Өкiлдiң Т.А.Ә |
Керi қайтару себебi |
Электронды конкурсқа қатысушылардың шартты бағасының есебi:
теңге
№ |
Өнiм берушiнiң атауы |
БСН (ЖСН) |
Бөлiнген сома |
Өнiм берушiнiң бағасы |
Бюджеттi төмендету пайызы |
Шартты жеңiлдiк мөлшерi, % |
Шартты жеңiлдiк ескерiлген баға |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Электронды конкурстың жеңiмпазы: ______________________________
не: ____________________ мемлекеттiк сатып алу бойынша электронды конкурс мынадай себептермен өтпей қалды деп танылсын 1 :
Тапсырыс берушi "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетiлген __________________ мерзiмде _______________________________-мен
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасассын.
Ескертпе: * Мынадай мәндердiң бiрi: "берiлген өтiнiмдердiң болмауы", "екеуден кем өтiнiм беру", "конкурсқа қатысуға бiр де бір әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмеген", "конкурсқа катысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлген", "конкурсқа қатысушының кейiнге қалдырылмаған бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалды".
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
4-қосымша
Бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер
(әлеуеттi өнiм берушi жұмысты немесе қызметтi сатып
алу кезiнде толтырады)
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Аукциондық № _____________________________
Аукционнның атауы________________
1. Әлеуеттi өнiм берушi туралы жалпы мәлiмет:
Атауы
_____________________________________________________________________
____________________
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________
2. Әлеуеттi өнiм берушiнiң соңғы он жыл ішінде аукционда сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).
Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) атауы |
Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) орналасқан жерi |
Тапсырыс берушiнiң атауы |
Тапсырыс берушiнiң телефоны |
Жұмыстың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрi |
Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтердiң) аяқталатын жылы |
Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады) |
3. Әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) үшiн қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн қоса бере отырып, аукциондық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердің, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) болуы туралы мәлiметтердi көрсетедi.
№ |
Жабдықтардың (механизмдердің, машиналардың) атауы |
Қолда бар бiрлiктердiң саны |
Жай-күйi (жаңа, жақсы, нашар) |
Жеке меншiк, жалға алынған (кiмнен), сатып алынады |
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры *
№ |
Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнi көрсетiлсiн) |
Лауазымы |
Азаматтығы |
Жалақысы |
1 |
||||
2 |
||||
3 |
||||
Жалпы еңбекақы төлеу қоры |
||||
ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы |
5. Қаржы ресурстарына қол жеткiзу туралы мәлiметтер:
(ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) Төменде санамалау қажет.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын
Есткертпе * толтырмауға болады.
Қолы __________________
Күні __________________
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
4-қосымша
Бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер
(әлеуеттi өнiм берушi жұмысты немесе қызметтi сатып
алу кезiнде толтырады)
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Электрондық конкурстың № _____________________________
Электрондық конкурстың атауы
__________________________________________
Лоттың №____________________________
Лоттың атауы _________________________________________
1. Әлеуеттi өнiм берушi туралы жалпы мәлiмет:
Атауы
_____________________________________________________________________
____________________
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________
2. Әлеуеттi өнiм берушiнiң соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).
Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) атауы |
Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтiң) орналасқан жерi |
Тапсырыс берушiнiң атауы |
Тапсырыс берушiнiң телефоны |
Жұмыстың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрi |
Объектiнiң (көрсетiлетiн қызметтердiң) аяқталатын жылы |
Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады) |
3. Әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) үшiн қажет растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердің, машиналардың), не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) болуы туралы мәлiметтердi көрсетедi.
№ |
Жабдықтардың (механизмдердің, машиналардың) атауы |
Қолда бар бiрлiктердiң саны |
Жай-күйi (жаңа, жақсы, нашар) |
Жеке меншiк, жалға алынған (кiмнен), сатып алынады |
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры *
№ |
Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнi көрсетiлсiн) |
Лауазымы |
Азаматтығы |
Жалақысы |
1 |
||||
2 |
||||
3 |
||||
Жалпы еңбекақы төлеу қоры |
||||
ҚР азаматтарының еңбекақысының барлығы |
5. Қаржы ресурстарына қол жеткiзу туралы мәлiметтер:
(ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) Төменде санамалау қажет.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын
Есткертпе * толтырмауға болады.
Қолы __________________
Күні __________________
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргiзу қағидаларына
5-қосымша
Бекітемін:
(тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі)
(аукциондық құжаттаманы бекіткен адамның аты-жөні көрсетіледі)
(аукциондық құжаттама бекітілген шешімнің нөмірі мен күні көрсетіледі)
АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ
(сатып алу мәнінің түрі, электрондық аукцион атауы көрсетіледі)
Тапсырыс беруші (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (аты-жөні, ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (атауы, орналасқан жері, БСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының өкілі (атауы, орналасқан жері, ЖСН, банк деректемелері көрсетіледі)
Аукциондық комиссияның хатшысы (аты-жөні, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Жалпы ережелер
1. Аукцион қоса беріліп отырған аукцион мәніне (лотына) сәйкес өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында жүргізіледі.
2. Осы аукциондық құжаттама (бұдан әрі - АҚ) мыналарды қамтиды:
1) осы АҚ 1-қосымшаға сәйкес аукцион мәні;
2) осы АҚ 2-қосымшаға сәйкес белгілінген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
3) осы АҚ 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісім нысаны;
4) осы АҚ 4, 5-қосымшаларға сәйкес тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысаны;
5) егер жұмыстарды орындау мерзімі жобаалды құжаттамасына сәйкес бір қаржы жылынан асқан жағдайда жұмыстарды орындаудың кезеңдері, түрлері мен көлемі туралы ақпарат қоса беріледі;
6) осы аукционға бөлінген сома __ теңгені құрайды.
3. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге төменде санамаланған нысандардың бірінде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:
1) мынадай банк шотында орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетіледі);
2) Осы АҚ 6-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.
2. Ұйымдастырушының АҚ ережелерін әлеуетті өнім берушілер – веб-портал қатысушыларына түсіндіруі
4. Веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салуға, бірақ оны (сұрау салуларды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты көрсетіледі) кешіктірмей жіберуге құқылы.
5. Ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап, күнтізбелік бір күн ішінде аукциондық құжаттаманы алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтінін веб-порталда жариялайды.
6. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы күнi аяқталғанға дейiн (АҚ-ны өзгертудің соңғы мерзімі көрсетіледі) кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сауалына жауап ретiнде АҚ-ға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. АҚ-ға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу де АҚ-ны бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді. Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей АҚ-ны алған веб-портал қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Мұндай жағдайда аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудің соңғы мерзімі кемінде жеті күнге ұзартылады.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге
қойылатын талаптар және әлеуеттi өнiм берушiлердiң
аукционға қатысуға өтiнiмдердi беруі Аукционға қатысуға өтiнiм
7. Аукционға қатысуға өтiнiм екі бөліктен тұрады және осы АҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) аукционға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.
8. Аукционға қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнің ұйымдастырушыға беретін өтiнiмінің бірінші бөлігі мыналарды:
1) тауарды мемлекеттік сатып алу кезінде тауардың (тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне, фирмалық атауларын, тауардың шыққан жерінің атауы мен өндірушінің атауын, сондай-ақ егер аукциондық құжаттамада сатып алынатын тауардың сұлбаларын, суреттерін, сызбаларын, фотосуреттерін және басқа да бейнелеулерін беру туралы талап көзделген болса, онда аукционда қатысуға өтінім мұндай ақпаратты қамтуы тиіс) техникалық, сапалық және пайдалану, тауарды жеткізу мерзімін және (немесе) оның көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге сапа кепілдіктерінің берілуін, тауарды пайдалануға шығатын шығыстарға сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелікті;
2) аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз ету заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:
- банктік кепілдік түрінде, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционда қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзіміне дейін осы АҚ-ның 6-қосымшасына сәйкес ұсынады;
- ұйымдастырушының банктiк шотында орналасқан кепiлдiк ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде;
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
9. Аукционға қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнің ұйымдастырушыға беретін өтiнiмінің екінші бөлігі мыналарды:
1) әлеуеттi өнiм берушi өзінің жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн не электрондық құжаттарды:
құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, жеке басының куәлігі) растайтын мынадай құжаттарды:
заңды тұлғалар үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғыны;
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәлiктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттар;
заңды тұлғалар үшін аукцион жарияланған күннен кейін берілген, акция ұстаушылар тізілімінен құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтерді қамтитын үзiндi;
төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:
осы АҚ-ның 7-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама аукцион жарияланған күннен кейін берiлген болуы тиiс;
аукциондық өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң бар екенi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын;
Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растайды. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн банктік кепілдік түрінде АҚ-да белгiленген мерзiмге берiледi, оның түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін беріледі.
Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде өзiнiң, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн құжаттардың электрондық қағаз көшiрмелерiнiң бiреуiн:
а) әлеуеттi өнiм берушiге (қосалқы мердiгерге, бiрлесiп орындаушыға) халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгенiн растайтын құжатты;
б) әлеуеттi өнiм берушiнiң (қосалқы мердiгердiң, бiрлесiп орындаушының) биржаның ресми листингiне енгiзiлгенi туралы қор не тауар биржасынан үзiндiнi;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушыларының) арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы АҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
осы АҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес аукционда сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын беру арқылы растайды.
Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн ұсынуы тиiс.
Аукциондық өтiнiмнің қолданылу мерзімі аукциондық өтiнiмдердi ашу күнiнен бастап, кемінде күнтізбелік _____ күнді құрауы тиiс.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Аукционға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге
қойылатын талаптар
10. Аукционға қатысуға өтiнiмді әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
11. Аукционға қатысуға өтiнiмде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерi дәл және анық болуы тиіс.
12. Әлеуеттi өнiм берушi дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм, сондай-ақ аукционға қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар осы АҚ жасалған тілде жасалады және беріледі. Әлеуеттi өнiм берушi беретін сүйемелдеуші құжаттама мен баспа әдебиеті, егер оларға тиісті бөлімдерінің дәл (нотариалдық расталған) аудармасы аукционға қатысуға өтінімнің тілінде қоса берілу шартымен басқа тілде жасалуы мүмкін және бұл жағдайда аукционға қатысуға өтінімді түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған құжаттар басымдыққа ие болады.
Аукционға қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi
13. Аукционға қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында бередi.
14. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген аукционға қатысуға өтiнiмдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтiнiмдер журналында тiркеледi.
15. Аукционға қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiге тиiстi хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жiберген сәтте аукционға қатысуға берiлген өтiнiм қабылданған болып есептеледi.
16. Әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға берген өтiнiмi мынадай:
1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы аукционға қатысуға өтiнiм берген;
2) аукционға қатысуға берiлген өтiнiм аукционға қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
Аукционға қатысуға өтiнiмдердi өзгерту және
оларды кері қайтарып алу
17. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн кез келген уақытта веб-порталды пайдалана отырып, өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн.
18. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу сияқты, оған өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
19. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, КҚ-мен белгiленген аукционға қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерге олардың өтiнiмдерiнiң қолданылу мерзiмiн нақты уақыт кезеңiне ұзарту туралы сұрау салады. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмiн ұзартудан аукционға қатысуға оның өтiнiмдi қамтамасыз етуiн қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға берген өзiнiң өтiнiмiн керi қайтарып, бас тартуға құқылы.
20. Әлеуеттi өнiм берушi, оның аукционға қатысуымен
байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.
4. Аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін ашу
және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
21. Аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімінің күні мен уақыты келген кезде аукциондық комиссияның хатшысына мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукционда қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін:
1) өтiнiмді қамтамасыз етуді;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
22. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi тұрғысынан қарауы және анықтауы.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
23. Аукциондық комиссия мынадай:
1) банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
2) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы;
банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған аукционда қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк беретiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
4) аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
24. Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
25. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетілген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
26. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ аукционға қатысу өтiнiмдердi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
1) өз құзыретiнiң шегiнде әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды және зерделейдi;
2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы сараптама қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
3) тиiсiнше ресiмделген сараптама қорытындысын аукциондық комиссия хатшысына бередi.
27. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiрiн бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
28. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн аукциондық комиссия хабарламаларды аукциондық комиссия төрағасына және мүшелерiне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды.
Аукциондық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қарастырады.
29. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің бірінші бөлігінің мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
30. Аукциондық комиссия мынадай:
1) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
2) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
3) аукциондық комиссияға:
аукционға қатысуға өтiнiмдi берген тұлғаны;
оған қатысу үшiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн аукционның атауы;
аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
4) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса, техникалық ерекшеліктердің ұсынылмауы;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) егер аукцион мәні тауар болып табылатын болса жұмыстардың үздік материалдардан орындалуы жағдайларын қоспағанда, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi жағдайларында өтінімнің бірінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.
31. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерінің бірінші бөлігін қарайды және мемлекеттік сатып алу кезінде аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
Егер аукцион мәні жұмыс, қызмет болып табылатын болса, онда аукциондық комиссия аукционға қатысу өтінімнің бірінші бөлігін қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешімді қабылдайды.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
32. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тіркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күні жариялайды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса берiледi.
33. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтінімнің екі бөлігі де ашылады және қаралады.
5. Аукционды өткізу
34. Аукционға қатысуға рұқсат берілген әлеуеттi өнiм берушiлер (электрондық конкурсқа қатысушылар) аукциондық баға ұсыныстарын (АБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, бередi.
35. Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң АБҰ теңгемен берiлуге тиiс.
36. Ұлттық валютада берiлмеген АБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына – аукциондық сауда-саттық өткізілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейдi.
37. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.
38. Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгіленеді және Астана уақыты бойынша сағат 18-00–ден кеш болуы мүмкін емес.
39. Аукцион өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметті сатып алу үшін бөлінген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшін бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
40. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін АБҰ береді.
41. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы, қажет болған кезде, ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, АБҰ туралы ұсыныс береді.
42. Егер мұндай АБҰ-ны аукционның осы қатысушысы берген болса, аукцион қатысушысы өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен болатын АБҰ беруге құқығы жоқ.
43. Аукционға қатысушылардың АБҰ-ны қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
44. Егер өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.
45. Автоматты сауданы аукционның екі және одан да көп қатысушысы пайдаланған жағдайда кезекті ең төмен баға ұсынысын беруден алдыңғы міндетті уақыт аралығы 1 минутты құрайды.
46. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі АБҰ бермеген болса, осы АҚ-ның 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпеді деп танылады.
47. Аукционды өткізудің нәтижелері туралы хаттама аукционды өткізу аяқталған күні Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.
6. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған
өтінімдердің екінші бөлігін олардың біліктілік талаптарына
сәйкестігі тұрғысынан қарауы және аукцион жеңімпазын анықтауы
48. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін қарауға рұқсатты, Қағидалардың 114-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күні автоматты түрде береді.
49. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмейтін мерзімде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілердің аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
50. Аукциондық комиссия:
1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтінімдерінің екінші бөлігін құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды;
2) құжаттардың толық тiзбесiн бермеген және (немесе) тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды берген әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
3) аукционға қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден аукционға қатысу өтiнiмдердi қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратады;
4) аукционға қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратып алады.
Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Аукционға қатысуға өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысу өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, ресiмделген құжаттарды тиiсiнше түзету жолымен сәйкес келтiруге бағытталған аукциондық комиссияның iс-әрекеттерi аукционға қатысуға өтiнiмдi аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру деп түсiндiрiледi;
5) аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттық рәсiмiне қатысы болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсiмдерінiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады.
51. Заңды тұлға болып табылатын аукционға қатысушы:
1) мынадай:
мемлекеттiк және (немесе) орыс тiл(дер)iне аудармасымен заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының не сауда-саттық тiркелiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрменiң электрондық көшiрмесiн бермеу;
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтымаған жағдайда) не аукцион хабары күніне дейінгі бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен көшiрме бермеу;
аукцион жарияланған күннен кейін берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
аукцион жарияланған күннен кейін берiлген тиiстi салық органының үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екенi туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы мәлiметтердiң болуы;
әлеуетті өнiм берушiнiң АҚ-да көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
аукционда сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға) беруi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат беру фактісі айқындалған;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
Ескерту. 51-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
52. Жеке тұлға болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi, мынадай:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi немесе бiрлесiп орындаушысы мынадай:
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
аукцион жарияланған күннен кейін берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
аукцион жарияланған күннен кейін берiлген тиiстi салық органының үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екенi туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екенi туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы мәлiметтердiң болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
Ескерту. 52-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
53. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтiнiмінің екінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берiлмейдi.
54. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
55. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
56. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды және хатшы аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні аукционның барлық қатысушыларын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жариялайды.
8. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi қамтамасыз
етудi қайтару
57. Ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге енгiзiлген аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетiлген жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукцион қатысушысына қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы АҚ-да көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бiрi басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарады.
58. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) аукционның жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған;
3) егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда қайтармайды. Бұл жағдайда аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.
9. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт
59. Аукционның жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады;
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
60. Тапсырыс берушi "Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекiтiлген үлгi шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының екi данасын өнiм берушiге жiбереді, оған тапсырыс берушi қол қояды және тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi әр парағына қол қояды.
61. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуi тиiс.
62. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
63. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.
Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгiлейдi, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.
64. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдайды.
65. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
66. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
67. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
68. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.
69. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оның бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы туралы ережені қамтуы тиіс.
70. Шартта мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы талап қамтылуы тиіс.
71. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, қызметтердi отандық берушiлермен жасалған шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
5-қосымша
Бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер
(әлеуеттi өнiм берушi тауарлар сатып алу
кезiнде толтырады)
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Аукционның № _________________________
Аукционның атауы ______________
1. Әлеуеттi өнiм берушi туралы жалпы мәлiмет:
Атауы
_____________________________________________________________________
_________________________
БСН/ЖСН
_____________________________________________________________________
2. Әлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл ішінде берген (өндiрген), аукционда сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).
Тауардың атауы |
Тапсырыс берушiнiң атауы |
Тапсырыс берушiнiң телефон нөмiрi |
Тауарды беретiн орын |
Тауарды беретiн күн |
Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады) |
3. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) қол жеткiзу туралы мәлiметтер. Төменде санамалау қажет
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
5-қосымша
Бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер
(әлеуеттi өнiм берушi тауарларды сатып алу
кезiнде толтырады)
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Электрондық конкурстың № _____________________________
Электрондық конкурстың атауы
__________________________________________
Лоттың № ____________________________
Лоттың атауы _________________________________________
1. Әлеуеттi өнiм берушi туралы жалпы мәлiмет:
Атауы
_____________________________________________________________________
_________________________
БСН/ЖСН
___________________________________________________________________
2. Әлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл ішінде берген (өндiрген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).
Тауардың атауы |
Тапсырыс берушiнiң атауы |
Тапсырыс берушiнiң телефон нөмiрi |
Тауарды беретiн орын |
Тауарды беретiн күн |
Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады) |
3. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) қол жеткiзу туралы мәлiметтер. Төменде санамалау қажет
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын
Қолы __________________
Күні __________________
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды
жүргiзу қағидаларына
6-қосымша
Рұқсат беру хаттамасы
Аукцион № {Аукционның нөмірі}
{Аукционның атауы}
Аукциондық комиссияның құрамы:
№ |
Т.А.Ә. |
Ұйымдағы лауазымы |
Комиссиядағы рөлi |
{комиссия мүшесінің аты-жөні} |
(Ұйымдағы лауазымы) |
{Комиссидағы рөлі} |
Аукцион мәнінің түрі: {тауар, жұмыс немесе қызмет}
Аукцион мәнінің атауы: {Лоттың атауы}
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге: {Аукционның жоспарлы сомасы}
Аукционға қатысуға берiлген мынадай өтiнiмдер кері қайтарылды1:
№ |
өнім берушінің кодтық нөмірі |
Кері қайтару себебі |
{Өнім берушінің толық атауы} |
{мағыналар анықтамалығына сәйкес: |
Аукциондық комиссия мүшелерінің кері қайтарылған өтінімдер бойынша дауыс беру нәтижелері2:
№ |
өнім берушінің кодтық нөмірі |
Т.А.Ә., лауазымы, комиссиядағы рөлi |
Комиссия мүшесінің шешімі |
Кері қайтару себебі |
Кері қайтару себебі негіздемесі (Кері қайтару жағдайында көрсетіледі) |
{ өнім берушінің кодтық нөмірі } |
{Комиссия мүшесінің Т.А.Ә., ұйымдағы лауазымы, комиссиядағы рөлi} |
{келесі себептер қабылданған шешімге қарайды: жіберілді, кері қайтарылды, дауыс Берген жоқ} |
{мағыналар анықтамалығына сәйкес: Аукциондық құжаттамаға сәйкес болмауы Заңның 6-бабының талаптарын бұзуы } |
{Комиссия мүшесі енгізген кері қайтару себебінің негіздемесі} |
________________
1 Мәліметтер әлеуетті өнім бершілердің кейінге қалдырылған өтінімдері болмаған жағдайда шығарылмайды
2 Мәліметтер әлеуетті өнім бершілердің кейінге қалдырылған өтінімдері болмаған жағдайда шығарылмайды
Аукциондық сауда-саттықтың күні мен уақыты мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционның хабарландыруында жарияланған.
Рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер екеуден аз болған жағдайда аукциондық сауда-саттық өткізілмейді.
{Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.} ________________________________________
(қолы)
{хаттаманы КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС форматында қалыптастыру күні мен уақыты}
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
6-қосымша
Банктiк кепiлдiк
Банктiң атауы
_____________________________________________________________________
Банктiң деректемелерi
_____________________________________________________________________
_______
Кімге:
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы
_____________________________________________________________________
___________________
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
_____________________________________________________________________
___________________
№ _______ кепiлдiк мiндеттеме
_____________________________ "_____" ____________ ___ ж.
(орналасқан жерi)
Бiз бұдан әрi "Өнiм берушi" деп аталатын ______________________
_____________________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған _______________________ сатып алу жөнiндегi электрондық
аукционға қатысатындығынан және _____________________________________
(аукцион бойынша тауарлардың,
_____________________________________________________________________
жұмыстардың, қызметтердiң атауы) бойынша көрсетiлетiн берудi (жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
___________ ж. "____" ________ жоғарыда аталған аукционды өткiзу жөнiндегi аукциондық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiнiң банктiк кепiлдiк түрiнде аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзуi көзделген.
Осыған байланысты бiз _________________________ осымен өзiмiзге
(банктiң атауы)
Сiздiң ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнiм берушi:
аукционға қатысуға соңғы мерзiм өткеннен кейiн аукционға қатысуға өтiнiмдердi керi қайтарып алғандығын не өзгерткендiгiн және (немесе) толықтырғандығын;
аукционның жеңiмпазы етiп анықталған қатысушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмi туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын жазбаша растауыңызды алғаннан кейiн, Сiзге Сiздiң талабыңыз бойынша
____________________________________________
(санмен және жазбаша)
сомаға тең қайтып алынбайтын мiндеттеменi төлеудi аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап күшiне енедi.
Осы кепiлдiк мiндеттеме Өнiм берушiнiң аукционға қатысуға аукциондық өтiнiмiнiң қолданылуының соңғы мерзiмiне дейiн қолданылады және, егер Сiздiң жазбаша талабыңызды бiз ____ аяғына дейiн алмасақ, осы құжат бiзге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшiн жояды. Егер аукционға қатысу өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi ұзартылған болса, онда бұл кепiлдiк мiндеттеме сондай мерзiмге ұзартылады.
Осы кепiлдiк мiндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепiлгердiң қолы мен мөрi Күнi мен мекенжайы
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
6-қосымша
Банктiк кепiлдiк
Банктiң атауы
_____________________________________________________________________
Банктiң деректемелерi
_____________________________________________________________________
_________
Кімге:
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы
_____________________________________________________________________
___________________
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
_____________________________________________________________________
__________________
№ _______ кепiлдiк мiндеттеме
_____________________________ "_____" ____________ ___ ж.
(орналасқан жерi)
Бiз бұдан әрi "Өнiм берушi" деп аталатын ______________________
_____________________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған _______________________ сатып алу жөнiндегi электрондық
конкурсқа қатысатындығынан және
_____________________________________________________________________
(электрондық конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың
_____________________________________________________________________
қызметтердiң атауы)
тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
Жоғарыда аталған электрондық конкурсты өткiзу жөнiндегi ___________ ж. "____" ________ конкурстық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi банктiк кепiлдiк түрiнде енгiзуi көзделген.
Осыған байланысты бiз _________________________ осымен өзiмiзге
(банктiң атауы)
Сiздiң ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ Өнiм берушi:
электрондық конкурсқа қатысуға түпкiлiктi мерзiм өткеннен кейiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi керi қайтарып алғандығын не өзгерткендiгiн және (немесе) толықтырғандығына;
электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған, өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде тапсырмағандығын не керi қайтарып алғандығына;
электрондық конкурстың жеңiмпазы етiп анықталған қатысушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмi туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығына жазбаша растауды алғаннан кейiн, Сiздiң талабыңыз бойынша Сiзге
_____________________________________________________________________
(сома санмен және жазбаша)
сомаға тең кері қайтып алынбайтын мiндеттеменi төлеудi аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап күшiне енедi.
Осы кепiлдiк мiндеттеме Өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмiнiң қолданылуының соңғы мерзiмiне дейiн қолданылады және, егер Сiздiң жазбаша талабыңызды бiз ____ аяғына дейiн алмасақ, осы құжат бiзге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшiн жояды. Егер электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi ұзартылған болса, онда бұл кепiлдiк мiндеттеме сондай мерзiмге ұзартылады.
Осы кепiлдiк мiндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепiлгердiң қолы мен мөрi Күнi мен мекенжайы
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды
жүргiзу қағидаларына
7-қосымша
Аукцион өткізу нәтижелерінің хаттамасы
Аукцион № {Аукционның нөмірі}
{Аукционның атауы}
Аукцион мәнінің түрі: {тауар, жұмыс немесе қызмет}
Аукцион мәнінің атауы: {Лоттың атауы}
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге: {Аукционның жоспарлы сомасы}
Аукцион басталатын күні мен уақыты: {КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС }
Аукцион аяқталатын күні мен уақыты: {КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС }
Аукцион қатысушыларының соңғы ұсыныстары туралы мәліметтер:
Қатысушының коды |
Ұсынылған баға, теңге |
Ұсыныстың берілген уақыты |
КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Астана қаласының уақыты бойынша) |
{хаттаманы КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС форматында қалыптастыру күні мен уақыты
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
7-қосымша
Берешектiң жоқтығы туралы анықтама
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Банктiң атауы _______________________________________________________
Банк деректемелерi __________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы
_____________________________________________________________________
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
_____________________________________________________________________
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi
банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп
шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін
(заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы көрсетiлciн) банк
алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған
мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.
Осы анықтама № ______ аукционға қатысу үшiн берiлдi, аукционның
атауы ______________________________________________________________.
Күнi ____________
Қолы ____________
М.О.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
7-қосымша
Берешегі жоқтығы туралы анықтама
Банктiң атауы ___________________________
Банк деректемелерi ______________________
Кiмге:
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы
_____________________________________________________________________
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есептiң үлгi шот жоспарына сәйкес (осы Банкте қызмет көрсетiлетiн заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы көрсетiлcін) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды.
Осы анықтама электрондық конкурстың атауы _____________________ № ________ электрондық конкурсқа қатысу үшiн берiлдi.
Күнi ____________
Қолы ____________
М.О.
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Қорытындылар туралы хаттама
Аукцион № {Аукционның нөмірі}
{Аукционның атауы}
Аукциондық комиссияның құрамы:
№ |
Т.А.Ә. |
Ұйымдағы лауазымы |
Комиссиядағы рөлi |
{комиссия мүшесінің аты-жөні} |
{ Ұйымдағы лауазымы } |
{Комиссидағы рөлі} |
Аукцион мәнінің түрі: {тауар, жұмыс немесе қызмет}
Аукцион мәнінің атауы: {Лоттың атауы}
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге: {Аукционның жоспарлы сомасы}
Аукциондық комиссия мүшелерінің кері қайтарылған өтінімдер бойынша дауыс беру нәтижелері:
№ |
өнім берушінің атауы |
Т.А.Ә., лауазымы, комиссиядағы рөлi |
Комиссия мүшесінің шешімі |
Кері қайтару себебі |
Кері қайтару себебі негіздемесі |
{Өнім берушінің толық атауы} |
{Комиссия мүшесінің Т.А.Ә., ұйымдағы лауазымы, комиссиядағы рөлi } |
{келесі себептер қабылданған шешімге қарайды: жіберілді, кері қайтарылды, дауыс Берген жоқ} |
{мағыналар анықтамалығына сәйкес: Аукциондық құжаттамаға сәйкес болмауы Заңның 6-бабының талаптарын бұзуы } |
{Комиссия мүшесі енгізген кері қайтару себебінің негіздемесі} |
Аукционға қатысу өтінімдерінің екінші бөліктерін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия ШЕШТІ:
Қатысушының коды |
Баға туралы ұсыныс |
Ұсыныстың берілген күні мен уақыты |
өнім берушінің атауы |
өкілінің Т.А.Ә. |
БСН(ЖСН) |
деректемелер |
Талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы комиссияның шешімі |
{аукционға қатысушының коды} |
{өнім берушінің соңғы баға ұсынысы} |
{КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС} |
{Өнім берушінің толық атауы} |
{өтінім Берген өнім берушінің өкілінің Т.А.Ә.} |
{БСН/ЖСН} |
мекенжайы: {заңды мекенжайы} |
{дауыстардың есептелуіне қарай: Сәйкес келеді, сәйкес емес} |
Аукционның мынадай қорытындылары бекітілсін:
{өнім берушінің атауы } |
{мынадай мағына: Жеңімпаз, үміткер*} |
Тапсырыс беруші {тапсырыс берушінің атауы} «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын {Жеңімпаз өнім берушінің атауы}
Ескертпе * – аукционның біліктілік талаптарына сай және ең аз баға туралы ұсыныс берген қатысушысына беріледі.
үміткер – біліктілік талаптарына сай аукционның басқа қатысушыларына, олар берген бағалардың өсу тәртібінде беріледі.
{комиссия мүшесінің
Т.А.Ә.} _______________ қолы
{хаттаманы КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС форматында қалыптастыру күні мен уақыты
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
8-қосымша
Жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер
көрсету кезiндегi қоса орындаушылар) туралы мәлiметтер,
сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (қоса
атқарушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерi
Аукционның № _________________________
Аукционның атауы ______________
Р/с |
Қосалқы мердiгердiң (қоса орындаушының) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердiгердiң (қоса орындаушының) Т.А.Ә. |
Қосалқы мердiгердiң (қоса атқарушының) БСН (ЖСН), оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны |
Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердiң) атауы |
Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердiң) ақшалай мәндегi көлемi, теңге |
Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердiң) пайыздық мәндегi көлемi, % |
Осы қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы |
|||||
Осы қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы |
|||||
Барлық қосалқы мердiгерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны |
Осымен аукционға (аукционның толық атауын көрсету) қатысуға өтiнiм беретiн әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерi(лерi) және (бірлесіп орындаушысы(лары) аукцион (аукционның толық атауын көрсету) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзiнiң хабардар екендiгiн бiлдiредi және әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерiне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлiгiнде аукциондық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi өзiне қабылдайды.
Қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. |
Қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) уәкiлеттi өкiлiнiң Т.А.Ә. |
Қолы |
Әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерге (бірлесіп орындаушыға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң көлемi жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемiнiң үштен екiсiнен аспауға тиiс.
Қолы _______________
Күнi _______________
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
8-қосымша
Жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер
көрсету кезiндегi бірлесіп орындаушылар) туралы мәлiметтер,
сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (қоса
атқарушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерi
Электрондық конкурстың № _______________________
Электрондық конкурстың атауы ______________
Лоттың № ____________
Лоттың атауы________________
Р/с |
Қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. |
Қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН), оның толық заңды және почталық мекенжайы, байланыс телефоны |
Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердiң) атауы |
Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердiң) ақшалай мәндегi көлемi, теңге |
Техникалық ерекшелiкке сәйкес орындалатын жұмыстардың (қызметтердiң) пайыздық мәндегi көлемi, % |
Осы қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы |
|||||
Осы қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы |
|||||
Барлық қосалқы мердiгерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны |
Осымен электрондық конкурсқа (электрондық конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтiнiм беретiн әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерi(лерi) және (бірлесіп орындаушысы(лары) электрондық конкурс (электрондық конкурстың толық атауын көрсету) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзiнiң хабардар екендiгiн бiлдiредi және әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерiне (бірлесіп орындаушыларға) қатысты бөлiгiнде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi өзiне қабылдайды.
Қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) Т.А.Ә. |
Қосалқы мердiгердiң (бірлесіп орындаушының) уәкiлеттi өкiлiнiң Т.А.Ә. |
Қолы |
Әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерге (бірлесіп орындаушыға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң көлемi жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемiнiң үштен екiсiнен аспауға тиiс.
Қолы _______________
Күнi _______________
Электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүргізу қағидаларына
9-қосымша
Банктiк кепiлдiк
(мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын
қамтамасыз ету нысаны)
Банктiң атауы: ______________________________________________________
(банктiң атауы және деректемелерi)
Кiмге: ______________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы және деректемелерi)
№ _____кепiлдiк мiндеттеме
______________________ ___________ ж. «_____»
(орналасқан жерi)
«Өнiм берушi» _______________________________________________________
(өнiм берушiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы)
беруге (орындауға, көрсетуге) ____ж. № ____ _мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқандығын (жасасатындығын)* және Сiз Шартта Өнiм берушiнiң жалпы сомасы _______ теңгеге банктiк кепiлдiк түрiнде оның орындалуын қамтамасыз етуiн енгiзудi көздегендiгiңiздi назарға ала отырып, осымен _________________________________ жоғарыда көрсетiлген
(банктiң атауы)
Шарт бойынша кепiлгер болып табылатындығымызды және Сiздiң талап етуiңiз бойынша Сiздiң төлеуге жазбаша талап етудi, сондай-ақ Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамағандығын немесе тиiсiнше орындамағандығын жазбаша растауды алғаннан кейiн Сiзге
________________________________________________________________
(сомасы цифрлармен және жазумен)
тең соманы төлеуге өзiмiзге қайтарусыз мiндеттеме аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған сәтке дейiн қолданылады.
Осы кепiлдiк мiндеттемесiне байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепiлгерлердiң қолы мен мөрi Күнi және мекенжайы
(банктiң (банк филиалының) бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері)
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
9-қосымша
Шартты жеңiлдiктердi есептеу үшiн мәлiметтер
Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
10-қосымша
Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысы
(әрбiр лотқа жеке толтырылады)
Электрондық конкурстың № _________________
Электрондық конкурстың атауы ____________________
Лоттың № ________________
Лоттың атауы ________________
Өнiм берушiнiң атауы ______________________________
______________________________
БСН/ЖСН
_____________________________________________
Тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы
_____________________________________________
Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм сыныптауышы ЭҚТӨЖ (тауарларды сатып алу кезiнде көрсетiледi) ___________
Жасаушы зауыт (тауарларды сатып алу кезiнде көрсетiледi)__________
Баға ұсынысы валютасының атауы __________________
Баға ұсынысы валютасының коды _________________
Өлшем бiрлiгi ________________
Барлық шығыстар мен жеңiлдiктердi ескере отырып, бiр бiрлiкке берiлетiн баға ___________________
Саны (көлемi) ___________________________
ИНКОТЕРМС 2000 тауарын жеткiзу шарттары ______________
Жалпы баға (санды бiр бiрлiкке берiлетiн бағаға көбейту) ____________
Біз конкурстық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.