Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 489 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 42-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік органдарының қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелу орны бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік органдарына өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну туралы сұрауын жібереді.
      Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік органдары лицензиардың сұрауының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақта:
      3) тармақшада «мыналарды қамтитын» деген сөздерден кейін «қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру және инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарға жауап беретін» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақша алынып тасталсын;
      10) тармақшадағы «активтер.» деген сөз «активтер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) өрт қауіпсіздігіне және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымды тұлғаның болуы;
      12) қорғаныс, өртке қарсы және өнеркәсіптік қауіпсіздік, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тиісті уәкілетті органдар бекіткен Кәдеге жарату объектілерінде күзет және өрт қауіпсіздігі жөніндегі, сондай-ақ оқ-дәрілерді кәдеге жарату үдерісін регламенттейтін нұсқаулық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету туралы өтініш беруші басшысының жазбаша растамасы (лицензиар белгілеген нысан бойынша).»;
      2-тармақта:
      3) тармақшада «мыналарды қамтитын» деген сөздерден кейін «қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру және инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптарға жауап беретін» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша алынып тасталсын;
      11) тармақшадағы «активтер.» деген сөз «активтер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) өрт қауіпсіздігіне және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлғаның болуы.».
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов