Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 378 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру барысында 2016 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:
Бағдарламамен 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады;
кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді;
жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады;
жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі 33,3 %-дан 26 %-ға төмендейді»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте:
2011 жылға – 37,4 млрд. теңге;
2012 жылға – 62,3 млрд. теңге;
2013 жылға – 71,6 млрд. теңге;
2014 жылға – 71,9 млрд. теңге көзделген.
Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»;
«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген 4.2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«2016 жылға қарай:
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарлама) 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады.
Жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады, оның ішінде 2012 жылы – 5,8 %, 2013 жылы – 5,7 % және 2014 жылы – 5,6 %.
Кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді, оның ішінде 2012 жылы – 6,3 %, 2013 жылы – 6,2 % және 2014 жылы – 6,1 %.
Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушы адамдардың үлесі 26 %-ға дейін төмендейді;
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қамтылғандардың үлес салмағы:
өз бетінше жұмыспен айналысушылар (жалпы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың ішінде) 2012 жылы – 1,4 %, 2013 жылы – 4,0 %, 2014 жылы – 4,8 % және 2015 жылы – 7,1 % болады;
жұмыссыздар (жалпы жұмыссыздардың ішінде) 2012 жылы – 15,1 %, 2013 жылы – 44,0 %, 2014 жылы – 52,5 % және 2015 жылы – 78,8 % болады;
күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелері (тартылған) 2012 жылы – 17,0 %, 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % болады.»;
«Бағдарламаның міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осыған орай, Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
2. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
4. Ауылдық елді мекендерді дамыту.»;
«4.3.1. Бірінші бағыт: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» деген кіші бөлімде:
екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл бағытқа өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, сондай-ақ ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер (бұдан әрі – адамдар) қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауылдық жердегі жастар мен әйелдерге беріледі.
Осы бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
оқу, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар және психологиялық бейімдеу;
тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі - кәсіптік оқыту) жолдау;
оқуға материалдық көмек беру;
лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.
Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 ай бойы жүзеге асырылады. Жастар практикасына жіберілген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшері айына 17,2 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.
Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысушыларды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлауға тікелей қатысу мүмкіндігі болжанған. Бұл жағдайда тиісті мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында белгіленген оқу құны бойынша Бағдарламаға қатысушыларды оқытумен байланысты жұмыс берушілердің шығыстарының 70 % дейін өтеуді енгізу көзделген.
Ішінара жұмыспен қамтуды қолданатын жұмыс берушілер өздерінің ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлерін, олар Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосылған жағдайда және Бағдарламада көзделген шарттарда қайта даярлауға немесе біліктілігін арттыруға жіберуге мүмкіндіктері бар.
Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы 12 ай бойы жүзеге асырылады.
Бір айдағы жалақыға берілетін субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде:
1) алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейін, бірақ 26 мың теңгеден аспайтын;
2) келесі 3 айда жалақының 30 %-на дейін, бірақ 15,6 мың теңгеден аспайтын;
3) соңғы 3 айда жалақының 15 %-на дейін, бірақ 7,8 мың теңгеден аспайтын болады.»;
тоғызыншы бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары тұрақты тұратын жерінің аудан, қала бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жүгінеді және қажетті құжаттарды тапсырады.»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Кәсіптік оқуды оқығаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына немесе жастар практикасына орналасу ұсынылады.»;
«Екінші бағыт: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» деген 4.3.2-кіші бөлімде:
бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Бағдарламаның бұл бағытына өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар:
1) әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, ауылдық елді мекендерде;
2) аудандық маңызы бар қалаларда (моноқалаларды қоспағанда), сондай-ақ заңнамаға сәйкес қалалық елді мекендерге жатқызылатын кенттерде;
3) кәсіпкерлік қызметін ауылдық елді мекендерде жүзеге асырған жағдайда, әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар қатысады.
Жеке ісін ұйымдастыруды немесе кеңейтуді қалайтын ауыл тұрғындарына және әйелдерге қатысудың басым құқығы беріледі.
Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:
консультативтік қызмет көрсету;
оқуға материалдық көмек бере отырып, кәсіпкерлік негіздерін тегін оқуға жолдама беру;
микрокредит беру;
жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандардың Бағдарламаның осы бағытына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.»;
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Іске асыру тетігі:
1) Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит береді.
2) Жергілікті атқарушы орган микрокредит беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды.
3) Уәкілетті өңірлік ұйым микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге кредит берудің белгіленген қағидасына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін микрокредиттік ұйымдарды және/немесе кредиттік серіктестіктерді іріктеу бойынша конкурс өткізеді.
4) Уәкілетті өңірлік ұйым мен микрокредиттік ұйымдардың және/немесе кредиттік серіктестіктердің арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
5) Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға ниет білдірушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш береді.
6) Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған құжаттарды қарайды, әлеуетті қатысушылармен әңгімелесу жүргізеді және мемлекеттік қолдау алу түрлері бойынша үміткерлердің тізімі мен жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластыруды талап ететін жобалардың тізбесін қалыптастырады.
7) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына қосу үшін әлеуетті қатысушылардың құжаттарын Комиссияның қарауына береді.
8) Халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның ұсынымын ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
9) Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына қосылған адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасасады.
10) Кәсіпкерлік негіздерін оқыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздерін оқуға жібереді және бұл туралы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту орталықтарының ақпараты негізінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бір айдан аспауға тиіс.
Оқу бағдарламасы және оны жүргізу кестесі халықты жұмыспен қамту орталығымен келісіледі.
11) Микрокредит беру:
Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша микрокредит алу туралы өтініммен микрокредиттік ұйымға немесе кредиттік серіктестікке өтініш береді;
микрокредиттік ұйым немесе кредиттік серіктестік жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беру мүмкін екендігі (немесе мүмкін емес екендігі) туралы шешім қабылдайды.
12) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредиттік ұйымнан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған жағдайда, жобалары жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды қаржыландыруға болатыны (немесе болмайтыны) және қажетті қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.
13) Оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның арасында тиісті шарт жасалады.
14) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
15) Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі.»;
«Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген 4.3.3-кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарламаның үшінші бағытына оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгеннен және Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін этникалық қазақтар қатарындағы жаңадан келген көшіп келушілер (бұдан әрі – этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер) де қатысады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар, этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерді қоспағанда, мынадай өлшемдерге сәйкес келуге тиіс:
өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар санаттарына жатуға тиіс;
соңғы үш жылда:
1) бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға;
2) республикалық маңызы бар қаланың шегінде, астанада және облыс орталықтарында тұруға және жеке тұрғын үйі болмағандықтан, тиісті әкімдікте есепте тұруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйде тұруға тиіс;
кәсіптік даярлығы өңірлік немесе ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың бейініне, сондай-ақ өңірдің, республикалық маңызы бар қаланың және астана кәсіпорындарының еңбек ресурстарына қажеттілігіне сәйкес келуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«ВАК-тың шешімі бойынша өңірлік комиссиялардың ұсынған өтінімдері мен ұсыныстарының және Бағдарлама операторы қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа облысқа көшуі жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерге және олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және кіріктіру мақсатында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары арқылы қосымша қызметтер (ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені көрсетіледі.
Бейімдеу және кіріктіру қызметтері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға көзделген қаражат есебінен көрсетіледі.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшумен байланысты субсидиялар көшу шығыстарының өтемін қамтиды. Субсидияның мөлшері:
отбасылар бір ауданның шегінде көшкен жағдайда – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткішті, отбасының әрбір мүшесіне бес еселенген айлық есептік көрсеткішті;
отбасылар бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшкен жағдайда – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткішті, отбасының әрбір мүшесіне он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті;
отбасылар басқа облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға көшкен жағдайда – отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткішті, отбасының әрбір мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға, этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерге, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталықтарының шегінде көшетін адамдарға көшуге берілетін субсидия төленбейді.»;
он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгідегі жатақханадан орын беру, тұрғын үйлерді сатып алу, құрылысы бұрын басталған объектілерді салып бітіру, жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді реконструкциялау есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ете алады.»;
жиырмасыншы бөлікте:
1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының азаматтары және этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу үшін Қағидада көзделген құжаттарды қоса отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге өтініш береді.
3. Бағдарламаға қатысуға өтініш берушілердің құжаттарын қарау қорытындысы бойынша:
1) өңірлік комиссиялар:
бір ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар;
басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтінімдер немесе ұсынымдар дайындайды;
2) аудандық/қалалық комиссиялар бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды.
4. ВАК, өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 4.3.4-кіші бөліммен толықтырылсын:
«4.3.4. Төртінші бағыт: ауылдық елді мекендерді дамыту
Бұл бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары болып табылады.
Қажетті кәсіптік біліктілігі бар Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.
Іске асыру тетігі
1) облыстардың әкімдері бөлінген жалпы қаржыландыру лимиттері негізінде Бағдарлама шеңберінде іске асыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды:
облыс бойынша бөлінген жалпы қаржыландыру лимиттерін;
ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін (жоғары немесе орташа);
мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;
инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған орындалатын жұмыс көлемінің ақаулар ведомосінің, сметалық құжаттамасының, шығыстар сметасының болуын;
құрылатын жұмыс орындарының санын, оларға Бағдарламаға қатысушылардың басым тәртіппен жұмысқа орналасуын және орташа айлық жалақысының мөлшерін;
мемлекеттік сатып алуды жүргізу мерзімін және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді отандық өнім өндірушілерден сатып алу мүмкіндігін;
оларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімін;
ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу дәрежесін (жетіспеушілік және/немесе әбден тозуы);
табиғи-климаттық жағдайды және оларды іске асыруға әсер ететін өңірдің басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, іріктеуді жүзеге асырады.
2) Инфрақұрылымдық жобалар:
коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газ, жылу, электрмен жабдықтау жүйелері) реконструкциялауды, күрделі және ағымдағы жөндеуді;
инженерлік-көлік инфрақұрылымын (кентішілік және ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, платиналар, бөгеттер мен көпірлер) реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді;
әлеуметтік инфрақұрылымды (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және ойын-сауық объектілері) реконструкциялауды, күрделі және ағымдағы жөндеуді;
ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді салуды;
абаттандыруды (көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көріктендіру) қамтиды;
3) Облыс әкімдері іске асыру ұсынылған инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негіздемесін қоса отырып, республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қарау үшін ұсынады;
4) Жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған жұмыс түрлеріне сәйкестігін тексереді және жобаларды қарау нәтижесі бойынша тиісті қорытындылар дайындайды;
5) Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің іске асырылу көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
6) Облыс әкімдері инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруды және оларға басым тәртіппен, қызметкерлерінің елу пайызына дейін халықты жұмыспен қамту орталықтары жіберетін Бағдарламаға қатысушылар қатарынан жұмысқа жалдауды, ал халықты жұмыспен қамту орталықтарында ұсыныс болмаған жағдайда – халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жазбаша келіскеннен кейін оларды еңбек нарығынан жалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
7) Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкіндігі бар Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысу туралы өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады;
8) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларының кәсіптік біліктілігін және инфрақұрылым жобаларын іске асыратын жұмыс берушілердің кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
9) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады;
10) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді;
11) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарлама шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәлімет әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады;
12) Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргізеді.
Осы бағыт шеңберінде нысаналы даму трансферттерін аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру нәтижесінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен бір жарым миллион адамға дейін, оның ішінде шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарланып отыр.
Жұмыспен тиімсіз қамтудың үлесі төмендейді, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнімділігі, сондай-ақ халықтың табысы артады.
2020 жылға дейінгі сандық индикаторлар Бағдарламаның екінші кезеңі аяқталуына қарай тиісті өзгерістер енгізу мүмкіндігімен, белгіленетін болады.»;
7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қажетті ресурстар және олардың қаржыландыру көздері
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте:
2011 жылға – 37,4 млрд. теңге, оның ішінде:
бірінші бағыт бойынша: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге – 14,3 млрд. теңге;
екінші бағыт бойынша: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге – 4,8 млрд. теңге;
үшінші бағыт бойынша: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 16,2 млрд. теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге және ақпараттық сүйемелдеуге – 2,1 млрд. теңге;
2012 жылға – 62,3 млрд. теңге, оның ішінде:
бірінші бағыт бойынша: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге – 24,2 млрд. теңге;
екінші бағыт бойынша: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге – 14,2 млрд. теңге;
үшінші бағыт бойынша: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 11,0 млрд. теңге;
төртінші бағыт бойынша: ауылдық елді мекендерді дамытуға – 10,0 млрд. теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге – 2,9 млрд. теңге;
2013 жылға – 71,6 млрд. теңге;
2014 жылға – 71,9 млрд. теңге көзделген.
Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.».
2. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 641-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қағида Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың көшіп келу квотасына қосылған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жаңадан келген этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің (бұдан әрі – этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) үшінші бағытына қатысу, көшуін ұйымдастыру, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік қолдау көрсетуге бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және қоғамға кіріктіру мақсатында оралмандарды бейімдеу және қоғамға кіріктіру орталықтары арқылы қосымша қызметтер кешені (ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) көрсетіледі.
Бейімдеу және кіріктіру қызметтері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға көзделген қаражат есебінен көрсетіледі.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған Қазақстан Республикасының азаматтары және этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер;»;
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын ынталандырушы төлемдер – Бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғаларға төленетін ақшалай қаражат (оқуға материалдық көмек; бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалар жалақысының бөлігі; көшуге берілетін субсидиялар);»;
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қаладан, астанадан және облыс орталықтарынан басқа, жергілікті атқарушы органдар белгіленген өлшемдер негізінде облыстағы экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің және экономикалық өсу орталықтарының тізбесін айқындайды және оны экономикалық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) бекітеді.»;
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;»;
мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
«2) көшуге қатыса алатын этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің санын;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде:
1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын айқындайды;
2) көшуге қатыса алатын этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің жалпы санын айқындайды;
3) еңбек ресурстарына деген қажеттілік және азаматтардың көшу мүмкіндігі туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жолдайды.»;
7, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өңірлік комиссия:
1) шыққан және қабылданатын жерін айқындай отырып облыс (аудан, қала) шегінде көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және көшуді ұйымдастыру үшін ұсынымды уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;
2) республика шегінде көшетін азаматтардың ықтимал санын келіседі және өтінімді немесе ұсынысты Бағдарлама операторына жібереді.
9. Бағдарламаға қатысу үшін экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде, республикалық маңызы бар қалада, астанада және облыс орталықтарында тұратын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
10. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
4) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (жұмыс істейтін адамдар үшін);
5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі.
11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күні ішінде басқа облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталығының шегінде, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдірген адамдардың өтініштері мен құжаттарын – уәкілетті органға, аудан ішінде – аудандық/қалалық комиссияның қарауына жібереді.
Уәкілетті орган басқа облысқа, сондай-ақ басқа ауданға көшуге ниет білдіргендердің өтініштері мен құжаттары келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді.»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасы азаматтарының және этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілердің көшуі:
1) бір ауданның ішінде;
2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
3) басқа облысқа жүзеге асырылады.
14. Бағдарламаға қатысуға өтініш беруші адамдардың құжаттарын қарау нәтижесі бойынша:
1) өңірлік комиссиялар:
бір ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды және уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді;
басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы (бас тарту туралы) өтінімдер немесе ұсыныстар дайындайды және Бағдарлама операторына жібереді;
2) аудандық/қалалық комиссиялар бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.
Өңірлік және аудандық/қалалық комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың түсуіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.
Бағдарлама операторы басқа облысқа көшуге ниет білдіргендердің өтініштері мен құжаттарын өңірлік комиссиялардың өтінімдері мен ұсыныстарын қоса отырып, ВАК-тың кезекті отырысына қарауға енгізеді.»;
15-тармақтың 1) тармақшасында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалада, астанада және облыс орталықтарында тұруы жеке тұрғын үйі болмағандықтан, тиісті әкімдікте есепте тұруы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйде тұруы;»;
төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын:
16-тармақ алып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Халықты жұмыспен қамту орталығы ВАК-тың, өңірлік не аудандық/қалалық комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу туралы (одан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.»;
24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталықтарының ішінде көшетін Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт оларды халықты жұмыспен қамту орталығының Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосу туралы шешімінің негізінде жасалады.»;
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Бағдарламаға қатысушылардың көшуі қызметтік тұрғын үйдің берілуімен, сондай-ақ көшуге субсидияның төленуімен өз бетінше жүзеге асырылады.»;
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшіп келген отбасы мүшелерінің мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) (шыққан жерінің) халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) келген жері бойынша тұрғын үйінің жоқ екені туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы.»;
28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға, этникалық қазақтар қатарындағы көшіп келушілерге, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыс орталықтарының шегінде көшетін адамдарға көшуге берілетін субсидия төленбейді.»;
31-тармақта:
2) тармақшадағы «бөлінеді.» деген сөз «бөлінеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) басқа облысқа көшетін адамдарға – отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің әрқайсысына отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бөлінеді.»;
33-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметтік тұрғын үй жергілікті атқарушы органның шешімімен халықты жұмыспен қамту орталығының теңгеріміне беріледі.»;
34-тармақ алып тасталсын;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Қызметтік тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй комиссиясы қабылдаған тұрғын үй беру туралы шешімінің және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған қызметтік тұрғын үйді жалға беру туралы шарт негізінде беріледі.
Тұрғын үй комиссиясының шешімі екі дана жасалады, оның біреуі қатаң есептегі құжат ретінде халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, ал екіншісі өтініш берушіге беріледі.»;
36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде (келген жерінің) халықты жұмыспен қамту орталығы жасайды.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен отбасылық үлгідегі жатақханалардан орын беру, тұрғын үйлерді сатып алу, құрылысы басталған объектілерді салып бітіру, осы Қағиданың 33-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін, жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді реконструкциялау есебінен қамтамасыз ете алады.»;
50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде, оған Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуы туралы ақпарат әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.»;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мына құжаттарды өтінішке қоса беремін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) отбасы құрамы туралы мәліметтерді;
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
4) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (жұмыс істейтін адамдар үшін);
5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі.».
5. «Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 642-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасында:
2-тармақтың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) МКҰ үшін соңғы қарыз алушы – өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар және табысы аз азаматтардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;
13) КС үшін соңғы қарыз алушылар – өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар және табысы аз азаматтардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. МКҰ-ның кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық негізде белгілеген бағалаушы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес жүргізуге тиіс.
Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:
«20-1. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ МҚҰ конкурсқа қатысу өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялауға міндетті.
20-2. Қайталама конкурс жүзеге асырылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағиданың 20-1-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманы ұсынуға жол берілмейді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Микроқаржы ұйымы конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі конкурстық өтінім салынған конвертті ашқан күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 43-1, 43-2, 43-3 және 43-4-тармақтармен толықтырылсын:
«43-1. Конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуiнің жинаған балы тең болған кезде, конкурс жеңімпазы конкурстық комиссия мүшелерiнiң қарапайым дауыс беруiмен анықталады.
43-2. Мынадай жағдайларда:
1) оған екі конкурсқа қатысушыдан кем қатысса;
2) конкурс қатысушыларының ұсыныстары конкурс шарттарын қанағаттандырмайды деп танылса;
3) ұсынылған конкурс өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда конкурс өтпеді деп танылады.
Бұл жағдайларда конкурс комиссиясының барлық мүшелері қол қоятын хаттама ресімделеді.
43-3. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
43-4. Қайталама конкурс өтпеді деп танылған кезде, осы Қағиданың 43-2-тармағында көрсетілген жағдайларда комиссияның шешімі бойынша соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру үшін микроқаржы ұйымы анықталады, ол туралы тиiстi хаттама жасалуға тиiс.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Кредиттік ресурстар толық өтелген кезде уәкілетті өңірлік ұйым кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы өкім дайындайды және уәкілетті тіркеуші органға басшының қолы қойылған хат жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:
«59-1. МҚҰ-ның өтініші бойынша уәкілетті өңірлік ұйым кредиттің өтелген сомасының бөлігіне сәйкес кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы өкім дайындайды.
Бұл ретте кепілдікті қамтамасыз етудің құны кредит бойынша сыйақы ставкасының сомасын ескергенде, кредит мөлшерінен аз болмауға тиіс.»;
осы Қағидаға 1-қосымшада:
екінші бөліктің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«соңғы қарыз алушы – МҚҰ-мен кредит беру туралы шарт жасасқан өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар, сондай-ақ кредиттік серіктестіктердің мүшелері (өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары).»;
«адамдар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және оралмандар;» деген тоғызыншы абзац алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
«Қамтамасыз ету түрі» деген 3-бағанның 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«ақшалай қаражат (депозит, кепілдікке берілген ақша), заңды тұлғалардың кепілдігі (уәкілетті өңірлік ұйымды қанағаттандыратын қаржылық жағдай)»;
осы Қағидаға 6-қосымшада:
«МҚҰ кредит беру шарттары:» кестесінде:
3-бағанның 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға микрокредиттер беру үшін МКҰ-ның айналым қаражатын толықтыру»;
4-бағанның 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«КС мүшелеріне микрокредит беру үшін КС-тің айналым қаражатын толықтыру (өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар)»;
«МҚҰ соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары» кестесінде:
3-бағанның 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар»;
4-бағанның 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«кредиттік серіктестіктердің мүшелері (өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар)»;
3-бағанның 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«өңірде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағында белгіленген кәсіпкерлік қызмет түрін қоспағанда)»;
3-бағанның 5-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«өңірде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту («Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағында белгіленген кәсіпкерлік қызмет түрін қоспағанда)».
6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 378 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 815 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді
және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарын және оралмандарды оқыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу:
1) оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультацияларды және психологиялық бейімдеуді;
2) біліктігін арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына жолдауды;
3) оқуға материалдық көмек көрсетуді;
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесуді;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялауды;
6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеуді қамтиды.
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрі – комиссия) – жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
3) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға халықты жұмыспен қамту орталығының оң шешімін алған, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;
4) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;
5) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың облыстық білім басқармалары;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
7) жалпыұлттық дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – жекелеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқоры;
8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
9) жұмыс тобы – Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын кәсіптік оқуға жіберу мәселелерін жедел қарау мақсатында халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің, білім беру органдары мен ұйымдарының, жұмыс берушілердің, қызметкерлердің бірлестіктері мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдерінен тұратын топ;
10) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тысқары тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тысқары жерде туған және тұрақты тұрып жатқан ұлты қазақ балалары;
11) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi;
12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;
13) оқуға материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарлама қатысушысына тамақтану, жол жүру және тұруға арналған шығынды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;
14) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында, немесе қызметкерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер;
15) әлеуметтік демалыс – ана болу, бала күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын
адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді
және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртібі
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз
адамдарды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
4. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге кәсіп (мамандық) таңдаумен, кәсіптік оқумен және оны аяқтағаннан кейін жұмыс берушілер мәлімдеген және дерекқорға енгізілген басым кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін ескере отырып, ықтимал жұмысқа орналасумен байланысты мәселелер бойынша консультация береді.
5. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар (бұдан әрі – адамдар) Бағдарламаға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
6. Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады және мыналар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшірмесін (азаматтарды тіркеу кітапшасы, мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
3) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыс істейтін адамдар және жұмыспен ішінара қамтылған қызметкерлер үшін);
4) білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
5) денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес).
Жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер бұған қоса жұмыс берушінің толық емес жұмыс уақыты немесе қысқартылған ұзақтықтағы жұмыс уақыты режиміне өтуі, немесе қызметкерлерге әлеуметтік демалыс беру туралы немесе еріксіз бос жүруі туралы актісін ұсынады.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
1) үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы ұсыныс әзірлеуді;
2) Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізуге үміткерлердің тізімін қалыптастыруды;
3) қалыптастырылған тізімдер мен тізімге енгізілген үміткерлердің құжаттарын Комиссияның немесе жұмыс тобының қарауына беруді жүзеге асырады.
8. Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынылған құжаттарды екі жұмыс күні ішінде қарайды және Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (не бас тарту) туралы ұсыным береді.
9. Халықты жұмыспен қамту орталығы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижесі және Комиссияның немесе жұмыс тобының ұсынымы негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (не бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
10. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
11. Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізуге үміткерлердің тізімін қалыптастыру кезінде білім деңгейі, кәсібінің (мамандығының) және біліктілігінің болуы ескеріледі.
12. Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің саны тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарында оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге көзделген қаражат көлемінің негізінде айқындалады.
13. Халықты жұмыспен қамту орталығының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.
14. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен Бағдарлама операторы әзірлеген нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды.
15. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жоспарланған іс-шаралардың тиімділігін бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік келісімшарт шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындауын бақылайды.
Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарламаны іске асыруға қатысуға тілек білдірген жұмыс берушілер туралы мәлімет Әлеуметтік-еңбек саласы бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
16. Кәсіптік білімі бар Бағдарламаға қатысушыларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда, сондай-ақ кәсібі (мамандығы) жоқ Бағдарламаға қатысушыларға осы Қағидада көзделген шарттармен басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқудан өту ұсынылады.
17. Ауылдық жерде тұратын жастар мен әйелдер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кәсіптік оқудан өтудің басым құқығына иеленеді.
Кәсіптік оқытуға ағымдағы күнтізбелік жылғы 9 және 11 сыныптардың түлектері қатарындағы адамдарды жіберуге жол берілмейді.
18. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту:
1) мыналарды: кәсібі (мамандығы) жоқ, кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды; еңбек нарығында сұранысқа ие емес кәсібі (мамандығы) бар, жаңа кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлауды;
2) егер Бағдарламаға қатысушыларға кәсібі (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс ұсыныла алмайтын болған немесе олардың белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа кәсіптер (мамандықтар) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;
3) кәсіби шеберлігін жетілдіру, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндірістік қажеттілікті ескере отырып, прогрессивті техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды қамтиды.
Кәсіптік оқудың әр түрлі түрлері мен нысандарын ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері мен ерекшеліктері Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындалады.
19. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту халықты жұмыспен қамту орталығының жолдауы бойынша білім беру ұйымдарында не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда (бұдан әрі – ұйымдар) жүргізіледі.
20. Базасында Бағдарламаға қатысушыларды басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылатын ұйымдардың тізбесін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган айқындайды, ол осы ұйымдармен тиісті екіжақты шарттар жасайды.
21. Кәсіптік оқытуды жүзеге асыру үшін ұйымдарды айқындау кезінде:
1) ұйымдардың білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкестігі;
2) Бағдарламаға қатысушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыруға міндетті түрде қатысуы ескеріледі.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту шарттарын жасасқан кезде ұйым Бағдарламаға қатысушылар үшін өндірістік практиканы жүзеге асыру жоспарланатын ұйымдардың тізбесін ұсынады.
22. Білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті орган кәсіптер (мамандықтар) мен оқу ұзақтығын көрсете отырып, Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту шарттарын жасасқан ұйымдардың тізбесін уәкілетті органға ұсынады, ол оны тиісті өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығының назарына жеткізеді.
23. Ауданда (қалада), базасында басым мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға болатын ұйым болмаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушыларды ауданнан (қаладан) тыс жерде оқытуға жол беріледі.
24. Базасында жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлердің қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүзеге асыралатын ұйымдарды іріктеуді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады (2012 жылдан бастап енгізіледі).
Жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлердің қатарындағы Бағдарлама қатысушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін ұйымдарды іріктеу кезінде ұйымдардың білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкестігі ескеріледі.
25. Базасында Бағдарлама қатысушыларын басым кәсіптер (мамандықтар) қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарды іріктеуді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады (2013 жылдан бастап енгізіледі).
Бағдарлама қатысушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарды іріктеу кезінде ұйымдардың білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкестігі ескеріледі.
26. Кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдар мен кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде қалыптастырады және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жібереді.
27. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытудың ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына байланысты белгіленеді және:
1) кәсіптік даярлауды жүргізген кезде – отыз алты айдан (техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген оқу мерзімінен);
2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;
3) біліктілігін арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.
28. Кәсіптік оқудан өту кезінде меңгерген білімі мен дағдысын аралық бағалаудан табысты өткен Бағдарламаға қатысушыға ай сайын оқуға арналған материалдық көмек төленеді. Тамақтану шығындарын ішінара өтеуге берілетін оқуға арналған материалдық көмек құрамындағы ақшалай қаражаттың сомасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамада белгіленген стипендияның мөлшеріне тең.
29. Ұйым Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын жерінен тыс жердегі елді мекендерде орналасқан жағдайда, оларға оқуға арналған материалдық көмектің құрамында мынадай:
1) кәсіптік даярлаудан өтушілерге оқу орнына дейін және кері жол жүруге – бір оқу жылының ішінде төрт айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде, қайта даярлаудан өтушілер мен біліктілігін арттырушыларға – оқу кезеңінде екі АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
2) тұруына – ай сайын он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде қаражат төленеді.
30. Бағдарламаға қатысушылардың оқу барысында меңгерген білімі мен дағдысын аралық және қорытынды бағалауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның, халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымы жүзеге асырады.
31. Ұйым халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушыларды:
1) дәлелді себептерсіз қатарынан бес оқу күнінен артық сабақтарды жіберіп алған;
2) үлгерімі нашар болған немесе білімін аралық бақылау қанағаттанғысыз болған;
3) ұйымның ішкі тәртібін бұзған жағдайларда оқудан шығарады.
32. Бағдарламаға қатысушыны оқудан шығарған кезде:
1) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Білім беру ұйымдарына төлем бойынша қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте төлем нақты ұсынылған қызметтердің көлеміне барабар жүзеге асырылады;
2) Халықты жұмыспен қамту орталығы Ұйымның төлемі бойынша қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте төлеу жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде нақты берілген қызметтердің көлеміне барабар жүзеге асырылады (2012 жылдан бастап енгізіледі);
3) Халықты жұмыспен қамту орталығы Ұйымның төлемі бойынша қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте төлеу қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде нақты берілген қызметтердің көлеміне пропорционалды түрде жүзеге асырылады (2013 жылдан бастап енгізіледі);
4) Бағдарламаға қатысушы әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес қызметтердің осы көлемінің құнын, оқуға арналған материалдық көмектің төленген сомасын бюджетке өтейді.
33. Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасу, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мерзімді әскери қызметіне шақырылу, қайтыс болу себептері бойынша, сондай-ақ балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша кәсіптік оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Бағдарламаға қатысушымен жасалған әлеуметтік келісімшарт көрсетілген білім беру қызметінің құнын, сондай-ақ оқуға төленген материалдық көмек сомасын бюджетке қайтару талаптарынсыз бұзылады.
34. Кәсіптік оқуды табысты аяқтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
35. Бағдарламаға қатысушыларды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен де болуы мүмкін.
36. Бағдарламаға қатысушыларды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік оқытуға қатысқысы келетін жұмыс берушілер кәсіптік оқыту жүргізілетін ұйымды өз бетінше айқындайды, онымен Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту туралы шарт жасайды, халықты жұмыспен қамту орталығына кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысушылардың санын, ұйымды, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесі мен оқуын аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, өтінім береді. Өтінімге: ұйыммен жасасқан кәсіптік оқу туралы шарт, жұмыс берушінің құрылтай құжаттары, оның СТН-і (БСН) және банк деректемелері қоса беріледі.
37. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілермен тиісті шарт жасайды және Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқудан өту үшін жұмыс беруші көрсеткен Ұйымға жібереді.
Жұмыс беруші ұйымға кәсіптік оқудың ақысын толық төлейді.
38. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарлама шеңберінде белгіленген құны бойынша жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысушыларды оқытуға байланысты шығыстарының жетпіс пайызына дейін өтейді.
39. Жұмыс берушінің кәсіптік оқуға жұмсаған шығыстарын өтеу Бағдарламаға қатысушылар оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін, ұйымның қызметтеріне ақы төлеу туралы ұсынылған төлем құжаттарының, ұйымның Бағдарламаға қатысушыларға біліктілік беру (мамандық алу) туралы актісінің және жұмыс берушінің Бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмысқа қабылдау туралы актілерінің негізінде жүргізіледі.
40. Қызметкерлерді жұмыспен ішінара қамтуды қолданатын жұмыс берушілер Бағдарлама шеңберінде қайта даярлауды немесе жұмыспен ішінара қамтылған өз қызметкерлерінің біліктілігін өндірістен қол үзбестен де, қол үзіп те арттыруды ұйымдастырады.
41. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға жіберілетін қызметкерлердің санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізбесін және оқу (күндізгі немесе кешкі) нысанын көрсете отырып, өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушінің құрылтай құжаттары, оның СТН-і (БСН) және банк деректемелері қоса беріледі.
42. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Комиссияның немесе жұмыс тобының қарауына жібереді. Аталған жұмыс берушінің қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру туралы мәселесі оң шешілген жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы онымен тиісті шарт жасайды.
43. Жұмыс берушінің жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлері Бағдарламаға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді және осы Қағидада көзделген негіздемелерде оның қатысушыларының құрамына енгізу рәсімінен өтеді.
Комиссия немесе жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс берушілердің өтінімдерін ескере отырып, халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыруды тікелей жүзеге асыратын ұйымды айқындайды, және олармен тиісті екіжақты шарттар жасайды.
44. Жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін ұйымдар жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.
45. Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізілген жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлерді халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымға қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттырудан өтуге жібереді.
46. Қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттырудан өту уақытына Бағдарламаға қатысушыға әлеуметтік демалыс беріледі.
47. Ұйым жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлердің қатарындағы Бағдарламаға қатысушылардың өндірістен қол үзіп оқу кезінде тұрақты тұратын жерінен басқа елді мекендерде болған жағдайда, оларға оқуға арналған материалдық көмек құрамында мынадай:
1) жол жүруге – оқу кезеңінде екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) тұруға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын қаражат төленеді.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу тәртібі
48. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға енгізу сәтінде кәсіптік білімі болған не кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде:
1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі;
2) жұмыс берушілер құрған әлеуметтік жұмыс орындарына мемлекеттің жалақыны он екі ай бойы:
алғашқы алты айда – жалақының елу пайызынан асырмай;
кейінгі үш айда – жалақының отыз пайызынан асырмай;
соңғы үш айда – жалақының он бес пайызынан асырмай ішінара субсидиялау шартымен жібереді;
3) жұмыс берушілер құрған жұмыс орындарына мемлекеттің жалақыны алты ай бойы толық субсидиялауы шартымен жастар практикасынан өту үшін жібереді.
49. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын ай сайын субсидиялаудың мөлшері салықтар мен әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескергенде, алғашқы алты айда 26 мың теңгеден, кейінгі үш айда 15,6 мың теңгеден, соңғы үш айда 7,8 мың теңгеден аспауға тиіс болады.
Бұл ретте жұмыс берушімен жасалған шарт қолданылған тұтас кезең бойы жалақының айлық мөлшерін азайтуға жол берілмейді.
50. Жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын ай сайын субсидиялаудың мөлшері салықтардың, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін ескергенде, бүкіл жұмыс кезеңінің ішінде айына 17,2 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс болады.
51. Тұрақты тұратын жерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жағдайда кәсіптік оқу оқыған Бағдарламаға қатысушыларға Бағдарламаның екінші («Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу») немесе үшінші («Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру») бағыттарына қатысу ұсынылады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздармен табысы
аз адамдарды оқытуды және олардың жұмысқа орналасуына
жәрдемдесуді қаржыландыру тәртібі
52. Оқудың ақысын төлеу, жол жүрудің және тұрудың шығыстарын өтеу, жалақыны субсидиялау мақсатында Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік қолдауды қаржылай қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.
53. Қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін нысаналы трансферттерді пайдаланудың нәтижесі туралы:
1) білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оның ішінде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) бойынша;
2) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бөлігінде жалақыны субсидиялау бойынша келісімдер жасалады.
54. Қаржылық тәртіпті және бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мониторингін қамтамасыз ету үшін нысаналы трансферттерді пайдалану нәтижелері туралы:
1) білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің арасында кәсіптік даярлау бөлігінде (оның ішінде бұрын 2010 жылы Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға бөлінген);
2) Бағдарлама операторы және облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің арасында кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға, жалақыны субсидиялау бөлігінде келісімдер жасалады (2013 жылдан бастап енгізіледі).
55. Білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган, Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.
56. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және кадрлардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) шеңберінде кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауға, сондай-ақ жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ұйымдармен жасасқан шарттар негізінде, жалақыны субсидиялау – жұмыс берушілермен жасасқан шарттар негізінде жүзеге асырылады.
57. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік даярлауды, оның ішінде бұрын 2009 және 2010 жылдары Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (Жол картасы) шеңберінде кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын аяқтауын қаржыландыру техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес оқуды толық аяқтау мерзіміне дейін жыл сайын жүзеге асырылады.
58. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне қарай білім беру саласындағы орталық уәкілетті органға және Бағдарлама операторына келісімдерде көзделген нысан бойынша және мынадай:
1) кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдардың саны туралы;
2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен, жұмысқа орналастырылған, оның ішінде бар бос жұмыс орындарына; әлеуметтік жұмыс орындарына; жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылар саны туралы;
3) қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлердің саны туралы мәліметтерді қамтитын есептерді ұсынады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысатын адамдарды оқытуды,
олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді
және оларға мемлекеттік қолдау шараларын
көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидасына қосымша
______________________ ауданының
(қаласының) халықты жұмыспен
қамту орталығының директорына
________________________________
________________________________
________________________________
______ мекенжайы бойынша тұратын
_______________________________
Өтініш
Мені «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылар қатарына енгізуді сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесі;
еңбек кітапшасының (болған жағдайда) көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз және жұмыспен ішінара қамтылған қызметкерлердің қатарындағы жұмыс істейтін адамдар үшін);
білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес);
жұмыс берушінің жұмыс уақыты толық емес, немесе жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылған режимге өтуі туралы, немесе әлеуметтік демалыс беру туралы, немесе мәжбүрлі бос тұрып қалуы (жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін) туралы актісі.
Күні қолы
___________________________________________________________ азаматтың өтініші 20__ ж. «___»____________ қабылданды, № ________ болып тіркелді
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
*ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтініш беруші жауапты болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 378 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 18 шiлдедегi
№ 816 қаулысымен
бекiтiлген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) ауыл кәсiпкерлерi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрi – Бағдарлама) екiншi бағытына қатысатын өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар (бұдан әрi – адамдар) үшiн кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, жеке iсiн ашуға немесе кеңейтуге жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамытуды жайластыру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы бағыт шеңберiнде мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi:
1) консультативтiк қызмет көрсету;
2) оқуға материалдық көмек көрсете отырып, кәсiпкерлiк негiздерiне тегін оқытуға жіберу;
3) микрокредит беру;
4) Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалар үшiн жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру.
3. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме;
2) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетiнше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
3) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн Халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша өтiнiш берген жеке тұлға;
4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешiм алған, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;
5) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – комиссия) – жергiлiктi атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
6) өңiрлiк комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
7) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларда мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген ұлттық басқарушы холдинг және акциясының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым;
8) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiрушi орталық атқарушы орган;
9) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
10) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/қалалық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның құрылыс және аумақтарға құрылыс салу мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
11) микроқаржы ұйымдары (бұдан әрi – МҚҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметiн жүзеге асыратын микрокредиттiк ұйымдар және кредиттiк серiктестiктер;
12) микрокредиттiк ұйым – «Микрокредиттiк ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 392 Заңында айқындалған тәртiппен микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) экономикалық даму мәселелері жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттарды әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi орган;
16) оқуға материалдық көмек – кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтіп жатқан Бағдарлама қатысушысына жол жүру және тұруына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат.
2. Азаматтардың Бағдарламаның екiншi бағытына қатысу талаптары
мен шарттары
4. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар ауыл кәсiпкерлерi мен өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар болып табылады.
5. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысқысы келетiн адамдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
6. Өтiнiш беру кезiнде мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
3) еңбек кiтапшасының (болған жағдайда) көшiрмесi немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (жұмыс істейтін адамдар үшiн);
4) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
5) жоба үшiн жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм (қажет болған жағдайда).
Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:
1) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екенiн;
2) төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетілетін екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрi басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейлi банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
7. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды, өтiнiш берушiлермен әңгiмелесу өткiзедi, кәсiпкерлiк негiздерiн оқуға, микрокредит алуға, сондай-ақ жобалар бойынша жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жөніндегі қажеттiлiктi айқындайды.
8. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар құрамына енгізу үшін өтініш берушілердің құжаттарын Комиссияның қарауына жібереді.
9. Бағдарлама қатысушыларын айқындау кезінде бизнес-ұсыныстардың Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы орган бекіткен өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басымды бағыттарына және осы Қағиданың 3-тарауында белгіленген микрокредит беру шарттарына сәйкестігі ескеріледі.
Аталған бағытқа қатысуға өтінімде жобалар үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру және қосалқы технологиялық жабдық сатып алу қажеттігі көрсетіледі.
10. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасайды.
11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес кәсіпкепрлік негіздеріне оқуға жібереді және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.
12. Кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараты негiзiнде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды қамтамасыз етедi, олардың оқу мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс.
Оқу бағдарламасы мен оны өткiзу кестесi халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келiсiледi.
Оқу ұйымы Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын жерiнен тыс жердегi елдi мекендерде орналасқан жағдайда, кәсіпкерлік негіздеріне оқып жатқандарға мынадай:
1) жол жүруге екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
2) тұру үшiн он айлық есептiк көрсеткiштен асырмай өтеледi.
13. Бағдарламаның қатысушылары жобалардың бизнес-жоспарларымен халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдауы бойынша микроқаржы ұйымдарына өтiнiш бередi.
14. Микроқаржы ұйымы он бес жұмыс күні ішінде қарап, микрокредит беру туралы шешім қабылдайды және қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi.
15. Халықты жұмыспен қамту орталықтары микроқаржы ұйымы Бағдарлама қатысушыларына микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдаған соң алдын жасалған әлеуметтік келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізеді.
16. Халықты жұмыспен қамту орталықтары МҚҰ-дан оң қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жобалары жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластыруды қажет ететiн Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының тiзiмдерiн инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
17. Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластыруды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе қаржыландырудың мүмкін емес екені) және қажетті көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.
18. Бағдарламаны iске асырудың барлық кезеңдерiнде адамдардың оған қатысуы туралы ақпарат бірыңғай әлеуметтік-еңбек саласы ақпараттық жүйесінің «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
19. Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтiк келiсiмшартты қолдауды және оған мониторинг жүргiзудi жүзеге асырады, жүргiзiлген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың өздерiне қабылдаған мiндеттемелердi орындауын бақылайды.
3. Микрокредит берудi ұйымдастыру шарттары
20. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық бюджеттен бюджеттiк кредит қайтарымдылық, жеделдiлiк және ақылылық қағидаттары негiзiнде 0,01% сыйақы ставкасымен бес жылға берiледi.
21. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттi өңiрлiк ұйымды белгiлейдi және 5 жылдан аспайтын мерзiмге кредит бередi.
Мыналар үшiн:
1) қаржы агенттiгi мәртебесi бар уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн жылдық сыйақы ставкасы 0,01 % мөлшерiнде белгiленедi;
2) басқа заңды тұлғалар үшiн жылдық сыйақы ставкасы айналыс мерзiмi бюджеттiк кредит мерзiмiне сәйкес келетiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелерi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орташа мөлшерлiк ставкасы деңгейiнде белгiленедi.
22. Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым МҚҰ-ның кредит беруiнiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн МҚҰ iрiктеу бойынша ашық конкурс өткiзедi.
23. Бағдарламаға қатысу құқығын алған МҚҰ мен уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
24. МҚҰ үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңiрлiк комиссияның келiсiмiмен, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредит бойынша сыйақы ставкасының және кредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланатын шығыстардың негiзiнде, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредит бойынша белгiленген сыйақы ставкасының үстiнен 1%-дан асырмай белгiленедi.
МҚҰ үшiн қаржы агенттiгi мәртебесi бар уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңiрлiк комиссияның келiсiмiмен белгiленедi.
25. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары мынадай:
1) кредит микрокредиттiк ұйымдар үшiн кепiл ұсынылғанда немесе кредиттiк серiктестердiң барлық мүшелерi немесе қаржылық жағдайлары уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшiншi тұлғалардың кепiлдiктерi болған жағдайда қайтарымдылық негiзiнде ұсынылады. Бұл ретте бюджеттiк кредиттi қайтаруды қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттiк кредиттiң мөлшерiнен аз болмауға тиiс;
2) нысаналы сипатта болады – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
3) тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;
4) кредит беру мерзiмi – бес жылдан аспайды;
5) кредиттiң ең жоғары сомасы – үш миллион теңгеден аспайды;
6) кредит бойынша негiзгi қарызды өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн, ол кредиттiң берiлген мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауға тиiс;
7) соңғы қарыз алушы үшiн кредит ресурстары бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi сыйақы ставкасын өңiрлiк комиссиямен келiсе отырып, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi.
Кредит ресурстары бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi сыйақы ставкасының мәнi кәсiпкерлiк қызметтiң түрiне байланысты саралануы мүмкiн.
26. Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының жобаларын қарау кезiнде МҚҰ:
1) өтiнiш берушiлердiң жеке iсiн ұйымдастыруға немесе кеңейтуге арналған бизнес-жоспарларын бағалауды жүзеге асырады;
2) өтiнiш берушiлермен жеке әңгiмелесудi жүргiзедi және қажет болған жағдайда, төлем қабiлеттiлiгiн және кепiлдi қамтамасыз етудiң болуын айқындау үшiн өтiнiш берушiнiң табысы мен ресурстарына қосымша тексеру жүргiзедi.
27. Оң шешiм қабылданған жағдайда МҚҰ-ның қорытындысы бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiберiледi. Шешiм терiс болған жағдайда МҚҰ бас тарту себептерiн көрсете отырып, бұл туралы өтiнiш берушiге хабарлайды, өтiнiш берушiге құжаттар пакетiн қайтарады және халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарлайды.
28. МҚҰ шарт жасау және микрокредит беру туралы ақпаратты шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi.
4. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамытуды және жайластыруды ұйымдастыру
29. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органды жергiлiктi атқарушы орган өзi айқындайды.
30. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру өтiнiмдерiн қарайды;
2) ұсынылған жобаларды iске асыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн емес екенi) және оларды қаржыландырудың қажеттi көлемi туралы қорытынды дайындайды;
3) заңнамада белгiленген жағдайларда, әрбiр жоба бойынша техникалық-экономикалық негiздеме немесе жобалық-сметалық құжаттама әзiрлейдi.
31. Техникалық-экономикалық негiздеменi және/немесе жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу, сондай-ақ қосалқы технологиялық жабдықты сатып алу шығыстарын қоса алғанда, жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру шығындары Бағдарламаға қатысушыға берiлетiн кредиттiң жалпы сомасынан аспауға тиiс.
32. Халықты жұмыспен қамту орталығы адамды Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзу туралы оң шешiм қабылдаған жағдайда, инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес жобаның жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру бойынша шаралар қабылдайды.
5. Кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды қаржыландыру, сондай-ақ
жетіспейтін инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамыту және жайластыру
33. Қаржылық тәртiптi қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу үшiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы:
1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында Бағдарламаға қатысушыларға кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту бойынша;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалардың қолданыстағы инженерлiк-коммуникациялық жүйелерiне тарту және қосу мақсатында инженерлiк-коммуникациялық әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ауылды елді мекендерді абаттандыру бойынша келiсiмдер жасалады.
34. Бағдарлама операторы мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.
35. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер бойынша бөлiнбей, бiр сомамен аударылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн екi апта мерзiм iшiнде iске асырылуына қаражат бөлiнетiн жергiлiктi инвестициялық жобалар туралы объектiлер бөлiнiсiндегi жиынтық ақпаратты бюджеттің атқарылуы және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға жiбередi.
36. Бюджеттiк кредиттiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқарылу жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында осы Қағидада ескертiлген шарттарда кредиттiк шартқа қол қойылады.
37. Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша аударады.
38. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай:
1) Бағдарлама операторына – кәсiпкерлiк негiздерiн оқудан өткен, микрокредит алған, жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен Бағдарламаға қатысушылар саны туралы;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға – салынған және реконструкцияланған және/немесе сатып алынған және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектiлер саны туралы есептердi ұсынады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi
шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi
дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша
______________________ ауданының
(қаласының) Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
_________________________________
_______________________ мекенжайы
бойынша тұратын
_________________________________
Өтiнiш
Менi «Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылардың қатарына енгiзудi сұраймын.
Қосымша ___ парақта:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшірмесін (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
еңбек кiтапшасының көшiрмесi (болған жағдайда) немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (жұмыс істейтін адамдар үшiн);
қажет болған жағдайда сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға өтiнiм.
Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:
салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екенiн;
төлем қабiлеттiлiгiн (адамға қызмет көрсетілетін екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрi басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейлi банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Оң шешім қабылданған жағдайда жеке әлеуметтік келісімшартқа қол қоюға міндеттенемін.
Күнi қолы
Азамат ________________________________________________ өтiнiшi 20__ж. «_____»____________ қабылданды, № _____ болып тiркелдi.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
* ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi
шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi
дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
2-қосымша
Бизнес-ұсыныс
1. Жобаның атауы ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Бiлiктiлiгi (кәсiбi, мамандығы) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Кәсiпкерлiк негiздерiн оқу туралы мәлiметтер (аяқтау күнi, ұйымның атауы, оқу бейiнi)____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Жобаның сипаты (мақсаты, ерекше белгiлерi, iске асыру кезеңдерi – тактикалық жоспар, мақсаттарға қол жеткiзу жолдары, қызметтердi немесе өндiрiлген өнiмдi тұтынатын болжамды тұтынушылар)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Жобаның болжамды құны ____________________________мың теңге;
7. Қажеттi кредит сомасы ___________________________ мың теңге;
8. Кредиттiң жоспарлы мерзiмi_____________________________
9. Кредиттi өтеу үшiн төлемдi шегеру қажеттiлiгi (бар, жоқ);
10. Қолда бар мүлiктiң, техниканың және жобаны iске асыру үшiн
қажеттi жабдықтың сипаты ____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту қажеттiлiгi (жол, электр, сумен жабдықтау, кәрiз не септик, байланыс және оның болжамды құны ________________________ мың теңге).
Күнi қолы
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi
шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi
дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
3-қосымша
Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
дамыту және жайластыруға өтiнiм
1. Жобаның атауы______________________________________________
____________________________________________________________________
Жобаның болжамды құны ___________________________ мың теңге;
2. Тегi, аты, әкесiнiң аты ___________________________________
______________________________________________________________
3. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның сипаты:
а) жолдар (ұзындығы км, жол төсемiнiң енi м, бетiнiң сипаты
(түрi), су өткiзгiш құрылыстарды орнату қажеттiлiгi) ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
б) электрмен жабдықтау (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң, оның
iшiнде қос тiреулердiң қажеттi саны, желiдегi қажеттi кернеу (вольт),
төмендеткiш трансформатор сатып алу және орнату қажеттiлiгi) ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
в) сумен жабдықтау (желiнiң ұзындығы км, өткiзу қабiлетi
тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, өрт сөндiру
жүйесiн, оның iшiнде өрт гидрантын жайластыру қажеттiлiгi) __________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
г) кәріз (су өткізу) – қолданыстағы жүйеге қосу - ұзындығы км, өткiзу қабiлетi тәулiгiне текше м., байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, қайта жіберу құдықтары құрылыстарының қажетті саны, сорғы жабдықтарын сатып алу және орнату қажеттілігі) ______________________
_____________________________________________________________________
болжамды құны __________ мың теңге;
д) септик жайластыру – қажеттi көлемi текше м. ________________
4. Байланыс (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң қажеттi саны,
абоненттiк нөмiрлердiң қажеттi саны) ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және қосалқы технологиялық жабдықты сатып алудың жалпы құны ______________________________ мың теңгенi құрайды.
Күнi қолы