Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 378 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 378 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.06.2013 № 636 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз).
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органына қарауға және бекітуге ұсынылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді.».

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 378 қаулысына     
1-қосымша        

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 378 қаулысына    
2-қосымша       

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.