Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 819 қаулысымен  
бекітілген  

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік
серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1772 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттарын айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;
      2) уәкілетті өңірлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
      3) кредиттік ұйымдар (бұдан әрі – КҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер;
      4) микрокредиттік ұйым – (бұдан әрі – МКҰ) – микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) микроқаржы ұйымы – (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      6) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
      7) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      8) өңірлік комиссия – облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
      9) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      10) тіркеуші органдар – кепілдік мүлікке Кепіл шартын және/немесе құқық белгілейтін құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуге уәкілетті органдар;
      11) кредиттік ресурстар – қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушының сыйақы төлеуімен, уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ұйымдарға белгілі бір кезеңге беретін ақшалай қаражат;
      12) кредит бойынша сыйақы ставкасы – берілген кредиттік ресурстарға кредит сомасында пайызбен көрсетіліп белгіленген төлем мөлшері;
      13) МҚҰ (МКҰ) үшін соңғы қарыз алушылар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар;
      14) КС үшін соңғы қарыз алушылар – КС мүшелері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандар;
      15) қарыз алушы – Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру жөніндегі конкурста жеңген кредиттік ұйым;
      16) техникалық сарапшылар – кредиттік ұйымдар ұсынатын қызметтердің конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын әзірлеуге қатысу үшін тартылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып белгіленген сараптау комиссиясы.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Республикалық бюджеттен облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдарға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жылдық 0,01 % сыйақы ставкасымен бюджеттік кредит беріледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес онымен келісім жасайды.
      Мыналар үшін:
      1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін жылдық сыйақы ставкасы 0,01% мөлшерінде белгіленеді;
      2) басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитеттеген, тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидаларда белгіленген шарттарда КҰ-ға конкурстық негізде кредиттік ресурстар ұсынады.
      6. КҰ кредит беруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті өңірлік ұйым:
      1) конкурсқа қатысатын КҰ-ға қойылатын талаптарды, оларға кредиттік ресурстар беру және соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын айқындайды;
      2) өтініштерді бағалау және КҰ-ды іріктеу арқылы конкурс өткізеді;
      3) КҰ-ға кредиттік ресурстарды беруді қамтамасыз етеді;
      4) кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
      7. КҰ ұйымдары арасында конкурс өткізбей соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүргізе алады.

2. Кредиттік ұйымдарға кредит беру шарттары

      8. КҰ-ға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
      КҰ-ға кредит беру шарттары:
      1) кейіннен соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін КҰ-ның айналым қаражатын толықтыруды;
      2) кредиттік ресурстарды игеру мерзімі – бес айға дейін;
      3) кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;
      4) уәкілетті өңірлік ұйымның ұсынатын кредиттері бойынша жылдық сыйақы ставкасын ол өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттер бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай белгілейді;
      5) негізгі берешекті бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді;
      6) кредит және сыйақы бойынша қайтарылған қаражат сомасына пропорционал КҰ-ның кепілін алып тастауды;
      7) өңірлік комиссиялардың келісімі бойынша транш түрінде кредит қаражатын бөлу мүмкіндігін көздейді.
      9. Кредиттік ресурстар:
      1) кредиттік серіктестіктерге КС барлық мүшелерінің немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарына жауап беретін үшінші тұлғалардың кепілдіктерінің негізінде кепілсіз;
      2) МҚҰ-ға (МКҰ-ға) міндетті кепілдік қамтамасыз ету негізінде беріледі. Бұл ретте, бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.
      МҚҰ-ны (МКҰ-ны) кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
      10. МҚҰ-ның (МКҰ-ның) кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық негізде айқындаған бағалаушы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуге тиіс.
      Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы жүргізеді.
      11. КҰ-ға қойылатын біліктілік талаптары осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтиды.
      12. КҰ-ға іріктеу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады:
      1) МҚҰ (МКҰ) үшін:
      берілген микрокредиттердің саны;
      ұсынылған микрокредиттердің орташа мөлшері;
      меншікті капиталдың мөлшері;
      портфель қатері;
      соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасы;
      ауыл тұрғындарына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі және кредит беру нарығындағы кәсіби біліктілігі;
      2) КС үшін:
      меншікті капиталдың мөлшері;
      соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасы;
      микрокредит алуға үміткер қатысушыларда бизнес-жоспарлардың болуы;
      жеке немесе жалға алынған кеңселік үй-жайының болуы;
      кредиттік портфельдің көлемі;
      жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатарындағы адамдардың КС құрамында болуы;
      КС төрағасы лауазымында тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі, микрокредит алуға үміткер қатысушылардың тиісті бизнес-жоспарлары бар адамның болуы;
      Іріктеу өлшемдерін бағалау балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. МҚҰ іріктеу өлшемдерінің мәні осы Қағидаларға 4-қосымшада берілген.

3. Кредиттік ұйымдарды кейіннен кредит беру үшін іріктеу
жөнінде конкурс өткізу

      13. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидаларға 5678910111213-қосымшаларға сәйкес:
      1) лоттардың атауы мен саны көрсетілген қызметтердің тізбесін;
      2) техникалық ерекшелікті;
      3) конкурсқа қатысуға өтінім нысанын;
      4) біліктілік туралы мәліметтер нысанын;
      5) бағалар кестесінің нысанын;
      6) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысанын (банк кепілдігі);
      7) кредит беру туралы шарттың жобасын;
      8) кепіл шартының жобасын;
      9) кредиттік портфельдің құрылымы туралы ақпараттың нысанын қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
      14. Уәкілетті өңірлік ұйым жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өңірлердегі Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы өкілдерінің, уәкілетті өңірлік ұйымның және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің қатарынан конкурстық комиссияны қалыптастырады.
      15. Конкурстық комиссия конкурс комиссиясы мүшелерінің тақ санынан тұрады және кемінде бес адамды қамтуға тиіс.
      Конкурс комиссиясының құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурс комиссиясының мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
      16. Конкурстық комиссияның төрағасы уәкілетті өңірлік ұйымның басшысы не оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысын жоспарлайтын және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын басшының орынбасарынан төмен емес адам болып табылады.
      17. Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Комиссия мүшесінің өзінің дауысын комиссияның басқа мүшесіне беруіне болмайды. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы комиссия отырысына қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
      18. Конкурстық комиссияның хатшысы уәкілетті өңірлік ұйымның конкурсты ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты қызметкері болып табылады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды.
      19. Конкурстық комиссияның хатшысы КҰ-ға конкурстық құжаттаманы ұсынады, олардан конкурстық өтінімі бар конверттерді қабылдайды, конкурстық комиссияның конверттерін ашу бойынша конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін отырыс хаттамаларын ресімдейді; келіп түскен конкурстық өтінімдерді және конкурстық өтінімдері бар конверттерді КҰ-ға беру уақыты мен күні және КҰ-ның уәкілетті өкілінің (конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсынған және конкурсқа қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген КҰ-ны тіркеу журналын жүргізеді.
      20. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ КҰ конкурсқа қатысу өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялауға міндетті.
      21. Қайталама конкурс жүзеге асырылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
      Конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманы ұсынуға жол берілмейді.
      22. Конкурстық құжаттама уәкілетті өңірлік ұйым белгілеген, бірақ бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын төлемге ақылы негізде ұсынылады, және оны уәкілетті өңірлік ұйым конкурс өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      23. КҰ конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі конкурстық өтінім салынған конвертті ашқан күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн болуға тиіс.
      24. Жарамдылық мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімнен анағұрлым қысқа конкурстық өтінімнен бас тартылады.
      25. КҰ дайындаған конкурстық өтiнiм, сондай-ақ конкурстық өтiнiмге қатысты барлық хат-хабар мен құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерінде жасалып, ұсынылады. КҰ ұсынып отырған iлеспе құжаттама мен баспа әдебиет, оларға нақты, нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тілінде аудармасы қоса берілген жағдайда, басқа тiлде жасалуы мүмкiн және бұл жағдайда конкурстық өтiнiмдi дұрыс талдау мақсатында, мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жазылған құжаттар басымдыққа ие болады.
      26. Конкурстық өтiнiмдi КҰ тiгiлген түрде, беттерiн нөмiрлеп ұсынады және соңғы бетiне қолы қойылған болады және мөрмен куәландырылады. Банктiк кепiлдеменiң түпнұсқасы конкурстық өтiнiмге бөлек тiркеледi.
      27. Конкурстық өтiнiм басылуға немесе өшпейтiн сиямен жазылуға және оған КҰ басшысы қол қоюға тиiс.
      28. Уәкілетті өңірлік ұйым (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдердің ешқайсысын ашпайды және оларды табыс еткен әлеуетті қатысушыларға қайтарады.
      29. КҰ өзiнің конкурстық өтiнiмiн кепілдікті қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмдерiн өзгертуге немесе керi қайтаруға құқығы бар.
      30. Кері қайтарып алу туралы хабарлама КҰ-ға жазбаша нысанда, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
      31. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген конкурстық өтінімді өзгертуді КҰ дайындауға, оған мөр басуға тиіс және ол конкурстық өтінім сияқты ұсынылуға тиіс.
      32. Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдерге өзгерiс енгiзуге жол берілмейді.
      33. КҰ конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру туралы жазбаша сұрау жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінім ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмеуі керек. Уәкілетті өңірлік ұйым сұрау тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұраудың кімнен келіп түскенін көрсетпей, мұндай түсініктемелерді конкурстық құжаттаманы берген барлық КҰ-ға хабарлайды.
      34. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің жеке бастамасымен немесе конкурстық құжаттаманы алған КҰ өкілдерінің сұрауына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгеріс енгізуге құқылы.
      35. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттаманы алған КҰ өкілдерімен кездесу өткiзуге құқылы. Мұндай кездесудің хаттамасы тез арада конкурстық комиссияға және барлық әлеуетті қарыз алушыларға жiберiледi.
      36. Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң келесі күні конкурсқа қатысушылардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланады.
      37. Конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалуға тиіс. Әрбір лот бойынша барлық қажетті құжаттарымен екі КМҚҰ-дан кем өтінім берілген жағдайда конкурс өткізілмеген болып есептеледі.
      38. Егер конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi санының болмауы себебiнен конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы белгiленген күн мен уақытында өтпеген жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi және жарияланған мерзiмнен 24 сағаттан кешiктiрмей, конверттердi ашуды өткізу күнi мен уақыты туралы жариялайды. Бұл ретте жаңадан берiлген өтiнiмдер қабылданбайды.
      39. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді барлық келген қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
      Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан кезде қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы КҰ-ның атауы мен мекенжайын, соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасын көрсете отырып, олар сұратқан қарыз сомасын, егер олар құжат жүзінде көрсетсе, конкурстық өтінімнің кері қайтарып алынуын және өзгертілуін, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты жариялайды.
      40. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындысын шығарады.
      41. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi олардың толық болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ жалпы конкурстық өтінімдердің дұрыс ресімделуін тексереді.
      42. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 40-тармағында айтылған сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда конкурстық өтiнiмнен бас тартады.
      43. Конкурстық өтiнiм Конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермейді деп белгiленiп, конкурстық комиссия одан бас тартқан жағдайда, кейiн оны белгіленген талаптарға сәйкес деп таныла алмайды.
      44. Конкурстық өтінім сәйкес келген жағдайда конкурстық комиссияның мүшелері балдық жүйе бойынша бағаланатын осы Қағидаларға 4-қосымшада көзделген өлшемдер негізінде КҰ-ны іріктеуді жүзеге асырады. Конкурстық комиссия балдарды есептеу арқылы МҚҰ, МКҰ мен КС қатарынан кредиттік ресурстарды алуға әлеуетті үміткерлердің тізімін айқындайды. Ең жоғары балл жинаған МҚҰ, МКҰ мен КС жеңген болып есептеледі.
      45. Конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуiнің жинаған балы тең болған кезде, конкурс жеңімпазы конкурстық комиссия мүшелерiнiң қарапайым дауыс беруiмен анықталады.
      46. Мынадай:
      1) егер оған екі конкурсқа қатысушыдан кем қатысса;
      2) егер конкурс қатысушыларының ұсыныстары конкурс шарттарын қанағаттандырмайды деп танылса;
      3) ұсынылған конкурс өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда конкурс өтпеді деп танылады.
      Бұл жағдайларда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттама рәсімделеді.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      47. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
      48. Қайталама конкурс өтпеді деп танылған кезде, осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген жағдайларда комиссияның шешімі бойынша соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру үшін КҰ анықталады, ол туралы тиiстi хаттама жасалуға тиiс.
      49. Қажет болған жағдайда заңнамаға сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым техникалық сарапшылардан тұратын сараптау комиссиясын құра алады.
      50. Техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясы) үш жұмыс күні ішінде КҰ ұсынған қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде сараптамалық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде олардың дауыс беруге құқығы болмайды.
      51. Техникалық сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау кезiнде, ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда ғана ескерiледi.
      52. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және ол конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
      53. Конкурсқа қатысатын кредиттік ұйым конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының нәтижелері бойынша:
      1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:
      конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға өткізілген конкурс нәтижесін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;
      конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;
      конкурсқа қатысушыларға не оның уәкілетті өкілдеріне өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін ұсыну күні, уақыты және орны туралы ақпаратты береді;
      2) конкурстық комиссияның хатшысы:
      конкурсқа қатысушы кредиттік ұйымның конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстырып қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурс қорытындысы туралы хаттама жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы өзінің қол қоюын және әрбір бетін дәйектеуін қамтамасыз етеді;
      конкурсқа қатысушы кез келген кредиттік ұйымның талап етуі бойынша (ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген) мұндай жазбаша сұрауды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті өкілдерге өткізілген конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жіберуді не ұсынуды ұйымдастырады.
      Өткізілген конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органына көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      54. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол жазбаша жазылуға және конкурстық комиссияның отырысы хаттамасына қоса берілуге тиіс. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі өндірістік немесе басқа да себептер бойынша болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хаттамасында оның болмауының себебі және осы фактіні растайтын қағаз құжатқа сілтеме көрсетіледі.
      55. Жеңімпаздарды бекіткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы бұқаралық ақпараттық құралдарына конкурс қорытындысын жариялау мәселесі жөнінде хабарландыру беруге бастамашы болады.
      56. Егер конкурс жеңімпазы үш жұмыс күні ішінде тиісті шарттарға қол қоймаса немесе берілген кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, онда уәкілетті өңірлік ұйым КҰ-мен (конкурсты жеңген) кепілдікті қамтамасыз ету құнына сәйкес тиісті кредиттік ресурстар беруге немесе жеңімпаздан кейінгі ең көп балл жинаған конкурстың басқа қатысушысымен шарт жасауға құқығы бар.
      57. Кредиттік серіктестікке кредиттік ресурстар төленген жарғы капиталының көлеміне байланысты (жарғы капиталының 1 бірлігіне кредиттің 10 бірлігінен асырмай) беріледі.

4. Кредиттік ұйымдарға кредит беру тәртібі

      58. КҰ-ға кредит беру жөніндегі өткізілген конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті өңірлік ұйым мен МҚҰ (МКҰ) және/немесе КС (конкурсты жеңген) арасында:
      кредит ұсыну шарттары, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленген кредит беру туралы шарт;
      кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өтініштері мен кепілдіктері, кепіл заттан өндіріп алу және тараптардың жауапкершілігі көзделген кепіл шарты жасалады.
      59. Кредиттік ресурс беру ақша аудару арқылы ғана жүзеге асырылады.
      60. Төлемдерді өтеу кестесі кредиттік ресурстарды берген күні дайындалады және ресімделеді.
      61. Кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларын қарыз алушы уәкілетті өңірлік ұйымға қабылдау-тапсыру актісі бойынша жібереді.
      62. Барлық құжаттар, хат алмасу, шоттардан үзінді-көшірмелер, төлем тапсырмалары, КҰ-мен келіссөздердің актілері олардың кредиттік досьесіне тігіледі.

5. Кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың
уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізу

      63. Кредиттік ресурстарды бергеннен кейін уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ресурстар беру шартына сәйкес мониторингтің жасалған актілерін міндетті түрде қоса отырып, кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Кредиттік ресурстар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым кредит беру және кепіл туралы шарттарда көзделген қаржы санкциялары шараларын қолданады.
      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      64. Кредиттік ресурстар толық өтелген кезде уәкілетті өңірлік ұйым кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы өкім дайындайды және уәкілетті тіркеуші органға басшының қолы қойылған хат жібереді.
      65. КҰ-ның өтініші бойынша уәкілетті өңірлік ұйым кредиттің өтелген сомасының бөлігіне мөлшерлес кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы өкім дайындайды.
      Бұл ретте кепілдікті қамтамасыз етудің құны кредит бойынша сыйақы ставкасының сомасын ескергенде, кредит мөлшерінен аз болмауға тиіс.
      66. Уәкілетті өңірлік ұйым қабылдау - тапсыру актісінің негізінде қарыз алушыға құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары мен хат жібереді.

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік    
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 1-қосымша    

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберіндегі
жобаларға кредит беру туралы келісім

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      _________ қ.                         20___ж. «___» __________
      «_____________________» (толық атауы) мемлекеттік мекемесі 20__ ж. «___» ______ _________ сенімхат негізінде әрекет ететін бұдан әрі «ЖАО» деп аталатын «_____________________» ММ-нің (толық атауы) атынан бастығы ________________ (Т.А.Ә.), бұдан әрі «уәкілетті өңірлік ұйым» деп аталатын екінші тараптан Жарғы негізінде жұмыс істейтін «______________________» АҚ (толық атауы) атынан басшысы ____________ (лауазымы) ___________________ (Т.А.Ә.) Жұмыспен қамту 2020 жол картасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында бірлесіп «Тараптар» деп, әрқайсысы жеке «Тарап», не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы осы келісімді жасасты.
      Осы Келісімде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      жергілікті жұмыспен қамту органдары – Бағдарлама аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу функцияларын іске асырушы жергілікті атқарушы органдардың аудандық (қалалық) жұмыспен қамту орталықтары;
      Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіретін орталық атқарушы орган;
      кредиттік ұйымдар (бұдан әрі – КҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер;
      микрокредиттік ұйым – (бұдан әрі – МКҰ) – микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      микроқаржы ұйымы – (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
      өңірлік комиссия – облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органның жанындағы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
      соңғы қарыз алушы – кредиттік ұйыммен кредит беру туралы шарт жасаған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандар;
      өңір – облыс.

2. Келісім мәні

      1. Осы Келісім ЖАО мен уәкілетті өңірлік ұйым арасындағы өзара іс-әрекет тәртібін, осы Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес ауылда кәсіпкерліктің басым бағыттарының тізбесін, Соңғы қарыз алушылар жобаларын іріктеу және бекіту тәртібін, сондай-ақ өңірде Бағдарламаны іске асыруға қатысты өзге де маңызды шарттарды бекітеді.
      2. Тараптардың келісімі бойынша Бағдарлама бойынша өңірге қаржыландыру көлемі мынадай мөлшерде белгіленді:
      1) ЖАО қаражатынан – ____ млн. теңге;
      2) уәкілетті өңірлік ұйымның қаражатынан (микрокредит беруге тиісті құқықтары болған жағдайда) – ____ млн. теңге;

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Жергілікті атқарушы орган:
      1) соңғы қарыз алушыларға (Бағдарламаға қатысушыларға) кредит беру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге;
      2) уәкілетті өңірлік ұйымды белгілеуге және онымен кредиттік ресурстар беру туралы шарт жасауға;
      3) осы Келісімнен туындайтын өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      2. Жергілікті атқарушы орган:
      1) микрокредит алуға КҰ үміткерлерінің (соңғы қарыз алушының) тізімін ұсынуға;
      2) КҰ мен соңғы қарыз алушыларға кредиттік ресурстар беру шарттарын келісу үшін өңірлік комиссияға шығаруға;
      3) ішкі рәсімдерге және уәкілетті өңірлік ұйым мен КҰ кредиттік процесіне араласпау қағидатын сақтауға;
      4) кредиттік шартқа сәйкес уәкілетті өңірлік ұйымның кредиттік ресурстарын игеру және мақсатты пайдалану мониторингін жүргізуге;
      5) уәкілетті өңірлік ұйымның сұрауы бойынша осы Келісімнің орындалуымен байланысты ақпарат беруге;
      6) осы Келісімнен туындайтын өзге де міндеттемелерді мойнына алуға міндеттенеді.
      3. Уәкілетті өңірлік ұйым:
      1) өңірлік комиссияның келісімі бойынша КҰ мен соңғы қарыз алушыларға кредиттік ресурстар беру шарттарын белгілеуге;
      2) кредиттік ресурстар беру жөнінде конкурс өткізуге және КҰ-ны өз бетінше белгілеуге;
      3) ЖАО-ға кәсіпкерлік негіздеріне үйретуді талап ететін үміткерлердің тізімін жіберуге;
      4) ЖАО-дың сұрауы бойынша осы Келісімнің орындалуымен байланысты ақпаратты беруге;
      5) КҰ кредит беру механизмдерін және қағидасын жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
      6) осы Келісімнен туындайтын өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      4. Уәкілетті өңірлік ұйым:
      1) ЖАО-дан алынған кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
      2) соңғы қарыз алушыларға, сондай-ақ кейіннен өңірде соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін конкурстық негізде КҰ-ға кредиттік ресурстар беруге;
      3) кредиттік шартқа сәйкес оларға тікелей кредит беру кезінде кредиттік ұйымның және соңғы қарыз алушылардың кредиттік ресурстарды игеру және мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;
      4) осы Келісімнен туындайтын өзге де міндеттерді мойнына алуға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      Осы Келісімде тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

5. Құпиялылық

      1. Тараптар осы Келісім шарттарына қатысты ақпарат, қаржылық, коммерциялық және өзге де Келісім жасау және орындау барысында алынған ақпараттың құпия болып табылатыны және Келісімде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жариялауға жатпайтынымен келіседі.
      2. Бағдарламаны іске асыру туралы осы Келісімнің 2-қосымшасына сәйкес есеп беру шеңберінде ЖАО уәкілетті өңірлік ұйымға, уәкілетті өңірлік ұйымның акционеріне және де өзге мемлекеттік органдарға осы Келісімді жасауға және орындауға қатысты ақпарат беруге құқық береді.

6. Дауларды шешу

      1. Келісімге байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктері Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
      2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

7. Қорытынды ережелер

      1. Келісімнің ережелерін өзгертуге және/немесе толықтыруға болады. Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың өкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.
      2. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды, олардың әрқайсысының тең заңдық күші бар.
      3. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
      4. Тараптар Келісімге қол қойылғаннан кейін барлық алдыңғы талқылаулар, ұсынымдар, сондай-ақ хаттар заңдық күшін жоғалтатынына және Келісім мәтініне ауыстырылатынына келіседі.
      5. Келісімде көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

8. Тараптардың мекенжайы, банк деректемелері және қолдары

ЖАО атауы

КҰ атауы

«__________________» мемлекеттік
мекемесі
Мекенжайы:___________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитеті ММ
БИК ____________
IBAN ______________
БСН _________________

____ «_________________________»

Мекенжайы: _____________________
Банк: «___________________»
БИК: _______________
IBAN: (шот нөмірі) _____________

«_________________________» ММ
бастығы
_____________ (Т.А.Ә.)

Басшы «________________________»
_____________ (Т.А.Ә.)

Тараптардың қолдары

_________________________

________________________

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
бағдарламасының екінші бағыты
шеңберіндегі жобаларға кредит
беру туралы келісімге   
1-қосымша        

Экономика салалары бөлінісінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың
басым бағыттарының үлгілік тізбесі*1

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЭҚЖЖ коды

Атауы

Агроөнеркәсіптік кешен

01

Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және 01.11 Дәнді дақылдарды өсіруді қоспағанда, осы салаларда қызмет көрсету

02

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

10

Азық-түлік тағамдары өндірісі

11.06

Мия өндірісі

11.07

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусын өндірісі

Жеңіл өнеркәсіп

13

Тоқыма бұйымдар өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Тері және соған жататын өнім өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі; сабаннан жасалған бұйымдар және тоқуға арналған материалдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі

Құрылыс материалдарының өндірісі

23

Құрылыс материалдарының өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Туризм

55

Тұруды ұйымдастыру қызметтері

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттар, мұражайлар мен басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93.1

Спорт саласындағы қызмет

Өзге де қызметтер көрсету

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу

Тараптардың қолдары


______________________


______________________

______________________
1«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағында белгіленген кәсіпкерлік қызмет түрлерін қоспағанда

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
бағдарламасының екінші бағыты
шеңберіндегі жобаларға кредит
беру туралы келісімге   
2-қосымша        

________________ әкімдігіне

Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Соңғы қарыз алушының атауы

Жобаның атауы

КҰ атауы

Қарызға берілетін қаражаттың нысаналы мақсаты (әрбір қарыз қаражаты бағытының атауы және сомасы көрсетіледі)

Кредит берген күні

Кредит беру мерзімі, айлар

Кредит сомасы, теңге

Кредит бойынша сыйақы ставкасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жиыны:




Кестенің жалғасы

Іске асырылатын орын (аудан, қала)

Экономика саласы

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

күні

күні

Конкурс комиссиясының хаттамасы

Кредит беру туралы шарттар

10

11

12

13

14

15

16

      Лауазымды тұлға ____________________ Т.А.Ә. қолы, мөр
      Жауапты қызметкер __________________ Т.А.Ә. қолы

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 2-қосымша    

Кредиттік ұйымдардың кепілдікті қамтамасыз етуіне қойылатын
талаптар

Кепіл беруші


Қамтамасыз ету түрі

Міндеттемелердің орындалу деңгейі

Қамтамасыздандырылу коэффициенті (кепілдікті қамтамасыз ету құнына сыйақы сомасын ескере отырып кредиттік ресурстар сомасының арақатынасы)

I және II топтарды қосқанда кепіл құрылымындағы үлесі

кемінде (ең төмен үлесті шектеу),%

асырмай (ең жоғары үлесті шектеу),%

1. Қарыз алушы (заңды тұлға);
2. Кез келген үшінші тұлға (заңды не жеке тұлға)

I топ

ақшалай қаражат (депозит, кепілдікке берілген ақша), заңды тұлғалардың кепілдігі (уәкілетті өңірлік ұйымды қанағаттандыратын қаржылық жағдай)

сұратылып отырған қарыздың барлық сомасына міндеттемелер-дің орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылдауға болады

1:1

50%

Шектеусіз

Жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-жайлар, пәтерлер және т.б.)

1:1,3

Шектеусіз

50%

Жылжымалы мүлік (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы, автожол техникасы және т.б.)


1:2

Шектеусіз

60%

II топ

жер учаскесі немесе жерді пайдалану құқықтары (дәнді дақылдарды, көкөніс және т.б. (жайылым жерлерді қоспағанда) өсіруге арналған жер учаскелері. Жерді пайдалану мерзімі кредит беру мерзімінен кемінде 3 (үш) жылға артық болуы керек

І топты қосқанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылдауға болады


Шектеусіз

40%

өсімдік өсіру өнімдері (астық)



Шектеусіз

35%

ауыл шаруашылығы малдары (жылқы, түйе, ірі қара мал)



Шектеусіз

35%

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 3-қосымша    

Кредиттік ұйымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Талаптардың атауы

Кредиттік ұйымдар

МҚҰ (МКҰ)

КС

1

2

3

4

1

Заңды мәртебесi

ҚР заңнамасына сәйкес МҚҰ (МКҰ)

ҚР заңнамасына сәйкес КС

2

Нарықтағы микрокредит беру қызметiн көрсету жөнiндегi үздiксiз қызметтi жүзеге асыру мерзiмi

кемiнде 3 ай (мерзiм бiрiншi кредит берген күннен бастап белгiленедi)

-

3

Бюджет немесе ЕДБ алдында берешектiң болуы немесе болмауы

ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының алдында соңғы есептi күнге (өтiнiш берген ағымдағы ай) мерзiмi өткен берешектiң болмауы

ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының алдында соңғы есептi күнге (өтiнiш берген ағымдағы ай) мерзiмi өткен берешектiң болмауы

4

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгi

бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер

бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер

6

Кредиттiк операцияларды есепке алу жөнiнде автоматтандырылған жүйенiң болуы

МҚҰ (МКҰ) кредиттiк портфелiн есепке алу ААЖ-ның болуы және жұмыс iстеуi. ААЖ мынадай талаптарды қолдап отыруға тиiс: өтiнiмдер мен кредиттiк досьенiң есебiн жүргiзу, қарыз/кепiл/кепiлдiк шарттарын жүргiзу, кредиттердi өтеу кестелерiн қалыптастыру (қолмен, не автоматты түрде), кредиттiк портфель және барлық берiлген кредиттер жөнiнде ақпарат беру

құпталатын талаптар: МҚҰ (МКҰ) кредиттiк портфелiн есепке алу ААЖ-ның болуы және жұмыс iстеуi. ААЖ мынадай талаптарды қолдап отыруға тиiс: өтiнiмдер мен кредиттiк досьенiң есебiн жүргiзу, қарыз/кепiл/кепiлдiк шарттарын жүргiзу, кредиттердi өтеу кестелерiн қалыптастыру (қолмен, не автоматты түрде), кредиттiк портфель және барлық берiлген кредиттер жөнiнде ақпарат беру

7

Белсендi несие портфелiнiң болуы (активтердiң жалпы көлемiне қарағанда өтелмеген кредиттердiң ара салмағы)

жалпы активтiң кемiнде 50 %

талап жалпы активтен кемінде 40%

8

Кеңсенiң болуы

МҚҰ-ның (МКҰ-ның) жеке кеңселiк үй-жайы не кеңсенi жалға алу шарты болуы керек (кеңсенi жалға алу мерзiмi 1 жылдан асқан жағдайда, мұндай шарт тиiстi уәкiлеттi органда тiркелген болуы керек)

заңды мекенжайдың болуы

9

Iшкi нормативтiк құжаттардың мiндеттi түрде болуы

микрокредиттер беру қағидасы және/немесе кредиттiк саясат туралы ереже

кредиттiк серiктестiктiң ақшаларын орналастыру тәртiбi және есеп саясатының қағидасы

10

МҚҰ мен МКҰ өңiрлерде (облыс, аудан) филиалдық желiсiнiң немесе өкiлдiгiнiң болуы

құпталатын талаптар

-

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 4-қосымша    

1. МҚҰ (МКҰ) үшiн iрiктеу өлшемдерi және балл берудiң
ұсынылатын шәкiлi

Р/с №

Iрiктеу өлшемдерi

Көрсеткiштiң мағынасы

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

6 балл

7 балл

8 балл

9 балл

10 балл

1

Берiлген микрокредиттердiң саны (бiрлiк)
(мағынасы жоғары болған сайын, балы көп)

65-ге дейiн

65-тен 130-ға дейiн

130- дан

195-к е дейiн

195-тен 260-қа дейiн

260- тан 325- дейiн

325-тен 390-ға дейiн

390- нан 455- ке дейiн

455-т ен 520-ғ а дейiн

520-дан 585-к е дейiн

585-тен жоғары

2

Берiлген микрокредиттердiң орташа мөлшерi (мың теңгемен)(мағынасы төмен болған сайын, балы көп)

3 001-ден жоғар ы

2501- ден 3000-ғ а дейiн

2 001-ден 2500-г дейiн

1 601-ден 2000-ға дейiн

1 201-ден 1600-ге дейiн

801-ден 1200 ге дейiн

401-ден 800-ге дейiн

201- ден 400-г дейiн

101-ден 200-ге дейiн

100-ге дейiн

3

Өзiңдiк капиталдың активтерге қатынасы (%-бен)
(қатынасы жоғары болған сайын, балы көп)

15

17

19

21

23

25

27

29

32

35

4

Портфель қатерi (%-бен)(негiзгi қарыз бойынша 30 күнiнен асатын ағымдағы мерзiмi өткен берешекпен микрокередит-тер сомасының МҚҰ мен МКҰ жалпы несие портфелiне ара- қатынасы)
(мағынасы жоғарылаған сайын, балы төмен)

18,1- ден 20-ға дейiн

16,1- ден 18-ге дейiн

14,1- ден 16-ға дейiн

12,1-ден 14-ке дейiн

10,1- ден 12-ге дейiн

8,1-д ен 10-ға

6,1-ден 8-ге дейiн

4,1-д ен 6-ға дейiн

2-ден 4-ке дейiн

2-ге дейiн

5

Конкурстық құжаттамада көзделген соңғы қарыз алушы үшiн ең жоғары тиiмдi жылдық сыйақы ставкасы(%-бен),(белгiленген ставкадан мағынасы төмендеген сайын, балы жоғары)

Конкурстық құжаттамада белгiленген

0,2% аз

0,4%аз

0,6%аз

0,8%аз

1% аз

1,2%аз

1,4% аз

1,6%аз

1,8% аз және одан артық

6

Кредит беру нарығындағы ауыл халқына микрокредит беру саласында жұмыс тәжiрибесi мен кәсiби бiлiктiлiгi (ай бойынша) МҚҰ және МКҰ қызметiнiң мерзiмi көбейген сайын балы жоғары)

6

10

16

22

30

37

42

48

54

60

2. КС үшiн iрiктеу өлшемдерi мен балл беру үшiн ұсынылатын
шәкiл

Р/с №

Iрiктеу өлшемдерi

Көрсеткiш мәнi

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

6 балл

7 балл

8 балл

9 балл

10 балл

1

Меншікті капитал мөлшерi (мың теңге)
(көп болған сайын балл да жоғары)

100

101- ден 150- ге дейiн

151- ден 300- ге дейiн

301-ден 450-г е дейiн

451-ден 600-ге дейiн

601- ден 750- ге дейiн

751-ден 900-г дейiн

901-ден 1050-ге дейiн

1051-ден 1300- ге дейiн

1501-ден жоғары

2

Соңғы қарыз алушы үшiн конкурстық құжаттамада көзделген ең жоғары тиiмдi жылдық сыйақы ставкасы (%-бен)
(белгiленген ставкадан мәнi аз болған сайын балл да жоғары)

Кон курстық құжат тамада белгiлен ген

0,2% аз

0,4% аз

0,6% аз

0,8% аз

1% аз

1,2% аз

1,4% аз

1,6% аз

1,8% аз және одан жоғары

3

Ауылды елдi мекендерге микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжiрибесi мен кредит беру нарығындағы кәсiби бiлiктiлiгi (аймен)
(МКҰ қызмет мерзiмi үлкен болған сайын балл да жоғары)

6-ға дейiн

6-дан

8-ге дейiн

8-де н 10-ға дейiн

10-на н 12-ге

дейiн

12-ден 14-ке дейiн

14-тен 16-ға дейiн

16-дан 18-ге дейiн

18-ден 20-ға дейiн

20-дан 22-ге дейiн

22-ден 24-ке дейiн

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 5-қосымша    

Кредиттік ұйымдарға кредит беру конкурсы жөнiндегi қызметтер
тiзбесi

Конкурсты ұйымдастырушының атауы -
_________________________________________________________________
(уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның толық атауы)

Р/с №

Лот атауы

Лот сомасы, теңгемен



















Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 6-қосымша    

Кредиттік ұйымдарға кредит беру конкурсы бойынша техникалық
ерекшелiк

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Конкурсты ұйымдастырушының атауы -_____________________________
                              (уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның толық атауы)

      КҰ кредит беру шарттары:

Р/с №

Әлеуеттi қарыз алушы

Микроқаржылық ұйымдар

Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымы (толық атауы)

Кредиттiк ұйым (толық атауы)

1

Кредит мақсаты

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандарға микрокредиттер беру үшiн МҚҰ-ның (МКҰ-ның) айналым қаражатын толықтыру

КС мүшелерiне (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген адамдардың өзге де санаттары мен оралмандарға) микрокредит беру үшiн КС-тiң айналым қаражатын толықтыру

2

Кредит беру мерзiмi

60 айға дейiн

60 айға дейiн

3

Сыйақы ставкасы

__ % (ҚР ҚМ эмитенттеген МБҚ орташа табыстылығы)

__ % (ҚР ҚМ эмитенттеген МБҚ орташа табыстылығы)

4

Негiзгi қарызды өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең

жеңiлдiк мерзiмiнiң ұзақтығы бюджеттiк кредит мерзiмiнiң ұзақтығының үштен бiрiнен аспауы қажет

жеңiлдiк мерзiмiнiң ұзақтығы бюджеттiк кредит мерзiмiнiң ұзақтығының үштен бiрiнен аспауы қажет

5

Валюта

теңге

теңге

6

Негiзгi қарызды өтеу кезеңдiлiгi

төлемдердiң бекiтiлген кестесi бойынша

төлемдердiң бекiтiлген кестесi бойынша

7

Кредиттiк қаражатты игеру мерзiмi

5 айға дейiн

5 айға дейiн

8

Қайтарымдылығы

100%

100%

9

Кредиттi қамтамасыз ету

мiндеттi түрде кепiл беру

КС барлық мүшелерiнiң кепiлдiк беруi (алып жатқан кредит үшiн КС мүшелерiнiң жауапкершiлiгi)

КҰ соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары

Р/с №

Шарттардың атауы

Жергiлiктi атқарушы органдар қоятын шарттар

МҚҰ (МКҰ) конкурстық негiзде кредит беру кезiнде

кредиттiк серiктестiктерге кредит беру кезiнде

1

2

3

4

1

Соңғы қарыз алушы

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген өзге де адамдар санаттары мен оралмандар

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген өзге де адамдар санаттары мен оралмандар болып табылатын КС мүшелері

2

Соңғы қарыз алушылардың кредит алу шарты

бiр соңғы қарыз алушы бiр қарыз алады

бiр соңғы қарыз алушы бiр қарыз алады

3

Бiр соңғы қарыз алушыға микрокредит беру сомасы

3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейiн

3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейiн

4

Соңғы қарыз алушының микрокредиттi мақсатты пайдалануы

өңiрде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттары шеңберiнде жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту («Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-тармағында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет түрiн қоспағанда)

өңiрде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттары аясында, сауданы қоса алғанда, жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту («Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-тармағында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет түрiн қоспағанда)

4-1

Тірек ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде Бағдарламаға қатысушының бір жеке қосалқы шаруашылығына микрокредит беру сомасы

5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейiн

-

5

Соңғы қарыз алушыға қарыз беру мерзiмi

өңiрде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттары шеңберiнде жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту («Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет түрiн қоспағанда)

60 (алпыс) айға дейiн

6

Соңғы қарыз алушыға қарыз беру мерзімі

60 (алпыс) айға дейін

60 (алпыс) айға дейін

7

Негiзгi қарызды өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең

__ай (кредит мерзiмiнiң ұзақтығының үштен бiр бөлiгi)

__ ай (кредит мерзiмiнiң ұзақтығының үштен бiр бөлiгi)

8

Кредит беру тәсiмi

кредиттi траншпен беру мүмкiндiгi

кредиттi траншпен беру мүмкiндiгi

9

Кредиттi қамтамасыз ету

Қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйымның және МҚҰ (МКҰ) iшкi кредиттiк саясатына сәйкес

КС iшкi кредиттiк саясатына сәйкес

      Қолы ____________________
      м.о.
      Лауазымы ___________________________________________
                              ( Т.А.Ә.)

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 7-қосымша    

(Кiмнен) _______________________
(қатысушының атауы)
20__ж. «_____»________

Конкурсқа қатысуға өтiнiм

      Кредиттік ұйымдар арасында қарыз алу құқығына ашық конкурс өткiзу жөнiндегi конкурстық құжаттаманы қарап, конкурстық құжаттамаға сәйкес жалпы сомасы (санмен және жазумен) ____, (қатысушының атауы) мынадай лоттар бойынша әлеуеттi қарыз алушы ретiнде: (лот нөмiрiн және облыстың және ауданның атауын көрсету керек) қарастыруды сұраймыз.
      Бiз өзiмiздiң конкурстық өтiнiмiмiз ұтты деп танылған жағдайда, қарыз алған күннен бастап (бес айдан асырмай) ай iшiнде кредиттiк қаражатты игеруге және 100 % қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттенемiз.
      Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада жазылған кредиттi ресiмдеу шарттарыңызбен келiсемiз. Мынадай баламалы шарттарды: (егер баламалы шарттар болатын болса, солар тiзбеленедi) немесе басқа да шарттарды ұсынамыз (көрсету керек:_____________________________________), бұл ретте ____ (пайыз түрiнде, жазумен көрсету керек) мөлшерде соңғы қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасы бойынша жеңiлдiк беремiз.
      Осы конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнiм салынған конверттердi ашқан күннен бастап ____(60 күннен кем емес) күн iшiнде жарамды болады. Кредиттiк тарих бойынша ақпаратты Кредиттiк бюроға беруге және кредиттiк есеп беруге келiсiмiмiздi растаймыз.
      ___________________ ____________________________
            Қолы             (Лауазымы, Т.А.Ә.)
            М. О.

      Ескертпе:
      Конкурстық өтiнiмде жолдар арасында ешқандай жазулар, сызулар немесе қосып жазулар болмауға тиiс.
      Конвертте әлеуеттi өнiм берушiнiң (конкурстық өтiнiм: қабылданбаған, жеңген болып есептелмесе немесе «кешiккен» болып жарияланған жағдайда, конкурстық өтiнiмдi қайтару мақсатында) атауы, мекенжайы және телефоны көрсетiлуге тиiс.

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 8-қосымша    

Бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер

      1. Қатысушының атауы___________________________________________
      Тiркелген жерi: _______________________________________________
      Қызметiнiң мекенжайы және негiзгi орны:________________________
      2. Соңғы екi жыл iшiнде берiлген кредиттердiң жыл сайынғы көлемi, теңгемен: ___________________________________________________
      3. Сипаты бойынша ұқсас соңғы жыл iшiнде берiлген микрокредит, сомасы мың теңгемен көрсетiледi

Атауы

Қарыз алушылардың саны

Микрокредит сомасы










      4. Қатысушы ұйымының негiзгi лауазымдағы қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi мен тәжiрибесi.

Лауазымы*

Т. А. Ә.

Бiлiмi

ЖОО, диплом бойынша мамандығы

Жалпы жұмыс тәжiрибесi (жыл)

Қарыз берушi ретiнде жұмыс тәжiрибесi (жыл)

Директор






Бас бухгалтер






Кредиттiк офицер






Кредиттiк инспектор






Заңгер






      *Қатысушы ұйымның штаттық кестесiне сәйкес лауазымын көрсетедi

      5. Соңғы екi жыл iшiнде жасалған шарттар бойынша қатысушының мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн соттың жауапкершiлiкке тартуы туралы мәлiметтер.

Тексерiп қараудың басқа да жақтары

Даудың нысаны

Сот өткiзiлген мерзiмдер

Сот шешiмiнiң № мен күнi













      6. Ұсынымдар туралы мәлiметтер. Басқа да заңды және жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пiкiрлерiн (бар болса) көрсетiп, қоса беру керек.
_____________________________________________________________________

      Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын және толықтығын растаймын.

      Қолы ____________________
      М.О.

      Лауазымы __________________ (Т. А. Ә.) ____________________

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 9-қосымша    

Қатысушының конкурстық өтінімінің бағалар кестесі
_________________________________________
(қатысушының атауы)
№ __ лот
(әрбiр лотқа жеке толтырылады)


Атауы

1. Қысқаша сипаттамасы (лот атауы)


2. Өлшем бiрлiгi

теңге

3. Қарыз (лот) сомасы


4. Соңғы қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасы


      Қарыз шарттары: Бiз конкурстық құжаттамада көзделген базалық кредит шарттарымен келiсемiз. Мынадай балама шарттарды ұсынамыз:(егер болса шарттары көрсетiледi).
      Осы конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнiм салынған конверттердi ашқан күннен бастап (60 күннен кем емес) күн iшiнде (толық жазу) жарамды.

      _____________ ________________________________________
          (Қолы)            (Лауазымы, тегi, А.Ә.)
          М. О.

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 10-қосымша    

Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету нысаны
(банк кепiлдiгi)

      Ескерту. 10-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Кепiл беруші:__________________________________________________
      Тұратын орны:
      Деректемелерi:
      Кiмге:_________________________________________________________
      Тұратын орны:
      Деректемелерi:

№______ кепiлдiк мiндеттеме

      _______________________ «____»__________ ж.
        (орналасқан жерi)

      Бiз       (қатысушының атауы) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары арасында ______________________________ ұйымдастырған кредиттiк ресурстар алуға конкурсқа қатысатындығынан және Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысушыларға кейiннен микрокредиттер беру үшiн (лот атауы) жалпы сомасы (сома сандармен және жазумен) теңгеге кредит алуға дайын екендiгiнен хабардармыз. Жоғарыда аталған конкурсты өткiзу жөнiндегi конкурстық құжаттамада банк кепiлдiгi түрiнде конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзу көзделген.
      Осыған байланысты бiз (Банк атауы) Сiздiң ақы төлеуге жазбаша талабыңызды және Қатысушы:
      конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмд қайтарып алғандығын немесе өзгерткенiн;
      белгiленген мерзiмде шартқа қол қоймағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейiн Сiзге Сiздiң талабыңыз бойынша (санмен және жазумен) теңгеге тең соманы қайтарып алусыз төлеу мiндеттемесiн өзiмiзге аламыз.
      Осы кепiлдiк мiндеттеме конкурс өтiнiмдерiн ашқан күннен бастап күшiне енедi.
      Осы кепiлдiк мiндеттеме конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашқан күннен бастап 60 (алпыс) күн iшiнде қолданылады және егер Сiздiң жазбаша талабыңызды бiз 20 ж. ____ аяғына дейiн алмасақ, осы құжат бiзге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшiн жояды.
      Осы кепiлдiк мiндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

      Кепiл берушінің қолы мен мөрi                Күнi мен мекенжайы

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 11-қосымша    

№_____ кредит беру туралы шарт
(конкурстық өтiнiм бойынша)

      Ескерту. 11-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20_ ж. «___» _______

      Конкурс ұйымдастырушысы (бұдан әрi – Кредит берушi): Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым (толық атауы) атынан _______________________ бiр жағынан және Конкурс жеңiмпазы (бұдан әрi – Қарыз алушы): Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын «_________ (толық атауы)» «Микрокредиттiк ұйым (кредиттiк серiктестiк)» атынан ______________________ екiншi жағынан төмендегi туралы шарт жасасты:
      Осы Шартта қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:

Кредитор

Атауы:
Мекенжайы: ___________, БСК, ЖСН, ЖСК

Қарыз алушы

__________ Мекенжайы: ___________, ағымдағы шоты (бар болса)
БСК, ЖСН, ЖСК

Кепiл берушi:

_______________ ЖШС (АҚ)
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК немесе
Қазақстан Республикасының азаматы
Жеке куәлiгiнiң № _____ ҚР IIМ (Әдiлетминi)
«__» ____ ______ ж. берген.
Мекенжайы: ____________
Ағымдағы шоты (бар болса), ЖСН

Кепiл туралы шарт

Кредит берушi мен кепiл берушiнiң арасында 20__ ж. «__» ____ жасалған № ___ кепiл шарты

1. Шарттың мәнi

      1.1. Осы Шартқа сәйкес Кредитор Қарыз алушыға осы Шарттың 3.1-тармағында көзделген шарттарды сақтай отырып, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру үшiн 20__ жылғы «___» _____ дейiнгi мерзiмге _________ (_________) теңге сомаға кредит бередi.
      1.2. Жылдық тиiмдi сыйақы ставкасы Шарт жасау күнiне жылдық _____ % -н құрайды.
      1.3. Кредит қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделдiлiк және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
      1.4. Қарыз алушының осы Шарттағы мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету:
      1. (қамтамасыз ету түрлерi көрсетiледi) болып табылады.
      Мүлiк құны ______ (________) теңге сомада белгiлендi.

2. Кредит беру шарттары

      2.1. Кепiл шартын жасағаннан және мемлекеттiк тiркегеннен кейiн, Кредитор Қарыз алушыға осы Шарттың 1.1-тармағында белгiленген мөлшерде оның шарттарына сәйкес кредиттiк ресурстар бередi.
      2.2. Сыйақы сомасы Қарыз алушының кредиттi пайдаланған нақты уақыты үшiн кредит бойынша негiзгi берешектiң қалдығына есептеледi. Сыйақы есептеу үшiн жылдағы 360 күн және айдағы 30 күн не толық емес айда өткен күндердiң нақты саны есепке алынады.
      2.3. Сыйақы төлемiн Қарыз алушы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын төлемдер кестесiне (төлем кестесi осы шартқа қоса берiлуге тиiс) сәйкес тоқсан сайын жүргiзедi. Сыйақының соңғы төлемi кредит мерзiмiнiң соңында негiзгi берешек сомасы өтелгенде бiр уақытта жүргiзiледi.
      2.4. Негiзгi берешектi өтеу күнi және оларға есептелген сыйақы күнi жұмыс күнiне тура келмесе (демалыс, ресми мерекелер), өтеу күнi келесi бiрiншi жұмыс күнiне ауыстырылады. Кредит беру және толық көлемде қайтару күнi бiр күн бұрын қабылданады, бұл ретте бiр жыл 360 күнге, бiр ай 30 күнге тең қабылданады.
      2.5. Қарыз алушы кредиттi, осы Шарттың талаптарын бұзғаны үшiн есептелген сыйақыны қайтару жөнiндегi берешектi және айып төлемiн (айыппұл, өсiмақы) өтеген кезде, Кредитор берешектi өтеуге ақшаны мынадай кезектiлiкте жiбередi:
      салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер (мемлекеттiк баж);
      айыппұлдар;
      сыйақы және негiзгi қарыз бойынша мерзiмi өткен берешек үшiн есептелген өсiмақы;
      мерзiмi өткен сыйақы;
      мерзiмi өткен негiзгi қарыз;
      кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы;
      негiзгi қарыз.
      2.6. Қарыз алушының кредиттi мерзiмiнен бұрын iшiнара өтеу туралы жазбаша хабарламасының негiзiнде, Кредит берушi мерзiмiнен бұрын iшiнара өтеудi жүзеге асырады, Қарыз берушiмен кредит бойынша кезектi төлемдi енгiзген күннен кешiктiрмей келешектегi төлемдер үшiн негiз болып табылатын төлемдердiң Жаңа кестесiн жасайды және қол қояды. Күнi кейiнiрек қойылған кесте төлемдер үшiн негiз болып табылады, осы Шартқа Қосымша ретiнде қосылады және жаңа кестеге қол қойылған күннен бастап күшiн жоятын алдыңғы кестенiң орнын басады.
      2.7. Осы Шарт бойынша кредиттi мерзiмiнен бұрын iшiнара немесе толық өтеуге Қарыз алушы Кредиторға үш банктiк күн бұрын жазбаша хабарлаған жағдайда жол берiледi, бұл ретте сыйақыны қайта есептеу негiзгi қарыз және ол бойынша сыйақы бiржолғы өтелген жағдайда осы Шартқа қоса берiлген Төлемдер кестесiне сәйкес кредит бойынша ай сайынғы/тоқсан сайынғы жарналардың кемiнде ________________ пайызы сомасында жүргiзiледi.
      2.8. Қарыз алушының кредиттi мерзiмiнен бұрын iшiнара өтеуi туралы жазбаша хабарламасының негiзiнде және Қарыз алушының ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың берiлген сомасы жеткiлiктi болғанда, Кредитор мерзiмiнен бұрын өтеудi жүргiзедi, Қарыз алушымен кредит бойынша кезектi төлем енгiзген күннен кешiктiрмей, келешектегi төлемдер үшiн негiз болып табылатын жаңа Төлемдер кестесiн жасайды және қол қояды. Күнi кейiнiрек қойылған кесте төлемдер үшiн негiз болып табылады, осы Шартқа Қосымша ретiнде қосылады және жаңа кестеге қол қойылған күннен бастап күшiн жоятын алдыңғы кестенiң орнын басады.
      2.9. Тараптар мерзiмiнен бұрын iшiнара өтеу кезiнде осы Шартқа қосымша келiсiмдi ресiмдеу кредит берудiң бастапқы параметрлерi (қарызды пайдалану мерзiмi, сыйақы ставкасы, қарыз валютасы, қамсыздандыру түрi) сақталған жағдайда талап етiлмейтiндiгiмен келiседi.

3. Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары

      3.1. Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

Соңғы қарыз алушы

Қаржы агенттігінің мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, МҚҰ (МКҰ) үшiн: ішінара жұмыспен қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, мүгедектер, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар, сондай-ақ Бағдарламада басымдық белгіленген өзге де адамдар санаттары

Бiр соңғы қарыз алушыға микрокредит сомасы

3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейiн

Тірек ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде Бағдарламаға қатысушының бір жеке қосалқы шаруашылығына микрокредит беру сомасы

5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейiн

Микрокредиттiң мақсатты пайдаланылуы

өңiрдегi кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттары аясында жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту

Кредит беру мерзiмi

60 (алпыс) айға дейiн

Микрокредит бойынша ең жоғары тиiмдi сыйақы ставкасы

___ %
(уәкiлеттi өңiрлiк ұйым айқындайды)

Негiзгi қарызды өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең

__ ай (кредит беру мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен асырмай)

Кредит беру тәсiмi

(траншпен беруге болады)

Кредитпен қамтамасыз ету

(кепiл құны немесе КС мүшелерiнiң кепiлдiгi)

4. Кредит беруден немесе алудан бас тарту

      4.1. Кредитор Қарыз алушыға берiлетiн сома мерзiмiнде қайтарылмайтыны туралы айқын куәландыратын мән-жайлар, сондай-ақ Қарыз алушы бюджет, екiншi деңгейдегi банктер, үшiншi тұлғалардың алдында мерзiмi өткен және кепiлдiк мiндеттемелерi және берiлген қаржылық есептiлiктiң және конкурс өтiнiмiн берген кезде өзге де мәлiметтердiң дұрыс еместiгi туралы фактiлер анықталған, сондай-ақ уәкiлеттi органда Кепiл шарттарын тiркемеген жағдайда Қарыз алушыға кредит беруден бас тартуға құқығы бар.
      4.2. Қарыз алушы Кредиторға жазбаша хабарлай отырып, кредит алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқығы бар.

5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      5.1. Кредитор:
      5.1.1. Он күндiк мерзiмде Қарыз алушының мекенжайына Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң шешiмдерiне негiзделген өзгерiстерге байланысты бiржақты тәртiппен енгiзiлген осы Шарт талаптарының өзгеруi туралы ақпаратты жазбаша түрде жiберуге мiндеттенедi.
      5.2. Кредит берушi:
      5.2.1. Алдын-ала хабарламай-ақ Қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайына тексерулер жүргiзуге және сол туралы қажеттi мәлiметтердi алуға;
      5.2.2. Қарыз алушыны ескертпей-ақ кредиттiң мақсатты пайдаланылуын тексеруге құқығы бар. Мақсатты пайдаланбаған жағдайда кредиттi және мақсатты пайдаланбау фактiсi анықталған сәттен бастап осы Шарттың 6.1-тармағына сәйкес айыппұл санкцияларын есептей отырып, пайдаланған нақты уақытта есептелген сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруға;
      5.2.3. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң шешiмдерiне негiзделген өзгерiстермен байланысты Қарыз алушыға осы Шарттың 5.1.1-тармағында белгiленген мерзiмде хабарлама бере отырып, осы Шарттың талаптарын бiржақты тәртiппен өзгертуге;
      5.2.4. Осы Шарт бойынша мiндеттемелер орындалмаған жағдайда Қарыз алушының банктегi кез келген ағымдағы шотынан берешектi акцепсiз есептен шығаруға (шотты тiкелей дебеттеу);
      5.2.5. Бiржақты тәртiппен Қарыз алушы осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда осы Шартты бұзуға құқылы.
      5.3. Қарыз алушы:
      5.3.1. Берiлген нысаналы мақсаттағы кредиттi осы Шарттың 1,1 және 3.1-тармақтарына сәйкес пайдалануға және 100% (жүз пайыздық) қайтарымдылықты қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Кредит алған күннен бастап бес ай iшiнде кредиттiң мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар беруге мiндеттенедi. Кредиттi мақсатты пайдалану жөнiнде растайтын құжаттарды Шартта көрсетiлген мерзiмде бермеген жағдайда, қарызды мақсатсыз пайдаланған болып есептеледi;
      5.3.2. Берiлген кредиттi оны алған күннен бастап бес ай iшiнде игеруге;
      5.3.3. Кредиторға осы Шарттың орындалу шеңберiнде ол жазбаша сұратқан кез келген ақпаратты беруге;
      5.3.4. Кредиттiң мақсатсыз пайдаланғаны анықталған жағдайда Кредитордың бiрiншi жазбаша талабы бойынша кредиттiң мақсатсыз пайдаланған сомасын және мақсатсыз пайдаланғаны үшiн есептелген айыппұл санкцияларын қайтаруды жүзеге асыруға;
      5.3.5. Кредиторға есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей шаруашылық-қаржылық қызмет туралы тоқсан сайын есеп беруге;
      5.3.6. Кредиторға оның ағымдағы шотына ақша аудару арқылы осы Шартта және төлемдер кестесiнде белгiленген мерзiмде негiзгi қарыз және олар бойынша сыйақы сомаларын уақытылы өтеуге;
      5.3.7. Кемiнде бiр ай бұрын кредиторды өзiнiң болатын немесе болжанатын таратылуы/қайта құрылуы, өз құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу не мекенжайының, банк деректемелерiнiң, қосымша кредиттiк қаражат тарту, кепiлдiк мiндеттемелер беру және де басқа осы Шартқа сәйкес Кредит берушiнiң алдындағы қабылданған мiндеттемелердiң орындалуына ықпал ететiн өзгерiстер туралы хабардар етуге;
      5.3.8. Кредит берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiне кез келген уақытта шаруашылық-қаржылық қызметiне тексеру жүргiзуге кедергi жасамауға, барлық қажеттi құжаттарды беруге, кеңсе мен өндiрiстiк үй-жайға кiрудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      5.3.9. Қарыз алушы осы Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы:
      Кредитордың алдында меншiк құқығында оған тиесiлi өзiнiң барлық мүлкiмен, шоттағы теңге және шетелдiк валютадағы ақшаларымен жауап бередi;
      Кредиторға екiншi деңгейде қызмет көрсететiн кез келген банктiң теңгемен және шетелдiк валютамен өз шоттарындағы ақшаларды акцепсiз шығару құқығын керi қайтарусыз және шартсыз беруге;
      Кредиторға екiншi деңгейдегi кез келген банктен ашылған банк шоттарын блоктау құқығын беруге;
      5.3.10. Соңғы қарыз берушiлерге конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкес, жеңген лотқа қатаң сәйкестiкте, сондай-ақ осы Шарттың 3.1-тармағына сәйкес кредит берудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
      5.3.11. Осы Шарт бойынша қамтамасыз ететiн кепiлдiң туындауын, өзгертудi және тоқтатуды тiркеу жөнiндегi барлық шығыстарды Қарыз алушы көтередi.
      5.4. Қарыз алушы:
      5.4.1. Кредитордан осы Шартта жазылған сомада, мерзiмде және шарттарда кредит берудi талап етуге;
      5.4.2. Кредиторға мерзiмiнен бұрын:
      Кредиторға алдын-ала жазбаша хабарламадан кейiн үш банк күнi үшiн кредиттiң iшiнара сомасын;
      Кредиторға алдын-ала жазбаша хабарламадан кейiн үш банк күнi үшiн кредиттi пайдаланған кезеңге есептелген сыйақымен кредиттiң толық сомасын өтеуге құқылы.

6. Жауапкершiлiк

      6.1. Кредиттi мақсатсыз пайдаланған жағдайлар анықталған кезде, Қарыз алушы кредиттi мақсатсыз пайдаланған сомасының __% мөлшерiнде айыппұл төлейдi және Кредит берушi үш күндiк мерзiмде мақсатсыз пайдаланған сомасын мерзiмiнен бұрын қайтарады.
      6.2. Осы Шарт бойынша төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда (сыйақы және негiзгi қарыз) Қарыз алушы осы Шарттың 1.2-тармағында көзделген, оның iшiнде кепiлге берiлген мүлiктi сату уақытында екi еселенген сыйақы ставкасы бойынша төлейдi.
      6.3. Кредит қаражаты осы Шарттың 5.3.2-тармақшаларында көрсетiлген мерзiмде толық игерiлмеген жағдайда, Қарыз алушы игерiлмеген соманың __% (__ пайызы) мөлшерiнде айыппұл төлейдi және Кредиторға кредиттiң игерiлмеген сомасын қайтарады.
      6.4. Осы Шарттың 5.3.3.5.3.5.5.3.7.5.3.8-т. уақытылы орындамаған жағдайда Қарыз алушы кредит сомасының ___ % (__ пайызы) мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      6.5. Кредитор осы Шарттың орындалу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауапты болады.
      6.6. Қарыз алушыға басқа да жауапкершiлiк шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      6.7. Кредитордың қалауы бойынша айыппұл санкцияларын төлеу Қарыз алушыны мiндеттемелерiн орындаудан және бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
      6.8. Айыппұл санкцияларын төлеу Қарыз алушы Кредитордың жазбаша талаптарын алған сәттен бастап екi күнтiзбелiк күн iшiнде жүргiзiледi.
      6.9. Кредитор өз таңдауы бойынша осы Шарттың кез келген мiндеттемелерiн Қарыз алушы бұзған жағдайда бiржақты тәртiппен осы Шартты бұзуға құқылы. Кредитор Қарыз алушыға осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жiберген күнi Шарттың бұзылған күнi болып табылады.
      6.10. Қарыз алушы осы Шарттың талаптарына сәйкес мiндеттемелерiн орындамаған және/немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн Кредитордың алдында жауапты болады.

7. Микрокредиттi және микрокредит бойынша сыйақыларды
мерзiмiнен бұрын қайтару жағдайлары

      7.1. Кредитор Шарттан бiржақты бас тарту және кредит сомасын есептелген сыйақысымен және өзге де осы Шартқа сәйкес Қарыз алушыдан тиесiлi өзге де сомаларды толық көлемде өтеуге беру арқылы осы Шарттың қолданысын мерзiмiнен бұрын тоқтатуына, сондай-ақ Кредиторға кепiлге берiлген мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттан тыс тәртiппен, сондай-ақ Кепiл туралы шартқа сәйкес мынадай жағдайларда:
      осы Шарттың және/немесе Кепiл туралы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда;
      Қарыз алушы төлем кестесiн және 1.1.1.2., 2.3-т-да жазылған шарттарды орындамаған не тиiстi түрде орындамаған жағдайда;
      Қарыз алушының кредит бойынша кезектi төлемдi өтеуi үшiн қаражаты болмаған және олардың түсуiне перспектива болмаған кезде;
      Қарыз берушiнiң/Кепiл берушiнiң мүлкiне және оның шотын пайдалануға тыйым салынғанда (немесе осындай нақты қауiп болса);
      егер Қарыз алушының осы Шарт бойынша мерзiмi өткен мiндеттемелерi болса;
      кепiлге берiлген мүлiктi мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн алып қою (сатып алу) ұйғарылған болса;
      Қарыз алушының/Кепiл берушiлердiң мүлкiне және/немесе кез келген банктердегi банк шоттарына (банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда және өзге де кредиттiк ұйымдарда) қолдануға тыйым салынған немесе өндiрiп алу жарияланған болса;
      кепiл туралы шарт бойынша кепiлге берiлген мүлiктiң құрамындағы кез келген өзгерiстер, мүлiк туралы, оның нашарлауы және/немесе жоғалту немесе ондай мүлiктiң нашарлауы және/немесе жоғалту қаупi туындаған кезде;
      егер сотта Қарыз алушының/Кепiл берушiнiң қатысуымен осы Шарттың және/немесе Кепiл туралы шарттың жарамдылығын дауласу туралы тексеру жүргiзiлiп жатса;
      Кредит берушiнiң негiзделген пiкiрi бойынша Қарыз алушының төлеу қабiлеттiлiгiне олар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындау мүмкiндiгiне терiс ықпал ететiн өзге де жағдайларда қайтаруына болады.

8. Форс-мажорлық мән-жайлар

      8.1. Тiкелей немесе жанама табиғи апаттардың туындауынан пайда болған еңсерiлмейтiн күш жағдайлары (су тасқыны, жер сiлкiнiсi, эпидемия), әскери қақтығыстар, әскери төңкерiстер, террористiк актiлер, азаматтық толқулар, ереуiлдер, ұйғарымдар, бұйрықтар немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарапынан әкiмшiлiк араласуы немесе осы Шарт бойынша Тараптардың мiндеттемелерiн орындауына ықпал ететiн әкiмшiлiк немесе үкiметтiк шектеулер, қандай да бiр басқа да қаулылар немесе өзге де тараптардың белгiлi бiр бақылауынан тыс мән-жайлар туындаған жағдайда, бұл мiндеттемелердiң орындалу мерзiмдерi, егер Шарттың барлық немесе басқа да еңсерiлмейтiн күш жағдайлары туындағаннан кейiн орындауға жататын оның бөлiгiнiң орындалуына елеулi түрде ықпал ететiн болса, бұл оқиғалар болып жатқан уақытқа шамалап шегерiледi.
      8.2. Аталған бөлiмде көзделген Шартты орындауға кедергiлер кез келген мемлекеттiк орган беруге тиiс Шартты орындауға қажеттi рұқсаттардың, лицензиялардың немесе болуға рұқсаттардың, немесе мақұлдаулардың болмауын қамтымайды.
      8.3. Екi Тарап та осы Шарт бойынша мiндеттелердiң орындалуына кедергi келтiретiн еңсерiлмейтiн күш жағдайларының басталуы және аяқталуы туралы бiр-бiрiне дереу жазбаша хабарлайды.
      8.4. Еңсерiлмейтiн күш жағдайларына сiлтеме жасайтын Тарап оларды растау үшiн құзыреттi мемлекеттiк органның құжатын беруге мiндеттi.

9. Шарт бойынша талаптар құқығын қайта табыстау

      9.1. Қарыз алушы кредитордың жазбаша келiсiмiнсiз осы Шарт бойынша өз құқықтары мен мiндеттемелерiн үшiншi адамдарға беруге құқығы жоқ.
      9.2. Осы Шарт бойынша Тараптардың құқықтарын иеленушi осы Шартта жазылған талаптар мен мiндеттемелердi, оның iшiнде ықтимал даулар мен келiспеушiлiктердi реттеумен байланысты талаптар мен мiндеттемелер құқығын да тiкелей өзiне қабылдайды.

10. Шарттың қолданылу мерзiмi мен шарттары

      10.1. Шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшiне енедi және Қарыз алушы осы Шарт бойынша өзiне қабылдаған мiндеттемелердi толық орындағанға дейiн қолданылады.
      10.2. Осы Шартты орындау кезiнде Тараптар Шарт талаптарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

11. Тараптардың келiспеушiлiктерi мен даулары

      11.1. Осы Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi өзара тиiмдi шешiмдер қабылдау мақсатында Тараптар алдын-ала тәртiппен қарайды.
      11.2. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген Тараптар арасындағы барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi. Кредитор мен Қарыз алушының арасындағы даулар Кредитордың Шарт деректемелерiнде көрсетiлген тұратын жерi бойынша қаралуға тиiс.
      11.3. Кредитор Шартта Қарыз алушы көрсеткен нақты тұратын жерi/заңды мекенжайы бойынша жазбаша нысанда жiберген хабарламалар жеткiзiлген болып есептеледi.

12. Қосымша шарттар

      12.1. Қарыз алушы төлем кестесiн осы Шарттың 2.12.3, және 5.3.4-т. жазылған шарттарды орындамаған не тиiстi түрде орындамаған жағдайда, кредит бойынша берешек және тиесiлi сыйақылар мерзiмiнен бұрын қайтарып алуға ұсынылатын болады.
      12.2. Осы Шарттың талаптарын осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, жазбаша қосымша келiсiмде ресiмделетiн Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертуге болады.
      12.3. Осы Шарт бiрдей заңды күшi бар үш данада: 2 данасы – Кредиторға, 1 данасы – Қарыз алушыға жасалды.

13. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi

      Кредитор:                         Қарыз алушы:
      ___________________ Т. А. Ә.      ____________________Т. А. Ә.
                            М.О.                              М.О.

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 12-қосымша    

№ үлгiлiк кепiл шарты
(МҚҰ (МКҰ) үшін)

      Ескерту. 12-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ______________ 20___ ж. «____» ___________ ететін _____________ уәкiлеттi өңiрлiк ұйым (толық атауы), ___________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) атынан бiр жағынан, бұдан әрi «Кепiл берушi» деп аталатын _________________ негiзiнде iс-әрекет ететін _______________________ екiншi жағынан төмендегi туралы шарт жасасты:
      Осы Шартта қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:

Кепiл ұстаушы

Атауы:
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК

Қарыз алушы

___________________
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК

Кепiл берушi:

___________________
Мекенжайы:
БСК, ЖСН, ЖСК

Қарыз шарты

Кепiл ұстаушы мен Кепiл берушiнiң арасында жасалған
20__ ж. «__» ____ № ___ кредит беру туралы шарт

Мәлiмдемелер мен кепiлдiктер:

      Кепiл берушi мыналарды мәлiмдейдi және кепiлдiк бередi:
      осы Шарт тиiстi түрде санкцияланған, олар оны орындайды және осы Шартта баяндалған шарттарға сәйкес орындалуға тиiс Кепiл берушiнiң жарамды және заңды күшi бар мiндеттемесiн бiлдiредi;
      осы Шарттың мазмұны және оның шарттарын тиiстi түрде орындау кез келген келiсiмде немесе Кепiл берушi қатысушы тарап болып табылатын, немесе солар бойынша, оның мiндеттемелерi бар немесе оған қатысты кез келген заңнамалық актiлер, нормативтiк құқықтық актiлер, қағидалар, сот шешiмдерiн қамтитын кез келген ереженi бұзуға себеп болмайды;
      осы Шартқа қол қою сәтiнде оның төленбеген жергiлiктi және жалпы мемлекеттiк салықтар бойынша мiндеттемелерi жоқ;
      осы Шарт бойынша кепiлге берiлетiн кепiл затының бұдан бұрын кепiл ұстаушылары болмаған.
      Кепiл ұстаушы мыналарды мәлiмдейдi және кепiлдiк бередi:
      ол Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға бола отырып, өз атынан осы Шартты жасауға құқығы бар;
      осы Шарт тиiстi түрде санкцияланған, олар оны орындайды және осы Шартта баяндалған шарттарға сәйкес орындауға жататын Кепiл берушiнiң жарамды және заңды күшi бар мiндеттемесiн бiлдiредi.

1. Шарттың мәнi

      1.1. Қарыз шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн Кепiл берушi Кепiл ұстаушыға осы Шартқа Қосымшаға сәйкес ресiмделген, бұдан әрi Кепiл заты деп аталатын Кепiл берушiге меншiк құқығында тиесiлi:________ (кепiлмен қамтамасыз ету түрлерi) кепiлге бердi. Осы Шартқа және оның талаптарына сәйкес Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi түрде орындалмаған кезде, Кепiл затының құнынан қанағаттануға құқығы бар.
      1.2. Қарыз Шартының талаптары бойынша Кепiл ұстаушы Кепiл берушiге ___________сомада (_______________) (санмен, жазумен, теңге) өтеу мерзiмi 60 (алпыс) айға дейiн кредит бердi.
      Кепiл берушiнiң осы Шарт бойынша мiндеттемелерi Қарыз шарты бойынша сыйақының мөлшерi немесе есептеу тәртiбi өзгерген, сондай-ақ сонымен байланысты iс-қимылдар және өтеу мерзiмiнiң өзгеруiн қоса алғанда, төлем кестесi өзгерген кезде толық көлемде сақталады.
      1.3. «_____» ЖШС тәуелсiз бағалаушысының жылжымайтын мүлiктi бағалау актiсiне сәйкес Кепiл затының құны ___________ (санмен және жазумен) теңге сомада айқындалды. Өндiрiп алу сәтiне Кепiл затының құны осы Шарт тараптарының талабы бойынша тәуелсiз бағалаушы жүргiзген баға негiзiнде өзгертiлуi мүмкiн. Тәуелсiз бағалаушының қызметiне ақы төлеудi Кепiл берушi жүргiзедi.
      1.4. Кепiл заты Кепiл берушiнiң иелiгiнде және пайдалануында қалады, ол осы Шартта белгiленген шеңберде иелiк ету құқығынсыз тек оның мақсатына сәйкес пайдалануына болады.
      1.5. Кепiл берушiнiң меншiк құқығы мен Кепiл затының болуы мынадай құжаттармен расталады:__________ (куәландыратын құжаттардың тiзбесi).
      1.6. Кепiл берушi осы Шарт бойынша Кепiл ұстаушының алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда, Кепiл заты есебiнен оған нақты қанағаттандыру сәтiне қалай болса, сондай көлемде шығындар мен шығыстарды негiзгi қарыз, сыйақы, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), Кепiл затын сату бойынша қажеттi шығыс сомасын қоса өтеуге мiндеттенедi.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi

      2.1. Кепiл ұстаушы:
      2.1.1. Кепiл берушiден Кепiл затын сақтауға қажеттi шараларды қабылдауды талап етуге;
      2.1.2. Кепiл берушiден, Кепiл затының жоғалуына немесе бүлiнуiне қауiп тудыратын Кепiл затына қол сұғуды тоқтату шараларын қабылдауды талап етуге;
      2.1.3. Кепiл берушiден осы Шарттың қолдану мерзiмiне Кепiл затына қатысты құжаттарды ұсыну және сақтауға жiберудi талап етуге;
      2.1.4. Кез келген уақытта құжаттарды және Кепiл затының нақты болуы, сақталуы, жағдайын тексеруге құқығы бар, ал Кепiл берушi оған жәрдемдесуге мiндеттi. Мұндай тексерулер бойынша шығыстарды Кепiл берушi көтередi. Кепiл затының бүлiну (бұзылу) қаупi туындаған кезде Кепiл ұстаушы Кепiл берушiден кредит беру туралы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн дереу орындауын талап етуге құқылы;
      2.1.5. Қарыз алушы Кредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн мерзiмiнде орындамаған жағдайда, сондай-ақ осы Шартта белгiленген негiздемелер бойынша Кепiл затын шұғыл өндiрiп алу кезiнде оны дербес, соттан тыс сату арқылы Кепiл затының құнынан өз талаптарын қанағаттандыруға;
      2.1.6. үшiншi тұлғаларға Кепiл берушiге қойылатын талаптарды қайта табыстауға.
      2.1.7. Кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз Кепiл затын қайта кепiлдеу не Кепiл затын қайта кепiлдеудi жүзеге асыру бөлiгiнде Кепiл берушiнiң терiс пиғылы байқалған жағдайда кредит беру туралы шарттың қолдану мерзiмiнiң аяқталуын күтпей-ақ, кез келген уақытта Кепiл затын қайтарып алуға.
      2.1.8. Кепiл ұстаушы кепiл заты құнының төмендеу фактiсiн анықтаған жағдайда Кепiл затын қайта бағалауды жүргiзуге құқығы бар Тәуелсiз бағалаушының қызметiн төлеудi кепiл берушi жүргiзедi.
      2.1.9. Осы Шарт бойынша Қарыз берушi/кепiл берушi мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, кез келген екiншi деңгейлi банктердегi Кепiл берушiнiң кез келген ағымдағы шотынан берешектi акцепсiз есептен шығаруды (шотты тiкелей дебеттеу) жүргiзуге құқығы бар.
      2.2. Кепiл ұстаушы:
      2.2.1. Кепiл заты құжаттарының түпнұсқаларын Кепiл берушi оның алдындағы барлық мiндеттемелерiн толық орындағанға дейiн Кепiл берушi сақтауға қандай түрде берген болса, сондай күйде сақтауға мiндеттi. Бұл ретте Кепiл ұстаушы жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын сақтау кезiнде ешқандай жауапкершiлiкте болмайды және оларды сақтаудан басқа, ешқандай мiндеттеме қабылдамайды.
      2.3. Кепiл берушiнiң:
      2.3.1. Кепiл ұстаушының келiсiмiмен: Кепiл заты басқа тең бағалы мүлiкпен ауыстырылған жағдайда ғана Кепiл затын сатуға;
      2.3.2. Кепiл затының жалпы құны осы Шартта көрсетiлгеннен кемiмеген жағдайда және Кепiл ұстаушының жазбаша келiсiмiмен ғана оның санын өзгертуге құқығы бар.
      2.4. Кепiл берушi:
      2.4.1. Осы Шарт жасалған күннен бастап ________ (______) жұмыс күнiнен кешiктiрмей өз есебiнен тiркеу органында оны тiркеудi жүргiзуге мiндеттi. Бұл орайда, осы Шарт бойынша кепiл құқығын туындау, өзгерту және тоқтатуды тiркеу шығыстарын Кепiл берушi көтередi.
      2.4.2. Кепiл ұстаушының талабы бойынша Кепiл ұстаушыға Кепiл затына қатысты барлық құқық беретiн түпнұсқа құжаттарды, оның iшiнде осы Шартты қолданудың барлық мерзiмiне келешекте Кепiл затына қатысты түсетiн құжаттарды беруге және сақтауға беруге;
      2.4.3. Кепiл затының жай-күйiн айқындау үшiн Кепiл ұстаушының талабы бойынша Кепiл затын Кепiл ұстаушының байқауына ұсынуға мiндеттi. Кепiл затының жай-күйi Кепiл ұстаушы мен Кепiл берушi қол қоятын "Тексеру актiсiнде" сипатталады;
      2.4.4. Кепiл затын тиiстi түрде сақтау үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдауға
      2.4.5. Кепiл затының сақталуына толық жауапкершiлiкте болады. Ол жоғалған, жойылған жағдайда Кепiл берушi Кепiл затын басқа тең бағалы мүлiкпен ауыстыруға мiндеттi. Аталған тармақ орындалмаған жағдайда, Кепiл ұстаушы Кепiл берушiнiң басқа мүлкiн алуға құқығы бар;
      2.4.6. Кепiл ұстаушыға Кепiл затының сапасы нашарлаған және құны кемiген жағдайда бастапқыда кепiлге берiлген Кепiл затының құнына балама мүлiкке қосымша кепiл құқығын беруге мiндеттi. Аталған мiндеттеменi орындау үшiн Кепiл ұстаушының нұсқауы бойынша жүргiзiлген Кепiл затын сараптамалық бағалау актiсi негiз болып табылады;
      2.4.7. Кепiл затының кездейсоқ жойылу қатерiн көтеруге;
      2.4.8. Кепiл затына немесе оның кез келген бөлiгiне қатысты кез келген төлемдердi төлеуге, барлық мiндеттемелердi орындауға және сақтауға және Кепiл ұстаушының бiрiншi талабы бойынша олардың орындалуы мен сақталуын растауды ұсынуға;
      2.4.9. Кепiл ұстаушыға кез келген өкiмдi, нұсқауды, ресми жазбаша талапты, рұқсат қағазды, хабарлама немесе Кепiл затына қатысты болатын немесе қозғауы мүмкiн болатын және Кепiл ұстаушыға қандай да бiр үшiншi тараптан берiлетiн кез келген құжатты дереу ұсынуға;
      2.4.10. кепiлмен қамтамасыз еткен мiндеттеме орындалмаған жағдайда Кепiл ұстаушының барлық талаптарын кез келген басқа мүлiктiң құнынан даусыз тәртiппен қанағаттандыруға;
      2.4.11. Кепiл ұстаушының Кепiл затына қол жетiмдiлiгiн және оның барлығын, сақталуын, жай-күйiн тексерудi жүргiзуге жәрдемдесуге;
      2.4.12. Кепiл затын келесi кепiлге қайта табыстамауға (қайта кепiлге беру), өтеулi және өтеусiз мүлiктi алмауға, оны басқа адамға жалға немесе өтеусiз пайдалануға бермеуге, оларды өзге де түрде Кепiл ұстаушының алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз иелiк етпеуге;
      2.4.13. Кепiл ұстаушыны өзiнiң азаматтық хал-жағдайының (некеге тұру/ажырасу), азаматтығының, тұрақты тұратын немесе көбiнесе тұратын жерiнiң және де өзге деректемелерiнiң ықтимал өзгеруi туралы аталған iс-әрекеттер жасауға дейiн 10 (он) жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етуге;
      2.4.14. Кепiл ұстаушы белгiлеген сақтандыру жағдайларынан сақтандыру компаниясында жыл сайын мерзiмiн ұзарта отырып, бiр жылға Кепiл берушi Кепiл шарты бойынша мiндеттемелерiн толық орындағанға дейiн Кепiл ұстаушыны пайда алушы ретiнде көрсете отырып, Кепiл затын сақтандыруға.
      2.4.15. Осы Шарттың талаптарын Қарыз алушы/кепiл берушi орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда Кепiл берушi:
      Кепiл ұстаушының алдында оған меншiк құқығында тиесiлi барлық мүлкiмен, есеп шоттарындағы теңгемен және шетелдiк валютамен жатқан ақшамен жауап бередi;
      Кепiл ұстаушыға кез келген қызмет көрсететiн екiншi деңгейдегi банктердегi өз шоттарынан теңгемен және шетелдiк валютамен жатқан ақшасын акцепсiз есептен шығару (шоттан тiкелей дебеттеу) құқығын керi қайтарусыз және шартсыз бередi;
      Кепiл ұстаушыға кез келген екiншi деңгейдегi банктен ашылған банктiк шоттарды блоктау құқығын бередi.

3. Кепiл затын өндiрiп алу

      3.1. Кепiл затын өндiрiп алу Кредит беру туралы шарттың талаптары бойынша төленуге тиiс және/немесе оған есептелген сыйақы сомаларын Қарыз алушы Қарыз шартында белгiленген мерзiмдер iшiнде өтелмеген жағдайда туындайды.
      3.2. Кепiл шарты есебiнен Кепiл ұстаушы Қарыз алушының негiзгi мiндеттемелерi, сыйақы, комиссия, Кепiл шартының шарттарын орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн келтiрiлген шығындар сомасын, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (өсiмақы, айыппұл) қосқанда, нақты қанағаттандыру сәтiне айқындалатын толық көлемде Қарыз шарты бойынша өз талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар. Кепiл затын ұстау шығыстары мен Кепiл затын өндiрiп алу жөнiндегi шығыстар да өтелуге тиiс.
      Кепіл заты: Кепіл ұстаушының пошталық, көлік, іссапар шығыстары, Кепіл затына байланысты хабарландыруларды баспаға жариялау төлемдері және сот шығындары бойынша шығыстар.
      3.3. Кепiл ұстаушының Кепiл затын қолданыстағы заңнамаға сәйкес соттан тыс тәртiппен iске асыруға сот тәртібімен өз талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар.
      3.4. Кепiл ұстаушы талаптарын толықтай қанағаттандыру үшiн Кепiл затының сомасы жеткiлiксiз болған жағдайда, ол жеткiлiксiз соманы заңнамаға сәйкес өндiрiп алуға болатын Кепiл берушiнiң кез келген мүлкiнен алуға құқығы бар.
      3.5. Кепiл берушi Кепiл ұстаушыға олар Кепiл затын өндiрiп алу шараларын қабылдау кезiнде кез келген нысанда қарсы әрекет етуге құқығы жоқ.
      3.6. Кепiлге берiлген құқықты сатудан түскен сома Кепiл ұстаушының талаптарын толық қанағаттандыру үшiн қажеттi сомадан асқан жағдайда, Кепiл ұстаушы талаптарын толық қанағаттандырғаннан кейiн қалған айырма Кепiл ұстаушыға төленуге тиiс.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

      4.1. Кепiл берушi осы Шарттың 2.4-тармағының шарттарын бұзған жағдайда ол Кепiл ұстаушыға Кепiл затының құнының_______(пайызын) _________мөлшерiнде айыппұл төлейдi, ал Кепiл ұстаушы берiлген кредиттi және сол бойынша есептелген сыйақы сомаларын мерзiмiнен бұрын қайтаруды және кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң орындалу мерзiмдерi туындағанға дейiн Кепiл затын өндiрiп алуды талап етуге құқылы.
      4.2. Берiлген Өтiнiш және Кепiлдiктерге сәйкес жалған ақпарат берген жағдайда, Кепiл берушi Кепiл ұстаушыға Кепiл заты құнының _______(пайызын) _________мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      4.3. Осы Шарт бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi түрде орындалмаған жағдайда, Тараптар бiр-бiрiне келтiрiлген шығындарды, оның iшiнде жiберiп алған пайданы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтейдi.

5. Шарттың қолданылу мерзiмi

      5.1. Осы Шарт Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi оған қол қойған сәттен бастап күшiне енедi.
      5.2. Кепiл затына Кепiл құқығы осы Шарт уәкiлеттi мемлекеттiк органда тiркелген сәттен бастап туындайды.
      5.3. Осы Шарттың күшi осы Шарттың 1.1-тармағына сәйкес кредит беру туралы Шарт бойынша Қарыз алушы барлық мiндеттемелерiн орындаған кезден бастап тоқтатылады.

6. Дауларды шешу тәртiбi

      6.1. Осы Шартты орындау процесiнде туындайтын барлық келiспеушiлiктер мен дауларды Тараптар өзара тиiмдi шешiмдердi әзiрлеу мақсатында қарайды.
      6.2. Өзара тиiмдi шешiмдерге қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда осы Шартқа байланысты және қатысты туындайтын барлық даулар (келiспеушiлiктер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен қаралуға тиiс.

7. Қосымша шарттар

      7.1. Тараптар осы Шарт бойынша жекелеген құқықтар мен мiндеттемелердi үшiншi тұлғаларға беруге осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың әрбiр Тарапының тек жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      7.2. Осы Шарттың барлық өзгерiстерi мен/немесе толықтырулары, жазбаша нысанда және Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған жағдайда ғана жарамды.
      7.3. Осы Шартта жазылған жағдайларды қоспағанда, осы Шартты орындаудан бiр жақты бас тарту және осы Шартты бiр жақты өзгерту және/немесе толықтыруға жол берiлмейдi.
      7.4. Кепiл ұстаушыдан Кепiл затына меншiк құқығын үшiншi тұлғаларға өткiзуге Кепiл ұстаушының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      7.5. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

8. Қорытынды ережелер

      8.1. Осы Шартта көзделмеген барлық қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      8.2. Келiсу хаттамасы мен осы Шартқа басқа да қосымшалар оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
      8.3. Осы Шарт Кредит беру туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
      8.4. Осы Шарт бiрдей заңды күшi бар үш данада: 1 данасы – Кепiл ұстаушыға, 1 данасы – Кепiл берушiге, 1 данасы – уәкiлеттi тiркейтiн органға жасалды.

      Кепiл ұстаушы ____________________________ (Т.А.Ә.)
         М.О.
      Қарыз беруші ____________________________ (Т.А.Ә.)
        Қолы, М.О.

      № ____ 20___ж «____» ___________________________

Кепiл шартына
қосымша   

20___жылғы ________________ № ____ кредит беру туралы шарт бойынша
мiндеттемелердi қамтамасыз етуге берiлетiн кепiлдiк мүлкi

Р/с №

Кепiл затының атауы

Литердiң аумағы (жалпы және тұратын шаршы метрмен, га)

(ЖУ және жылжымайтын объектiнiң) кадастрлық нөмiрi

Орналасқан жерi

Құқық беретiн құжаттар







Кепiл ұстаушы: _____________________________ (Т.А.Ә.)
М.О.
Қарыз берушi: _______________________________ (Т.А.Ә.)
Қолы, М.О.

Кепiл берушi: _______________________________ (Т.А.Ә.)
Қолы, М.О.

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 13-қосымша    

Кредиттiк портфельдiң құрылымы туралы ақпарат

Кредиттiк портфель (қолданыстағы Шарттар бойынша негiзгi қарыздың жалпы сомасы), мың теңгемен

Мерзiмi өткен берешек,
оның iшiнде:

мың теңгемен

кредиттiк портфельге
пайыздық қатынаста
(%-бен)




(КҰ атауы) «______________________»
КҰ директоры «___________________»       ______________________
                                               (Т.А.Ә.)
Қолы____________
м.о.
Бас бухгалтер «___________________»      ______________________
                                               (Т.А.Ә.)
Қолы ______________________
м.о.

Микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдары мен кредиттік   
серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру     
қағидаларына 14-қосымша    

КҰ-ның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың
тiзбесi

      Ескерту. 14-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      1) Конкурсқа қатысуға өтiнiм;
      2) техникалық ерекшелiк;
      3) бағалар кестесi;
      4) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      5) бiлiктiлiк туралы мәлiметтер;
      6) кредиттiк портфель туралы ақпарат;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кешiктiрiлген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан аспайтын мерзiмде берiлген салық берешегiнiң немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінiң жоқ (бар) екендігі туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қою құқығына ие адамның қолы қойылып, мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы;
      8) әлеуеттi қатысушы орындайтын қызмет түрлерiнiң тiзбесiмен жарғыдан нотариат куәландырған үзiндi көшiрме;
      9) жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшы құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариат куәландырған үзiндi көшiрме;
      10) қолтаңбалардың және мөртабанының үлгiлерi бар нотариалды куәландырылған карточка;
      11) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.08.2013 N 817 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      14) КҰ-ның банктiң (банктердiң) алдында мерзiмi асқан берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшысының немесе расталуы болғанда оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөрi соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер КҰ екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Егер банк анықтамасына оны берген банктiң бiрiншi басшысы қол қойған жағдайда, банк анықтамасына қол қойған адамның қол қою құқығын растайтын құжат (сенiмхат) қоса берiлуi қажет;
      15) бiрiншi басшының немесе оның орнын басатын адамның, бас бухгалтердiң (бухгалтердiң) қолымен бекiтiлген, қалыптасу күнi және сипаты көрсетiлген кредиторлық және дебиторлық берешектер таратылып жазылған қосымшамен соңғы есептiлiк күнiне (тоқсан) қаржылық есептiлiгiнiң түпнұсқасы;
      16) ауылды жерлерде микрокредит берудi жүзеге асыруды растайтын мәлiметтер (микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың көшiрмесi);
      17) кредит тарихы (кредитордың атауы, кредит сомасы және өтеу мерзiмдерi көрсетiлген әлеуеттi қатысушының бұдан бұрын алған кредиттерi туралы ақпараттық анықтама);
      18) бiрiншi басшының немесе оның орнын басатын адамның қолымен және әлеуеттi қатысушының мөрiмен расталған Микрокредит беру қағидасының көшiрмесi;
      19) кредиттiк ресурстарды пайдалану және кепiлге соттан тыс сату құқығымен мүлiк беру туралы уәкiлеттi орган (құрылтайшы, құрылтайшылардың жалпы жиналысы) шешiмiнiң (хаттамасының) түпнұсқасы;
      20) адамның кредит және кепiл беру туралы шарттарға қол қою өкiлеттiктерiнiң жазбаша растамасының (құрылтайшының немесе мүлiк иесiнiң бұйрығы, сенiмхаты, шешiмi) түпнұсқасы;
      21) кепiлге берiлген кепiл мүлiгiне және кепiл мүлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда соттан тыс сатуға меншiк иесiнiң, ерiнiң (зайыбының) (неке туралы куәлiктiң көшiрмесi), /некеде тұрғаны және тұрмағаны туралы анықтама, барлық кәмелетке толған қосымша иегерлерiнiң (отбасы мүшелерiнiң, өзге де адамдардың) нотариалды куәландырылған келiсiмi;
      а) кепiл берушi заңды тұлға болған жағдайда құрылтайшылардың кепiл мүлкiн соттан тыс сату құқығымен беруге шешiмi хаттамасының түпнұсқасын не нотариалды куәландырылған көшiрмесiн, сондай-ақ жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрмесiн беру қажет;
      б) кепiл берушi жеке тұлға болып табылған жағдайда, отбасы құрамы туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсыну қажет;
      в) мүлiктiң иегерi/қосымша иегерi кәмелетке толмаған бала болған жағдайда қамқоршылық пен қорғаншылық органдарының кепiлге және кепiлге ұсынылатын мүлiктi соттан тыс сатуға жазбаша рұқсаттың түпнұсқасын беру керек.
      22) кепiл берушiнiң жеке куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi. Кепіл беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда заңды тұлғаның құқық белгілеуші құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және кредит және кепіл беру туралы шарттарға қол қоюға өкілеттік берілген адамның жеке куәлігін, ЖСН ұсыну қажет;
      23) кепiлдiк қамсыздандыруға ұсынылатын құжаттар:
      1. қамсыздандыруға ақша берiлген жағдайда нотариалды куәландырылған құжаттың көшiрмесi ұсынылады:
      банк шотының шарты;
      банкке ақшаны орналастыруды растайтын шарт;
      ақша кредит мерзiмiнен кем емес кезеңге шұғыл банк салымын ресiмдеген кезде жинақ шоттарына орналастырылған Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қабылданады. Мынадай қажеттi шарттар сақталған кезде:
      депозит шоттағы қалдықтарды жыл сайын растау;
      ақша орналастырылған банк Конкурс ұйымдастырушысының жазбаша рұқсатынсыз және келiсiмiнсiз ақша қалдықтары бойынша iс-әрекет жүргiзбеу туралы кепiлдi мiндеттемелер беруi.
      2. қамтамасыз етуге ғимарат, құрылыс, тұрғын үй-жай, пәтер және т. с. с. жылжымайтын мүлiк түрінде берiлген жағдайда меншiк құқығының туындауына қарай мынадай нотариалды куәландырылған құжаттардың:
      сату-сатып алу шартының, жекешелендiру шартының, айырбастау, сыйға тарту шарттарының, (ғимараттар мен құрылыстар) пайдалануға берудi қабылдау актiсiнiң, мұрагерлiк құқығы туралы куәлiгiнiң, сот шешiмiнiң, жылжымайтын мүлiкке және олармен мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық паспорттың (үй кiтапшасы), жер учаскесiне құжаттардың, ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың көшiрмелерi берiледi.
      3. қамтамасыз етуге жер учаскесiн немесе жердi пайдалану құқығын берген жағдайда меншiк құқығының туындауына орай нотариалды расталған құжаттардың:
      сату-сатып алу шартының, жер учаскесiн жалға беру шартының, сот органдары шешiмiнiң, жер учаскесiн беру туралы әкiмнiң шешiмiнiң, жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнiң, тұрақты жердi пайдалану құқығына актiнiң немесе жердi уақытша (өтеусiз, ақылы) пайдалану құқығы актiсiнiң жер учаскесiне құқықты тiркеу туралы куәлiктiң, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны актiсiнiң немесе жердi пайдалану актiсiнiң жер учаскесi шекарасы жоспарының, жер учаскесi бонитетi балдары көрсетiлген тиiстi құжаттың ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың көшiрмелерi берiледi;
      аудандық әкiмдiктен (аудандық статистика басқармасы) соңғы 3 жылда жүргiзiлген ауыл шаруашылығы жұмыстары туралы анықтама;
      салық комитетiнен салық аударымдарын төлегенi туралы растау-анықтаманы;
      Қазақстан Республикасының бағалау саласында қолданыстағы заңнамасына сәйкес және конкурс өтiнiмдерi салынған конверттер ашылған күнге дейiн кемiнде күнтiзбелiк 90 күн бұрын жасалған бағалау актiсi.
      Кепiлге меншiк құқығындағы немесе уақытша ақылы жердi пайдалану/жердi тұрақты пайдалану құқығындағы Кепiл берушiге тиесiлi жер учаскелерi қабылданады. Жердi пайдалану мерзiмi кредит беру мерзiмiнен кемiнде 3 (үш) жыл артық болуы керек. Кепiлге дәндi дақылдар, көкөнiс және т.с.с. өсiру үшiн қолданылатын жер учаскелерi кепiл берушiлер келесi шарттарды орындаған кезде:
      1. соңғы 3 (үш) жылда агротехникалық iс-шаралардың сақталуы;
      2. берiлген жер учаскелер бойынша топырақ бонитетiнiң балдары:
      Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары үшiн кемiнде 25;
      Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшiн кемiнде 20;
      Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары үшiн кемiнде 18 болуға тиiс.
      3. кепiл берушiнiң бюджет алдында берешегiнiң болмауы.
      4. қамтамасыз етуге жылжымалы мүлiктi (автокөлiк, ауыл шаруашылығы техникасы, автожол техникасы және т.б.) беру жағдайында мүлiктiң түрiне қарай нотариат куәландырған мынадай құжаттар:
      көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiгi, техникалық паспорт, мемтехқадағалау анықтамасы, ауыртпалықтардың болмауы туралы ішкі істер органының анықтамасы;
      Қазақстан Республикасының бағалау саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес және конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк 90 күн бұрын жасалған бағалау актiсiнiң көшiрмелерi ұсынылады.
      Кепiлге көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы, құрылыс-жол және де басқа кестеде көрсетiлген талаптарды қанағаттандыратын арнайы техника қабылданады.

Көлiк құралдарының санаты

Пайдалану мерзiмдерi, жыл


Әзiрлеушi:
Қытай

Әзiрлеушi:
ТМД

Әзiрлеушi: Азия, АҚШ

Әзiрлеушi: Еуропа, Жапония

Ауыл шаруашылығы техникасы, аспалы жабдықтар**  

12*-ге дейiн

20*-ға дейiн

20*-ға дейiн

20*-ға дейiн

Жүк автокөлiгi және олардың тiркемелерi

10*-ға дейiн

20*-ға дейiн (Маз, КамАЗ үшiн 25*-ке дейiн)

12*-ге дейiн

15*-ке дейiн

Жүк автомобильдерi базасындағы арнайы техника

10*-ға дейiн

20*-ға дейiн (Маз, КамАЗ үшiн 25*-ке дейiн)

12-ге дейiн

15*-ке дейiн

Өзге де арнайы техника

10*-ға дейiн

15-ке дейiн

15-ке дейiн

15-ке дейiн

Жеңiл автокөлiк

8-ге дейiн

12-ге дейiн

15-ке дейiн

20-ға дейiн

Автобустар (15 орыннан жоғары

8*-ге дейiн

8-ге дейiн

12-ге дейiн

20*-ға дейiн

Микроавтобустар (15 орынға дейiн)

5-ке дейiн

5-ке дейiн

10-ға дейiн

15-ке дейiн

      5. қамсыздандыруға өсiмдiк (астық) өсiру өнiмдерiн берген жағдайда нотариат расталған құжаттардың көшiрмелерi:
      астық сатып алу туралы құжаттар (шот фактура, сатып алу-сату, айырбастау шарты, сауда-саттық хаттамасы және т.б.). Астық қолхатын ұстаушы дәндi өзi өндiрген болса, егiс алаңдарының болуын растайтын құжаттар, аталған егiс алаңдарының түсiмдiлiгi туралы статбасқармасының анықтамасы, элеватордың директоры және өндiрiстiк-техникалық зертхананың бастығы қол қойған Ф-47 дәндi талдау карточкасының түпнұсқасы, астыққа қолхаты, астық қолхатының куәлiгi, сәйкестiлiк (сапа) сертификаты, ХПП-мен астықты сақтау туралы шарт, астықты сақтау қызметiн төлеу туралы шарт қажет;
      қамтамасыз етуге ауыл шаруашылық малдарын (жылқы, түйе, ірі қара мал) берген жағдайда мынадай нотариалды расталған құжаттардың көшiрмелерi берiледi:
      ветеринарлық паспорт, ауыл шаруашылығы малдардың бар болу туралы ветеринарлық инспекцияның анықтамасы;
      Қазақстан Республикасының баға саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау актiсi және конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк 90 күн бұрын жасалған бағалау актiсiнiң көшiрмелерi ұсынылады.
      Ауыл шаруашылығы малдары мынадай шарттармен қабылданады:
      малды мiндеттi сәйкестендiру;
      малды ұстау және өсiруге қажеттi шарттардың мiндеттi түрде болуы, азық базасы және азықпен қамтамасыз етiлу;
      белгiленген мерзiмдерде ұдайы ветеринариялық тексеруден өту және профилактикалық егудi жүзеге асыру.
      Қажеттiгiне қарай уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның шешiмi бойынша кепiл заттарын мүлiктiк (малдың қырылуынан, ауруынан және т.б.) сақтандыруды жүзеге асыруға болады.
      24) кепiлдiк қамсыздандыруды (жылжымайтын мүлiк) тәуелсiз бағалау.

____________________
      * Жай-күйiн, күрделi жөндеу жүргiзудi бекiтудi есепке ала отырып;
      * аспалы жабдықтар қосалқы жабдығы болып табылатын ауыл шаруашылық техникасын кепiлге алған кезде ғана қабылданады.
      Ескертпе: көлiк құралдары мен басқа да техника сатуға меншiк құқығын сенiмхатпен растаған жағдайда кепiл заты бола алмайды.