Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 305 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесінде:
      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеуді мемлекеттік орман иеленушiлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес жүргізеді.».
      2. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 665-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесінде:
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметiнiң жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1332 қаулысымен бекiтілген Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгiлік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.».
      3. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесінде:
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. 5 килограмнан артық әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсатты ведомствоның аумақтық бөлімшелері өтінім берілген күні бекітілген лимиттерге сәйкес және алу квоталары шегінде өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлегені туралы төлем құжатын ұсынған кезде береді.».
      4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 8, 75-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесінде:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Кеспеағаш аймағын бөлу, ағаштарды қайта есептеу және таңбалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен Қазақстан Республикасының орман қорында таңбалауды қолдану қағидаларына сәйкес жүргізiледi.»;
      113-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ағашы кесілген алаңдар туралы деректер орманшылық бойынша жүргiзiлетiн орманның шығыс кiтабына енгiзiледi, ал учаскелердiң өздерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес алаңы, ағаш кесу жылы және ағаш кесу түрiнiң қысқартылған белгiсi көрсетiлiп, планшеттерге көкшiл бояумен тұтас сызықпен белгiленедi. Бір мезгiлде мөлшерлеу сипаттамасына ағаш кесу жылы, ағаш кесiлген алаң, ағаш кесудің түрі, тұқымдары бойынша кесiлетiн қор, ал өскiндер үшiн – кесуден кейiнгi ағаштың құрамы мен жуандығы енгізiледi.»;
      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «161. Тамыр микозасымен зақымданған емен ормандарында жай-күйі IV-VI санаттағы ағаштар, ал III-IV санаттағы шегiршiн ағаштарының голланд аурулары ошақтарындағы ағаштар тазартуға жатады. Ағаш кесудi күзгi-қысқы кезеңде жүргізген дұрыс, бұл ретте осы ағаштарды iрiктеу және таңбалау зиянкестер жаңадан қоныстанған ағаштарды iрiктеу уақытына келтiрiледі және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1591 қаулысымен бекiтілген Ормандардағы санитарлық қағидаларда айқындалған жәндiктердiң қауiптi түрлерiнiң биологиясын ескеретiн мерзiмдерде жүргiзедi.».
      5. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      6. «Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 399-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 18-бабының 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босату ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Ағаш кесу мен орман билетінің нысандары, Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1511 қаулылары негізінде ұсынылады.»;
      11-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар мен мерзімдерге сәйкес орман пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын түбіртек;».
      7. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 36, 430-құжат):
      1) 1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – ветдәрігер) ұсынады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтама (қағаз тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;
      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі (ветеринариялық анықтаманың бланкілерін беру). Тұтынушы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижелері бойынша айқындалған бланктің құнын төлейді.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Ветеринариялық анықтама тұтынушыға не оның өкіліне жеке өзі келген кезде беріледі.»;
      1 және 2-қосымшаларда:
      «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру» деген сөздер «Ветеринариялық анықтама беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.».
      8. «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат):
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы негізінде көрсетіледі.».
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.