Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 305 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 665-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесінде:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Аңшылық шаруашылықтары қорықшылық қызметiнiң жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қарашадағы № 1332 қаулысымен бекiтілген Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгiлік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.».
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 8, 75-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Кеспеағаш аймағын бөлу, ағаштарды қайта есептеу және таңбалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен Қазақстан Республикасының орман қорында таңбалауды қолдану қағидаларына сәйкес жүргізiледi.»;
113-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ағашы кесілген алаңдар туралы деректер орманшылық бойынша жүргiзiлетiн орманның шығыс кiтабына енгiзiледi, ал учаскелердiң өздерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 1512 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес алаңы, ағаш кесу жылы және ағаш кесу түрiнiң қысқартылған белгiсi көрсетiлiп, планшеттерге көкшiл бояумен тұтас сызықпен белгiленедi. Бір мезгiлде мөлшерлеу сипаттамасына ағаш кесу жылы, ағаш кесiлген алаң, ағаш кесудің түрі, тұқымдары бойынша кесiлетiн қор, ал өскiндер үшiн – кесуден кейiнгi ағаштың құрамы мен жуандығы енгізiледi.»;
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«161. Тамыр микозасымен зақымданған емен ормандарында жай-күйі IV-VI санаттағы ағаштар, ал III-IV санаттағы шегiршiн ағаштарының голланд аурулары ошақтарындағы ағаштар тазартуға жатады. Ағаш кесудi күзгi-қысқы кезеңде жүргізген дұрыс, бұл ретте осы ағаштарды iрiктеу және таңбалау зиянкестер жаңадан қоныстанған ағаштарды iрiктеу уақытына келтiрiледі және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1591 қаулысымен бекiтілген Ормандардағы санитарлық қағидаларда айқындалған жәндiктердiң қауiптi түрлерiнiң биологиясын ескеретiн мерзiмдерде жүргiзедi.».
5. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2014 № 664 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2014 № 239 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).