Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
5. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.30 № 896 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5-1. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ қайта өткізіледі.
Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5-2. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларда жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.
Ескерту. Қағида 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5-3. Жоғары оқу орындары осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдарды ақылы негізде қабылдауы мүмкін.
Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.
Ескерту. Қағида 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жоғары білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
7. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
8. Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіммен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы белгіленеді.
Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар оқу орындарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі осы Үлгілік қағидалардың 1.1-бөлімінде белгіленеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-1. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу тәртібі
Ескерту. Қағида 1-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12-1. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандар тапсырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы.
Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін арнаулы емтихан тапсырады.
12-2. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
12-3. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттардың болуын анықтауға бағытталған.
12-4. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
12-5. Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер бір арнаулы емтихан тапсырады.
12-6. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.
12-7. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талапкерлерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
12-8. Талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан мекенжай бойынша 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
12-9. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
12-10. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтиханды өткізу кезеңіне комиссиялар құрылады. Комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады, төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
12-11. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
12-12. Талапкер арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
12-13. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан басталғанға дейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және апелляцияға өтініштер қабылдаудың уақыты мен орны көрсетіледі.
12-14. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша, арнаулы емтихан – «өтті»/«өтпеді» деп бағаланады.
12-15. Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан төмен балл алған немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
12-16. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан – жіберу ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
12-17. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады.
12-18. Талаптарды сақтауды және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамы, оның төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
12-19. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
12-20. Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және қатысушы комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
12-21. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы немесе шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі.
Кешенді тестілеу өткізу
Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. Кешенді тестілеу тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу тұлғаның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.
14. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәртіпті сақтау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жоғары оқу орындарынына түсетін тұлғаларға кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылады.
15. Кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін базалық жоғары оқу орындарына білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.
16. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2013 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16-1. Осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.
Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16-2. Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.
Ескерту. Қағида 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 1-8 тамыз аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 5-12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
19. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.
Таңдау пәндері және ҰБТ мен кешенді тестілеудің бейінді пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
20. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
21. Кешенді тестілеу өткізу кезінде бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын алмастыруға, көшіріп жазуға, оқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге жол берілмейді.
22. Талапкер осы Үлгілік қағидалардың 21-тармағын бұзған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған заттардың табылғаны және үміткерді шығару актісін жасайды және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. Кешенді тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды. Бұл ретте аталған адамның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
25. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
26. Дұрыс жауаптар коды тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді.
27. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды.
28. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі күнтізбелік үш күн ішінде береді.
29. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия кешенді тестілеудің нәтижелерімен және/немесе тест тапсырмаларының мазмұнымен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
30. Апелляциялық комиссияның төрағасы оның мүшелерінің арасынан білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі, ал оның құрамын кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітеді.
31. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды, Республикалық апелляциялық комиссияға тұлғаға балдар қосу туралы ұсыныс енгізеді және оны апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.
32. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге жіберу рұқсаттамасы болуы керек.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.
33. Тестілеудің нәтижесімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
34. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның тұлғаға балдар қосу туралы ұсынысының негіздемесін қарайды және шешім қабылдайды.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауысы шешуші болып табылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Жоғары оқу орындарына қабылдау
35. Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-28 тамыз аралығында өткізеді.
Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
1) еңбек кітапшасын;
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса) қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.
Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
36. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғалар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына қабылданады.
37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндерден кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке қосымша ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты мен уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.07.2014 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
38. ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.
Оқуға қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39. Ұшқыштарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орнына түсетін тұлғалар үшін дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының ұшқыштарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуына жарамдылығына медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыру міндетті.
40. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдесе, ол құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ұсынған жағдайда жоғары оқу орнының студенті қатарына қабылданады.
Бұл ретте оған білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын соманы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады. Бірақ ол банктен анықтама алған сәттен бастап төрт аптаға жарамды.
41. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғалар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
42. Құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының студенттері қатарына қабылдау медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткіштерін ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімі бойынша жүргізіледі.
43. Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша және белгіленген мерзімде ақпарат ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін он күндік мерзімде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (Т.А.Ә., мамандығы) ұсынады.
44. Осы Үлгі қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Тыйым салынған заттардың табылғаны және аудиторияда тәртіп сақтау қағидаларын бұзған талапкерді аудиториядан шығару туралы акт
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
___________________________________________________________
(базалық жоғары оқу орны)
20_____ж. «____»__________ _______сағ. ________мин.
Министрлік өкілі ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Аудитория кезекшісі ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Талапкер: Т.А.Ә. ____________________________________________
ТЖК_____________, аудитория №______, орын №______, нұсқа №____
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 21-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:
___________________________________________________________________
(ұялы телефонның маркасы, саны және қажет болған жағдайда басқа да мәліметтер, мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)
Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:
- емтихан материалдары алынсын;
- талапкер: Т.А.Ә. _______________________________________________,
ТЖК_____________№__ аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.
____________________________________________________________________
(осы актіні жасаған тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және қолдары)
актімен таныстым: __________________________________________________
(талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
актімен таныстым: __________________________________________________
(базалық жоғары оқу орнының жауапты хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
М.О.
(базалық жоғары оқу орнының мөрі)
Уақыты:_____________
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін талапкердің емтихан материалдарын уақтылы тапсырмау фактісін анықтау актісі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_________________________________________________
(базалық жоғары оқу орны)
20___ж. «___»__________ _______сағ. ________мин.
Министрлік өкілі _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
аудитория кезекшісі ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Талапкер: Т.А.Ә.____________________________________,
ТЖК___________№_____аудитория, №_______ орын, _________нұсқа
тестілеу уақытының аяқталуына байланысты емтихан материалдарын уақтылы тапсырудан бас тартты бұл Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 23-тармағын бұзу болып табылады.
Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:
- емтихан материалдары алынсын;
- талапкер: Т.А.Ә._______________________________________,
ТЖК __________________________________________________________
№__аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.
___________________________________________________________________
(осы актіні жасаған тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және қолдары)
актімен таныстым: ___________________________________________________
(талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
актімен таныстым: ___________________________________________________
(базалық жоғары оқу орнының жауапты хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
М.О.
(базалық жоғары оқу орнының мөрі)
Уақыты:___________
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына
3-қосымша
Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі
Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Коды |
Мамандықтардың атаулары |
1 |
2 |
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар |
|
5В010100 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
5В010200 |
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
5В010300 |
Педагогика және психология |
5В010500 |
Дефектология |
5В010900 |
Математика |
5В011000 |
Физика |
5В011100 |
Информатика |
5В011200 |
Химия |
5В011300 |
Биология |
5В011400 |
Тарих |
5В011500 |
Құқық және экономика негіздері |
5В011600 |
География |
5В011700 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
5В011800 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
5В011900 |
Шетел тілі: екі шетел тілі |
5В012000 |
Кәсіптік оқыту |
5В012100 |
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті |
5В012200 |
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
5В012300 |
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
5В012500 |
Химия-Биология |
5В012600 |
Математика-Физика |
5В012700 |
Математика-Информатика |
5В012800 |
Физика-Информатика |
5В012900 |
География-Тарих |
5В013000 |
Тарих-Дінтану |
Шығармашылық емтихандар тапсыру талап етілетін мамандықтар |
|
Коды |
Мамандықтардың атаулары |
5В010400 |
Бастапқы әскери дайындық |
5В010600 |
Музыкалық білім |
5В010700 |
Бейнелеу өнері және сызу |
5В010800 |
Дене шынықтыру және спорт |
5В020600 |
Дінтану |
5В021500 |
Исламтану |
5В040100 |
Музыкатану |
5В040200 |
Аспаптық орындаушылық |
5В040300 |
Вокалдық өнер |
5В040400 |
Дәстүрлі музыка өнері |
5В040500 |
Дирижерлеу |
5В040600 |
Режиссура |
5В040700 |
Актерлік өнер |
5В040800 |
Эстрада өнері |
5В040900 |
Хореография |
5В041000 |
Сценография |
5В041100 |
Композиция |
5В041200 |
Операторлық өнер |
5В041300 |
Кескіндеме |
5В041400 |
Графика |
5В041500 |
Мүсін |
5В041600 |
Өнертану |
5В041700 |
Сән өнері |
5В042000 |
Сәулет |
5В042100 |
Дизайн |
5В042200 |
Баспа ісі |
5В042300 |
Арт-менеджмент |
5В050400 |
Журналистика |
5В090600 |
Мәдени-тынығу жұмысы |
5В140100 |
Орындаушылық өнер |
5В140200 |
Халық аспаптары |
5В140300 |
Ән айту өнері |
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына
4-қосымша
Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Коды |
Мамандықтардың атаулары |
Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны |
||
1 |
2 |
3 |
||
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар |
||||
5В010100 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В010200 |
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В010300 |
Педагогика және психология |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В010500 |
Дефектология |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В010900 |
Математика |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011000 |
Физика |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011100 |
Информатика |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011200 |
Химия |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011300 |
Биология |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011400 |
Тарих |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011500 |
Құқық және экономика негіздері |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011600 |
География |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011700 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011800 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В011900 |
Шетел тілі: екі шетел тілі |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012000 |
Кәсіптік оқыту |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012100 |
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012200 |
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012300 |
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012500 |
Химия-Биология |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012600 |
Математика-Физика |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012700 |
Математика-Информатика |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012800 |
Физика-Информатика |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В012900 |
География-Тарих |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
5В013000 |
Тарих-Дінтану |
Педагогикалық жағдаятты шешу |
||
Шығармашылық емтихандар тапсыру талап етілетін мамандықтар |
||||
Коды |
Мамандықтардың атаулары |
Бірінші шығармашылық емтихан |
Екінші шығармашылық емтихан |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
5В010400 |
Бастапқы әскери дайындық |
Спорт түрлері бойынша нормативтер |
Спорт ойындары |
|
5В010600 |
Музыкалық білім |
Орындау шеберлігі |
Жалпы музыкалық қабілетін көрсету |
|
5В010700 |
Бейнелеу өнері және сызу |
Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті) |
Кескіндеме (натюрморт) |
|
5В010800 |
Дене шынықтыру және спорт |
Мамандану бойынша нормативтер |
Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер |
|
5В020600 |
Дінтану |
Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу |
Дін негіздері бойынша ауызша емтихан |
|
5В021500 |
Исламтану |
Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу |
Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан |
|
5В040100 |
Музыкатану |
Музыкалық әдебиет бойынша ауызша естихан. Музыкалық тақырыптарды орындау |
Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан |
|
5В040200 |
Аспаптық орындаушылық |
Соло бағдарламаны орындау |
Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан |
|
5В040300 |
Вокалдық өнер |
Соло бағдарламаны орындау |
Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
|
5В040400 |
Дәстүрлі музыка өнері |
Соло бағдарламаны орындау |
Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан. |
|
5В040500 |
Дирижерлеу |
Дирижерлеу. Естіп талдау. Рояльда ойнау. Коллоквиум |
Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
|
5В040600 |
Режиссура |
Жазбаша жұмыс |
Режиссура бойынша ауызша емтихан |
|
5В040700 |
Актерлік өнер |
Актер шеберлігі, сахна тілі |
Би, вокал (драма театрының әртісі мамандығы бойынша) Коллоквиум |
|
5В040800 |
Эстрада өнері |
Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау |
Музыка теориясы бойынша ауызша емтихан, сольфеджио |
|
5В040900 |
Хореография |
Орындау шеберлігі |
Хореография педагогикасы бойынша ауызша емтихан |
|
5В041000 |
Сценография |
Сурет, кескіндеме |
Композиция |
|
5В041100 |
Композиция |
Шағын нысанды жанрдағы шығармалардан көрініс. Музыкалық әдебиет бойынша коллоквиум |
Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
|
5В041200 |
Операторлық өнер |
Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру |
Әлем және казақ киносының (театры) тарихы бойынша ауызша емтихан |
|
5В041300 |
Кескіндеме |
Сурет, кескіндеме |
Композиция |
|
5В041400 |
Графика |
Сурет, кескіндеме |
Композиция |
|
5В041500 |
Мүсін |
Сурет, мүсін |
Композиция |
|
5В041600 |
Өнертану |
Жазбаша жұмыс |
Өнертану бойынша ауызша емтихан |
|
5В041700 |
Сән өнері |
Сурет, кескіндеме |
Композиция |
|
5В042000 |
Сәулет |
Сурет |
Сызу |
|
5В042100 |
Дизайн |
Сурет |
Сызу |
|
5В042200 |
Баспа ісі |
Еркін тақырыпқа жазбаша эссе |
Мәтінді редакциялау |
|
5В042300 |
Арт-менеджмент |
Реферат және арт-жобаны таныстыру |
Коллоквиум |
|
5В050400 |
Журналистика |
Шығарма |
Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу |
|
5В090600 |
Мәдени-тынығу жұмысы |
Орындау шеберлігі |
Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері |
|
5В140100 |
Орындаушылық өнер |
Соло бағдарламаны орындау |
Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
|
5В140200 |
Халық аспаптары |
Соло бағдарламаны орындау |
Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
|
5В140300 |
Ән айту өнері |
Соло бағдарламаны орындау |
Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |