Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтарындағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Фильмге прокаттау куәлігін беру»;
2) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»;
3) «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру»;
4) Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарттары бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 86-1, 86-2, 86-3 және 86-4-жолдармен толықтырылсын:
«
86-1 |
Фильмге прокаттау куәлігін беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ММ |
ММ |
ММ Мәдениет комитеті |
Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы |
86-2 |
Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ММ |
ММ |
ММ Мәдениет комитеті |
Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы |
86-3 |
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ММ |
ММ |
ММ Мәдениет комитеті |
Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы |
86-4 |
Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ММ |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары |
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары |
Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы |
».
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 531 кабинет.
2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы»
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 32) тармақшасының және 28-2-бабының және «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты электрондық Үкіметтің www.e.gov.kz порталынан, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-04-01 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызмет стандарты www.mk.gov.kz. мекенжайы бойынша Министрліктің интернет ресурсында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Прокаттау куәлігі» кіші бөлімінде орналастырылған.
5. Фильмге прокаттау куәлігін (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) беру не прокаттау куәлігін беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Прокаттау куәлігі белгіленген нысан бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.
Прокаттау куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда тұтынушыға телнұсқасы беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті Комитет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету Комитет ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру кіретін жеке есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы (не сенімхат бойынша өкілі) Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Комитет басшысының атына өтiнiш;
2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттар (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келісімдердің көшірмелері); шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі;
3) фильмге көрермендердің жас шегін анықтау үшін қолда бар барлық көріністердің суреттемесімен бірге, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы;
4) отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәліметтер.
12. Өтініштің үлгісі www.e.gov.kz электрондық Үкімет порталында, сондай-ақ Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Прокаттау куәлігі» кіші бөлімі) орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы Комитет кеңсесіне жолданады не мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527-бөлме.
14. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, Комитет кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
15. Прокаттау куәлігі тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 бөлмеде жеке өзі келгенде қолына беріледі.
Прокаттау куәлігінің берілуі берілген прокаттау куәліктерінің журналында тіркеледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
1) өтініш беруші дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берсе;
2) өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етсе;
3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты тудыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдай негіз болып табылады.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі (оның ішінде міндетті жолдарының толтырылмауы) фактілері анықталған жағдайда тұтынушыға екі жұмыс күні ішінде жазбаша, дәлелді бас тарту беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 және (немесе) № 263 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ (7172) 74-04-10, 74-04-54 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлік басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Комитет қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым прокаттық куәлік беру туралы өтініштің көшірмесімен қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады.
25. Шағымды Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.
Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып, талон берiледi.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Комитет қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесі тұтынушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
«Фильмге прокаттау куәлігін
беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрлігі
Мәдениет комитетінің
төрағасы
___________________
(басшының тегі, аты-жөні)
Өтініш
Фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
Фильмнің атауы:______________________________________________________
Негізінде фильм қойылған әдеби туындының атауы және
авторы:______________________________________________________________
Фильмді шығарған ел:_________________________________________________
Фильмді шығарушы-студия:_____________________________________________
Фильмнің шыққан жылы:________________________________________________
Фильмнің форматы:____________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ______________________________________________
Сценарий авторы:_____________________________________________________
Қоюшы-режиссер:______________________________________________________
Қоюшы-оператор:______________________________________________________
Қоюшы-суретші: ______________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы:_________________________________________
Фильм серияларының саны:_____________________________________________
Фильмнің жанры:______________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (олар болған жағдайда)___________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат: _________
Өтініш берушінің деректемелері (заңды мекенжайы, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және күні; жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні): _________________________________________
Өтініш берілген күн: _______________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты жөні ____________________________________
(қолы)
М.О.
«Фильмге прокаттау куәлігін
беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткішінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 531 кабинет.
2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 22) тармақшасының және «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты электрондық Үкіметтің www.e.gov.kz порталынан, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 740434 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызмет стандарты www.mk.gov.kz. мекенжайы бойынша Министрліктің интернет ресурсында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Мәдени құндылықтарды әкелуге-әкетуге рұқсат беру» кіші бөлімінде орналастырылған.
5. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не куәлік беруден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Куәлік белгіленген нысан бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті Комитет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету Комитет ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру кіретін жеке есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы (не сенімхат бойынша өкілі) Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
2) Қазақстан Республикасына әкелінетін және әкетілетін мәдени құндылықтардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылатын сараптамасының нәтижелері бойынша берілген, мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы;
3) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрамдас бөліктерінің 10x15 сантиметр мөлшерлi екi данада фотосуретi.
12. Өтініштің үлгісі www.e.gov.kz электрондық Үкімет порталында, сондай-ақ Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Мәдени құндылықтарды әкелуге-әкетуге рұқсат беру» кіші бөлімі) орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы Комитет кеңсесіне жолданады не мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527-бөлме.
14. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, Комитет кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
15. Куәлік тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 531 бөлмеде жеке өзі келгенде қолына беріледі.
Куәліктің берілуі берілген куәліктер журналына тіркеледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген олардың қанағаттанғысыз табиғи жай-күйі;
2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздеуде болуы;
3) сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген әкету мақсатының өтініште көзделген мақсатқа сәйкес келмеуі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 және (немесе) № 263 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ (7172) 74-04-10, 74-04-54 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлік басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Комитет қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады.
25. Шағымды Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.
Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып талон берiледi.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Комитет қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесі тұтынушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
____________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы мен мекенжайы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруге арналған өтініш
(Жеке тұлғаға арналған)
Өтініш берушінің Т.А.Ә.: ____________________________________________
Туған күні: _________________________________________________________
Азаматтығы: _________________________________________________________
Паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат № _____________________
____ жылы «__» __________ берілген _________________________________
ЖСН________________________________________________________________
Тіркелген жері: _____________________________________________________
Тұрақты тұратын жері: _______________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________
Ұсынылған затқа оның меншік құқығы туындауының негізі:
Затты антиквар дүкенінен сатып алынғандығы туралы түбіртек
Заттың сипаттамасы: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Затты әкету мақсаты: ________________________________________________
Затты тасымалдау шарты:
____________________________________________________________________
Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзімі: _______
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы: _____________________________________________
Өтініш берілген күн: ___________________
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
____________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы мен мекенжайы)
Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруге арналған өтініш
(Заңды тұлғаға арналған)
Заңды тұлғаның атауы (ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсету): ________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік: № _______
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның деректемелері: _______________________________________
____________________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
ӘЖК _______________________________________________________________
БСК ________________________________________________________________
БСН ________________________________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________
Меншік құқығының туындау негізі: ____________________________________
____________________________________________________________________
Заттың сипаттамасы: _________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Затты әкету мақсаты: ________________________________________________
____________________________________________________________________
Затты тасымалдау шарттары: __________________________________________
Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзімі: ________
____________________________________________________________________
Уәкiлеттi тұлға _____________________
(Т.А.Ә және лауазымы)
М.О. ______________
«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi) |
|||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 кабинет.
2. Мемлекеттік қызмет ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабы 4-тармағы және «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты электрондық Үкімет www.e.gov.kz порталынан, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-04-10; 74-04-49 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызмет стандарты www.mk.gov.kz. мекенжайы бойынша Министрліктің интернет ресурсында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия» кіші бөлімінде орналастырылған.
5. Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия (бұдан әрі – лицензия) және (немесе) лицензияға қосымшаны беру не лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда телнұсқасы беріледі.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, заңды тұлға біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта ұйымдастыру нысанында қайта құрылған, атауы, сондай-ақ қызмет түрі және (немесе) кіші қызмет түрі өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) кіші қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беріледі.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша белгіленген нысан бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 10 минуттан аспайды;
4) телнұсқа беру – өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
5) қайта ресімделген лицензия беру – өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алым белгіленген. Оның сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды. Лицензиялық алым Қазақстан Республикасының банктік ұйымдары арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын түбіртек береді.
9. Мемлекеттік қызметті Комитет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету Комитет ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру кіретін жеке есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін тұтынушы (не сенімхат бойынша өкілі) Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 1-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлға үшiн – жарғының және өтiнiш берушiнi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерi (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшермелері);
3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшермесі);
5) өтiнiш берушiнi салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырылған көшермесі);
6) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырылған көшермесі);
7) лицензияны алуға өтініш берушілер үшін:
тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарға:
жоғары білімі (археология, тарих) және археология саласында кемінде үш жыл тиісті жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің;
тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың;
тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар жөніндегі жобалардың;
өтініш берушінің тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдық хатының;
тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарына:
жоғары немесе арнайы орта білімі (сәулет, реставрациялау) және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің;
тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын мамандандырылған жабдықтардың;
тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жобаларының болуын қамтиды.
11-1. Тұтынушы (не сенімхат бойынша өкілі) телнұсқаны алу үшін Комитетке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтніш ұсынады.
11-2. Тұтынушы (не сенімхат бойынша өкілі) қайта ресімделген лицензияны алу үшін Комитетке осы стандарттың 5-тармағының үшінші абзацында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш ұсынады.
12. Өтініштің үлгісі www.e.gov.kz электрондық Үкімет порталында, сондай-ақ Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке арналған лицензия» кіші бөлімі) орналастырылған.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы Комитет кеңсесіне жолданады не мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 бөлме.
14. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, Комитет кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 бөлмеде жеке өзі келгенде қолына беріледі.
Лицензияның берілуі берілген лицензиялар журналында тіркеледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар:
1) осы субъект санаттары үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;
2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар топтамасының толық ұсыналмауы. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
4) тұтынушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
5) тұтынушыға қатысты оған тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот үкімінің болуы негіз болып табылады.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі (оның ішінде міндетті жолдарының толтырылмауы) фактілері анықталған жағдайда тұтынушыға осы стандарттың 11, 11-1 және 11-2-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша, дәлелді бас тарту беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 және (немесе) № 263 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ (7172) 74-04-10, 74-04-54 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлік басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Комитет қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым лицензия беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады.
25. Шағымды Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.
Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн көрсете отырып талон берiледi.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Комитет қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесі тұтынушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
«Тарих және мәдениет
ескерткіштерінде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау
жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетіне
(лицензияны беретін органының толық атауы)
кімнен_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
__________________________________________________________ аумағында
(облыс атауы)
_____________________________________________________________________
(қызметтің (әрекеттің) түрін көрсету)
жүзеге асыру үшін лицензия беруді өтінемін.
Ұйым туралы мәлімет:
1. Меншік түрі _____________________________________________________
2. Құрылған жылы_____________________________________________________
3. Тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік ______________________________
(№, кім және қашан берді)
4. Мекен-жайы________________________________________________________
(индекс, облысы, аудан, қала, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
____________________________________________________________________
5. Есептік шот _____________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Филиалдар, өкілдіктер: __________________________________________
7. Қоса берілетін құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Басшысы ____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.
«___»______________20__ ж.
Өтініш қарауға қабылданды «____»____________20__ж.
«Тарих және мәдениет
ескерткіштерінде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау
жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі
қызметке лицензия беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi |
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi |
Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi |
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы |
|||
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi) |
|||
3. Қолжетiмдiлiк |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi) |
|||
4. Шағымдану үдерiсi |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
«Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мәдениет басқармалары (бұдан әрi – басқарма) көрсетедi.
2. Мемлекеттiк қызмет автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 13-тармағының және «Шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 17 бұйрығының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпаратты www.e.gov.kz электрондық Үкiмет порталынан, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген интернет-ресурстарынан алуға болады.
5. Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат (бұдан әрi – сертификат) беру не сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет шығармашылық одақтарда тіркелмеген, кәсіби немесе әуесқой қызметі көркем құндылықтарды жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын шығаруға немесе интерпретациялауға (аударуға) бағытталған жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
Сертификат белгіленген нысан бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Мемлекеттiк қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген басқармалардың жұмыс кестесiне сәйкес күнделікті көрсетiледi.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету басқарманың ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру кіретін жеке есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабылнама және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) алған наградалары туралы және конкурстарға, фестивальдарға, көрмелерге қатысқаны туралы құжаттардың көшірмелері;
4) мәдениет ұйымдарының, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдардың, көрнекті шығармашыл қайраткерлердің ұсыным хаттары.
12. Өтiнiштiң үлгiсi www.e.gov.kz электрондық Үкімет порталында, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген басқарма кеңсесіне пошта арқылы жолданады немесе тапсырылады.
14. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, басқарма кеңсесі қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
15. Сертификат тұтынушыға (немесе сенімхат бойынша өкіліне) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларда жеке өзі келгенде қолына беріледі.
Сертификаттың берілуі берілген сертификаттар журналында тіркеледі.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшін негiз болып табылады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау (оның ішінде міндетті жолдарының толтырылмауы) фактілері анықталған жағдайда тұтынушыға екі жұмыс күні ішінде жазбаша, дәлелді бас тарту беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Басқарманың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Басқарманың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Комитеттің Басқарма кеңесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы орган басшылығының атына беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда мекенжайлары және жұмыс кестелерi көрсетiлген басқарманың не жергiлiктi атқарушы органның кеңсесі арқылы жазбаша түрде поштамен немесе қолма-қол берiледi.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Басқарма қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификатты беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады.
25. Шағымды басқарманың не жергiлiктi атқарушы органның кеңсесі тiркейдi.
Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып талон берiледi.
Басқарма қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесі тұтынушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
26. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты www.e.gov.kz электрондық Үкiмет порталынан және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарынан алуға болады.
«Шығармашыл қызметкердің
мәртебесін растайтын
сертификатты беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен жұмыс кестелерi
Р/с № |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефон № |
Электрондық почтаның мекенжайы |
Жұмыс кестесi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Астана қаласының мәдениет басқармасы |
Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11, 751-бөлме |
8(7172) |
dep_culture@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
2. |
Алматы қаласының мәдениет басқармасы |
Алматы қ., Республика алаңы, 4, 423-бөлме |
8 (727) |
culture_almaty@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
3. |
Алматы облысының мәдениет басқармасы |
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38, 3-бөлме |
8(7282) |
kulture-tald@mail.online.kz |
Жұмыс күндерi: |
4. |
Ақмола облысының мәдениет басқармасы |
Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 1, 102-бөлме |
8(7162) |
Kultura-kokshetau@yandex.ru |
Жұмыс күндерi: |
5. |
Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы |
Ақтөбе қ., Әбiлхайыр хан даңғ., 40, 658-бөлме |
8 (7132) |
aktobe_kulture@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
6. |
Атырау облысының мәдениет басқармасы |
Атырау қ., Азаттық даңғ., 9, 3-бөлме |
8 (7122) |
ouk_atyrau@rambler.ru |
Жұмыс күндерi: |
7. |
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы |
Өскемен қ., Головков көш., 29, 302-бөлме |
8 (7232) |
culturevko@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
8. |
Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы |
Орал қ., Достық-Дружба даң., 166/1, 7-бөлме |
8(7112) |
kultzko@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
9. |
Жамбыл облысының мәдениет басқармасы |
Тараз қ., Сүлейменов көш., 17 «а», 4-бөлме |
8 (7262) |
tarazkultura@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
10. |
Қарағанды облысының мәдениет басқармасы |
Қарағанды қ., Бұқар жырау даң., 32 |
8(7212) |
karkultura@yandex.ru |
Жұмыс күндерi: |
11. |
Қызылорда облысының мәдениет басқармасы |
Қызылорда қ., нөмiрсiз 3-шi бекiтiлген квартал, 18-бөлме |
8(7242) |
oblcultkzl@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
12. |
Қостанай облысының мәдениет басқармасы |
Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 60 |
8(7142) |
kultura@kostanay.kz |
Жұмыс күндерi: |
13. |
Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы |
Ақтау қ., 23-шағын ауданы, 1 |
8(7292) |
mook_od@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
14. |
Павлодар облысының мәдениет басқармасы |
Павлодар қ., Академик Марғулан көш., 115, 2-бөлме |
8(7182) |
Dep_culture@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
15. |
Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасы |
Петропавл қ., П.Васильев көш., 69 |
8(7152) |
uprk@sko.kz |
Жұмыс күндерi: |
16. |
Оңтүстiк Қазақстан облысының мәдениет басқармасы |
Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 2-а 2-бөлме |
8 (7252) |
oko_madeniet@mail.ru |
Жұмыс күндерi: |
«Шығармашыл қызметкердің
мәртебесін растайтын
сертификатты беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
2-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайлары
Р/с |
Атауы |
Мекенжайы |
Телефон нөмiрi |
Интернет-ресурстар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Астана қаласының әкiмдiгi |
Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11 |
8(7172) |
www.astana.kz |
2. |
Алматы қаласының әкiмдiгi |
Алматы қ., Республика алаңы, 4 |
8(7272) |
www.almaty.kz |
3. |
Алматы облысының әкiмдiгi |
Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 38 |
8 (7282) |
www.zhetysu-gov.kz |
4. |
Ақмола облысының әкiмдiгi |
Көкшетау қ., Абай көш,, 89 |
8(7162) |
www.akmo.kz |
5. |
Ақтөбе облысының әкiмдiгi |
Ақтөбе қ., Әбiлхайыр хан көш., 40 |
8(7132) |
www.akimat.infо |
6. |
Атырау облысының әкiмдiгi |
Атырау қ., Әйтеке-би көш., 77 |
8(7122) |
www.atyrauobl.kz |
7. |
Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi |
Өскемен қ., Горький көш., 40 |
8 (7232) 26-42-54 |
www.culturevko.uka.kz |
8. |
Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi |
Орал қ., Достық даңғылы, 201 |
8(7112) |
www.western.kz |
9. |
Жамбыл облысының әкiмдiгi |
Тараз қ., Абай көш., 125 |
8 (7262) |
www.zhambyl.kz. |
10. |
Қарағанды облысының әкiмдiгi |
Қарағанды Бульвар-Мира көш., 39 |
8 (7212) 56-19-80 ф.56-19-79 |
www.karaganda-region.kz |
11. |
Қызылорда облысының әкiмдiгi |
Қызылорда қ., Ы.Жақаев көш., 76 |
8 (7242) 27-63-73 27-89-66, 26-16-44 |
www.kyzylorda.kz |
12. |
Қостанай облысының әкiмдiгi |
Қостанай қ., Әл-Фараби көш., 66 |
8(7142) |
www.kostanay.kz |
13. |
Маңғыстау облысының әкiмдiгi |
Ақтау қ., 14 шағын ауд., 1 |
8(7292) |
www.mangistau.kz |
14. |
Павлодар облысының әкiмдiгi |
Павлодар қ., Академик Сәтпаев көш., 49 |
8(7182) |
www.pavlodar.gov.kz |
15. |
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi |
Петропавл қ., Конституция көш., 53 |
8(7152) |
www.sko.kz |
16. |
Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi |
Шымкент қ., Тәуке хан даңғ., 6 |
8 (7252) |
www.ontustik.kz |
«Шығармашыл қызметкердің
мәртебесін растайтын
сертификатты беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
3-қосымша
Кімге _______________________________________________________________
(мәдениет басқармасының толық атауы)
Кімнен
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты-жөні)
мекенжайы_________________________________________________________
(индекс, облысы, аудан, қала, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
ӨТІНІШ
Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беруіңізді сұраймын. Өтінішке:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________
қоса берiледi.
_________________________ _______________________
(қол қойылған күн) (өтініш берушінің қолы)
Өтініш қарауға қабылданды «____»____________201__ж.
«Шығармашыл қызметкердің
мәртебесін растайтын
сертификатты беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
4-қосымша
Сертификат нысаны
_____________________________________________________________ ______________________________________________________________(уәкiлеттi орган)
№___ СЕРТИФИКАТ_________________________________________________________ берiлдi
(қызметкердiң тегi, аты-жөнi)
Осы Сертификат шығармашыл қызметкердiң конкурстарға қатысу, музыка, театр, кино өнерi, әдебиет және драматургия саласында қоғамдық-маңызды көркем шығармаларды жасау мәртебесін растайды.
Уәкiлеттi орган
___________________ _____________________________
лауазымы тегi аты-жөнi
мөр орны
_________ қаласы «__»_________201_ ж
Тiркеу № ___
«Шығармашыл қызметкердің
мәртебесін растайтын
сертификатты беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
5-қосымша