Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтарындағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Фильмге прокаттау куәлігін беру»;
      2) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»;
      3) «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1268 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1268 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 86-1, 86-2, 86-3 және 86-4-жолдармен толықтырылсын:

«

86-1

Фильмге прокаттау куәлігін беру

Жеке және заңды тұлғалар

ММ

ММ

ММ Мәдениет комитеті

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы

86-2

Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру

Жеке және заңды тұлғалар

ММ

ММ

ММ Мәдениет комитеті

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы

86-3

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру

Жеке және заңды тұлғалар

ММ

ММ

ММ Мәдениет комитеті

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы

86-4

Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру

Жеке және заңды тұлғалар

ММ

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары

Қызмет алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы

».

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1268 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген

«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1268 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ ол мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 32) тармақшасының және 28-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mki.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкілетті органда орналасқан стенділерде;
      3) порталда орналастырылады.
      Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкіметі» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      5. Уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында фильмге прокаттау куәлігін (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) беру не электрондық құжат нысанында прокаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Егер уәкілетті орган белгiленген мерзiмде прокаттау куәлігін бермеген немесе прокаттау куәлігін беруден дәлелдеп бас тартпаған жағдайда оларды беру мерзiмi өткен күннен бастап прокаттау куәлігі берілді деп есептеледі.
      Уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті прокаттау куәлігін береді.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда көрсету үшін әкелінетін (жеткізілген) және де бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерге көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрауды тапсырылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде;
      2) қажетті құжаттарды не электрондық сұрауды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті орган ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру кіретін жеке есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
      Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
      Порталға жүгінген уақытта мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкілетті органға:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган басшысының атына өтiнiш;
      мемлекеттік қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттар (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келісімдердің көшірмелері); шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі;
      фильмге көрермендердің жас шегін анықтау үшін қолда бар барлық көріністердің суреттемесімен бірге, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы;
      отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәліметтер.
      2) порталға:
      мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы.
      Сұрауда мынадай құжаттардың деректері көрсетіледі:
      мемлекеттік қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттар (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келісімдердің көшірмелері); шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі;
      фильмге көрермендердің жас шегін анықтау үшін қолда бар барлық көріністердің суреттемесімен бірге, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі;
      отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәліметтер – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі.
      Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді, уәкілетті орган ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      12. Өтініштің үлгісі порталда, сондай-ақ Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Прокаттау куәлігі» кіші бөлімі) орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанында сұрау толтырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы уәкілетті орган кеңсесіне жолданады не мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 527-кабинет.
      Порталға жүгінген уақытта электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, уәкілетті орган кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
      Порталға жүгінген уақытта мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті алудың күні мен уақыты көрсетілген сұраудың қабылданғаны жөнінде хабарлама-есеп жіберіледі.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар жетіспеген жағдайда, бұл жөнінде мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрауды тапсырған екі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
      15. Прокаттау куәлігі электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады.
      16. Мынадай:
      1) мемлекеттік қызметті алушының дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат беруі;
      2) мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етуі;
      3) фильмнің мазмұны республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты тудыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталуы;
      4) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрауды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде беріледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның қызметі мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс барысында сыпайылық таныту;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет жөнінде толыққанды ақпарат беру;
      5) өтініштерді қарау кезінде уәкілетті тұлға қызметінің ашықтығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті органның уәкілетті адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 527-кабинет мекенжайы бойынша, сондай-ақ (7172) 74-05-68 телефоны арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
      Сонымен қатар, шағымдану тәртібі жөніндегі ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не қолма-қол уәкілетті орган басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша нысанда пошта арқылы не қолма-қол уәкілетті органның кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым прокаттау куәлігін беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда ресiмделедi. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;
      3) шағымның мәнiн баяндау;
      4) жеке қолы және күнi.
      25. Шағымды уәкілетті органның кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.
      Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып, талон берiледi.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
      Шағымды қарау нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген уақытта электрондық шағым жолданғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде шағым жөнінде ақпарат қол жетімді және ол ақпарат уәкілетті органда өтінішті өңдеу барысы (қабылдау, тіркеу, орындау белгілері, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өзгерген сайын жаңартылып отырады.
      Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
      26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

«Фильмге прокаттау куәлігін
беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына   
1-қосымша       

____________________________________
(фильмге прокаттау куәлігін беретін
органның толық атауы)    

____________________________________
(фильмге прокаттау куәлігін беретін
орган басшысының Т.А.Ә.)   

Өтініш

      Фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
Фильмнің атауы: _____________________________________________________
Фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы:
_____________________________________________________________________
Фильмді шығарған ел: ________________________________________________
Фильмді шығарушы-студия: ____________________________________________
Фильмнің шыққан жылы: _______________________________________________
Фильмнің форматы: ___________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ______________________________________________
Сценарий авторлары: _________________________________________________
Қоюшы-режиссер: _____________________________________________________
Қоюшы-оператор: _____________________________________________________
Қоюшы-суретші: ______________________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: ________________________________________
Фильм серияларының саны: ____________________________________________
Фильмнің жанры: _____________________________________________________
Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (бар болса): _______________
Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат: _________
Мемлекеттік қызметті алушының деректемелері (заңды мекенжайы, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және күні; жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні): ____________________________
Өтініш берілген күн: ________________________________________________
Мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты-жөні ________________________
                                                     (қолы)

      М.О.

«Фильмге прокаттау куәлігін
беру» мемлекеттік   
қызмет стандартына    
2-қосымша        

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 531 кабинет.
      2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 22) тармақшасының және «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты электрондық Үкіметтің www.e.gov.kz порталынан, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 740434 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады.
      Мемлекеттік қызмет стандарты www.mk.gov.kz. мекенжайы бойынша Министрліктің интернет ресурсында «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Мәдени құндылықтарды әкелуге-әкетуге рұқсат беру» кіші бөлімінде орналастырылған.
      5. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не куәлік беруден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Куәлік белгіленген нысан бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті Комитет жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету Комитет ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру кіретін жеке есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
      Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы (не сенімхат бойынша өкілі) Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
      2) Қазақстан Республикасына әкелінетін және әкетілетін мәдени құндылықтардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылатын сараптамасының нәтижелері бойынша берілген, мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы;
      3) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрамдас бөліктерінің 10x15 сантиметр мөлшерлi екi данада фотосуретi.
      12. Өтініштің үлгісі www.e.gov.kz электрондық Үкімет порталында, сондай-ақ Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Мәдени құндылықтарды әкелуге-әкетуге рұқсат беру» кіші бөлімі) орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы Комитет кеңсесіне жолданады не мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527-бөлме.
      14. Тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, Комитет кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
      15. Куәлік тұтынушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 531 бөлмеде жеке өзі келгенде қолына беріледі.
      Куәліктің берілуі берілген куәліктер журналына тіркеледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген олардың қанағаттанғысыз табиғи жай-күйі;
      2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздеуде болуы;
      3) сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген әкету мақсатының өтініште көзделген мақсатқа сәйкес келмеуі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527 және (немесе) № 263 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ (7172) 74-04-10, 74-04-54 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлік басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Комитет қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады.
      25. Шағымды Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.
      Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып талон берiледi.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
      Комитет қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
      Шағымды қарау нәтижесі тұтынушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
      26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mk.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

____________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы мен мекенжайы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруге арналған өтініш
(Жеке тұлғаға арналған)

Өтініш берушінің Т.А.Ә.: ____________________________________________
Туған күні: _________________________________________________________
Азаматтығы: _________________________________________________________
Паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат № _____________________
____ жылы «__» __________ берілген  _________________________________
ЖСН________________________________________________________________
Тіркелген жері: _____________________________________________________
Тұрақты тұратын жері: _______________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________
Ұсынылған затқа оның меншік құқығы туындауының негізі:
Затты антиквар дүкенінен сатып алынғандығы туралы түбіртек
Заттың сипаттамасы: ________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Затты әкету мақсаты: ________________________________________________
Затты тасымалдау шарты:
____________________________________________________________________
Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзімі: _______
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы: _____________________________________________
Өтініш берілген күн: ___________________

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

____________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы мен мекенжайы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруге арналған өтініш
(Заңды тұлғаға арналған)

Заңды тұлғаның атауы (ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсету): ________
____________________________________________________________________

Заңды тұлғаның тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік: № _______
____________________________________________________________________

Заңды тұлғаның деректемелері: _______________________________________
____________________________________________________________________
СТН ________________________________________________________________
ӘЖК _______________________________________________________________
БСК ________________________________________________________________
БСН ________________________________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________
Меншік құқығының туындау негізі: ____________________________________
____________________________________________________________________
Заттың сипаттамасы: _________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Затты әкету мақсаты: ________________________________________________
____________________________________________________________________
Затты тасымалдау шарттары: __________________________________________
Заттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болу мерзімі: ________
____________________________________________________________________

Уәкiлеттi тұлға _____________________
(Т.А.Ә және лауазымы)

М.О. ______________

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)




2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген

«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру
жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет
стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1268 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ ол мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабы 4-тармағының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mki.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкілетті органда орналасқан стенділерде;
      3) порталда орналастырылады.
      Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкіметі» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      5. Уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық лицензия нысанында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу (бұдан әрі – лицензия) не электрондық құжат нысанында лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Егер уәкілетті орган белгiленген мерзiмде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны бермеген не лицензияны беруден дәлелдi түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны беруге мiндеттi.
      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген жағдайда, заңды тұлға біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта ұйымдастыру нысанында қайта құрылған, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде қайта ресімделген лицензия беріледі.
      Мемлекеттік қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделіп, басып шығарылады және уәкілетті орган басшысының қолымен және мөрімен расталады.
      Электрондық нысанда лицензияны беру мүмкіндігі болмаса, лицензия қағаз тасығышта беріледі.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрау тапсырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
      шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрау тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
      2) қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрауды тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 10 минуттан аспайды;
      4) қайта ресімделген лицензияны беру – қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрау тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, ол үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіпте жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады.
      9. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті орган ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат режимі: ғимаратқа кіру кіретін жеке есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады. Біржолғы рұқсат қағазы тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін тұлғаның телефонмен берген өтінімі бойынша ресімделеді.
      Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
      Порталға жүгінген уақытта мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
      1) уәкілетті органға:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      заңды тұлға үшiн – мемлекеттік қызметті алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырылған көшірмесі);
      дара кәсiпкер үшiн – мемлекеттік қызметті алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырылған көшірмесі);
      мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырылған көшірмесі);
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төленгенін есепке алмағанда, бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарға лицензия алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
      растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жоғары білімі (археология, тарих) және археология саласында кемінде үш жыл тиісті жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің тізбесі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың тізбесі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар жөніндегі жобалар;
      мемлекеттік қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсыным хаты.
      Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензия алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
      растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жоғары немесе арнайы орта білімі (сәулет, реставрациялау) және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары саласында кемінде үш жыл тиісті жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің тізімі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын мамандандырылған жабдықтардың тізбесі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жобалары.
      Мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) қайта ресімделген лицензияны алу үшін уәкілетті органға осы стандарттың 5-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып өтініш ұсынады.
      Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті отыз күнтізбелік күн ішінде береді.
      2) порталға:
      мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау.
      Сұрауда мынадай құжаттардың деректері көрсетіледі:
      жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлға үшiн – мемлекеттік қызметті алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      дара кәсiпкер үшiн – мемлекеттік қызметті алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiк;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат жөнінде ақпарат.
      Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарға лицензия алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
      растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жоғары білімі (археология, тарих) және археология саласында кемінде үш жыл тиісті жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің тізімі – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың тізбесі – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар жөніндегі жобалар – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі;
      мемлекеттік қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсыным хаты – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі.
      Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензияны алуға мемлекеттік қызметті алушылар үшін:
      растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жоғары немесе арнайы орта білімі (сәулет, реставрациялау) және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар ғылыми жетекшілердің тізімі – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын мамандандырылған жабдықтардың тізбесі – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жобалары – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі.
      Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алу үшін осы стандарттың 5-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төленгенін есепке алмағанда, қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат жөнінде ақпаратты қоса бере отырып сұраным ұсынады – электрондық сұрауға сканерлеген көшірмелер нысанында тіркеледі.
      Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті отыз күнтізбелік күн ішінде береді.
      11-тармақтың 1) тармақшасының 2345-абзацтарында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
      Қайта ресімделген лицензияларды алған уақытта мемлекеттік қызметті алушы бұдан бұрын алған лицензияны (бар болса) уәкілетті органға қайтарады.
      12. Өтініштің үлгісі «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталында, сондай-ақ Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Мәдениет саласындағы лицензиялау» кіші бөлімі) орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанында сұрау толтырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы жолданады не уәкілетті орган кеңсесіне мына мекенжай бойынша тапсырылады: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 527-кабинет.
      Порталға жүгінген уақытта электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға (не сенімхат бойынша өкіліне) талонды беру осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады, онда күні мен уақыты, уәкілетті орган кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі, аты-жөні көрсетіледі.
      Порталға жүгінген уақытта мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті алудың күні мен уақыты көрсетілген сұраудың қабылданғаны жөнінде хабарлама-есеп жіберіледі.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар жетіспеген жағдайда, бұл жөнінде мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрауды тапсырған екі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
      15. Лицензия электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады.
      16. Мынадай:
      1) осы субъект санаттары үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;
      2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) мемлекеттік қызметті алушының «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты оған тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне қажетті құжаттармен қоса уәкілетті органға өтінім не портал арқылы электрондық сұрауды тапсырған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде беріледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның қызметі мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс барысында сыпайылық таныту;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет жөнінде толыққанды ақпарат беру;
      5) өтініштерді қарау кезінде уәкілетті тұлға қызметінің ашықтығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті органның уәкілетті адамы әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 527-кабинет мекенжайы бойынша, сондай-ақ (7172) 74-05-68 телефоны арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
      Сонымен қатар, шағымдану тәртібі жөніндегі ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не қолма-қол уәкілетті орган басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша нысанда пошта арқылы не қолма-қол уәкілетті органның кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым лицензия беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда ресiмделедi. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;
      3) шағымның мәнiн баяндау;
      4) жеке қолы және күнi.
      25. Шағымды уәкілетті органның кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.
      Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып, талон берiледi.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
      Шағымды қарау нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген уақытта электрондық шағым жолданғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінде шағым жөнінде ақпарат қол жетімді және ол ақпарат уәкілетті органда өтінішті өңдеу барысы (қабылдау, тіркеу, орындау белгілері, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өзгерген сайын жаңартылып отырады.
      Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
      26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде
археологиялық және (немесе)   
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын 
жүзеге асыру жөніндегі қызметке  
лицензия беру, қайта ресімдеу,  
лицензияның телнұсқасын беру»  
мемлекеттік қызмет стандартына 
1-қосымша          

_____________________________________________________________________
          (лицензия беретін органының толық атауы) кімнен
_____________________________________________________________________
              (мемлекеттік қызметті алушының толық атауы)

ӨТІНІШ

_________________________________________________________ аумағында
_____________________________________________________________________
               (қызметтің (әрекеттің) түрін көрсету)
жүзеге асыру үшін лицензия беруді өтінемін.

Ұйым туралы мәлімет:

1. Меншік нысаны ____________________________________________________
2. Құрылған жылы ____________________________________________________
3. Тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік ______________________________
                                          (№, кім және қашан берді)
4. Мекенжайы ________________________________________________________
      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
_____________________________________________________________________
5. Есеп шоты ________________________________________________________
                 (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Филиалдар және өкілдіктер:
_____________________________________________________________________
7. Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басшысы ____________________________________________________________
                          (қолы)   (тегі, аты-жөні)
                                                       М.О.

«___» ______________ 20 __ ж.
Өтініш қарауға қабылданды «____» ____________ 20 __ ж.

«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде
археологиялық және (немесе)   
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын 
жүзеге асыру жөніндегі қызметке  
лицензия беру, қайта ресімдеу,  
лицензияның телнұсқасын беру»  
мемлекеттік қызмет стандартына 
2-қосымша          

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi)




3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)




4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген

«Шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1268 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.