Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекiтілсiн.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 61 қаулысымен    
бекітілген      

Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Акциздік постылар лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша салық төлеушілердің аумағында тікелей:
      1) этил спиртін;
      2) алкоголь өнімін;
      3) темекі бұйымдарын;
      4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.
      3. Сондай-ақ акциздік постылар салық төлеушілердің аумағында:
      1) мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстыру;
      2) мұнай мен мұнай өнімдерін темір жол көлігімен орнын ауыстыру;
      3) алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын көтерме саудада өткізуі жүзеге асырғанда орнатылады.
      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген акциздік постылар (мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатылатын акциздік постыларды қоспағанда), осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес табыс етілетін хабарламада көрсетілген, акцизделетін тауарларды алған күннен бастап импортталаған акцизделетін тауарларды есепке алған күнге дейінгі мерзімге белгіленеді.

2. Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібі

      5. Акциздік постылардың қызметін жедел басқаруды және үйлестіруді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдарының басшылары жүзеге асырады.
      6. Акциздік постыларды ұйымдастыру, орналасқан орындары мен қызметкерлердің құрамы, салық төлеушілердің жұмыс режиміне сәйкес олардың жұмыс регламенті қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органы басшысының бұйрығымен айқындалады.
      7. Акциздік постының құрамы қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органының лауазымды адамдарының қатарынан құралады (бұдан әрі - лауазымды адамдар).
      Лауазымды адамдар осы Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырған кезде Салық кодексінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманың нормаларын, осы Қағидаларды басшылыққа алады.
      8. Акциздік постының жұмыс кестесі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілердің жұмыс істеу режиміне сәйкес айқындалады.
      9. Салық кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделенетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді және магистральдық құбырлармен өткізілетін акцизделетін тауарларды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер көрсетілген тауарлардың әкелінетін орны бойынша салық органдарын үш жұмыс күнінен кешіктірмей олардың алдағы алу күні туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландырады.
      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген хабарламаны алу орны бойынша салық органдары олардың есебін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда жүргізеді.
      11. Лауазымды адам акциздік постыда болған кезеңінде:
      1) негізгі шикізатты, қосалқы материалдарды, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін тиеп-жөнелткен, жүкті түсірген (қабылдаған), орнын ауыстырған кезде қатысуға және олардың көлемін тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарында көрсетілген және есепке қабылдап алған деректермен салыстырып тексеруге;
      2) алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбалардың түпнұсқалығын іріктеп тексеруді арнайы аспаптар арқылы жүзеге асыруға;
      3) ағымдағы жұмыс күні ішінде әкелінетін акцизделетін өнімді қабылдауды (түсіруді) аяқтай алмаған жағдайда, кәсіпорынның жауапты қызметкерімен бірлесіп, қойма үй-жайларын, көлік құралдарын жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне мөрлеп және (немесе) пломбалауға және акцизделетін тауарлардың қолда барын және олардың бүтіндігін тексеруге;
      4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:
      акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;
      спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;
      мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);
      өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);
      алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;
      мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өндіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);
      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;
      дизель отынын, бензинді босату крандарын мөрлеуге және (немесе) пломба салуға.
      Мөрлеу және (немесе) пломбы салу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырғаннан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрлеу және (немесе) пломбы салу актісі жасалады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда көрсетілген мөрлер мен пломбаларды өндірушінің немесе көтерме саудада сатушының өкілдері алады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактісін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы уәкілетті орган растайды;
      5) өндірушіден немесе көтерме сатушының басшысынан және басқа да лауазымды адамдардан акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен айналымы жөніндегі мәліметтер мен құжаттарды өз өкілеттіктері шегінде сұратуға;
      6) шаруашылық қызметке араласу құқығынсыз, қажет болған жағдайда қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтан өтумен, салық төлеушінің әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеуге;
      7) өндірушінің немесе көтерме сатушының аумағынан (аумағына) шыққан (кірген) көлік құралдарын тексеріп қарауға;
      8) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығаруды жүзеге асыруға, қалдықтарды шығару актісін осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасауға;
      9) салық төлеушілерден қызметтің жекелеген түрлері бойынша қызметтің тиісті түрлеріне тіркеу карточкасының бар-жоғын сұратуға;
      10) көлемі көлемді-салмақты әдіспен айқындалатын мұнай, бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын бұруды және (немесе) жіберуді бақылауға құқығы бар.
      12. Акциздік постыдағы лауазымды адам:
      1) салық төлеушілердің акцизделенетін тауарларды өндіру мен өткізуді реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;
      2) сатып алушыда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымша болуына;
      3) импортталатын акцизделетін тауарларды есепке қабылдауына;
      4) акцизделетін тауарларды тек өлшеуші аппараттары арқылы бұруына және (немесе) жіберілуіне немесе есепке алу аспаптары арқылы сатуымен (құюмен), сондай ақ соңғылардың пломба салынған түрде пайдаланылуына;
      5) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен таңбалау тәртібін сақтауына;
      6) салық төлеушінің жіберілген кезінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу тәртібін сақтауына;
      7) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және акциздің бюджетке уақтылы және толық төленуіне;
      8) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.
      13. Акциздік постыдағы лауазымды адам:
      1) негізгі шикізатты қабылдауға қатысады;
      2) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру кезінде пайдаланылатын құрал-жабдықты алып тастау, алмастыру немесе жаңасын енгізу жағдайы болғанда, бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде салық органы мен Салық комитетіне хабарлайды;
      3) алкоголь өнімін өндірушінің жауапты тұлғасымен бірлесіп (көміртек қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа) алкоголь өнімін құю желілерін жууды бастау мен аяқтауды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда белгілейді;
      4) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің есепке алу аспаптарының (болған жағдайда) көрсеткіштерін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда белгілейді;
      5) өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыдағы кезекшіліктен кейінгі екінші күні «Акциз» ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 78-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бензин және дизель отынын, этил спирті, алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) өндіру мен өткізу көлемдері туралы күн сайынғы есептерді Салық комитетіне беруді қамтамасыз етеді;
      6) жекелеген қызмет түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген есепті ай сайын толтыру үшін шеттен әкелінген алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны жөніндегі мәліметтерді жібереді;
      7) мөрдің немесе пломбаның бұзылғанын немесе бұрмаланғанын (төтенше жағдайлар туындауын қоспағанда) не спирт өлшеуші аппараттардың бақылаушы есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің бұрмаланғанын анықтаған немесе белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау немесе акциздік маркаларды, алкоголь өніміндегі есепке алу-бақылау маркасының, темекі бұйымдарында акциздік маркалардың жоқ екендігін анықтаған жағдайда тиісті акт жасайды.
      Көрсетілген фактілер олар анықталған сәтінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жоғарыда тұрған салық органына жазбаша түрде жеткізіледі.
      14. Мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары, темір жол көлігі арқылы орнын ауыстыруды жүзеге асыратын салық төлеушіде орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам:
      1) мұнай және мұнай өнімдерін есепке алу аспаптарының (бар болған жағдайда) көрсеткіштерін жұмыс күнінің басында және аяғында осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда белгілейді;
      2) көлемі көлемді-салмақтық әдіспен айқындалатын мұнай, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын қабылдауға және тиеп жөнелтуге қатысады;
      3) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары, темір жол көлігі арқылы орнын ауыстырған мұнай және мұнай өнімдері жөніндегі мәліметтерді қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген ай сайын есепті толтыру үшін жібереді.
      15. Салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден өткізілген мұнай мен мұнай өнімдерін, Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны жөніндегі есептерді ақпараттық жүйе арқылы есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Салық комитетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беруді қамтамасыз етеді.
      16. Этил спиртін, алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын өндірушінің аумағында орнатылған акциздік постыда отырған лауазымды адам осы Қағидалардың 1112 және 13-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша журналдарды күн сайын жүргізеді.
      Бұл ретте араластыру кезінде шикізат ретінде пайдаланылатын мұнай өнімдерінің көлемдері негізгі шикізаттың қозғалысы журналында көрсетіледі.
      Журналдар нөмірленеді, бауланады, басшының қолы қойылады және тиісті салық органының мөрі басылады.

3. Қорытынды ережелер

      17. Акциздік постылардың қызметін бақылау Салық комитетіне салық органдары берген деректерді талдау және салық органдары мен Салық комитетінің акциздік постыларға тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
1-қосымша        

нысан

Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарларды
(жеңіл автомобильдерді және магистральдық құбыржолдармен
өткізілетін акцизделетін тауарларды қоспағанда)
алдағы алу күні туралы хабарлама

_____________________________
      (салық органының атауы)  

Салық төлеушінің атауы: _____________________________________________
_____________________________________________________________________

СТН_______________________, БСН ________________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
Жекелеген қызмет түрлері бойынша салық органдарындағы тіркеу карточкалары туралы ақпарат: берілген күні ___ _______ 20 _ _ жылға,
сериясы _________ № ______________
Алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға мемлекеттік лицензия туралы деректер:
1) берілген күні ___ ________ 20 _ _ жыл, № __________
2) берілген күні ___ ________ 20 _ _ жыл, № __________

Алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын алу жоспарланатын қойма орындарының мекенжайы

Резервуарлық парктің мекенжайы және бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын сақтауға арналған сыйымдылықтың нөмірі

Алынған күні

Өнімнің түрі

Жалпы мөлшері (алкоголь өнімі үшін – дал, темекі бұйымдарына – 1000 дана, бензин және дизель отынына - тонна)

1

2

3

4

5

6







Басшысының аты-жөні _______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________ негізінде әрекет жасайтын
_____________________________________________________________________
уәкілетті өкілдің аты-жөні ________________________________
_____________________________________________________________________
______________/_________________________/____________________________
    (күні)       (хабарланушының қолы)     (хабарланушының аты-жөні)

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
2-қосымша        

нысан

Кеден одағына мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарларды
(жеңіл автомобильдерді және магистральдық құбыржолдармен
өткізілетін акцизделетін тауарларды қоспағанда) алдағы
алу күні туралы хабарламалар журналы

Салық органының коды

Салық төлеушінің атауы

Салық төлеушінің СТН/БСН

Акцизделенетін тауардың түрі

Хабарлама алынған күні

Акцизделетін тауардың алдағы алынатын күні

Мөлшері (алкоголь өнімі үшін – дал, темекі өнімдеріне – 1000 дана, бензин және дизель отынына - тонна)

Салық органы қызметкерінің аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
3-қосымша        

нысан

Мөр немесе пломба салу актісі

Күні

Салық органының коды

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның СТН/БСН

Мөр немесе пломбаны салу орны

Пломбиратордың бедері, бір рет пайдаланатын бақылау пломбасының нөмірі, мөрдің деректері

Салынған пломбалардың немесе мөрлердің саны

1

2

3

4

5

6

7

8

















Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ____________ _________________
                                                      (қолы)

Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ____________ _________________
                                                      (қолы)

Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні __________ _________
                                                              (қолы)

Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні __________ _________
                                                              (қолы)

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
4-қосымша        

нысан

Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің, негізгі шикізат
пен қосалқы материалдардың қалдықтарын шығару актісі

Күні

Салық органының коды

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның СТН/БСН

Акцизделетін тауардың түрі

Негізгі шикізат

Қосалқы материалдар

Мөлшері (алкоголь өнімі үшін – дал, темекі бұйымдарына – 1000 дана, бензин және дизель отынына - тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ______________ ________________
                                                           (қолы)

Акциздік посты қызметкерінің аты-жөні ______________ ________________
                                                           (қолы)

Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ________ ___________
                                                            (қолы)

Мекеменің уәкілеттік берілген мүшесінің аты-жөні ________ ___________
                                                            (қолы)

Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
5-қосымша        

нысан

Алкоголь өнімін құю желілерін жууды бастау мен аяқтаудағы
есепке алу аспаптарының көрсеткіштер журналы

Күні

Салық органының коды

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның СТН/БСН

Алкоголь өнімін есепке алу жүйесінің (АӨЕЖ) №

Жууды бастау кезіндегі есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Жууды аяқтау кезіндегі есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Акциздік посты лауазымды тұлғасының аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
6-қосымша        

нысан

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу
аспаптарының көрсеткіштер журналы

Күні

Салық органының коды

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның СТН/БСН

Өнімнің түрі

Күннің басындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Күннің аяғындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Акциздік посты лауазымды тұлғаның аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
7-қосымша        

Акциздік постылардың деректері бойынша этил спиртін және/немесе
алкоголь өнімін өндіретін кәсіпорындардың өндіріс және өткізу
көлемдері туралы есеп

Р/с

Өндіруші кәсіпорынның СТН/БСН

өндіруші кәсіпорынның атауы

күннің басына өнім қалдығы

есепті кезеңде өндірілген этил спирті мен алкоголь өнімі

түрі

өнімнің атауы

шөлмек (дана)
(шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмектің сыйымдылығы
(шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

1

2

3

4

5

6

7

8

9























































      кестенің жалғасы

өлшеу аппаратының көрсеткіштері

спирт өлшеуші аппаратының №

күннің басына спирт өлшеуші аппаратарының көрсеткіштері

күннің соңына спирт өлшеуші аппаратының көрсеткіші

құю желісінің №

күннің басына АӨЕЖ есептеуішінің көрсеткіштері V-(литр), N1-(шөл.), N2-(шөл.)

күннің соңына АӨЕЖ есептеуішінің көрсеткіштері V-(литр), N1-(шөл.), N2-(шөл.)

V

N1

N2

V

N1

N2

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19





























































      кестенің жалғасы

басқа жақтан келіп түсті немесе одан әрі сатылған өнімді қайтару

кіріс түрі (басқа жақтан немесе қайтарылған)

түрлері бойынша

шөлмек данада (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмекте сыйымдылық (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімін үшін)

даллда

жеткізушінің СТН/БСН

жеткізуші заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы

20

21

22

23

24

25

26











































      кестенің жалғасы

есепті кезеңде заңды немесе жеке тұлғаға тиеп-жөнелтілген этил спирт және алкоголь өнімі

күннің соңына өнім қалдығы

түрі

данадағы шөлмек (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

шөлмектің сыйымдылығы (шөлмектерге құйылған алкоголь өнімі үшін)

даллда

алушының СТН/БСН

алушы заңды немесе жеке тұлғаның атауы

27

28

29

30

31

32

33











































Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
8-қосымша        

нысан

Акциздік постының деректері бойынша мұнай өнімдерін өткізу
(тиеп-жөнелту) көлемдері туралы күн сайынғы есеп
__________________ жағдай бойынша

Р/с

Өндірушінің СТН/БСН

өндіруші кәсіпорынның атауы

мұнай өнімінің түрі

Пин-код

тиеп-жөнелтілген (тонна)

операция коды

ілеспе жүк құжатының күні

ілеспе жүк құжатының нөмірі

Алушы кәсіпорынның СТН/БСН

алушы кәсіпорынның атауы

мұнай өнімдерін жеткізу мекен-жайы

тиеп-жөнелту түрі (т/ж, автокөлік, құбыржол)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















































































Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
9-қосымша        

нысан

Магистральдық мұнай өнімдері құбыры арқылы мұнай және мұнай
өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушінің мұнайы мен
мұнай өнімдерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштер журналы

Күні

Салық органының атауы

Кәсіпорынның атауы

Кәсіпорынның СТН/БСН

Өнімнің түрі

Күннің басындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Күннің аяғындағы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері

Акциздік постының лауазымды тұлғасының аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
10-қосымша        

нысан

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше
мемлекеттерден өткізілген мұнай мен мұнай өнімдері, Кеден
одағына мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімі, темекі
бұйымдары, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель
отыны жөніндегі есеп

____________________________
Салық органы         

Күні

Алушының атауы

Алушының СТН/БСН

Өнімнің түрі

Алынған өнімнің саны

Өткізілген өнімнің саны

Жөнелтушінің елі

Нормалар шегіндегі шығындар

Бүліну, жоғалу


Ілеспе жүкқұжаттар

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
11-қосымша        

нысан

Негізгі шикізат қозғалысының журналы

Күні

Негізгі шикізаттың атауы

Қолда бар негізгі шикізат (тонна, дал.)

Акциздік посты қызметкерлерінің қолдары

Өнім ұйымының жауапты тұлғаларының қолдары

Күннің басына қалдығы

Бір күн ішінде алынды

Өндіріске жіберілген

өндірістік шығындар

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
12-қосымша        

нысан

Есепке алу-бақылау мен акциздік маркалар қозғалысының журналы

Күні

Есепке алу-бақылау мен акциздік маркалардың саны, дана

Акциздік посты қызметкерлерінің қолдары

Акцизделетін өнім өндіруші ұйымның жауапты тұлғаларының қолдары

Күннің басына қалдығы

Бір күн ішінде алынды

Пайдаланылды

Күннің өндірістік шығындары

Күннің соңындағы қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8









Акциздік постылардың қызметін
ұйымдастыру қағидаларына 
13-қосымша        

нысан

Шыны ыдысы қозғалысының журналы

Күні

Шыны ыдысының қозғалысы, дана.

Күннің басына қалдығы

Алынды

Өндірістік шығындар

Өндіріске жіберілген

қайтару

Күннің соңына қалдығы

1

2

3

4

5

6

7