Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 30 Жарлығының 7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) қағидалары бекітілсін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамалары бекітілсін.
2. Ведомстволық наградаларды, сондай-ақ тиісті куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
3. Тізбеде көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін және оны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 21-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 563-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1539 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттаудың (ведомстволық наградаларынан айырудың), қызметкерлерді көтермелеу мен ынталандырудың бірыңғай тәртібі мен қағидаттарын айқындайды.
2. Ведомстволық наградалар қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметінде басқа да жетістіктері мен өзге де сіңірген еңбегі үшін қызметкерлердің, жұмыскерлердің және өзге де тұлғалардың еңбектерін көтермелеу және ынталандыру нысандарының бірі болып табылады.
3. Мыналар: медальдар, төсбелгілер ведомстволық наградалар болып табылады.
4. Мемлекеттік рәміздердің бейнесі (Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба) ведомстволық наградалардың элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылмайды.
Бұл талап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік рәміздер бейнесі пайдаланылатын объектілер бейнесі ведомстволық наградалардың геральдикалық негізінің құрамдас бөлігі болып табылатын жағдайға қолданылмайды.
2. Ведомстволық наградалармен марапаттау
(ведомстволық наградалардан айыру) тәртібі
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, жұмыскерлерін және өзге де адамдарын ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсынысқа (бұдан әрі – ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсыныс) олардың басшылары бастамашылық етіп, орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті ұсыныстар жібереді.
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсыныстарға орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті ұсыныстарды жіберетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық, ведомстволық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық етеді.
6. Ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеу жағдайы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбек сіңірген жылдарға жетуі бойынша қаралады.
Ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар сіңірген өзге де еңбегі үшін ерекше жағдайларда да енгізіледі.
7. Ведомстволық наградалармен марапаттау туралы мәселені шешу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныс;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда қағазы.
8. Ведомстволық наградалар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені енгізу үшін:
1) мемлекеттік органның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босату;
2) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуы негіз болып табылады.
9. Ведомстволық наградалармен марапатталған адамдар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тиісті ведомстволық наградалардан айырылады.
10. Ведомстволық наградалардан айыру туралы мәселені шешу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттар ұсынылады:
1) айыру туралы ұсыныс;
2) мемлекеттік органдардың беделін түсіретін теріс қылық жасағаны, қызметтік борышын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі немесе соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің көшірмесі.
11. Кадр қызметі қажетті құжаттарды дайындайды және ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы мәселені Комиссияның қарауына енгізеді.
Комиссия осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде айқындалған орталық мемлекеттік органдарда ведомстволық наградалармен марапаттауға (ведомстволық наградалардан айыруға) объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін бірінші басшының бұйрығымен тұрақты негізде құрылады.
12. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсыныс енгізілген сәттен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. Егер Комиссия мүшелері дауысының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
13. Комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсынысты қанағаттандыру;
2) ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсынысты қабылдамау;
3) ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы ұсынысты материалдарды қосымша ресімдеу үшін кері қайтару.
14. Орталық мемлекеттік органның басшысы Комиссия шешім шығарған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде:
1) Комиссия шешімінің негізінде;
2) осы мәселе Мемлекет басшысының актілерінен туындаған жағдайда – оны Комиссия қарауына енгізбестен ведомстволық наградалармен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) туралы бұйрық шығарады.
15. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны мемлекеттік орган басшысының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мемлекеттік органға қайтарады.
16. Ведомстволық наградаларды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының өзіне табыс етіледі.
17. Ведомстволық наградаларды тапсыруды орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды адамдар жүргізеді.
18. Әрбір марапатталушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бір мезгілде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған тиісті куәлік беріледі.
19. Дәрежелерi бар наградаларды қоспағанда, бiр наградамен қайта марапаттауға жол берілмейді.
20. Дәрежелері бар ведомстволық наградалармен марапаттау төменгi дәрежеден жоғарыға қарай сатыланып жүргiзiледi. Алдыңғы дәрежелi ведомстволық награданы алмай одан жоғары дәрежелi ведомстволық наградамен марапаттауға жол берiлмейдi.
21. Ведомстволық наградалардың жоғары дәрежелiсі I дәрежелі болып табылады.
22. Медальдар кеуденің сол жағына тағылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған кезде олар солардан кейiн орналасады.
Төсбелгілер кеуденің оң жағына тағылады. Нысаны және өлшемі бойынша медальдарға арналған тағандарға сәйкес келетін тағандар болған жағдайда төсбелгілер кеуденің сол жағына тағылады.
3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына
қосқан үлесі үшін» медалі
23. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
24. «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен мұнай-газ өндірісінің тиімділігін, шығарылатын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға, сондай-ақ оны әлемдік нарыққа ілгерілетуге, өнімдердің, озық технологиялардың жаңа түрлерін игеруге үлкен үлес қосқан және көпжылдық адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамыту және басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мұнай-газ кешенінің жоғары кәсіби қызметкерлері, білім беру, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытудағы елеулі үлесі үшін мұнай-газ бейінінің білім беру және ғылыми мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ мұнай-газ кешені еңбеккерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенін дамытуға жеке үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
25. «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн әділет органдарын дамытуда елеулі үлес қосқан әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
26. «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен қызметкерлер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн марапатталады.
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
27. «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен күнтізбелік есеппен кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар мұнай-газ саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары және ұзақ әрі мінсіз қызметі, кәсіби қызметтегі жоғарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен мұнай және газ саласындағы елеулі үлесі үшін басқа да адамдар марапатталады.
«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
28. «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы 15 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері марапатталады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі
29. «Заңгер» төсбелгісімен жоғары заң білімі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби шеберлікпен орындайтын әділет органдарының қызметкерлері марапатталады.
30. «Заңгер» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) әділет органдары жүйесінде 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Заңгер»;
2) әділет органдары жүйесінде 10 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Заңгер»;
3) әділет органдары жүйесінде 7 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Заңгер».
«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі
31. «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен әділет органдары жүйесінде 5 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі
32. «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің органдарында кемінде 10 жыл мінсіз жұмыс істеген қаржы жүйесінің қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі
33. «Салық қызметінің үздігі» төсбелгісімен салық қызметі органдарын дамытудағы елеулі үлесі, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, жемісті еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін салық қызметі органдарының жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс істеген салық қызметі органдарының қызметкерлері марапатталады.
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі
34. «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілі, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындаған еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері марапатталады.
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі
35. «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салаларын дамытуға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосқаны үшін, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері, мемлекеттік басқарудың жаңа прогрессивті әдістерін енгізгені үшін, көп жылдық жемісті еңбегі мен егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік, мал шаруашылығы және ветеринариялық қауіпсіздік, қайта өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу, мақта, өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асырудағы көп жылдық ерен еңбегі үшін марапатталады.
«Құрметті авиатор» төсбелгісі
36. «Құрметті авиатор» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы жетістіктерге жеткені, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындағаны үшін, бұл ретте бастамашылық және кәсібилігін танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылған, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп азаматтық авиация саласындағы қызметкерлер марапатталады.
37. Ерекше жағдайларда бұл белгімен азаматтық авиация саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін тұлғалар марапатталады.
«Құрметті жолшы» төсбелгісі
38. «Құрметті жолшы» төсбелгісімен автожол саласындағы қызметкерлер еңбекте жоғарғы нәтижелерге жеткені, қызметте оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп автожол саласындағы қызметкерлер марапатталады.
39. Ерекше жағдайларда бұл белгімен автомобиль жолдары саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі
40. «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы жетістіктерге жеткені, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 10 жыл және одан көп автомобиль көлігі саласының қызметкерлері марапатталады.
41. Ерекше жағдайларда бұл белгімен автомобиль көлігі саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісі
42. «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен еңбекте жоғарғы жетістіктерге жеткені, су көлігі саласында күнтізбелік есеппен 10 және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі кәсіби шеберлікпен орындайтын су көлігі саласындағы қызметкерлер мараптталады.
43. Ерекше жағдайларда бұл белгімен су көлігі саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар да марапатталады.
«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі
44. «Еңбек сiңiрген энергетик» төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемiнде 15 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiп объектiлерiн электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi ұйымдастыру мен еңбек жағдайын жасау, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту жөнінде жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ ерекше сiңiрген еңбегi мен электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан жеке үлесi үшін ұйымдардың үздік мамандары, қызметшiлері, басшылары марапатталады.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі
45. «Еңбек даңқы» төсбелгісімен:
1) саланы дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, кәсіпорындардағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрлар даярлауға белсене қатысқаны үшін металлургия өнеркәсібі саласындағы жұмыскерлер;
2) металлургия өнеркәсібін дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
46. «Еңбек даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) металлургия өнеркәсібі саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Еңбек даңқы»;
2) металлургия өнеркәсібі саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Еңбек даңқы»;
3) металлургия өнеркәсібі саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Еңбек даңқы».
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі
47. «Кенші даңқы» төсбелгісімен:
1) тау-кен өнеркәсібі саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, кәсіпорындардағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылдығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласының қызметкерлері;
2) тау-кен өнеркәсібін және шахта құрылысын дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.
48. «Кенші даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – І дәрежелi «Кенші даңқы»;
2) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІ дәрежелi «Кенші даңқы»;
3) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысы саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін марапаттауға – ІІІ дәрежелi «Кенші даңқы».
І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі
49. «Шахтер даңқы» төсбелгісімен:
1) жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан көмір, дренаж шахталары мен разрездерінде жерасты және ашық жұмыстарда тұрақты істейтін жұмысшылар, басшылар мен мамандар мінсіз жұмысы үшін;
2) көмір өнеркәсібі және шахта құрылыс кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін қамтамасыз ететін көмір өнеркәсібі саласының басқа қызметкерлері;
3) белсенді ынтымақтастығы мен көмір өнеркәсібін дамытуға жәрдемдескені үшін басқа салалардың қызметкерлері, шетелдік мамандар марапатталады.
50. «Шахтер даңқы» төсбелгісі үш дәрежеден тұрады:
1) көмір өнеркәсібі саласында 12 жыл сіңірген еңбегі үшін – І дәрежелi «Шахтер даңқы»;
2) көмір өнеркәсібі саласында 8 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІ дәрежелi «Шахтер даңқы»;
3) көмір өнеркәсібі саласында 5 жыл сіңірген еңбегі үшін – ІІІ дәрежелi «Шахтер даңқы».
51. «Шахтер даңқы» төсбелгісімен жаңа техника мен технологияны жасаудағы, енгізу мен игерудегі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі айрықша жетістіктері үшін, аварияларды жою және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі, бастамашылдығы үшін жұмыс өтілі есепке алынбай марапатталады.
«Құрметті энергетик» төсбелгісі
52. «Құрметтi энергетик» төсбелгiсiмен электр энергетикасы саласында кемінде 10 жыл мiнсiз жұмыс iстеген және халықты, мемлекеттiк және өнеркәсiптiк объектiлердi электр және жылу энергиясымен сенiмдi қамтамасыз ету, өндiрiстi және еңбек жағдайын ұйымдастыру, техника мен технологияларды енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту, өндiрiстiк қуаттар мен әлеуметтiк-тұрмыс объектiлерiн мерзiмiнен бұрын пайдалануға беру бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткiзген, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамытуда айрықша еңбек сіңірген және жеке үлес қосқаны үшiн қызметкерлер марапатталады.
«Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі
53. «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен:
1) мінсіз қызметі және кемінде 10 жыл сіңірген еңбегі үшін, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері үшін машина жасау өнеркәсібінің қызметкерлері;
2) машина жасау өнеркәсібін дамытудағы белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларының қызметкерлері марапатталады.
«Атом саласының үздігі» төсбелгісі
54. «Атом саласының үздігі» төсбелгісімен 5 және одан да көп жыл еңбек сіңірген атом саласының қызметкерлері және атом саласының ардагерлері белсенді және жемісті ынтымақтастығы, атом саласын дамытудағы жәрдемі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, орындаған тапсырмалардың жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін марапатталады.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
55. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне айрықша үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелері, белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі және мейірімділігі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен кәсіби шеберлігі және жанқиярлығы үшін, кемінде 40 рет қан беруді және (немесе) кемінде 70 рет қан плазмасын беруді өтеусіз жүзеге асырғаны үшін марапатталады.
56. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері марапатталады.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
57. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен халықтың денсаулығын сақтау ісіне ерекше үлес қосқан, денсаулық сақтау жүйесінде 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері ұзақ жылғы еңбегі және практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға жеке үлес қосқаны, диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін әзірлегені, енгізгені, денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және реформалауға белсенді қатысқаны, медицина ғылымын, денсаулық сақтау саласындағы білім беру мен инновациялық қызметті дамытқаны үшін марапатталады.
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі
58. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, облыстық (аудандық), республикалық халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін білім беру органдары мен ұйымдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер марапатталады.
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
59. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен отандық ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктер деңгейіне шығуына ықпал ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелері, ғылымның, техниканың және мәдениеттің басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңірлік басқа ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, жаңа техника мен технологияларды жасауға және қазіргілерін жетілдіруге қосқан зор үлесі, зор практикалық маңызы бар әзірленген жаңа технологиялары, ғылым мен мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктері аясында ғылыми-зерттеу үдерістерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі елеулі табыстары, білікті ғылыми кадрларды даярлаудағы жоғары жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметтің ғылыми саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын нығайту мен дамытудағы жоғары жетістіктері үшін 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
60. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің өз бетімен дамуын, олардың оқуын дараландыруды қамтамасыз ететін сабақтарды, білімді бақылауды ұйымдастырудың және өткізудің белсенді нысандарын және әдістерін және жаңа интерактивтік технологияларды оқу үдерісіне енгізгені, білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық қызметіне басшылық жасаудағы табыстары, өңірлік, республикалық, халықаралық білім және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктері, білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулері, білім беру жүйесінің оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық және ғылыми біліктіліктерін арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы сіңірген еңбегі, оқу әдебиетін әзірлеудегі және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы жетістіктері, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырудағы, материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамытудағы және нығайтудағы жетістіктері үшін білім беру ұйымдарында 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі және жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар (педагог қызметкерлер үшін) қызметкерлер марапатталады.
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
61. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін мәдениет саласында 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар мәдениет саласының қызметкерлері марапатталады.
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
62. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудағы көп жылғы және жемісті еңбегі, спортшыларды, спорт-медициналық, спорт-ғылыми және дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқарушы кадрларды практикалық даярлаудағы табысы, спортты насихаттағаны және Қазақстанның спорттық өмірін ақпараттық тұрғыда қолдағаны үшін дене шынықтыру-спорт жұмысында ерекшеленген, 15 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар адамдар және дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін өзге де адамдар марапатталады.
«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
63. «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен туризмнің материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын дамытуда және нығайтуда қол жеткізген табыстары, туристік қызметке жұмыстың осы заманғы нысандары мен әдістерін, интерактивті технологияларды, ұйымдастыру техникасы мен электрондық байланысты енгізгені, Қазақстанның туристік имиджін құру, сырттан келу және ішкі туризмді дамыту, халықты туризмге насихаттау мен тарту жөніндегі жарнамалық-ақпараттық жұмыстағы жетістіктері, Қазақстанның оң имиджін белсенді насихаттағаны және қалыптастырғаны, кәсібилігі мен шығармашылығы, өңірлік, республикалық және халықаралық туристік бағдарламаларды және жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны және қол жеткізген табыстары, туризм саласында еңбекте қол жеткізген табыстары мен туризмнің барлық түрлерін дамытуға сіңірген еңбегі, туристік ұйымдар үшін білікті мамандарды даярлауға және тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін қызметі бойынша оң мінездемесі бар, туризм саласында кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар туризм саласының қызметкерлері марапатталады.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі
64. «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен спорт саласында кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар адамдар:
1) ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен танымал спортшыларды немесе командаларды даярлау жөнінде көп жылдық табысты оқу-жаттықтыру және тәрбие жұмысы үшін спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушылар, жаттықтырушылар;
2) балалар-жасөспірімдер спортын, жоғары жетістіктер спортын, дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спортты, қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамытуға арналған оқу-әдістемелік әдебиетті, оқу құралдарын әзірлеудегі және дайындаудағы табыстары үшін;
3) дене шынықтыруды және спортты белсенді насихаттаушылар;
4) бұқаралық спортты дамыту жөнінде жемісті жұмыс атқарған спортты ұйымдастырушылар мен нұсқаушы-әдіскерлер марапатталады.
«Туризм саласының үздігі» төсбелгісі
65. «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өзіне жүктелген міндеттерін адал және кәсіби шеберлікпен орындайтын туризм саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдары 5 жыл және одан да көп туризм саласының қызметкерлері марапатталады.
«Экология саласының үздігі» төсбелгісі
66. «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, Қазақстан Республикасының табиғи байлықтарын сақтаудағы жоғары кәсіптік сапасы және жеке үлесі, қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру және еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны, жаңашылдығы және бастамашылдығы, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін экология саласының қызметкерлері және басқа да адамдар марапатталады.
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі
67. «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен құрылысты дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы құрылыс қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, құрылыс бейінінің маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, құрылысшылардың, сондай-ақ құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндірушілердің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, құрылыс саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, құрылыс өндірісінің жаңа озық технологияларын енгізгені, құрылыс қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, құрылыс саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін құрылыс саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар құрылыс саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ құрылысты дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Құрметті сәулетші» төсбелгісі
68. «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен сәулет және қала құрылысын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік сәулет және қала құрылысы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, сәулет бейінінің маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, сәулетшілердің, қала құрылысшыларының кәсіптік мүдделерін қорғағаны, сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторлық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, сәулет және қала құрылысы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін сәулет және қала құрылысы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар сәулет саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ қазақстандық сәулет және қала құрылысын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісі
Ескерту. 3-бөлім кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
69. «Химия енеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен химия өнеркәсібі саласында кемінде 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар химия енеркәсібі саласындағы ұйымдардың басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлері, жұмысшылары, кәсіподақ белсенділері және мамандары жемісті және көп жылдық жұмысы, өндірістің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыруға белсенді қатысқаны, кәсіби қызметтегі жогарғы көрсеткішке қол жеткізгені үшін, ерекше сіңірген еңбегі мен химия өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі
Ескерту. 3-бөлім кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1795 Қаулысымен.
69. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, бейінді маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, инновациялық технологияларды енгізгені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды әзірлегені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторалдық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына
кіретін кейбір мемлекеттік органдардың
ведомстволық наградаларымен марапаттау
(ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларына
1-қосымша
Награда қағазы
1. Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны______________________________
(кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің дәл атауы көрсетіледі)
3. Жынысы____________________________________________________
4. Туған жылы мен туған жері_________________________________
5. Ұлты______________________________________________________
6. Білімі____________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_____________________________
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты:__________________________
9. Үйінің мекенжайы:_________________________________________
10. Жалпы жұмыс өтілі________________________________________
11. Саладағы жұмыс өтілі_____________________________________
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ________________________
13. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:_________________________________________________________
Кандидатура__________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау күні, хаттаманың №)
_________________________________________талқыланып, ұсынылды.
Мына наградаға ұсынылады ____________________________________
(награданың түрі)
Кәсіпорынның, мекеменің,
ұйымның басшысы
________________________
(қолы)
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
_____жылғы «___»__________
(толтыру күні)
Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына
кіретін кейбір мемлекеттік органдардың
ведомстволық наградаларымен марапаттау
(ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларына
2-қосымша
КУӘЛІК
Беткі жағы
КУӘЛІК |
Ішкі жағы
_________________________ __________________________ М.О. М.П. |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1539 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының
ТІЗБЕСІ ЖӘНЕ СИПАТТАМАЛАРЫ
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі
Медальдар:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін».
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі:
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін».
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін».
Төсбелгілер:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері».
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі:
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері».
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері»;
2) І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Заңгер»;
3) «Әділет органдарының үздігі».
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) «Қаржы қызметінің үздігі»;
2) «Салық қызметінің үздігі».
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі».
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі».
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі:
1) «Құрметті авиатор»;
2) «Құрметті жолшы»;
3) «Құрметті автокөлікші»;
4) «Су көлігі саласының үздігі».
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
1) «Еңбек сіңірген энергетик»;
2) І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы»;
3) І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы»;
4) І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы»;
5) «Құрметті энергетик»;
6) «Құрметті машина жасаушы»;
7) «Атом саласының үздігі»;
8) «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»;
2) «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».
10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) «Ы. Алтынсарин»;
2) «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін»;
3) «Білім беру ісінің құрметті қызметкері».
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі:
«Мәдениет саласының үздігі».
12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:
1) «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін»;
2) «Туризм cаласына сіңірген еңбегі үшін»;
3) «Құрметті спорт қызметкері»;
4) «Туризм саласының үздігі».
13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
«Экология саласының үздігі».
14. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі:
1) «Құрметті құрылысшы»;
2) «Құрметті сәулетші»;
3) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері».
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1795 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің медалі
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін»
(1-қосымша)
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм болатын шеңбер нысанындағы латуньнан дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада Нәзір Төреқұлов портретінің барельефтік бейнесі орналасқан. Портреттің айналасында лавр бұтақтарынан тұратын десте бейнеленген. Медальдің ернеуі мен десте арасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде Нәзір Төреқұловтың портретінің астында «НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ» деген жазу орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан, жазудың астында екі лавр бұтағы орналасқан. Төменгі бөлігінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 24 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның тік бұрышты бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес ені 20 мм жібек қатқыл лентамен қапталған.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің медалі
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2-қосымша)
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі диаметрі 32 мм болатын шеңбер нысанындағы латуньнан дайындалады.
Медальдің бет жағында мұнай мұнарасының бедерлі бейнесі орналасқан, оң жағында мұнай өңдеу қондырғысының бедерлі бейнесі орналасқан, сол жағында сары металдан жасалған ұлттық ою түрінде безендірілген мұнай тамшысының бедерлі бейнесі орналасқан. Осы композиция күңгірттелген бедермен дөңгелек нысанды жолақпен жиектелген.
Медальдің бет жағында шеттерін бойлай шеңбер түрінде «МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген мәтін бар.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 20 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің медалі
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»
(3-қосымша)
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі диаметрі 32 мм болатын шеңбер нысанындағы латуньнан дайындалады. Медальдің реңі күңгірттелген.
Медалдің бет жағында шеңбердің жоғарғы бөлігінде күн сәулесімен жиектелген шаңырақ орналасқан. Шаңырақтың астында бидай масақтары орналасқан. Күн сәулелі шаңырақ бейнесі және бидай масақтары алтын түстес. Масақтардың орта бөлігінде «ЗАҢ» деген күміс түстес жазуы бар ашылған кітап орналасқан. Шеңбердің шетінде күміс реңде «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген алтын түстес жазу орналасқан.
Сыртқы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 16 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің төсбелгісі
«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» төсбелгісi (4-қосымша)
«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» төсбелгiсi диаметрі 35 мм болатын шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Шеңбер iшiнде көк түспен орындалған ендiктер мен бойлықтары сызылған диаметрi 23 мм жер шарының айшықты бедерлі бейнесі орналасады. Жер шарының фонында шеңбердің төменгі бөлігінде қалықтаған қыранның алтын түстес бейнесi орналасқан.
Белгi шеңбер бойымен иiрiлiп келген және жер шарының астымен өтетiн енi 5 мм алтын түстес көлемдi көмкерме лентамен жиектелген. Лентаның жоғарғы бөлiгiнде қара-көк түстi эмальмен орындалған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» мәтiнi орналасқан. Әрiптердiң биiктiгi лентаның жоғарғы бөлiгiнде 2 мм, төменгi бөлiгiнде 1,5 мм. Лента мен жер шарының бейнесi арасында енi 1,5 мм ақ түстi лента өтедi. Лентаның үстiнен жан-жағынан жасыл түспен орындалған лаврлар орналасқан.
Белгiнiң сыртқы жағында оның реттiк нөмiрi орналасады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің төсбелгісі
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» (5-қосымша)
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі диаметрі 35 мм болатын шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің бет жағында қара-көк түсті шеңбердің фонында астында алтын түстес мұнай бұрғылау қондырғысының бедерлі макеті, жоғары жақта – алтын түстес ұлттық ою-өрнек элементтерімен мұнай тамшысының бедерлі макеті орналастырылған.
Белгінің бет жағында шеттерін бойлай алтын түстес фонда «МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» деген мәтін бар.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің төсбелгілері
«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» (6-қосымша)
«Әділет органдары саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі шеңбер нысанында қондырмасы бар биіктігі 40 мм және ені 40 мм сегіз қырлы нысанда болады.
Белгінің ортасында екі шеңбер бейнеленген, бірінші шеңбердің көгілдір фонда шаңырақ пен қалықтаған қыран орналасқан. Бірінші шеңбердің сыртында «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» деген жазу бар. Белгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Сегіз қырлы бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.
Белгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальванды тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгілердегі логотиптер элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері сапалы көрнекі қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалуы тиіс.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
І дәрежелі «Заңгер» (7-қосымша)
І дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі шеңбер нысанында қондырмасы бар биіктігі 35 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.
Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде көк түсті фонда «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде жоғарыда сәулелі жарты күннің бейнесі орналасқан және онда көгілдір түсті «І» рим цифры жазылған. Күннің астында бидай масағы және ақ түсті ашылған кітап орналасқан. Фоны ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада – «ЗАҢГЕР» деген жазу. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.
Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілер гальванды тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптер элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері сапалы көрнекі қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалуы тиіс.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
IІ дәрежелі «Заңгер» (8-қосымша)
ІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі шеңбер нысанында қондырмасы бар биіктігі 35 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.
Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде көк түсті фонда «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде жоғарыда сәулелі жарты күннің бейнесі орналасқан және онда көгілдір түсті «ІІ» рим цифры жазылған. Күннің астында бидай масағы және ақ түсті ашылған кітап орналасқан. Фоны ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада – «ЗАҢГЕР» деген жазу. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.
Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілер гальванды тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптер элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері сапалы көрнекі қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалуы тиіс.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
IІІ дәрежелі «Заңгер» (9-қосымша)
ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі шеңбер нысанында қондырмасы бар биіктігі 35 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.
Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде көк түсті фонда «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген бедерлі жазу бар. Шеңбердің ішінде жоғарыда сәулелі жарты күннің бейнесі орналасқан және онда көгілдір түсті «ІІІ» рим цифры жазылған. Күннің астында бидай масағы және ақ түсті ашылған кітап орналасқан. Фоны ашық. Бес бұрыштың астында көгілдір түсті лента орналасқан. Лентада – «ЗАҢГЕР» деген жазу. Бес бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.
Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілер гальванды тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгідегі логотиптер элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері сапалы көрнекі қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалуы тиіс.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Әділет органдарының үздігі» (10-қосымша)
«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі диаметрі 26 мм дұрыс шеңбер нысанында қондырмасы бар биіктігі 35 мм және ені 32 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында болады.
Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде көк түсті фонда «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген бедерлі жазу және ұлттық ою-өрнек орналасқан. Шеңбердің ішінде жоғарыда сәулелі жарты күннің бейнесі орналасқан. Күннің астында бидай масақтары және ақ түсті ашылған кітап орналасқан. Фоны ашық.
Белгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі түсті металдар қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілер гальванды тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгілердегі логотиптер элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері сапалы көрнекі қабылдау үшін жеткілікті көлемде орындалуы тиіс.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің төсбелгілері
«Қаржы қызметінің үздігі» (11-қосымша)
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 30 мм екі нысаннан тұрады – сегіз бұрыш және шеңбер.
Шеңбер ішінде көгілдір фондағы композиция екі жартыдан тұрады: композицияның төменгі бөлігінде алтыннан жасалған табақ (тостаған), жоғарғы бөлігінде алтын монеталар. Алтын табақтың үстінде ұлттық ою-өрнек түрінде жасалған айшықты қыран құс орналасқан. Шеңбердің сыртқы жоғарғы жиегінде «ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан, шеңбердің төменгі сыртқы жиегі ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. Сегіз бұрыштың әр бұрышында сары түсті фонда ұлттық ою-өрнек орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Салық қызметінің үздігі» (12-қосымша)
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм қою көк түсті сегіз сәулелі жұлдыз нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің диаметрі 27 мм бедерлі эмблемасы бастырылған, жоғарыда эмблема айналасында «САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан. Эмблема және жазу шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің төсбелгісі
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» (13-қосымша)
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің бет жағында шеңбердің жиектерінде ұлттық ою-өрнек және «ӘЛЕУМЕТТІК ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген мәтін орналасқан. Шеңбердің ортасында үш шеңберден тұратын фигура орналасқан. Шеңберлер күрделі үшбұрышты фигура түзілетіндей тәсілмен байланыстырылған. Фигураның ішінде қозғалыс динамикасын білдіретін үш элементтен тұратын ұлттық ою-өрнек орналасады.
Айналасының жиегі, мәтін, ою-өрнек және символ шығыңқы жылтырақ. Айналасының ішкі бөлігі күңгірт. Символ көгілдір эмальмен құйылған.
Белгінің сыртқы жағында ортасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан, жиектерінде – ұлттық ою-өрнек. Белгінің сыртқы беті күңгірт. Жазу және ою-өрнек шығыңқы жылтырақ.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 28 мм және биіктігі 19 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның ішкі бөлігі көгілдір эмальмен құйылған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгісі
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (14-қосымша)
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 34 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің бет жағында, ортасында шеңберге кірістірілген егістің, күннің, масақтың және ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнесі орналасқан. Ою-өрнектің айналасында шығыңқы жиек бар. Жиектің сыртқы жағында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» деген жазулар орналасқан. Белгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 35 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады. Таған латуньнен дайындалған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің төсбелгілері
«Құрметті авиатор» (15-қосымша)
«Құрметті авиатор» төсбелгісі ені 37 мм, биіктігі 45 мм шеңбер сопақ нысанда латуньнен дайындалады, негізден және қондырмадан тұрады.
Белгінің бет жағында шеңбер бойына лавр бұтақтары орналасқан. Шеңбердің ішінде «ҚҰРМЕТТІ АВИАТОР» деген жазу орналасқан. Белгінің ортасында жер шарының фонында ұшақ бейнесінде (жылтыр бет) бейнеленген қондырма орналасқан.
Төсбелгіні дайындауда көгілдір және көк түсті эмаль қолданылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті жолшы» (16-қосымша)
«Құрметті жолшы» төсбелгісі диаметрі 37 мм сегіз ұшты жұлдыз нысанда латуньнен дайындалады, негізден және қондырмадан тұрады. Жұлдыз ұштары беті құбылмалы жылтырақ түрінде жасалған.
Қондырманың ортасы екі бөлікке бөлінген. Төменгі бөлігінде сұр қозғалыс жолақтары және жасыл бөлгіш бөлігі бар автожол бейнеленген. Жоғары бөлігінде «КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу қызыл әріптермен жасалған. Негіз орталығының шеттері «ҚҰРМЕТТІ ЖОЛШЫ» деген алтын түстес жазумен және көгілдір эмальдағы ұлттық ою-өрнекпен жиектелген.
Белгідегі барлық бейнелер мен жазбалар шығыңқы.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті автокөлікші» (17-қосымша)
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі диаметрі 37 мм көк түсті сегіз ұшты жұлдыз нысанында латуньнен дайындалады әрі негізден және қондырмадан тұрады.
Белгінің бет жағында шеңбер бойында «ҚҰРМЕТТІ АВТОКӨЛІКШІ» деген жазу орналасқан. Қондырманың ортасында күн сәулесі және екі жол фонында «екі қанатты руль» орналасқан.
Төсбелгіні дайындауда көгілдір, сұр және ақ түсті эмальдар қолданылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Су көлігі саласының үздігі» (18-қосымша)
«Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 37 мм көк түсті сегіз ұшты жұлдыз нысанында латуньнен дайындалады әрі негізден және қондырмадан тұрады.
Белгінің бет жағында шеңбер бойында «СУ КӨЛІГІ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан. Қондырманың ортасында зәкір фонында кеменің бейнесі орналасқан.
Белгіні дайындауда қоңыр, көк, ақ және алтын түстес эмаль қолданылады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің төсбелгілері
«Еңбек сiңiрген энергетик» (19-қосымша)
«Еңбек сiңiрген энергетик» төсбелгісі диаметрі 40 мм көк түсті сегіз ұшты жұлдыз нысанында латуньнен дайындалады.
Белгінің бет жағында сегіз ұшты жұлдыздың ортасында көк эмальмен жабылған шеңбер орналасқан. Шеңбердiң ортасында құрамына Қазақстан Республикасының энергетикалық кәсiпорындары кiретiн Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының эмблемасы бейнеленген.
Шеңбердiң шеттерін бойлай шығыңқы жылтырақ әрiптермен «ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЭНЕРГЕТИК» деген жазу орындалған.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
І дәрежелі «Еңбек даңқы» (20-қосымша)
І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі шеңбер сыртына шығыңқы имек лентаның және лавр бұтақтарының элементтері бар диаметрі 40 мм шеңбер нысанында алтын түстес металдан дайындалады.
Белгінің бет жағында күн сәулесінің шұғыласы фонында металл ағып жатқан металлургиялық шөміш бейнеленген.
Белгінің жоғарғы жағы «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақық түсті лентамен, төменгі жағы лавр бұтақтарынан тұратын дестемен көмкерілген.
Белгінің төменгі бөлігінде ақық түсті лента мен лавр жапырағының фонында ақ түсті сопақшада белгінің дәрежесін білдіретін алтын түстес «І» рим цифры орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы төменгі жағында лавр бұтақтары, ортасында тік қызыл және кезек жүргізілген ақ жолақтар орналастырылған ені 28 мм және биіктігі 13 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Қызыл жолақ белгінің дәрежесін білдіреді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» (21-қосымша)
ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі шеңбер сыртына шығыңқы имек лентаның және лавр бұтақтарының элементтері бар диаметрі 40 мм шеңбер нысанында күміс түстес металдан дайындалады.
Белгінің бет жағында күн сәулесінің шұғыласы фонында металл ағып жатқан металлургиялық шөміш бейнеленген.
Белгінің жоғарғы жағы «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақық түсті лентамен, төменгі жағы лавр бұтақтарынан тұратын дестемен көмкерілген.
Белгінің төменгі бөлігі ақық түсті лента мен лавр жапырағының фонында ақ түсті сопақшада белгінің дәрежесін білдіретін алтын түстес «ІІ» рим цифры орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы төменгі жағында лавр бұтақтары, ортасында тік қызыл және кезек жүргізілген ақ жолақтар орналастырылған ені 28 мм және биіктігі 13 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Қызыл жолақтардың саны белгінің дәрежесін білдіреді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» (22-қосымша)
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі шеңбер сыртына шығыңқы имек лентаның және лавр бұтақтарының элементтері бар диаметрі 40 мм шеңбер нысанында қола түстес металдан дайындалады.
Белгінің бет жағында күн сәулесінің шұғыласы фонында металл ағып жатқан металлургиялық шөміш бейнеленген.
Белгінің жоғарғы жағы «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақық түсті лентамен, төменгі жағы лавр бұтақтарынан тұратын дестемен көмкерілген.
Белгінің төменгі жағында ақық түсті лента мен лавр жапырағының фонында ақ түсті сопақшада белгінің дәрежесін білдіретін алтын түстес «ІІІ» рим цифры орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы төменгі жағында лавр бұтақтары, ортасында тік қызыл және кезек жүргізілген ақ жолақтар орналастырылған ені 28 мм және биіктігі 13 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Қызыл жолақтардың саны белгінің дәрежесін білдіреді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі «Кенші даңқы» (23-қосымша)
І дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі диаметрі 45 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында алтын түстес металдан дайындалады.
Белгінің бет жағында ортада күн сәулесі шұғыласының фонында шахта көтергіші мен терриконның элементтері – тау-кен жыныстарының сұлбасы бейнеленген, жоғарғы жағы лавр бұтақтары дестесімен, төменгі жағы «КЕНШІ ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лентамен көмкерілген.
Белгінің төменгі бөлігінде ақ түсті сопақшада үш лавр жапырағы бүйірлей орналасқан тұста «І» рим цифры орналасқан.
Белгінің бес бұрышты периметрі ою-өрнекпен көмкерілген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы V нысанында кезегімен қызыл және ақ жолақтары бар ені 38 мм және биіктігі 13 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Қызыл жолақтардың саны белгінің дәрежесін білдіреді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
IІ дәрежелі «Кенші даңқы» (24-қосымша)
ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі диаметрі 45 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында күміс түстес металдан дайындалады.
Белгінің бет жағында ортада күн сәулесі шұғыласының фонында шахта көтергіші мен терриконның элементтері – тау-кен жыныстарының сұлбасы бейнеленген, жоғарғы жағы лавр бұтақтары дестесімен, төменгі жағы «КЕНШІ ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лентамен көмкерілген.
Белгінің төменгі бөлігінде ақ түсті сопақшада үш лавр жапырағы бүйірлей орналасқан тұста «ІІ» рим цифры орналасқан.
Белгінің бес бұрышты периметрі ою-өрнекпен көмкерілген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы V нысанында кезегімен қызыл және ақ жолақтары бар ені 38 мм және биіктігі 13 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады. Қызыл жолақтардың саны белгінің дәрежесін білдіреді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
IІІ дәрежелі «Кенші даңқы» (25-қосымша)
ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі диаметрі 45 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында қола түстес металдан дайындалады.
Белгінің бет жағында ортада күн сәулесі шұғыласының фонында шахта көтергіші мен терриконның элементтері – тау-кен жыныстарының сұлбасы бейнеленген, жоғарғы жағы лавр бұтақтары дестесімен, төменгі жағы «КЕНШІ ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лентамен көмкерілген.
Белгінің төменгі бөлігінде ақ түсті сопақшада үш лавр жапырағы бүйірлей орналасқан тұста «ІІІ» рим цифры орналасқан.
Белгінің бес бұрышты периметрі ою-өрнекпен көмкерілген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы V нысанында кезегімен қызыл және ақ жолақтары бар ені 38 мм және биіктігі 13 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады. Қызыл жолақтардың саны белгінің дәрежесін білдіреді.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
I дәрежелі «Шахтер даңқы» (26-қосымша)
I дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметр бойынша кертпесі бар алтын түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедері қызыл мөлдір эмальмен жабылған. Белгінің төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лентамен қиылысқан, орталық бөлігінде тау балғалары айқастырылып орналасқан. Төменгі бөлігінде «І» рим цифрі бар сопақша орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көк фондағы V нысанында кезегімен қызыл және ақ жолақтары бар ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
II дәрежелі «Шахтер даңқы» (27-қосымша)
IІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметр бойынша кертпесі бар күміс түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедері қызыл мөлдір эмальмен жабылған. Белгінің төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лентамен қиылысқан, орталық бөлігінде тау балғалары айқастырылып орналасқан. Төменгі бөлігінде «ІІ» рим цифрі бар сопақша орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көк фондағы V нысанында кезегімен қызыл және ақ жолақтары бар ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
III дәрежелі «Шахтер даңқы» (28-қосымша)
IІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанындағы және периметр бойынша кертпесі бар қола түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедері қызыл мөлдір эмальмен жабылған. Белгінің төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лентамен қиылысқан, орталық бөлігінде тау балғалары айқастырылып орналасқан. Төменгі бөлігінде «ІІІ» рим цифрі бар сопақша орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы көк фондағы V нысанында кезегімен қызыл және ақ жолақтары бар ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметтi энергетик» (29-қосымша)
«Құрметтi энергетик» төсбелгiсi диаметрі 25 мм шеңбер нысанында мельхиордан дайындалады.
Белгінің бет жағында шеңбер көк эмальмен жабылған. Ортасында құрамына Қазақстан Республикасының энергетикалық кәсiпорындары кiретiн Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының эмблемасы бейнеленген.
Көк эмальда шеңбердiң бойымен шығыңқы жылтырақ әрiптермен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «ҚҰРМЕТТІ ЭНЕРГЕТИК» деген жазулар орындалған, бұдан әрi шеңбердiң шеттерін бойлай бедерлі шығыңқы лавр бұтақтары бейнеленген.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті машина жасаушы» (30-қосымша)
«Құрметті машина жасаушы» төсбелгiсi диаметрі 33 мм шеңбер нысанында сары түсті металдан дайындалады.
Сыртқы шеңбердің жоғарғы бөлігінде тістегеріш пен лавр бұтағы бейнеленген. Ішінде «ҚҰРМЕТТІ МАШИНА ЖАСАУШЫ» деген жазуы бар көгілдір түсті лента бейнеленген. Белгінің ортасында құбырлары бар зауыттың сұлбасы және станоктың бейнесі.
Белгі құлақша мен екі шынжыр арқылы ені 27 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Атом саласының үздігі» (31-қосымша)
«Атом саласының үздігі» төсбелгiсi диаметрі 37 мм шығыңқы алтын түстес қырлары бар сегіз қырлы нысанда, қалыңдығы 3 мм алтынмен жабылған 925 сынамалы күміс қорытпасынан дайындалады.
Белгінің беткі жағында сегіз қырлы белгінің ортасында диаметрі 27 мм, ернеуі көмкерілген шеңбер орналасқан. Шеңбердің ортасында электронның үш орбитасымен композициялық атом ядросын ұстап тұрған адамның қолы бейнеленген.
Белгінің сыртқы жағында «АТОМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген бедерлі жазу жазылған.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 35 мм және биіктігі 24 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған үшбұрышты тағанмен жалғанады. Үшбұрыштың екі жақ шеттерінде ені 3 мм бедерлі кертпесі бар ернеуі болады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Химия енеркәсібінің үздік қызметкері» (31-1 -қосымша)
Ескерту. 2-бөлім кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
«Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісінің ені 40 мм, ұзындығы 40 мм сегіз қырлы пішінде, сегіз қырының шетінен шығып тұратын элементтері жоқ. Төсбелгінің ортасында химиялық ерітіндісі бар колба мен масақ түріндегі элементтерден, сол жағында химиялық элементтердің әріптік белгісінен тұратын химиялық саланы сипаттайтын таңба орналасқан. Символ ұлттық нақыш беретін ұлттық өрнектермен қоршалған. Химиялық өнеркәсіпті білдіретін белгінің астында бас әріптермен «ҚАЗАҚСТАН» деп жазылған ілініп тұрған транспарант түріндегі төсеме орналасады.
Белгі жоғары жағында төсемесімен және онда қазақтың үлттық стилінде безендіріліп өрнектелген және жіңішке рамкамен жиектелген «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» деген мәтін орналасқан тікбұрышты түрде қалыпты металдан дайындалады. Қалыптың өзі ортасында жалпақ ақ жолағы бар, көк лентаның көрінісін береді. Жолақтар қалыпта тігінен орналастырылады. Белгі құлақша және сақинаның көмегімен қалыпқа бекітіледі. Белгі және қалып қою көгілдір эмальмен боялған сары түсті металдан дайындалады, белгі қалыбының биіктігі 30 мм, ал ені 34 мм.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгілері
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (32-қосымша)
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі диаметрі 40 мм шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
Шеңбердің ортасында медицина эмблемасы - тостағанға оралған жылан, жоғары бөлігінде – шығып келе жатқан күн сәулесі, төменгі жағында – лавр бұтақтары бейнеленген. Шеңберді бойлай «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН», «ҚАЗАҚСТАН» деген жазулар орналасқан. Белгі фоны жылтырақ, әріптер және бейнелер шығыңқы, күңгірттелген.
Белгінің сыртқы жағы күңгірттелген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 33 мм және биіктігі 20 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (33-қосымша)
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі диаметрі 40 мм тең емес шеңбер нысанында латуньнан дайындалады.
Ортада, көгілдір эмальмен құйылған шеңбер фонында шаңырақтың бедерлі бейнесі орналастырылған. Шеңбердің ішінде фоны қызыл түсті эмальмен құйылған көлемі кіші шеңбер орналасқан және ортасында тостағанға оралған жылан түріндегі медицина эмблемасы бейнеленген. Белгі жиегін бойлай бейненің айналасы ақ эмальмен құйылған фонда «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» деген жазу бар, «ҮЗДІГІ» деген жазу нүктелермен бөлінген. Төменде лавр бұтақтарымен көмкерілген «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Белгінің фоны жылтырақ, әріптер мен бейнелер шығыңқы күңгірттелген.
Белгінің сыртқы жағы күңгірттелген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 19 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілері
«Ы. Алтынсарин» (34-қосымша)
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі диаметрі 32 мм шеңбер нысанында қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында Ы. Алтынсариннің бейнесі орналасқан. Бейненің астында «Ы. АЛТЫНСАРИН» деген жазу бар.
Белгінің сыртқы жағында «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ТАБЫСТАРЫ ҮШІН» деген жазу орналасқан.
Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (35-қосымша)
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі диаметрі 28 мм шеңбер нысанында қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында сегіз бұрыштың бейнесі орналастырылған, оның ортасында «Мәңгілік» көне белгісі бар.
Белгінің сыртқы жағында «ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу орналастырылған.
Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (36-қосымша)
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі диаметрі 28 мм шеңбер нысанында қалыңдығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында ортада ашылған кітаптың бейнесі орналасқан, оның ортасында күн, шеңбердің оң жағында лавр бұтағы жатыр.
Белгінің сыртқы жағында «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» деген жазу орналастырылған.
Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің төсбелгісі
«Мәдениет саласының үздігі» (37-қосымша)
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 34 мм шеңбер нысанында алтын түстес металдан дайындалады.
Шеңбердің ішінде күннің, шаңырақтың және ұлттық ою-өрнектің бейнесі, төменде алтын түстес МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасқан.
Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 34 мм және биіктігі 18 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің төсбелгілері
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін»
(38-қосымша)
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі латуньнан дайындалады және көлемі 38х28 мм күрделі нысандағы алқаны білдіреді. Алқаны дайындауда қызыл және көк түсті эмаль қолданылады.
Белгінің бет жағында төменгі бөлігінде «желбіреген лентаның» фонында «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» деген жазу орналасқан.
Белгінің ортасында айқастырылған екі алаудың фонында барыстың бейнесі орналасқан. Белгінің шеттерінде лавр бұтақтары орналасқан.
Белгі құлақша мен шынжыр арқылы ені 25 мм және биіктігі 37 мм көк түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» (39-қосымша)
«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі биіктігі 32 мм, ені 25 мм және қалыңдығы 2 мм тікбұрыш нысанында латуньнан дайындалады.
Белгінің ортасында көгілдір фонда алтын түсті реңкте бүркіттің қанатындағы Қазақстанның картасы бар жер шары бейнеленген.
Белгінің жоғарғы бөлігінде «ТУРИЗМ САЛАСЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» деген жазу орналастырылған. Жер шарының жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу орналастырылған.
Қондырмасы – мельхиор, көк эмаль, қызыл эмаль.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті спорт қызметкері» (40-қосымша)
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі диаметрі 42 мм сегіз ұшты жұлдыз нысанында дайындалады.
Белгі үш бөліктен тұрады - негіз, қондырма және жапсырма. Негізге бекітілетін жапсырмасы бар қондырма алаңы негіздің басты сәулелерінің үстіне орналасқан он екі сәулелі алтын жалатылған сәулелермен көмкерілген. Негіз күміс қорытпасынан дайындалған.
Қондырма шеті диаметрі 23,3 мм аймақтарында бүртіктер орындалған дұрыс шығыңқы шеңбер болып табылады. Сақина бойы ішкі бүртік пен жапсырма алаңының арасында «ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ» деген жазу айналдыра орналасқан.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 26 мм және биіктігі 30 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен тысталған тікбұрышты тағанмен жалғанады. Таған жезден дайындалады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Туризм саласының үздігі» (41-қосымша)
«Туризм саласының үздігі» төсбелгісі биіктігі 32 мм, ені 25 мм және қалыңдығы 2 мм тікбұрыш нысанында латуньнан дайындалады.
Белгінің бет жағында қою жасыл фонда Қазақстан Республикасының картасы бейнеленген. Картаның жоғары бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, төменгі бөлігінде «ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналастырылған.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің төсбелгісі
«Экология саласының үздігі» (42-қосымша)
«Экология саласының үздігі» төсбелгісі диаметрі 32,8 мм шеңбер нысанында латуньнан дайындалады. Шеңбердің фоны жасыл түсті.
Шеңбердің ортасында Қазақстанның контурлық картасы бейнеленген, фоны күңгірттелген күміс. Картаның ішінде екі жапырақ бар: біреуі көгілдір түсті, екіншісі жасыл түсті. Карта бейнесінің үстінде алтын түстес шаңырақ бейнеленген.
Белгінің төменгі бөлігінде шеңберді бойлай алтын түстес лента орналасқан, мәтіні күңгірт, оның ортасында үш қатарда күңгірт әріптермен: «ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» деген жазу орналасады. Белгідегі барлық бейнелер шығыңқы. Белгінің шеттері ернеумен жиектелген.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм жасыл түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында лавр бұтақтары бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төсбелгілері
«Құрметті құрылысшы» (43-қосымша)
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі диаметрі 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс пен никель қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында шартты түрде бедерлі өрнектелген шаңырақты айналдыра «ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫ» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазу қара-көк түсті эмальмен жабылған.
Белгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі ораналасқан. Белгінің қыры тегіс.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қара-көк түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Құрметті сәулетші» (44-қосымша)
«Құрметті сәулетші» төсбелгісі диаметрі 28 мм және қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында мыс пен никель қорытпасынан дайындалады.
Белгінің бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «ҚҰРМЕТТІ СӘУЛЕТШІ» деген жазу орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазу қара көк түсті эмальмен жабылған.
Белгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі орналасқан. Белгінің қыры тегіс.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қара-көк түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» (45-қосымша)
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі мыс пен никель қорытпасынан, диаметрі 28 милиметр және қалыңдығы 2 милиметр дөңгелек нысанында дайындалады.
Белгінің бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазу қара қою-көгілдір түсті эмальмен боялады.
Белгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылады. Белгінің қыры тегіс.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қою-көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Ескерту. 2-бөлім кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1795 Қаулысымен.
Сипаттамаларға
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына
қосқан үлесі үшін» медалі
Сипаттамаларға
2-қосымша
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
Сипаттамаларға
3-қосымша
«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
Сипаттамаларға
4-қосымша
«Қазақстан Республикасы дипломатиялық
қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
Сипаттамаларға
5-қосымша
«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі
Сипаттамаларға
6-қосымша
«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
Сипаттамаларға
7-қосымша
І дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі
Сипаттамаларға
8-қосымша
ІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі
Сипаттамаларға
9-қосымша
ІІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі
Сипаттамаларға
10-қосымша
«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
11-қосымша
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
12-қосымша
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
13-қосымша
«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
14-қосымша
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
15-қосымша
«Құрметті авиатор» төсбелгісі
Сипаттамаларға
16-қосымша
«Құрметті жолшы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
17-қосымша
«Құрметті автокөлікші» төсбелгісі
Сипаттамаларға
18-қосымша
«Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
19-қосымша
«Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі
Сипаттамаларға
20-қосымша
І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
21-қосымша
ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
22-қосымша
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
23-қосымша
І дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
24-қосымша
ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
25-қосымша
ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
26-қосымша
І дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
27-қосымша
ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
28-қосымша
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
29-қосымша
«Құрметті энергетик» төсбелгісі
Сипаттамаларға
30-қосымша
«Құрметті машина жасаушы» төсбелгісі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік
органдардың ведомостволық
наградаларының сипаттамаларына
31-1 қосымша
"Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері" төсбелгісі
Ескерту. Сипаттамалар 31-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Сипаттамаларға
31-қосымша
«Атом саласының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
32-қосымша
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
Сипаттамаларға
33-қосымша
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
34-қосымша
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі
Сипаттамаларға
35-қосымша
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
Сипаттамаларға
36-қосымша
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
Сипаттамаларға
37-қосымша
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
38-қосымша
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
Сипаттамаларға
39-қосымша
«Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
Сипаттамаларға
40-қосымша
«Құрметті спорт қызметкерлері» төсбелгісі
Сипаттамаларға
41-қосымша
«Туризм саласының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
42-қосымша
«Экология саласының үздігі» төсбелгісі
Сипаттамаларға
43-қосымша
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісі
Сипаттамаларға
44-қосымша
«Құрметті сәулетші» төсбелгісі
Сипаттамаларға
45-қосымша
Ескерту. Сипаттамалар 45-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1795 Қаулысымен.