Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1004 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту
жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2013 № 1387 қаулысымен.
Сұлтанов |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
Әбдіқалықова |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Ақышев |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Әбілқасымова |
– |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Досаев |
– |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Дүйсенова |
– |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Жәмішев |
– |
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
Смайылов |
– |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы |
Ақпомбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Жақыпова |
– |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Күреңбеков |
– |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Бахмутова Елена |
– |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Испанов |
– |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы |
Үмбетәлиев Мәди |
– |
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1004 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін (бұдан әрі - ЗЖ) одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) ЗЖ-ны одан әрі дамыту жөніндегі саясатты қалыптастыру;
2) зейнетақы заңнамасы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
3) ЗЖ-ны дамыту саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ЗЖ-ны дамыту саласындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының бірлескен іс-қимылын перспективалы жоспарлау;
5) ЗЖ-ны одан әрі дамытуға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға басқарады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкметінің 17.06.2013 N 607 қаулысымен.
7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады. Хатшы Комиссия мүшесі болмайды.
8. Жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
9. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса заңды болып саналады.
10. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауысы берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
4. Комиссияның қызметін тоқтату
11. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.