Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1004 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту
жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссияның
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1004 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін (бұдан әрі - ЗЖ) одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) ЗЖ-ны одан әрі дамыту жөніндегі саясатты қалыптастыру;
2) зейнетақы заңнамасы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
3) ЗЖ-ны дамыту саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ЗЖ-ны дамыту саласындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының бірлескен іс-қимылын перспективалы жоспарлау;
5) ЗЖ-ны одан әрі дамытуға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға басқарады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
7. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
9. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса заңды болып саналады.
10. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
10-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
4. Комиссияның қызметін тоқтату
11. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.