Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 Қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 32-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов 
 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 3 мамырдағы
№ 474 қаулысымен
бекітілген  

      Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасы

      1. Осы Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Заңның 25-бабының 2357-12-тармақтарында,  29-бабында Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға (бұдан әрі - халықаралық ұйымдардың қызметкерлері) өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы бөлігінде көзделген ақшалай, әлеуметтік, зейнетақылық және медициналық қамтамасыз етудегі айырманы өтеу тәртібін айқындайды.
      2. Айырманы өтеу республикалық бюджетте тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады.
      3. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне лауазымдық жалақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық валютада Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің (бұдан әрі - шет елдердегі мекемелер) персоналына көзделген мөлшерде белгіленеді.
      Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне шетелдік валютадағы лауазымдық жалақының айырмасын өтеу жүргізілмейді.
      4. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету шет елдердегі мекемелерде жұмыс істейтін дипломатиялық қызметперсоналы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айырманы өтеу жылына бір рет жүзеге асырылатын өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын өтеуді қоспағанда, жылына екі рет жүзеге асырылады.
      Халықаралық ұйымдағы жұмыс аяқталған кезде халықаралық ұйым қызметкеріне өтеу жұмыс мерзімі аяқталған соң бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
      Ағымдағы қаржы жылында халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне айырманы өтеу халықаралық ұйымда жұмыс істеген күннен бастап саналады, халықаралық ұйымның ішкі актілер мен еңбек шарттарында нақтыланса.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.07.2013 № 683 қаулысымен.
      6. Халықаралық ұйымның қызметкері айырма өтемін алу үшін болу елінде шет елдегі мекемеге тиісті халықаралық ұйым анықтамасын:
      1) медициналық көмектің кепілдік берген көлемі бойынша шығыстарды;
      2) лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберілуіне, жұмыс мерзімі аяқталған соң халықаралық ұйым қызметкерінің қайтып оралуына, сондай-ақ жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының берілуіне немесе отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстарды;
      3) халықаралық ұйымда жұмыс істеген кезеңде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жөніндегі шығыстарды;
      4) өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын төлеуге алынған нақты қаражат сомасын міндетті түрде көрсете отырып ұсынады.
      Егер жоғарыда келтірілген шығыстардың қандай да бірі бойынша қаражат халықаралық ұйымда бөлек төленбесе және жалақысының бір бөлігі болып табылса, бұл сома да ұсынылатын анықтамада бөлек көрініс табуы тиіс.
      Халықаралық ұйымның қызметкері ұсынатын анықтамаға халықаралық ұйымның қаржы қызметінің басшысы қол қояды және оның мөрімен куәландырылады.
      7. Сондай-ақ анықтамада Заңның 25-бабының 7-12-тармақтарында көзделген оқиғалар болған жағдайда алынған қаражат жөніндегі мәліметтер қамтылуға тиіс.
      8. Халықаралық ұйымның қызметкері анықтамаға мынадай растаушы құжаттарды:
      1) осы Қағиданың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар бойынша - сақтандыру полисінің және сақтандыру шартының (бар болған жағдайда) көшірмелерін немесе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алғанын растайтын басқа да құжаттарды;
      2) осы Қағиданың 6-тармағының 2) тармақшасында керсетілген шығыстар бойынша - авибилеттер мен отырғызу талондарын, шот-фактураны немесе түбіртекті;
      3) осы Қағиданың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстар бойынша - балаларды окытуға арналған шарт көшірмесін (бар болған жағдайда) және тиісті білім беру қызметтеріне ақы төлеу туралы түбіртектердің көшірмелерін;
      4) осы Қағиданың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шығыстар бойынша - өкілдік керек-жарақ бұйымдарын сатып алу фактісін растайтын төлем құжатын (тауарлық чек, шот-фактура);
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1056 қаулысымен бекітілген Дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе жұмыскеріне немесе оның отбасы мүшелеріне шет елде болу уақытында өздерінің қызметтік міндеттерін не соларға байланысты қызметті атқару кезінде келтірілген залалды өтеудің ережесіне сәйкес Заңның 25-бабының 7-12-тармақтарында көзделген оқиғалардың болғанын растайтын құжаттарды қоса береді.
      9. Халықаралық ұйымның қызметкері анықтама мен растайтын кұжаттарды ұсынғаннан кейін болу еліндегі шет елдегі мекеме бойынша осы Қағиданың 6, 7-тармақтары бойынша теңестірілген лауазым бойынша шет елдегі мекеме персоналына салыстырмалы түрде халықаралық ұйым қызметкеріне есеп жүргізеді және өтелуге тиіс айырма сомасын шығарады.
      10. Шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін жылына екі рет, 15 маусымға және 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша халықаралық ұйымның әрбір қызметкері бойынша өткен кезеңдегі төлемдер бойынша есеп береді.
      11. Төлемдер бойынша есепті алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өтеуге жататын айырманың тиісті сомасын: шет елдердегі мекемелерге - шетелдік валютада, халықаралық ұйымы қызметкерлерінің жеке шоттарына - ұлттық валютада аударады.

Қазақстан Республикасынан
халықаралық ұйымдарға
жұмысқа жіберілген, бұрын
дипломатиялық қызмет
персоналы лауазымында
болған лауазымды адамдарға
айырманы өтеу қағидасына
қосымша    

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы

Төлемдер бойынша есеп

Халықаралық ұйым қызметкерінің Т.А.Ә.________________________________
Халықаралық ұйымның атауы____________________________________________
Халықаралық ұйымдағы лауазымы________________________________________
____дан (ден)_______ ға(ге) дейінгі есепті кезең
ҚР-ның шет елдегі мекемесіндегі теңестірілген лауазым________________
Валюта атауы (АҚШ доллары/Евро)_____________________________________  

Р/с

Төлемдердің атауы

Теңестірілген лауазым бойынша Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіндегі төлемдер сомасы

Халықаралық ұйымдағы төлемдер сомасы

Бюджет қаражаты есебінен өтеуге жататын айырма сомасы

1

2

3

4

5

1

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша шығыстар




2

Лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберілуіне, жұмыс мерзімінің аяқталуы кезінде халықаралық ұйым қызметкерінің қайтып оралуына, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының берілуіне байланысты көліктік шығыстар




3

Отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстар




4

Балаларды оқыту бойынша шығыстар, оның ішінде:





мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша шығыстар





бастауыш білім беру бойынша шығыстар





негізгі орта білім беру бойынша шығыстар





жалпы орта білім беру бойынша шығыстар




5

Өкілдік керек-жарақ құнының өтемақысы




«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 25-бабының 7-12 тармақтарында көзделген оқиғалар болған жағдайда қосымша

6

Барлығы




ҚР шет елдегі мекемесінің басшысы        Қолы
ҚР шет елдегі мекемесінің бухгалтері     Қолы
Күні                                     Мөрі