Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн не соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтірілген залалды өтеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазаңдағы N 1056 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңы 25-бабының  7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн не соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрiлген залалды өтеудiң ережесi
бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 15 қазандағы
N 1056 қаулысымен  
 бекітілген     

Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн не соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрілген залалды өтеудiң ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе жұмыскерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында өздерінiң қызметтік мiндеттерiн немесе соларға байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрілген залалды өтеудiң шарттарын анықтайды және тәртiбiн белгілейдi.

      2. Осы Ережедегi залал деп қарулы немесе азаматтық қақтығыстардың, террорлық актілердiң, төтенше жағдайлардың, үшiншi бiр адамдардың заңға қарсы әрекеттерi нәтижесiнде дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң немесе оның отбасы мүшелерiнiң өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиян (бұдан әрi - дененiң зақымдануы) ұғынылады.

      3. Залал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жыл сайын көзделетiн резервiнiң қаражаты есебiнен өтеледi.

2. Залалды өтеу туралы iстi қарау тәртiбi

      4. Осы Ережеге сәйкес өтелуге тиiс залал келтiрiлген  жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе жұмыскерi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiне (бұдан әрi - Министр) келтiрiлген залалды өтеу туралы жазбаша өтiнiш бередi.

      5. Залалды өтеу туралы өтiнiш осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген талаптарға сәйкес берiледi.
      Залалды өтеу туралы өтiнiш осы Ереженiң 3-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде ол өтініш берушiге қаралмай қайтарылады.

      6. Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң залалды өтеу туралы жеке өзiнiң өтiнiшпен шығу мүмкiндiгi болмаған жағдайда, Министрге оның отбасының кәмелетке толған мүшесi жүгiнедi.

      7. Өтiнiштiң негiзiнде Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен залалды өтеуге қаражат бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi.

      8. Залалды өтеу "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.

3. Залалды өтеу туралы өтiнiшке қойылатын талаптар

      9. Өтiнiште өмiрiне және денсаулығына зиян келтiрiлген орны, уақыты, себебi және басқа да жағдайлары, келген мемлекеттiң болған оқиға туралы хабар берiлген органдарының атауы және заңды мекен-жайы немесе осы оқиға туралы хабар берiлмегендiгінiң себептерi көрсетіледі.

      10. Өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгендiгi туралы өтiнiшке:
      өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенiн анықтайтын құжаттар (медициналық анықтамалар, өзге де растайтын құжаттар);
      дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң немесе оның отбасы мүшесiнiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген орны, уақыты, себебi және басқа да жағдайлары туралы актi немесе өзге де құжат.

4. Қорытынды ережелер

      11. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе жұмыскері немесе оның отбасы мүшесi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, ол сот тәртібiмен оған шағымдануға құқылы.