Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 және "Қа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 683 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 446-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасында:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ағымдағы қаржы жылында халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне айырманы өтеу халықаралық ұйымда жұмыс істеген күннен бастап саналады, халықаралық ұйымның ішкі актілер мен еңбек шарттарында нақтыланса.»;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 60 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов