2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 452 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік меншіктің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 295 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      270) тармақшадағы «Жарлығының жобасын әзірлейді.» деген сөздер «Жарлығының жобасын әзірлейді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 271) тармақшамен толықтырылсын:
      «271) тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.»;
      2) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысында:
      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, екінші деңгейдегі банктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақбанкі» АҚ арасында Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын  қолдау бойынша әріптестік туралы келісімге қол қоюды қамтамасыз етсін.»;
      3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      400 «Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру» деген бюджеттік бағдарламадан кейін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 039 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» деген бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын;
      «Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кестеде:
      «2011 жыл» деген бағанда:
      «Қолданыстағы бағдарламалар» деген жолдағы «1 056 696 044» деген сандар «1 113 696 044» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «20 552 502» деген сандар «77 552 502» деген сандармен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің        
2011 жылғы 28 сәуірдегі
№ 452 қаулысына     
1-қосымша         

2011 жылға арналған республикалық бюджеттің
көрсеткіштерін түзету

                                                    мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер (+/-)


Әкімші



Бағдарлама

1

2

3




IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0

013



Өзгелері

0


217


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

57 000 000



039

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

57 000 000


233


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

-57 000 000



050

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

-57 000 000

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің         
2011 жылғы 28 сәуірдегі
№ 452 қаулысына     
2-қосымша        

Бюджеттік бағдарлама

039 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

Сипаттамасы

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын-үй құрылыс жинақтау жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысына сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында тұрғын үй құрылысының көлемін сақтап қалу мақсатында құрылысты одан әрі қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді қорландыруға негізделген мемлекеттің қолдауды жүзеге асыру көзделеді.

бюджеттік бағдарлама түрі

мазмұнына қарай

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру

іске асыру тәсіліне қарай

жеке

ағымдағы/даму

даму

бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

өлшем бірлігі

есепті жыл

жоспарлы кезең

жобаланатын жыл

жобаланатын жыл

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

тікелей нәтиже көрсеткіштері









Бір жай акциясы үшін бағасы 10 000 теңге болатын «ҚТҚЖБ» АҚ-ның жай акцияларының санын көбейту

дана



5 700 000





түпкілікті нәтиже көрсеткіштері









Екінші деңгейдегі банктерде депозиттер орналастырудың көлемі

мың теңге



57 000 000





сапа көрсеткіштері









тиімділік көрсеткіштері









бюджет шығыстарының көлемі

мың теңге



57 000 000