Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 Қаулысы

Жаңартылған

      «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Ұлттық кеңес туралы ереже;
      2) Ұлттық кеңестің құрамы бекітілсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде республикалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1124 қаулысы.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 298 қаулысымен     
бекітілген       

Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық
кеңес туралы ереже

      1. Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес қызметінің мақсаты республикалық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және экономиканың салаларын білікті кадрларлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары

       4. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
      2) техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      3) экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру
жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      4) бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесін құру;
      5) экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдай жасау;
      6) кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету;
      7) кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігін жоспарлау мен болжау;
      8) техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту;
      9) кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту;
      10) техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
      11) кадрлар даярлауға, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге, мамандардың біліктілігін бағалауға салалық мемлекеттік органдардың, кәсіптік бірлестіктердің, жұмыс берушілердің қатысуы;
      12) білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
      5. Кеңес өз міндеттеріне сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      2) экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді;
      3) Кеңестің отырыстарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, сараптау және жұмыс топтары мен өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақырады;
      4) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Кеңес қызметін жүзеге асыру тәртібі

       6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді және оның жұмыс жоспарын бекітеді, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Сенатының депутаттары, мемлекеттік даму институттарының, жұмыс берушілер қауымдастықтары, білім беру органдары, кәсіподақтар басшылары, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестер басшыларының арасынан қалыптасады. Кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
      8. Кеңес отырыстары жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
      9. Кеңес мүшелері Кеңестің қызметі, қабылданған шешімдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Кеңестің құзыреті шегінде кез келген мәселелерді талқылауға енгізе алады.
      10. Кеңес мүшелері отырыста қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие. Кеңес шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, мұнда әрбір мүшенің бір дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның жұмыс органы Кеңестің жұмыс тобын құрады.
      12. Кеңестің жұмыс органы:
      1) күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Кеңесте қарау үшін ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиіс;
      3) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
      4) Кеңес қызметіне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестіреді.
      13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      14. Кеңес шешімі кеңес мүшелері бұрыштама және оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      15. Экономиканың салаларын кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру үшін орталық уәкілетті органдардың жанынан салалық кеңестер құрылады.
      16. Өңірлік деңгейде кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру үшін жергілікті атқарушы органдардың жанынан өңірлік кеңестер құрылады.
      17. Салалық және өңірлік кеңестердің қызметі Кеңеске есеп береді.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

       18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің           
2011 жылғы 30 наурыздағы   
№ 298 қаулысымен       
бекітілген          

Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық
кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.22 № 685 Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 317, 2012.11.13 N 1445; 16.05.2013 N 494 қаулыларымен.

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы            Премьер-Министрі, төраға

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы          Министрінің орынбасары, төрағаның
                           орынбасары

Шаяхметов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы              ғылым вице-министрі, хатшы

Сағынтаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы          бірінші орынбасары - Қазақстан
                           Республикасының Өңірлік даму министрі

Исекешев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы            орынбасары – Қазақстан Республикасының
                           Индустрия және жаңа технологиялар
                           министрі

Әбденов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Сақбалдыұлы          халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Досаев                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Ерболат Асқарбекұлы        және бюджеттік жоспарлау министрі

Жұмағалиев               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы            коммуникация министрі

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы         министрі

Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы            ақпарат министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы         шаруашылығы министрі

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы        министрі

Қожағапанов              - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Ерлан Тоқтарханұлы         шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

Ескендіров               - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Самат Сапарбекұлы

Бозымбаев                - Жамбыл облысының әкімі
Қанат Алдабергенұлы

Айтмұхаметов             - Ақмола облысының әкімі
Қосман Қайыртайұлы

Есімов                   - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Ноғаев                   - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Нұрлан Асқарұлы

Көшербаев                - Қызылорда облысының әкімі
Қырымбек Елеуұлы

Әбдішев                  - Қарағанды облысының әкімі
Бауыржан Түйтеұлы

Сәдуақасов               - Қостанай облысының әкімі
Нұралы Мұстафаұлы

Айдарбаев                - Маңғыстау облысының әкімі
Алик Серікұлы

Мұсаханов                - Алматы облысының әкімі
Анзар Тұрсынханұлы

Мырзахметов              - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Асқар Исабекұлы

Ізмұхамбетов             - Атырау облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы

Мұхамбетов               - Ақтөбе облысының әкімі
Архимед Бегежанұлы

Арын                     - Павлодар облысының әкімі
Ерлан Мұхтарұлы

Сапарбаев                - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Мәшбекұлы

Тасмағамбетов            - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Валиев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Хусаин Хасенович           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Исімбаева                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Гүлмира Истайбекқызы       Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Шөкеев                   - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы           акционерлік қоғамының Басқарма
                           төрағасы (келісім бойынша)

Есекеев                  - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы      басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Измайылов                - «Зерде» ұлттык инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы          холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                           төрағасы (келісім бойынша)

Қиынов                   - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Ләззат Кетебайұлы          акционерлік қоғамының Басқарма
                           төрағасы (келісім бойынша)

Мамин                    - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
Асқар Ұзақбайұлы           акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

Айтжанов                 - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Дулат Нулиұлы              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

Тұрмағамбетов            - «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен
Мәжит Әбдіқалықұлы         компаниясы» акционерлік қоғамының
                           басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Смағұлов                 - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық
Болат Советұлы             компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма
                           төрағасы - компания президенті (келісім
                           бойынша)

Школьник                 - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом
Владимир Сергеевич         компаниясы» акционерлік қоғамының
                           президенті (келісім бойынша)

Худова                   - Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп
Любовь Николаевна          кәсіпорындары қауымдастығының басқарма
                           төрайымы (келісім бойынша)

Амантаева                - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Майра Тұрғанқызы           қызметкерлерінің кәсіптік одағы» заңды
                           тұлғалар бірлестігінің төрайымы (келісім
                           бойынша)

Бакенова                 - «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық
Зарина Абайқызы            кеңесі» қауымдастығының директоры (келісім
                           бойынша)

Вулис                    - «ENRC Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі
Феликс Джеф                серіктестігінің президенті (келісім
                           бойынша)

Жанықұлов                - «КАЗКА» Қазақстанның кәсіпкерлер
Жұмабек Есілбекұлы         қауымдастығының басқарма кеңесінің
                           төрағасы (келісім бойынша)

Ким                      - «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі
Владимир Сергеевич         шектеулі серіктестігінің президенті
                           (келісім бойынша)

Құсайынов                - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Әбілғазы Қалиақпарұлы      федерациясының төрағасы (келісім
                           бойынша)

Мырзахметов              - «Атамекен» одағы» Қазақстанның
Абылай Исабекұлы           ұлттық экономикалық палатасы»
                           заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
                           (келісім бойынша)

Радостовец               - «Республикалық кен өндіру және кен-
Николай Владимирович       металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығы»
                           заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы
                           директоры (келісім бойынша)

Раимов                   - Алматы экономика және статистика
Дәулет Сағатбекұлы         академиясының президенті, Қазақстанның
                           кәсіптік білім беру ұйымдары
                           қауымдастығының өкілі (келісім бойынша)

Мағауов                  - «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және
Әсет Маратұлы              энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы»
                           заңды тұлғалар бірлестігінің бас
                           директоры (келісім бойынша)

Қажиев                   - «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі
Бақытжан Төлеуқажыұлы      қазақстандық компания» акционерлік
                           қоғамының президенті (келісім бойынша)

Шайкенова                - Қазақстандық туристік қауымдастығының
Рашида Рашидқызы           директоры (келісім бойынша)

Юдин                     - Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының
Николай Васильевич         атқарушы директоры (келісім бойынша)