"Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 494 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 529 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

      Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары - Қазақстан

      Республикасының Өңірлік даму министрі

      Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және

      Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі

      Қожағапанов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене

      Ерлан Тоқтарханұлы шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

      Айтмұхаметов - Ақмола облысының әкімі

      Қосман Қайыртайұлы

      Әбдішев - Қарағанды облысының әкімі

      Бауыржан Түйтеұлы

      Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі

      Қырымбек Елеуұлы

      Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі

      Алик Серікұлы

      Ескендіров - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Самат Сапарбекұлы

      Мағауов - "KazEnergy" Қазақстан мұнай-газ және

      Әсет Маратұлы энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы"

      заңды тұлғалар бірлестігінің бас

      директоры (келісім бойынша);

      мына:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық

      Ерболат Асқарбекұлы даму және сауда министрі

      Құсайынов - Қарағанды облысының әкімі"

      Әбілғазы Қалиақпарұлы

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика

      Ерболат Асқарбекұлы және бюджеттік жоспарлау министрі

      Құсайынов - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар

      Әбілғазы Қалиақпарұлы федерациясының төрағасы (келісім

      бойынша)";

      көрсетілген құрамнан: Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Талғат Амангелдіұлы Ермегияев, Қайрат Пернешұлы Қожамжаров, Болатбек Баянұлы Қуандықов, Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов, Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов, Серік Кеңесұлы Нокин, Сиязбек Өнербекұлы Мұқашев, Жанболат Жәкейұлы Сәрсенов шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов