«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық кеңес туралы ереже;
2) Ұлттық кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде республикалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 1124 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 298 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық
кеңес туралы ереже
1. Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты республикалық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және экономиканың салаларын білікті кадрларлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
2) техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
3) экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру
жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесін құру;
5) экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдай жасау;
6) кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету;
7) кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігін жоспарлау мен болжау;
8) техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту;
9) кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту;
10) техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
11) кадрлар даярлауға, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге, мамандардың біліктілігін бағалауға салалық мемлекеттік органдардың, кәсіптік бірлестіктердің, жұмыс берушілердің қатысуы;
12) білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
5. Кеңес өз міндеттеріне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді;
3) Кеңестің отырыстарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, сараптау және жұмыс топтары мен өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақырады;
4) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Кеңес қызметін жүзеге асыру тәртібі
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді және оның жұмыс жоспарын бекітеді, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
7. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Сенатының депутаттары, мемлекеттік даму институттарының, жұмыс берушілер қауымдастықтары, білім беру органдары, кәсіподақтар басшылары, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестер басшыларының арасынан қалыптасады. Кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
8. Кеңес отырыстары жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
9. Кеңес мүшелері Кеңестің қызметі, қабылданған шешімдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Кеңестің құзыреті шегінде кез келген мәселелерді талқылауға енгізе алады.
10. Кеңес мүшелері отырыста қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие. Кеңес шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, мұнда әрбір мүшенің бір дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның жұмыс органы Кеңестің жұмыс тобын құрады.
12. Кеңестің жұмыс органы:
1) күн тәртібін қалыптастырады;
2) Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Кеңесте қарау үшін ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиіс;
3) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
4) Кеңес қызметіне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестіреді.
13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
14. Кеңес шешімі кеңес мүшелері бұрыштама және оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
15. Экономиканың салаларын кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру үшін орталық уәкілетті органдардың жанынан салалық кеңестер құрылады.
16. Өңірлік деңгейде кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіру үшін жергілікті атқарушы органдардың жанынан өңірлік кеңестер құрылады.
17. Салалық және өңірлік кеңестердің қызметі Кеңеске есеп береді.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 298 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі ұлттық
кеңестің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төрағаның орынбасары
Ырсалиев - Қазақстан Республикасының Білім және Серік Әзтайұлы ғылым вице-министрі, хатшы
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар министрі
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы министрі
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің төрағасы
Ахметов - Қарағанды облысының әкімі
Серік Нығметұлы
Біләлов - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Серік Сұлтанғазыұлы
Бозымбаев - Жамбыл облысының әкімі
Қанат Алдабергенұлы
Дьяченко - Ақмола облысының әкімі
Сергей Александрович
Есімов - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы
Ізмұхамбетов - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы
Қуандықов - Қызылорда облысының әкімі
Болатбек Баянұлы
Кулагин - Қостанай облысының әкімі
Сергей Витальевич
Көшербаев - Маңғыстау облысының әкімі
Қырымбек Елеуұлы
Мырзахметов - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Асқар Исабекұлы
Рысқалиев - Атырау облысының әкімі
Бергей Сәулебайұлы
Сағындықов - Ақтөбе облысының әкімі
Елеусін Наурызбайұлы
Сағынтаев - Павлодар облысының әкімі
Бақытжан Әбдірұлы
Сапарбаев - Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек Мәшбекұлы
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы
Үмбетов - Алматы облысының әкімі
Серік Әбікенұлы
Валиев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Хусаин Хасенович Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Бисенов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қылышбай Алдабергенұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Келімбетов - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Есекеев - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Измайылов - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Қабылдин - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Қайыргелді Мақсұтұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Мамин - «Қазақстан темір жолы» ұлттық
Асқар Ұзақбайұлы компаниясы» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Мамытбеков - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Асылжан Сарыбайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Святов - «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамының
Болат Аманжолұлы басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Смағұлов - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық
Болат Советұлы компаниясы» акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы - компания президенті
(келісім бойынша)
Школьник - «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом
Владимир Сергеевич компаниясы» акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)
Худова - Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп
Любовь Николаевна кәсіпорындары қауымдастығының басқарма
төрайымы (келісім бойынша)
Амантаева - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Майра Тұрғанқызы қызметкерлері кәсіподақтарының одағы»
заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы
(келісім бойынша)
Бакенова - Шетелдік инвесторлар кеңесінің
Зарина Абайқызы қазақстандық қауымдастығының директоры
(келісім бойынша)
Вулис - «ENRC Kazakhstan» жауапкершілігі
Феликс Джеф шектеулі серіктестігінің президенті
(келісім бойынша)
Жанықұлов - «КАЗКА» Қазақстанның кәсіпкерлер
Жұмабек Есілбекұлы қауымдастығының басқарма кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша)
Ким - «Қазақмыс» корпорациясының президенті
Влалимир Сергеевич (келісім бойынша)
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Сиязбек Өнербекұлы федерациясының төрағасы (келісім
бойынша)
Перуашев - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігінің төрағасы (келісім
бойынша)
Радостовец - «Республикалық кен өндіру және
Николай Владимирович кен-металлургиялық кәсіпорындары
қауымдастығы» заңды тұлғалар
бірлестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Раймов - Алматы экономика және статистика
Дәулет Сағатбекұлы академиясының президенті, Қазақстанның
кәсіптік білім беру ұйымдары
қауымдастығының өкілі (келісім бойынша)
Сәрсенов - «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және
Жанболат Жәкейұлы энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы»
заңды тұлғалар бірлестігінің бас
директоры (келісім бойынша)
Сәтқалиев - «KEGOC» электр желілерін басқару
Алмасадам Майданұлы жөніндегі қазақстандық компания»
акционерлік қоғамының президенті
(келісім бойынша)
Шайкенова - Қазақстандық туристік қауымдастығының
Рашида Рашидқызы директоры (келісім бойынша)
Юдин - Теңіз көлігі кәсіпкерлері
Николай Васильевич қауымдастығының атқарушы директоры
(келісім бойынша)