«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары;
2) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері;
3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 70-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 406-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1411 қаулысы.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған
тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылар арасында бөлу
қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн айқындайды.
2. Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) осының алдындағы кезең – тарифтiк квота белгіленетін жылдың тiкелей алдындағы екi жыл;
2) өнiм берушi елдер – Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдер еркiн сауда туралы келiсiм жасаспаған не тауарға қатысты еркiн сауда режимiнен алып қою қолданылатын елдер;
3) тауарды тарихи өнiм берушiнiң әкелу көлемi – өнiм берушi елдерде шығарылған, осының алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының аумағына «ішкі тұтыну үшін» кедендік рәсімінде әкелінген тауарлардың заттай мәндегі саны;
4) коммерциялық пайдалы сан – тауардың 25 килограмнан астам көлемі;
5) тарифтiк квота көлемi – әкелiнуiне Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифі кедендiк әкелу баждарының квотаiшiлiк мөлшерлемелері бойынша салық салынатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi күнтiзбелiк бiр жылға айқындайтын тауарлар көлемi;
6) тарихи өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
осының алдындағы кезеңде өнiм берушi елдерден тауарды «ішкі тұтыну үшін» кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыруы тиіс;
тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың iшiнде тауарды әкелу көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиiс;
7) тауар – өнім беруші елдер шығарған, оларға қатысты тарифтiк квота белгiленген тауар;
8) жаңа өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, тарихи өнiм берушi болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлға;
9) қайта өңдеуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің кодтарымен жіктелетін ет өнімінің өндірісін квота белгіленетін жылдың алдындағы жыл ішінде жүзеге асыруы тиіс;
10) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар.
3. Тарифтiк квоталардың көлемдерiн бөлу тәртiбi
4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға және ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай: Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 белгісі денгейінде кедендік рәсімдерді көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар шығарған елдер бөлінісінде еттің заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты 0201, 0202, 0203, 0207-позициялары бойынша ұсынады.
Көрсетілген ақпарат ішкі тұтыну үшін тауарларды шығару күні бойынша қалыптастырылады.
5. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын:
1) тарифтiк квота белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап
31 желтоқсанға дейін мыналарға:
жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара мал етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға;
лицензия алуға өтініш беру кезектілігі тәртібімен құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін жаңа өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде тарихи өнім берушілерге;
сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) етін әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде қайта өңдеушілерге лицензиялар беруді жүзеге асырады;
2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында өзіне қатысты тарифтік квота белгіленетін тауардың атауы туралы ақпаратты, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін айқындалған тарифтік квотаның көлемін, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тауар әкелуі үшін шарттарды орналастырады;
3) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің бірінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің бірінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады;
4) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің екінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің екінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.
6. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:
1) тарифтiк квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minagri.gov.kz интернет ресурсында қайта өңдеушілер арасында бөлінетін тауардың түрлері мен көлемін көрсете отырып, тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер қабылдау туралы хабарламаны, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;
2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін (қоса алғанда) қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қайта өңдеушілер талап етпеген тарифтік көлемдер туралы ақпаратты ұсынады;
4) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді, сондай-ақ қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталарды қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.
7. Тарихи өнім берушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квоталар көлімдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа өнім берушілер арасында құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қайта өңдеушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) және шошқа етiн (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Қайта өңдеушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тарихи өнім берушілердің, жаңа өнім берушілердің, қайта өңдеушілердің және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталардың жыл сайын белгіленетін көлемдерін бөлу мынадай:
тарихи өнім берушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 55 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 70 %, құс етіне (коды КО СЭҚ ТН 0207) 90 %;
қайта өңдеушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 45 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 30 %;
жаңа өнім берушілерге: құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 10 %-ы;
сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға: жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 100 %-ы.
9. Тарифтiк квоталар көлемдері өнiм берушi елдер арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша осының алдындағы кезеңде көрсетілген елдерден әкелу көлемiне барабар бөлінуі мүмкін.
4. Тарихи өнiм берушiлер арасында тарифтiк квоталарды бөлу
әдiсi
10. Тарихи өнім берушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады.
11. Бірінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілер арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемінің 25 пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушiлердің тарифтік квотасының көлемін есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргізіледі:
q9= |
VI + VII-9 |
*0,25*Q |
мұндағы:
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнім берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q - тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
VI – осының алдындағы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
VII-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың алдындағы жылдың 9 айында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’I – тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңнің бірінші жылында тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’II-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында барлық тарихи өнiм берушiлердің Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу көлемi, килограммен.
12. Екінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілердің арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерінің 100 пайызы бөлінеді.
Әрбір тарихи өнiм берушiнiң тарифтiк квотасының көлемiн есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргiзiледi:
q12= |
V |
* Q |
– q9 |
мұндағы:
q12 – екінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
V – осының алдындағы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауарды әкелу көлемi, килограммен;
V’– тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылы әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңде тауарды әкелу көлемі, килограммен.
13. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
Егер есеп нәтижелері бойынша тарихи өнім беруші үшін алынған тарифтік квотаның көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем қалған тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.
5. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін
бөлу әдісі
14. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әкелуге лицензия алуға жаңа өнім берушілердің өтініштер беруінің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
Жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдерін сарқылғанға дейін әкелуге лицензияны сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.
15. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиіс және жаңа өнім берушілер үшін бекітілген тарифтік квотаның жалпы көлемінің 20 %-ынан аспауы тиіс.
16. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемі туралы және бөлінбей қалған көлем туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.
6. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу
әдiсi
17. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу қайта өңдеушілердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.
18. Қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілер ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
еттің әрбір түрі бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде еттің әрбір түрінің үлесін көрсете отырып осы, Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінімді;
кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) осының алдындағы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесін (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені) ұсынады.
19. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квоталар көлемі қайта өңдеушілер арасында сұратылатын көлемге сәйкес бөлінеді.
Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.
20. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квота көлемі тарифтік квоталар көлемдерін бөлудің алдындағы толық жылға әрбір қайта өңдеушінің еттің әрбір түрін тұтынуының көлеміне пропорционалды түрде мынадай формулалар бойынша бөлінеді:
1)
VГтұтыну = |
P * K * SГ |
; |
VСтұтыну = |
P * K * SС |
мұндағы:
VГтұтыну – тарифтік квоталар көлемін алуға өтінім берген қайта өңдеушінің сиыр етін тұтыну көлемі, килограммен;
Р – кәсіпорынның өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінде (дара кәсіпкерлер үшін өнеркәсіптік өнімнің өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) көрсетілген қайта өңдеуші өндірісінің көлемі, килограммен;
К – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ет өнімдерін етке ауыстыру коэффициенті;
SГ – дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде сиыр етінің үлесі, пайыздық мәнде;
VСтұтыну – қайта өңдеушінің шошқа етін тұтыну көлемі, килограммен;
SС - дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде шошқа етінің үлесі, пайыздық мәнде;
2)
DГ = |
VГтұтыну |
*100% |
; |
DС = |
VСтұтыну |
*100% |
мұндағы:
DГ – тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
VГ - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
DС - тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
VС - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
3)
VГtrq = |
VОГtrq * DГ |
; |
VСtrq = |
VОСtrq * DС |
мұндағы:
VГtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОГtrq – қайта өңдеушілер үшін сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі;
VСtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
VОСtrq – қайта өңдеушілер үшін шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі.
21. Егер қайта өңдеуші өтінім берген тарифтік квотаның көлемі жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша кәсіпорын үшін есептелген тарифтік квотаның көлемінен аз болса, онда қайта өңдеушіге тарифтік квотаның өтінім берілген көлемі айқындалады, қалған көлемдері қалған қайта өңдеушілер арасында еттің әрбір түрі бойынша тұтынудың жалпы көлемінде олардың үлестері пропорционалды түрде бөлінеді.
22. Осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
Егер есеп нәтижелері бойынша қайта өңдеуші үшін тарифтік квотаның алынған көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем басқа қайта өңдеушілер арасында бөлінеді.
23. Кедендік квота әкелу баждарын төлеуден босатуды болжайтын кедендік рәсімдерде тауарды әкелуді жүзеге асыратын қайта өңдеушілерге бөлінбейді.
Кедендік баждарды төлеуден босату іс-қимылдары тоқтатылған жағдайда қайта өңдеушілер тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге жалпы негіздерде қатысуға құқығы бар.
24. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган тарифтiк квота қолданылатың жылдан бастап:
1) 1 қазанға дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта қайта өңдеушілер өндірген өнімнің көлемімен салыстырып тексереді;
2) 1 сәуірге дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді толық өткен жылы ет өнімдерін қайта өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырады.
Егер қайта өңдеушінің әкелу көлемі етке қайта есептеуде ет өнімі өндірісінің көлемінен асып кететін жағдайларда, осы қайта өңдеуші келесі 2 жылға тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
25. Бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін пайдаланбаған қайта өңдеушілер келесі 2 жылға тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері осы Қағидаларда айқындалған әдіске сәйкес басқа қайта өңдеушілерге қайта бөлуге жатады.
Тарифтік квоталарды келесі жылдарға бөлу кезінде тарифтік квотаның бөлінген көлемін ішінара пайдаланған қайта өңдеушілер үшін тарифтік квотаның көлемі бұрын әкелінген көлемнен аспайтын деңгейде белгіленеді.
7. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн
(коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталарды бөлу
әдісі
26. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
Әкелуге лицензияны жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін көзделген тарифтік квоталардың көлемі сарқылғанға дейін сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.
27. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге белгіленген квотаның жалпы көлемінен аспауы тиіс.
28. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жаңа сойылған немесе мұздатылған ірі қара малдың етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0201) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемдері туралы және бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.
8. Өтпелі ережелер
29. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) 2013 жылғы 15 қарашаға дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында жаңа өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін көрсете отырып, кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелері бойынша жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензия алудың жаңа өнім берушілер үшін мүмкіндіктері туралы хабарландыру орналастырады:
2) 2013 жылғы 15 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін жаңа қайта өңдеушілерге құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензиялар беруді өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырады:
30. Осы Қағидалардың 25-тармағының бірінші бөлігінің ережесі тарифтік квотаның бөлінген көлемін 2015 жылдан бастап пайдаланбаған қайта өңдеушілерге қолданылады.
Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлері бойынша
өнімдердің жіктеуіші
Коды |
Атауы |
1013 14 |
Еттен, еттік қосымша өнімдерден немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас бұйымдар |
1013 15 |
Еттен жасалған дайын жартылай фабрикаттар мен еттік қосымша өнімдерден басқа, өзге де еттен, еттік қосымша өнімдер немесе мал қандарынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер |
Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
2-қосымша
Өтінім
_____________________________________________________________________
(қайта өңдеушінің толық атауы)
Мыналарды:
____________________ тонна көлемінде сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202);
____________________ тонна көлемінде шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203)
импортқа квота бөлуді сұрайды.
Кәсіпорнымызда дайын өнім өндірісінде шикі ет түрлерінің
қатынасы мынадай:
Дайын өнімнің атауы |
Өндірістің көлемі (жылдар бойынша) |
Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын сиыр етінің үлесі, % |
Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын шошқа етінің үлесі, % |
Әкелінетін шикізатты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеміз.
Бірінші басшы ______________________________________________ (Т.А.Ә.)
М.О. (күні)
Қазақстан Республикасына
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
3-қосымша
Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері
Өнім |
Коэффициент |
Шұжық өнімдері (орташа коэффицент) |
1,37 |
Пісірелген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сардельдер |
1,2 |
Жартылай ысталған шұжықтар |
1,7 |
Пісіріліп ысталған шұжықтар |
2,0 |
Шикілей ысталған шұжықтар |
2,5 |
Ет консервілері: |
|
шартты банкілерден қайта есептеу үшін |
0,5 |
салмағынан (тонна) есептеу үшін |
1,4 |
Ет-өсімдік консервілері |
0,18 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының
және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен
еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты
еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден
шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік
квоталардың көлемдері
СЭҚ ТН коды |
Тауардың атауы, тауарлардың шыққан елі |
Көлемі, тонна |
0201 |
Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған |
20 |
0202 |
Ірі қара малдың еті, мұздатылған |
10 000 |
0203 |
Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті |
7 400 |
0207 |
0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған |
110 000 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға
арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең)
Р/с |
СЭҚ-ке қатысушылардың атауы |
СЭҚ-ке қатысушылардың СТН-і |
тонна |
1 |
2 |
3 |
4 |
Ірі қара малдың еті, мұздатылған (СЭҚ ТН 0202 коды) |
|||
1 |
«Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
271800004553 |
740,504 |
2 |
«Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400236114 |
494,358 |
3 |
«Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы |
271812413934 |
117,767 |
4 |
ЖК Сүлейманов Жігерхан Дәулетханұлы |
430110158050 |
187,846 |
5 |
«Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
270100235356 |
184,369 |
6 |
«United Industries» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400520260 |
141,542 |
7 |
«Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
061800258789 |
100,514 |
8 |
«Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500244239 |
95,059 |
9 |
«Класс Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» біріккен кәсіпорны |
150900009128 |
96,786 |
10 |
«Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
620300298576 |
136,407 |
11 |
«Асадар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
182700238227 |
62,936 |
12 |
«Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
182700217070 |
35,762 |
13 |
«Kazakhstan Commerce Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400540749 |
26,097 |
14 |
«Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
361800035735 |
7,888 |
15 |
«Constant-A» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600700207397 |
10,568 |
16 |
«Unimpex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
270100235587 |
1,120 |
17 |
ЖК О.Н.Загуменнова |
151010745189 |
0,122 |
18 |
«Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400531728 |
0,293 |
19 |
«Ваол лтд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600900584463 |
0,051 |
20 |
«Astra» ЖК, Көмекбаев Жандос Жұмағазыұлы |
600411876903 |
0,009 |
ЖИЫНЫ | 2 500,0 | ||
---|---|---|---|
Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті (СЭҚ ТН 0203 коды) |
|||
1 |
«Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
270100235356 |
564,795 |
2 |
«Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы |
271812413934 |
239,255 |
3 |
«Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
090500217222 |
286,801 |
4 |
«Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400236114 |
357,124 |
5 |
«Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
620300298576 |
108,939 |
6 |
ЖК Трубин Николай Михайлович |
301211725531 |
85,777 |
7 |
«Беккер и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600200026766 |
64,502 |
8 |
«Павлодарский Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500246863 |
37,384 |
9 |
«Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500244239 |
27,454 |
10 |
Ахметова Любовь Арыстанқызы |
061811722785 |
6,536 |
11 |
«Класс Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» біріккен кәсіпорны |
150900009128 |
18,021 |
12 |
«Артон-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
182700237702 |
10,948 |
13 |
«Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500257638 |
20,365 |
14 |
«Unimpex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
270100235587 |
5,229 |
15 |
ЖК Звягинцев Виктор Александрович |
271810163811 |
6,536 |
16 |
ЖК Қуатов Сағидолла Самиғоллаұлы |
271812660697 |
4,565 |
17 |
«Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
361800035735 |
2,151 |
18 |
«Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
271800004553 |
3,265 |
19 |
Бұрақанов Нұрлан |
151011357479 |
0,353 |
ЖИЫНЫ | 1 850,000 | ||
0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған (СЭҚ ТН 0207 коды) |
|||
1 |
«Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
270100235356 |
5 010,754 |
2 |
«Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400236114 |
3 060,205 |
3 |
«Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
061800258789 |
2 786,043 |
4 |
«Агора-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
061800228171 |
1 505,424 |
5 |
«АЛТА-ХХІ век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
391700074672 |
1 634,853 |
6 |
«Опт Торг Company plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
391700222672 |
1 353,748 |
7 |
«Каскад LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500214062 |
1 143,987 |
8 |
«Компания Айс Фуд. Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
620300307634 |
1 722,508 |
9 |
«Казпродукт-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
301900217816 |
966,460 |
10 |
«Ұлан-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
582100271440 |
1 212,648 |
11 |
«Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500244239 |
644,408 |
12 |
«Алмас-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
301900211581 |
1 084,740 |
13 |
«Торговый дом Казрос-ІІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600900163377 |
404,013 |
14 |
«ПродСервисАктобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
061800284854 |
541,934 |
15 |
«Голд Фрейк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600700610810 |
654,196 |
16 |
«Хладоленд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
270100219859 |
473,954 |
17 |
«Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
090500217222 |
334,484 |
18 |
«Фрост Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
582100259756 |
420,895 |
19 |
«Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы |
271812413934 |
288,918 |
20 |
«Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
302000063623 |
324,803 |
21 |
«КРОМЭКСПО-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400503810 |
148,362 |
22 |
Мамешев Рахым Рахатұлы |
061811124557 |
205,929 |
23 |
«Meat team» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600500578497 |
209,512 |
24 |
«Престиж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600700184636 |
324,533 |
25 |
«Санылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500255616 |
193,105 |
26 |
«Талапкер плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
061800279110 |
158,407 |
27 |
«Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
451500257638 |
146,022 |
28 |
ЖК Сулейманов Жігерхан Дәулетханұлы |
430110158050 |
179,143 |
29 |
«АқтауИнвестҚұрылыс 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
430100252482 |
135,778 |
30 |
«Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
361800035735 |
75,769 |
31 |
«Рид-Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
430600020072 |
90,405 |
32 |
ЖК Звягинцев Виктор Александрович |
271810163811 |
27,157 |
33 |
«The Caspian international restaurants company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600700587757 |
27,268 |
34 |
«Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
271800004553 |
2,801 |
35 |
«Интерфуд» ҚГБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы облыстық филиалы |
090900021750 |
1,477 |
36 |
«Класс Продукт» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
150900009128 |
2,471 |
37 |
«Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600400531728 |
1,539 |
38 |
ЖК Грушкевич Светлана Степановна |
430610631301 |
0,152 |
39 |
Бұрақанов Нұрлан |
151011357479 |
0,152 |
40 |
«Interfood» («Интерфуд») ҚГБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
600900146916 |
0,995 |
41 |
Салихов А.Д. |
150310015631 |
0,049 |
ЖИЫНЫ | 27 500,0 |