Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.24 № 269 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2010 ж., № 5, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
қаулының бүкіл мәтіні бойынша «Индустрия» деген сөз «Экономикалық даму» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісінде:
11-тармақтағы «Тарифтік квота» деген сөздерден кейін «қажет болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлуде:
0202 СЭҚ ТН кодында:
мына:
«
оның ішінде: |
|
Австралия |
1 439 |
Аргентина |
4 349 |
Бразилия |
2 297 |
Еуропалық одақ |
1 256 |
басқалары |
659 |
»
деген жолдар алынып тасталсын;
0203 СЭҚ ТН кодында:
мына:
«
оның ішінде: |
|
Канада |
1 658 |
Америка Құрама Штаттары |
4 258 |
Еуропалық одақ |
1 286 |
басқалары |
198 |
»
деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов