Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1189 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сәрінжіпов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы              ғылым министрі

Берсебаев                 - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Болат Талапұлы              партиясы хатшысының міндетін атқарушы
                            (келісім бойынша);

      мына:

«Есім                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ғарифолла                   Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Оразалин                  - «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық
Нұрлан Мірқасымұлы          қоғамдық бірлестігінің төрағасы
                            (келісім бойынша)»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Есім                     - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ғарифолла                   министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы
                            Еуразия ұлттық университеті»
                            республикалық мемлекеттік кәсіпорны
                            философия кафедрасының меңгерушісі,
                            Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                            академиясының академигі, философия
                            ғылымдарының докторы, профессор
                            (келісім бойынша)

Оразалин                  - «Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлан Мірқасымұлы          Сенатының депутаты (келісім бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Ерлан Тынымбайұлы Карин шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов