РҚАО-ның ескертпесі!
Күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру тетігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 225 қаулысымен
бекітілген
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы
(бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «сауықтыру жоспары», «Сауықтыру жоспары», «сауықтыру жоспарлары», «сауықтыру жоспарында», «сауықтыру жоспарына», «сауықтыру жоспарларын», «сауықтыру жоспарында» деген сөздер «оңалту (сауықтыру) жоспары», «Оңалту (сауықтыру) жоспары», «оңалту (сауықтыру) жоспарлары», «оңалту (сауықтыру) жоспарында», «оңалту (сауықтыру) жоспарына», «оңалту (сауықтыру) жоспарларын», «оңалту (сауықтыру) жоспарында» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
Бағдарламаның атауы Дағдарыстан кейін қалпына келтіру
бағдарламасы (бәсекеге қабілетті
кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі -
Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда
«Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде берген
тапсырмасы. Кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі
отырысының 2010 жылғы 6 желтоқсандағы
хаттамасы
Бағдарламаны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Қаржы
және іске асыруға министрлігі
жауапты мемлекеттік
орган
Бағдарламаның мақсаты Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың
төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Бағдарламаның міндеттері Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті
өндірістерді сауықтыру (оның ішінде
қаржылық). Барынша мүмкін жұмыс
орындарының санын сақтау.
Іске асыру мерзімі 2011 - 2016 жылдар
Нысаналы индикаторлары 50 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды
сауықтыру;
Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың
қолданыстағы жұмыс орындарының кемінде
70 пайызын сақтау.
Қаржыландыру көздері 2011 - 2016 жылдарға арналған
мен көлемдері республикалық бюджет қаржыландыру
көзі болып табылады, оның ішінде 2011
жылға - 8,756 млрд. теңге. Алдын ала
бағалау бойынша:
барлық әлеуетті қатысушылар
Бағдарламаға қатысқан, барлық оңалту
(сауықтыру) жоспарларының ең жоғары
субсидиялау мерзімі (5 жыл) болған,
барлық оңалту (сауықтыру) жоспарлары
кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын
субсидиялауды талап еткен кездегі ең
пессимистік сценарий бойынша шығыстар
145,404 млрд. теңгеге дейін құрауы
мүмкін.
Осыларға жол беруді нақты бағалау осы
шығыстарды 80 млрд. теңгеге дейін
айтарлықтай қысқартуды болжамдауға
мүмкіндік береді. Сондықтан 2012 – 2016
жылдарға арналған республикалық
бюджеттен қаржыландыру сомалары
жоспарлы кезеңге арналған тиісті
бюджеттерді қалыптастыру кезінде
нақтыланатын болады.
2. Кіріспе
Ескерту. 2-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355; 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 19.02.2014 № 117; 31.12.2014 № 1417 қаулыларымен.
Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің салдарынан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың бір бөлігі кредиттерді және облигациялық қарыздарды өтеуде және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарға ұшырап отыр, бұл банкроттық, кредит берушілер, инвесторлар мен контрагенттер алдында міндеттемелерді орындамау, салықтық міндеттемелерді орындамау қаупін туындатып, банктердің несие қоржынына теріс әсер етеді.
Өз кезегінде банк активтері сапасының нашарлауы құрылатын провизиялар көлемінің, шығындардың, капиталға қысымның өсуіне және соның салдарынан нақты секторға кредит беру мүмкіндігінің қысқаруына әкеп соқтырады, бұл нәтижесінде экономиканың өсімін тежейді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезіндегі өзінің сөзінде нақты және қаржы секторларының орын алып отырған проблемалары туралы атап өтті және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы осы мәселені шешу екі бағыт бойынша - бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыруға көмек көрсету және қаржы жүйесін сауықтыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп айқындап берді.
Сондықтан Экономиканы дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі және Қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп әзірлеген қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі екі бөлік көзделеді.
Осы Бағдарлама берешегі 4,5 миллиард теңгеден асатын бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мақсатында әзірленді.
Берешегі осы сомадан кем бәсекеге қабілетті кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы) шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетуді пайдалана алады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау түрінде қолдау шараларын алып жатқан кәсіпорындар Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген жағдайда оған қатыса алады. Бұл ретте, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы немесе басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар шеңберінде субсидияланатын кредиттерді (қарыздарды алуды) Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін Бағдарлама бойынша субсидиялау шартын жасасқанға дейін осы бағдарламалар шеңберінде жасалған субсидиялау шарттарын бұзуы тиіс.
Қаржы жүйесін сауықтыру үшін кредиттік портфель сапасын сауықтыруға, Қазақстан экономикасына кредит берудің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті болуы жөніндегі талаптарды жақсартуға бағытталған шаралар кешені қабылданатын болады.
Мемлекет басшысы кәсіпорындарды сауықтырудағы мемлекеттің қолдауы уақытша шара болып табылады және кәсіпорындардың өсу стратегиясына көшуі үшін көрсетіледі деп айқындады.
Кейіннен өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтірген кәсіпорындар «Өнімділік 2020» бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатыса алады.
Бағдарламаның қолданысы кәсіпорындарды сауықтыру кезінде тараптардың еріктілігі, тепе-тең қатысуы, айқындылық, жариялылық, сондай-ақ тиімділік пен жүйелілік қағидаттарына негізделген.
Еріктілік қағидаты кәсіпорынның Бағдарламаға өтініммен қатысуына сайып келеді.
Тараптардың тепе-тең қатысуы кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар кредит берушілердің, меншік иелері мен мемлекеттің бірлескен және көрсетілетін қолдау келемімен мөлшерлес күш-жігерімен жүзеге асырылуға тиіс екенін білдіреді.
Айқындылық қағидаты Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу рәсімдері мен нәтижелерін баяндаудың анықтығына және Бағдарламаның іске асырылуы үшін мемлекеттік және өзге органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп беруіне негізделеді.
Жариялылық қағидаты қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия режимді қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік органдардың қызметіндегі барынша ашықтықты және мемлекеттік қолдау нәтижелерін міндетті түрде жариялауды білдіреді.
Тиімділік және жүйелілік қағидаты мемлекеттік қолдау оңалту (сауықтыру) жоспарында айқындалған мерзімге сәйкес оң нәтиже межеленген кезде ғана ұсынылатынын білдіреді.
Бағдарламаға «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының ережелеріне сәйкес орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, қызметін өндіруші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімін өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда, жүйе құрушы болып табылатын кәсіпорындар қатыса алады.
Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.
Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келiсiмдер 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және 2011 жылғы 1 қаңтарға (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға) олар бойынша міндеттемелердің жалпы сомасы 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауы немесе асыруы тиiс (2012 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей туындаған бұрын қабылданған мiндеттемелердi қайта қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) және қайта құрылымдаусыз оларды болашақта орындау проблемалы болады деген негiздер болуы тиiс.
Егер холдинг құрамына берешек бойынша критерийді қоспағанда, жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін кәсіпорын кірген жағдайда және бұл ретте холдинг бойынша жиынтық берешек 4,5 млрд. теңгені құраса немесе одан жоғары болса, онда осы кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуға құқығы бар.
Бағдарламаға жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін, «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындар қатыса алады.
Бағдарламада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
Сауықтыру кеңесі - мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сауықтыру кеңесінің төрағасы болып табылады. Сауықтыру кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Сауықтыру кеңесі туралы ережемен реттеледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
Салалық органдар - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi және басқалар.
Оңалту (сауықтыру) жоспары – оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған және кредит берушілердің талаптарын өтеу кестесін, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелерді, пайдаланылатын ресурстарды және ықтимал тәуекелдердi қоса алғанда, іске асыру мерзімін көрсете отырып, жұмыс істеп тұрған кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредит берушiлер, біртекті кредит берушілер арасындағы өзара келісім негізінде жүзеге асырылатын өзара байланысты iс-шаралар кешенi.
Кредит берушілер комитеті - еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жөніндегі кредит берушілердің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі кредит берушілердің өкілдерінен, кредит беруші - мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ кәсіпорынға талап қою сомасы неғұрлым көп кредит берушілердің өкілдерінен қалыптастырылған алқалы орган.
Консультанттар - әлеуетті қатысушылардан және олардың кредит берушілерінен және меншік иелерінен тәуелсіз, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу үшін Кредит берушілер комитеті таңдаған адамдар.
Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.
Сауықтыру — кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Кәсіпорын - акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсіпкерлік субъектісі.
Холдинг – бұл:
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, акцияларының (қатысу үлестерiнің) елу пайыздан астамы бiр меншiк иесiне тиесiлi компаниялар тобы;
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, кәсіпорын және акцияларының (қатысу үлестерiнің) елу пайыздан астамы осы кәсіпорынға тиесілі компаниялар тобы;
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, бiр қаржы ұйымының алдындағы бiрыңғай кредиттiк желi бойынша немесе шартпен бiрiктірілген компаниялар тобы.
Әлеуетті қатысушы - Бағдарламаға қатысуға құқығы бар және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға ниет білдірген кәсіпорын.
Әлеуетті қатысушының өтініші - Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы белгілеген нысанға сәйкес әлеуетті қатысушы толтыратын құжат.
Сауықтыру кеңесінің қорытындысы - әлеуетті қатысушыны оңалту (сауықтыру) жоспарын талдауға негізделген және оны негізге алған Сауықтыру кеңесінің әлеуетті қатысушыны Бағдарламаға қосу не қоспау туралы шешімі.
Қатысушы - Сауықтыру кеңесінің оң қорытындысын алған әлеуетті қатысушы.
Стратегиялық инвестор:
оңалту (сауықтыру) жоспарымен корреспонденцияланатын жеке инвестициялық бағдарламаны іске асыру шарттарында дауыс беретін акциялардың және/немесе акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын оңалту (сауықтыру) жоспарын іске асыру шеңберінде шығарылған акциялар пакетінің он және одан асатын пайызын сатып алуға мүдделі инвестор;
жеке инвестициялық бағдарламаны іске асыру және/немесе серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салым енгізу шарттарында жарғылық капиталдың 10 және одан астам пайызы мөлшерінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысу үлесін сатып алуға мүдделі инвестор.
Мониторинг жөнiндегi консалтингтiк компаниялар - қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларын iске асыру мониторингiн жүзеге асыру үшiн мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Уәкiлеттi орган тартатын компаниялар.
Сараптау қорытындылары - кәсіпорындардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне салалық органдардың қорытындылары.
Субсидиялау жөнiндегi оператор - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлға, оған:
қаржы ұйымдарына (облигация ұстаушы, қатысушы) кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, облигациялар бойынша купонды субсидиялау шеңберiнде ақша қаражатын аудару;
пайыздық ставканы субсидиялау бөлiгiнде Бағдарламаны iске асыру мониторингi жөнiндегi мiндеттер жүктелген.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
Дағдарыс жағдайында мемлекет өзіне экономикалық үдерістерді тұрақтандырушы рөлін қабылдады, екінші деңгейдегі банктерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс саласы компанияларына айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті.
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін қомақты бюджет қаражаты және Ұлттық қор қаражаты оқшауландырылды.
Тұрақты жұмыс орындарының жұмыс істеп тұрғандарын сақтау және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мынадай:
жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау бағыттары бойынша банктің сыйақы ставкасын субсидиялау арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетіледі.
Сонымен бірге, екінші деңгейдегі банктердің ақпараты бойынша әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жекелеген кәсіпорындар да кредиттерді өтеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарды сезініп отыр.
Қалыптасқан ахуал банктерге бұрын мемлекет көрсеткен қолдауға қарамастан, олардың несие қоржынына, сондай-ақ облигациялық қарыздарға қызмет көрсетуге және салық міндеттемелерін орындауға теріс әсер етуі мүмкін.
Бұл кәсіпорындардың көпшілігінің Қазақстан экономикасы үшін маңызды мәні бар екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатынын атап өткен жөн.
Әлемдік тәжірибені талдау көрсетіп отырғандай, қаржы-экономикалық дағдарыстардың салдарын жою мемлекет тарапынан ауқымды қолдаумен сипатталады.
Мәселен, Түркияда 2001 жылғы ақпанда басталған қаржы-экономикалық дағдарыс 1990 жылдар ішінде болған дағдарыстардың тұтастай легімен салыстырғанда ең ауыры болды және экономикаға анағұрлым нұқсан келтірді. Нәтижесінде мемлекетке қомақты қаражат жұмсай отырып, 21 жеке банкке интервенцияны жүзеге асыруға және 4 ірі мемлекеттік банкті қайта құрылымдауды жүргізуге тура келді. Реформа басында корпоративтік берешек еленбеген еді, бірақ шетелдік валютада қарыздары бар ірі түрік корпорациялары дағдарысқа жауап ретінде түрік лирасының өте құнсыздануы салдарынан ауыр жағдайда қалды.
Осылайша, түрік үкіметіне корпоративтік сектор берешегінің проблемасын ерікті қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асыру жолымен шешуге тура келді. Банктер мен компаниялар арасындағы қайта құрылымдаудың бейресми рәсімі немесе соттан тыс әлемдік мәмілелер дауаларды шешу бойынша ең табысты және кеңінен қолданылатын әдістер болып табылады.
Ерікті қайта құрылымдау бағдарламасының сипаттамалары:
негізгі кредит берушілердің соттан тыс қайта құрылымдауды жүргізу мүмкіндігін қарастыруға әзірлігі;
кредит берушілер компанияның ұзақ мерзімді тыныс-тіршілігіне қатысты тәуелсіз сараптамаға бастамашылық ете алады;
сараптама кезінде кредит берушілер компанияға өз қызметін қалыпты режимде жүзеге асыру мүмкіндігін бере отырып, өнім берушілер мен клиенттердің сенімділігін қолдайтындай дәрежеде қолдау көрсетуге және өндіріс үдерісіне араласпауға келісім білдіреді;
тәуелсіз сараптама нәтижелеріне негізделе отырып, компанияның негізгі кредит берушілері ұзақ мерзімді қолдаудың шарттары мен қажеттілігін бірге шешеді;
үдерісті жылдамдату үшін жетекші банкті және кредит берушілер комитетін құруға болады;
бір санаттың ішіндегі кредит берушілер арасында шығындарды тең дәрежеде бөлу талаптарының бастапқылығын тану;
егер кредит берушілер компания ұзақ мерзімді перспективада шын мәнінде өміршең деп анықтаса, олар пайыздың мерзімін ұзарту, кредиттің кезеңін ұзарту, одан әрі қаржы беру немесе компанияның үлесін сатып алу сияқты неғұрлым ұзақ мерзімді қаржылық қолдау шараларын ұсына алады.
Стамбул ұстанымы - Нормативтік база мен құрылым. 2001 жылы Түркияда лондондық ұстанымға негізделген қайта құрылымдаудың ерікті заңды емес бағдарламасы әзірленді. Шығыс Азиядағы дағдарыс тәжірибесінің негізінде жасалған Стамбул ұстанымы деп аталған бағдарлама осы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін қажетті салықтық бастамаларды реттеп қолдануға бағытталды. Осы элементтер Қазынашылық пен Қаржы министрлігінің күшті қолдауын талап етті.
Банк секторын реттеу және қадағалау агенттігі 2002 жылы банктерді үйлестіруді қайта құрылымдауды қолдауға провизиялардың түсінікті қағидаларын белгіледі. Келісімге 34 коммерциялық банк, банктік емес қаржы делдалдары, сондай-ақ мемлекеттік банктер қол қойды.
Стамбул ұстанымын іске асыру. Үкімет 2002 жылғы 1 маусымда бағдарламаның басталғаны туралы жария етті. Бірақ оны іске асыру жұмыс істемейтін кредиттерді қайта құрылымдау және банктерді қайта капиталдандыру аяқталатын қыркүйектің аяғына дейін кейінге қалдырылды. Сол уақытқа капиталдандырылған банктердің банктерді қайта капиталдандыру және барлық провизиялық кредиттерді жинақтау үшін қажетті бастамалары болуы тиіс болатын. Банктер сондай-ақ одан әрі ұзарту мүмкіндігімен үш жылға арналған Бағдарламаның бір бөлігі болған салықтық жеңілдіктерді пайдалана алды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде үздік әлемдік практиканы ескере отырып, Қазақстанның орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін және жұмыс орындарын сақтау мақсатында оларға қолдау көрсеткен жөн.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
50-ге жуық бәсекеге қабілетті кәсіпорынды сауықтыру;
Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың қолданыстағы жұмыс орындарының кемінде 70 пайызын сақтау.
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
Міндеттері
1. Бағдарлама қатысушылардың борыштық жүктемесін азайту;
2. Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету.
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Мыналар Бағдарлама көрсеткіштері болып табылады:
1) Негізгі борышты өтеу:
2013 жылы Бағдарламаға қатысушылардың субсидияланатын кредиттері (қарыздары) бойынша негізгі борыштың төмендеуі орташа алғанда кемінде 4 %-ды құрайды;
2014 жылы Бағдарламаға қатысушылардың субсидияланатын кредиттері (қарыздары) бойынша негізгі борыштың төмендеуі орташа алғанда кемінде 15 %-ды құрайды;
2015 жылы Бағдарламаға қатысушылардың субсидияланатын кредиттері (қарыздары) бойынша негізгі борыштың төмендеуі орташа алғанда кемінде 30 %-ды құрайды;
2016 жылы Бағдарлама қатысушылардың субсидияланатын кредиттері (қарыздары) бойынша негізгі борыштың төмендеуі орташа алғанда кемінде 45 %-ды құрайды.
2) Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санына сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауды қамтамасыз етуге қатысты Бағдарламаға қатысушылардың үлесі:
2013 жылы – 77 %;
2014 жылы – 95 %;
2015 жылы – 98 %;
2016 жылы – 98 %.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
2. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтиже
көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге органдар:
Сауықтыру кеңесі;
Уәкілетті орган;
Меншік иелері;
Бағдарламаға қатысушылар;
Кредит берушілер комитеті;
Субсидиялау жөніндегі оператор.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
3. Бағдарламаны іске асыру тетіктері.
Бағдарламаны іске асыру тетіктері Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың қаржылық жай-күйін талдауға, барлық мүдделі тараптарға көлемі жағынан мөлшерлес қолдау көрсету кезінде Бағдарламаға қатысушы әрбір жеке кәсіпорын бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеуге және орындауға сүйенеді.
Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға өтініш бергенге дейін кәсіпорын меншік иесінің (меншік иелерінің) шешімі негізінде кредит берушілерге жүгінеді және олармен өзінің Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін келіседі.
Егер талап ету құқықтары жиынтықта берешек сомасының (салық берешегін қоспағанда) 85 және одан астам пайызын құрайтын кредит берушілердің (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі кредит берушілерді қоспағанда) оң шешімдері алынса, кәсіпорын өзінің Бағдарламаға қатысуын келісті деп есептеледі.
Кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуына оң шешiм қабылданған жағдайда кредит берушiлер Кредит берушiлер комитетiн құрады. Егер талап ету құқықтары берешек сомасының 85 және одан көп пайызын құрайтын кредит берушi болған жағдайда, кредит берушілер комитеті құрылмауы мүмкін және шешімді осындай кредит беруші қабылдайды.
Кредит берушiлердiң кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуына келiсiмi Кредит берушiлер комитетiнiң шешiмiмен ресiмделедi. Кредит берушілер комитетіне қатысатын кредит берушілер кредит берушілер комитетіне қатысатын кредит берушілер талаптарының жалпы сомасына талаптар мөлшеріне барабар дауыстар санына ие болады. Міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар), төлемнің мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар, қолдан шығарылған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредит берушілер комитетінде дауыстар санын анықтау мақсаттары үшін есепке алынбайды.
Кредит берушiлер кәсiпорынның Бағдарламаға қатысушыларды iрiктеуге қатысу мүмкiндiгiмен келiспеген жағдайда кәсiпорын банкроттық туралы заңнамаға сәйкес сот оңалту рәсімін жүргізу үшiн сотқа жүгiне алады.
Бағдарламаға қатысуға кредит берушiлердiң келiсiмiн алып, кәсiпорын мыналарды:
Кредит берушiлер комитетiнiң кәсiпорынның Бағдарламаға қатысуына келiсiм беру туралы шешiмiнiң көшiрмесiн,
оң сараптау қорытындысын,
берiлген қарыздарды (кредиттердi) проблемалы қарыздарға жатқызу мүмкiндiгiн растай отырып, қаржы ұйымдарының 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) кәсiпорынның жиынтықта 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауы немесе одан артық болуға тиiс берешегiнiң бар екенi туралы үзiндi көшiрмелерiн не облигация ұстаушылар туралы тiркеушiнiң мәлiметтерiн,
қатысуға өтiнiш берген күннiң алдындағы кемiнде бiр ай бұрын берiлген кәсiпорын жарғысының нотариалды расталған көшiрмесiн және акционерлiк қоғам тiркеушiсiнiң үзiндi көшiрмесiн қоса бере отырып, белгiленген нысандағы өтiнiшпен Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органына жүгiнедi.
«Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде өтініш беру сәтіне оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорынның Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға өтініш беруі сот оңалту рәсімі шеңберінде құрылған кредит берушілер комитеті шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Өтінішке жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа кәсіпорынға оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
Әлеуеттi қатысушылардың өтiнiштерiн қабылдау 2013 жылғы 1 сәуірге дейiн жүзеге асырылады. Егер Бағдарламаға Бағдарлама талаптарына сәйкес келетiн және холдингке кiретiн бiрнеше кәсiпорын қатысқан жағдайда, сараптамалық қорытындыны алуға және қатысуға арналған құжаттар, оларды басқарушы компанияның атынан тапсырылуы мүмкiн.
Өтініш нысанын Жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Сараптау қорытындысын алу үшін кәсіпорын салалық органдарға жүгінеді. Сараптау қорытындысын салалық органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен береді.
Салалық органдардың сараптау қорытындысы мыналарды қамтиды:
кәсіпорынның орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатынын:
қызметкерлерінің орташа жылдық саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын немесе бір жылдағы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратынын,
қызметкерлерінің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан астам немесе бір жылдағы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз жиырма бес мың есесінен асатын жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратынын растау;
кәсіпорын салалық органдар әзірлеген критерийлерге сәйкес жүйе құрушы болып табылатынын растау;
кәсіпорын қызметін өнеркәсіптің өндіруші, сондай-ақ алкоголь және темекі өнімдерін өндіруші салаларында жүзеге асырмайтынын растау.
Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы ұсынылған құжаттардың толықтығы тұрғысынан оларды 5 жұмыс күнi iшiнде қарайды және кәсiпорынды екiншi кезеңге қатысуға жiберу немесе керi қайтару туралы шешiм шығарады.
Екінші кезең консультанттардың оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеуімен, оны Кредит берушілер кеңесінің бекітуімен, Сауықтыру кеңесінің жұмыс органының талдауымен және Сауықтыру кеңесінде қараумен тұжырымдалады.
1) Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу үшін әлеуетті қатысушы Кредит берушілер комитеті таңдайтын консультантты тартады.
Консультант мынадай жағдайларда тартылмайды:
әлеуетті қатысушы берешегінің барлық сомасының 85 пайыздан астамы үлесіне келетін негізгі кредит беруші болған кезде. Бұл ретте оңалту (сауықтыру) жоспарын әлеуетті қатысушы негізгі кредит берушімен бірлесіп әзірлейді;
егер әлеуетті қатысушыға сот оңалту рәсімі қолданылған болса.
Консультант қызметтерінің құнын төлеуге арналған 50 пайыз мөлшеріндегі шығыстар республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылады, бұл ретте әрбір әлеуетті қатысушыны қоса қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 пайызынан немесе 35 млн. теңгеден аспауға тиіс.
Сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін консультант көрсететін қызметтердің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
2) Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу үшін консультант қызметтерінің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды алу үшін әлеуетті қатысушы уәкілетті органға әлеуетті қатысушы мен консультант арасында жасалған оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеуге арналған шартты қоса бере отырып, Уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес жасалған өтінімді жібереді.
Өтінімде Кредит берушілер комитеті оңалту (сауықтыру) жоспарымен келіспеген, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу мерзімінен асып кеткен, Сауықтыру кеңесінің теріс қорытындысы алынған немесе қатысушы Бағдарламадан алып тасталған жағдайда әлеуетті қатысушының республикалық бюджеттен жіберілген қоса қаржыландыру сомасын қайтару міндеттемесі көзделеді.
Уәкiлеттi орган консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға өтiнiмдi алған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiмде көрсетiлген сома негiзiнде төлеуге берiлетiн шотты қалыптастырады және ақшалай қаражаттың сомасын консультанттың банктiк шотына аударуды жүзеге асырады. Егер тиісті қаржы жылында қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған қаражат көзделмеген жағдайда, өтінімді қайтару себебі көрсетіле отырып, әлеуетті қатысушыға оны алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.
3) Оңалту (сауықтыру) жоспарын консультант немесе әлеуеттi қатысушы негiзгi кредит берушiмен бiрлесiп, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзiрлеуге шарт жасасқан күнінен немесе екiншi кезеңге қатысуға жiберiлгеннен бастап 6 айдан аспайтын мерзiмде, бірақ 2013 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей әзiрлейдi және оны Кредит берушiлер комитетi бекiтедi, ол:
кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жай-күйі мен оның қалыптасуы себептерінің сипаттамасын;
кәсіпорынның кредит берушілері мен меншік иелері қабылдайтын шараларды;
мемлекеттік қолдаудың қажетті болжамды шараларын (көлемі, мерзімі, кестесі және тағы басқалар);
жоспарланатын қаржы-экономикалық көрсеткіштер негізінде жасалған кредит берушілер берешегін өтеу кестесін;
әлеуетті қатысушының кредит берушілері арасында аффилиирленген тұлғалардың болуы туралы мәліметтерді;
қызметінің қаржы-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерінің болжамын;
күтілетін нәтижені;
күтілетін тәуекелдерді;
функционалдық бюджеттерді (мысалы: инвестициялар, маркетинг бюджеті, еңбек бойынша жоспар, салықтар бюджеті және басқалар) қоса бере отырып, оларға енгізілген деректерді міндетті түрде егжей-тегжейлі сипаттай отырып, қаржы-экономикалық модельді (қаржылық есептіліктің негізгі форматтарының (кірістер мен шығыстардың бюджеті, ақша қозғалысының бюджеті, теңгерім парағының бюджеті) болжамын қамтитын MS Excel форматындағы құжат) қамтиды.
Егер Бағдарламаға Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін және холдингке кіретін бірнеше кәсіпорын қатысқан жағдайда, холдинг бойынша холдингке кіретін әр кәсіпорын бойынша жоғарыда аталған талаптар көрсетілген бірыңғай оңалту (сауықтыру) жоспары әзірленуі мүмкін.
Өтініш берген сәтте соттың оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорынның оңалту (сауықтыру) жоспары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, қолда бар оңалту жоспарын ескере отырып әзірленуі мүмкін.
4) Әзiрленген оңалту (сауықтыру) жоспарын әлеуеттi қатысушының Кредит берушiлер комитетi бекiтедi.
Кредит берушiлер комитетi бекiткен оңалту (сауықтыру) жоспары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда Сауықтыру кеңесі кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуынан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы немесе әлеуетті қатысушының кредит берушілер комитеті консультант қызметінің құнын төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсіміне бастамашылық етуі мүмкін.
Кәсіпорын банкрот деп танылған жағдайда консультант қызметінің құнын төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке өндіріп алуға жатады.
5) Әлеуетті қатысушы оңалту (сауықтыру) жоспарын Кредит берушілер комитетінің оңалту (сауықтыру) жоспарын бекіту туралы шешімінің көшірмесімен қоса Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органына ұсынады.
6) Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органы әлеуетті қатысушылардың құжаттар кестесін Сауықтыру кеңесінің қарауына жібергенге дейін:
әлеуеттi қатысушының бюджетке төлейтiн төлемдерi бойынша қалыптасқан «төлем тарихы» туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;
меншiк иесінің, кредит берушiлердiң және мемлекеттiң тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлiгiнде оңалту (сауықтыру) жоспарын және оның тиімділігін талдайды.
Меншiк иесінің, кредит берушiлердiң және мемлекеттiң тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлiгiнде оңалту (сауықтыру) жоспарын және оның тиімділігін талдау тараптар қолдауының келтiрiлген таза құнының есебiн пайдалану негiзiнде әзiрленген және уәкiлеттi орган бекiткен әдiстемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Оңалту (сауықтыру) жоспарының тиімділігі деп мыналар ұғынылады:
сауықтыру жоспарының бюджеттік тиімділігі;
сауықтыру жоспарының әлеуметтік тиімділігі (жұмыс орындарын барынша сақтап қалу);
кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін, кейіннен қаржылық тұрақсыздыққа жол бермеу және кредит берушілер алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы орындау қабілетін қалпына келтіру.
7) Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша Жұмыс органы әлеуетті қатысушының досьесін қалыптастырып, Сауықтыру кеңесінің қарауына жібереді, онда:
әлеуетті қатысушының өтініші;
оң сараптау қорытындысы;
қаржы ұйымдарының үзінді-көшірмелері;
оңалту (сауықтыру) жоспары;
кредит берушілердің оңалту (сауықтыру) жоспарын бекіту туралы шешімінің көшірмесі;
меншік иесі, кредит берушілер және мемлекет тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлігінде оңалту (сауықтыру) жоспарын талдау нәтижелері;
оларға қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындар бойынша - кәсіпорынға оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің көшірмесі қамтылады.
8) Сауықтыру кеңесi Бағдарламаға әлеуеттi қатысушының мәліметін Жұмыс органы енгiзген күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қарайды және 15 жұмыс күнi iшiнде Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органының интернет-ресурстарына орналастыруға жататын шешiм қабылдайды.
9) Сауықтыру кеңесiнiң терiс қорытындысын алған әлеуеттi қатысушы бойынша Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы немесе әлеуеттi қатысушының Кредит берушiлер комитетi консультант қызметінің құнын төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсіміне бастамашылық етуі мүмкін.
Кәсіпорын банкрот деп танылған жағдайда консультант қызметтерiнiң құнын төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке өндіріп алуға жатады.
Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әлеуетті қатысушы мәртебесін алады.
10) Бағдарламаға қатысушылар Кредит берушілер комитетінің шешімі бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі мүмкін, бұл ретте оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар кредит берушілердің және меншік иелерінің тарапынан қолдау шараларының көлемін азайтуды көздемейді.
Өзгертілген және (немесе) толықтырылған оңалту (сауықтыру) жоспары оны кейіннен Сауықтыру кеңесінде қарау және мақұлдау үшін тиісті өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекіту туралы Кредит берушілер комитеті шешімдерінің көшірмелерін қоса бере отырып, Сауықтыру кеңесінің жұмыс органына ұсынылады.
Егер мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұлғаймаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушының кредиторлары мен меншік иелері оңалту (сауықтыру) жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбестен қосымша қолдау шараларын көрсете алады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355; 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224 қаулыларымен.
4. Қолдау шаралары.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік секторды сауықтыру бірнеше қолдау құралын пайдалана отырып жүзеге асырылады, олар оңалту (сауықтыру) жоспарында көрсетіліп, жауапкершілік блоктарына бөлінеді:
1) кредит берушiлер тарапынан қолдау (шаралар Бағдарламаны іске асыру кезінде көрсетілуі тиіс):
берешектің бір бөлігін есептен шығару (негізгі борыш, сыйақылар, тұрақсыздық айыбы);
банктердің күмәнді және үмітсіз қарыздарды екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) кейіннен сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін оларды сатып алу жөніндегі еншілес ұйымға беруі;
төлемді өтеу кестесі мен мерзімділігін өзгерту;
қаржыландыру мерзімін ұлғайту, негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңін ұлғайту;
инвестициялық кезеңді аяқтау мақсатында жобаны түгел қаржыландыру;
қарызды қайта құрылымдаудың өзге де тәсілдері;
стратегиялық инвестор іздестіру және қатысушыны бағалау;
2) кәсіпорынның меншік иесі тарапынан қолдау:
кәсіпорынның акционерлік (жарғылық) капиталын ұлғайту;
кредит берушілер алдындағы қарыз толық өтелгенге дейін кәсіпорынның таза пайдасын қатысушылар арасында бөлмеу;
инвестор іздестіруге Мандат беру;
кәсіпорынның бизнес-үдерістерін оңтайландыру;
берешекті қайта құрылымдаудың шарттарын орындау бойынша кредит берушілерге толық көмек көрсету (кредиттік құрылымды күшейту);
іске асыру жөніндегі келісілген жоспарлардың және мәлімделген рентабельділіктің орындалуын қамтамасыз ету;
акциялар пакетін/жарғылық капиталдағы қатысу үлесін сатуға келісу;
кәсіпорында тәуекел-менеджерді немесе қаржылық бақылаушыны енгізуге келісу;
заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қолдау шаралары;
3) мемлекеттік қолдау:
қазiргi бар қарыздар (кредиттер) және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, облигациялар бойынша купонды субсидиялау;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту;
салықтық преференциялар беру;
стратегиялық инвестор іздестіруде көмек көрсету;
4 жылға дейінгі мерзімге кепілдендірілген тапсырыс беру;
олардың кәсіпорынды сауықтырудағы қатысу дәрежесін ескере отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастыру бойынша шаралар қолдану.
Мемлекеттік қолдау шараларын беру былайша жүзеге асырылады.
Кәсіпорын Кредиторлар комитетінің кәсіпорынның Бағдарламаға қатысуға келісетіні туралы шешімінің және Сауықтыру жөніндегі кеңес шешімінің көшірмелерімен қоса кәсіпорынды банкрот деп тану туралы (оңалту рәсіміндегі кәсіпорын бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініші) кредиторлардың талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы арызды сотқа жібереді.
Кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмi (оңалту рәсіміндегі кәсіпорын бойынша оңалту рәсімін тоқтата тұру ұйгарым) алынып, ол Сауықтыру кеңесiнiң жұмыс органына ұсынылғаннан кейiн ақшалай сипаттағы мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi және уәкiлеттi органның, Бағдарламаға қатысушының, меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң), субсидиялау бойынша оператор мен кредиторлардың арасында жасалатын шарттарда өтеу кестелерін қоса бере отырып, ресiмделедi.
Субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін оңалту (сауықтыру) жоспарына субсидиялау шартының ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесінде нақты көрсетілген соманы есепке ала отырып, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі және кейіннен Сауықтыру кеңесінде қарамастан және мақұлдамастан кредиторлар комитетінің шешімімен бекітіледі. Бұл ретте, кредит берушілер мен меншік иелері тарапынан қолданылатын шаралар азайтылуға жатпайды.
Кәсiпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруiне мораторийдi көздейтiн жеделдетiлген оңалту рәсiмiн енгiзу туралы сот шешiмi (оңалту рәсіміндегі кәсіпорын бойынша оңалту рәсімін тоқтата тұру ұйғарым) ұсынылмаған жағдайда, кәсіпорын қатысушы деп танылған күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік қолдау шаралары қолданылмайды. Сауықтыру жөніндегі кеңес қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдайды. Сауықтыру жөніндегі кеңестің жұмыс органы немесе әлеуетті қатысушының кредиторлар комитеті консультант қызметінің құнын төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражатын өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсіміне бастамашылық ете алады.
Кәсіпорын банкрот деп танылған жағдайда консультант қызметінің құнын төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бағытталған бюджет қаражаты банкрот туралы заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке өндіріп алуға жатады.
Кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы сот шешімі (оңалту рәсіміндегі кәсіпорын бойынша оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым) болмаған кезде мемлекеттік қолдау шаралары, егер Бағдарламаның осы бөлімінің 5-тармағында көзделген түзетулер кәсіпорын Бағдарламаның қатысушысы деп танылғанға дейін қабылданбаған жағдайда, қолданылмайды. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген түзетулер қабылданғаннан кейін қатысушы кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы сотқа арыз (оңалту рәсіміндегі қатысушы бойынша оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы өтініш) жолдайды. Өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімі қолданылған қатысушыларды субсидиялау оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін кредиторлар тарапынан көрсетілген шараларды (жүргізілген қайта құрылымдауды) ескере отырып, субсидиялау шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, облигациялар бойынша купонды субсидиялауды қаржыландыру үшiн қажетті ақшалай қаражатты жоспарлауды, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау және консультанттар қызметтерiнің құнын төлеуді қоса қаржыландыру бойынша бюджеттiк бағдарламаларды әкiмшiлендiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Пайыздық ставканы субсидиялау.
Пайыздық ставканы субсидиялау тек қана кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар, облигациялар купоны бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, қаржыландыру туралы келісімдер 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және олар бойынша міндеттемелердің жалпы сомасы 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) туындаған бұрын қабылданған міндеттемелерді қайта қаржыландыру жағдайларынан басқа, 2011 жылғы 1 қаңтарға 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрауы немесе одан жоғары болуы тиіс (валюталар бағамы Бағдарлама iске асырылатын бүкiл кезеңге 2011 жылғы 1 қаңтардағы мән деңгейiнде тiркелiп қалады).
Субсидиялау инфрақұрылымдық облигациялар бойынша міндеттемелерді қоспағанда, оңалту (сауықтыру) жоспарына сәйкес қаржылай кредит берушілердің міндеттемелерді қайта құрылымдауының міндеттілігі шарттарымен беріледі.
Субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, субсидия мөлшері - жылдық 7 пайызға дейін.
Бұл ретте субсидиялау жөніндегі оператор және қаржы ұйымдары қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында - өтеу Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Субсидиялау қатысушының қарыздарды (кредиттерді) өтеу кестесіне сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.
Субсидиялау Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту және салықтық преференциялар беру.
Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде қалыптасқан берешек бойынша өсімпұл есептеу жүргізілмейтін 3 жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.
Көрсетілгенмен қатар Бағдарламаға қатысушылар Салық кодексінде белгіленген инвестициялық салықтық преференцияларды және басқа да салықтық жеңілдіктерді пайдалануы мүмкін.
Бағдарламаға қатысушылар салық органдарын өздерінің Бағдарламада қатысатыны туралы хабардар етеді.
Стратегиялық инвестор іздестіруде көмек көрсету.
Кәсіпорынның капиталына кіру үшін стратегиялық инвестор іздестіруде көмек көрсету осы мәселені негізгі кредит берушімен немесе қазақстандық даму институттарының қызметі шеңберінде қалыптастырылған кредит берушілер комитетімен міндетті түрде келісу шартымен жүзеге асырылады. Осы қолдау шарасын іске асырудың тиімділігі мақсатында Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органы Бағдарламаға қатысушылардың кредит берушілері мен қазақстандық даму институттарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4 жылға дейінгі мерзімге кепілдендірілген тапсырыс беру.
Кепілдендірілген тапсырыс беру мемлекеттік сатып алу субъектілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу арқылы 4 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте сатып алынатын тауарлар техникалық ерекшеліктер талаптарына сәйкес болуға тиіс және олардың құны сатып алушылар мәлімдеген құннан асып кетпеуге тиіс.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақша қаражатын орналастыруы жөнінде шаралар қабылдау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басқару органдары арқылы олардың кәсіпорынды сауықтыруға қатысу дәрежесін ескере отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне уақытша бос қаражатты орналастыруы жөнінде шаралар қабылданды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355; 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 19.02.2014 № 117; 16.05.2014 № 495 (29.12.2011 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
5. Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу мақсатында банкроттық саласындағы заңнамаға сауықтыру (оңалту) сот рәсімін қолдануға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруіне мараторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу мүмкіндігі көзделетін болады.
Сауықтырудың (оңалтудың) тиімді сот рәсімі үшін заңнамаға:
банкроттық (тарату) рәсімінен бөлек қаржылық сауықтыру (оңалту) рәсімін енгізу;
кредит берушілердің келісімімен қаржылық сауықтыру (оңалту) рәсімінде кредит берушілердің талабы бойынша топ-менеджментті ауыстыру мүмкіндігімен кәсіпорынды меншік иесіне қалдыру;
кредит берушілер комитетінің құрамын кеңейту және оның құрамының тақ болуына қатысты талапты алып тастау;
кредит берушілер талабының сомасына қарай дауыс беру кезінде дауыстарды санаудың қосымша критерийін енгізу;
уәкілетті органның құзыретінен оңалту рәсімін енгізуді келісу функциясын алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Сонымен бірге салық салу, мемлекеттік сатып алу салаларындағы, банктер мен банк қызметі туралы заңнамаға мынадай:
Бағдарламаға қатысушыларға салық берешегін өтеу мерзімін ұзарту;
банктердің күмәнді және үмітсіз қарыздарды екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) кейіннен сату, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін оларды сатып алу жөніндегі еншілес ұйымға беруі;
банктің еншілес ұйымына борышкердің күмәнді және үмітсіз қарыздарын сауықтыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе банк пен борышкердің келісімі бойынша мерзімнен бұрын қарыз алушының оны сатып алған күнінен бастап 1 жыл ішінде сатылуы тиіс акцияларына (қатысу үлестеріне) айырбасталатын облигацияларына айырбастауға мүмкіндік беру;
банкке Бағдарламаға қатысушы қарыз алушыға қойылатын талаптар табысталған еншілес ұйымының берешегі бойынша осы ұйымның қызметі мерзіміне тепе-тең провизияларды біркелкі қалыптастыруын жүргізу мүмкіндігін беру;
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы әлеуетті өнім берушілер үшін белгіленген, - төлемге қабілеттілігі мен мерзімі үш айдан асқан салық берешегінің болмауы - біліктілік талаптарын Бағдарламаға қатысушыларға қолданбау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ, ЕЭК шеңберінде қол қойылған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылар жеткізетін белгілі бір тауарларды ұлттық режимнен шығару жөнінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау қажет болады.
Бағдарламаның іске асырылуын әдіснамалық қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын Іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
6. Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын тиiмдi iске асыру мақсатында Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурстық негiзде Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылуын кешендi және жүйелi мониторинг жүргiзу үшiн мониторинг жөнiндегi консалтингтiк компанияларды тартады.
Бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингi оны iске асырудың екiншi жылынан бастап оңалту (сауықтыру) бағдарламасының бүкiл мерзiмi бойына жыл сайын жүргiзiлетiн болады.
Бағдарлама шеңберінде кредиттер және (немесе) лизингтік операциялар бойынша сыйақының, облигациялар бойынша купонның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шарты жасалмаған кәсіпорындарға қатысты бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асырудың мониторингi жүргізілмейді.
Оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылу мониторингінің нәтижелері мүдделі тараптардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын орындау, оңалту (сауықтыру) жоспарының нәтижелеріне қол жеткізу жөніндегі қорытындыларды қамтуы тиіс, ал олар орындалмаған (қол жеткізілмеген) жағдайда себептер көрсетіледі және ахуалды түзету, болашақ кезеңде тараптардың міндеттемелерін орындау жөніндегі ұсынымдар беріледі.
Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларының iске асырылуын мониторингілеу нәтижелерiн Жұмыс органы жылына кемiнде бiр рет Сауықтыру кеңесiне шығарады.
Оңалту (сауықтыру) жоспарларын, оның ішінде ахуалды түзету, болашақ кезеңде тараптардың міндеттемелерін орындау жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингі нәтижелерінің негізінде Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан алып тастау (алып тастамау) туралы шешім шығарады.
Сауықтыру кеңесiнiң шешiмi ол қабылданған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде Бағдарламаға қатысушыға жеткiзiледi.
Сауықтыру кеңесінің қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешімінің негізінде Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы кәсіпорынды банкрот деп тану туралы кредиторлардың талап арыз беруіне мораторийді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін жою туралы өтінішімен сотқа жүгінеді және оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде, оның ішінде консультанттардың қызметіне ақы төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ банкроттық рәсіміне бастамашылық етуі мүмкін.
Кәсіпорын банкрот деп танылған жағдайда оңалту (сауықтыру) жоспарын орындау шеңберінде, оның ішінде консультанттардың қызметіне ақы төлеуді бірлесіп қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке өндіріп алуға жатады.
Бағдарламаны iске асыру барысында субсидиялау жөнiндегi оператор ай сайынғы негiзде пайыздық ставканы субсидиялау шеңберiнде Бағдарламаның iске асырылуына мониторинг жүргiзедi және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасында белгіленген нысандар мен мерзім бойынша ақпаратты Сауықтыру кеңесiнiң Жұмыс органына бередi.
Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылған салықтық преференциялар мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін ұзартудың мониторингін уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жұмыс органы бұқаралық ақпарат құралдарында Бағдарламаның іске асырылу жай-күйін жария етіп отыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 31.12.2014 № 1417 қаулыларымен.
7. Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу.
Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу үшін Қатысушы Сауықтыру кеңесінің жұмыс органына жүгінеді. Өтінішке кредиторлар комитетінің келісімі және тиісті есептеулерді келтіре отырып, Бағдарламаға қатысушының келешекте кредиттерді (қарыздарды) өз бетімен өтеудің және оларға қызмет көрсетудің ықтимал мүмкіндігінің бар екендігі туралы қаржы ұйымдарының жазбаша қорытындысы қоса беріледі.
Қатысушының Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу туралы өтінішін алғаннан кейін Жұмыс органы аталған мәселені Сауықтыру кеңесінде қарауға бастамашылық етеді.
Ұсынылған материалдардың, сондай-ақ оңалту (сауықтыру) жоспарының өткен жылдарда іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерінің негізінде Сауықтыру кеңесі қатысушының Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығуы туралы шешім шығарады.
Қатысушы Бағдарламадан мерзімінен бұрын шыққан кезде республикалық бюджеттен алынған субсидияларды қайтару жүргізілмейді.
Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеудің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етеді және бес жұмыс күні ішінде субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына, меншік иесіне және қатысушыға субсидиялау шартының бұзылғаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Субсидиялау шарты бұзылғаннан кейін Бағдарламаға қатысушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторлар комитетімен келісілген қорытынды есепті қоса бере отырып, жеделдетілген оңалту рәсімінің тоқтатылғаны туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 4-бөлім 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Ескерту. 5-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші және екінші кезеңдер – 2011 - 2013 жылдар.
Бірінші кезең алдын ала іріктеу кезеңі болады.
Екінші кезең – оңалту (сауықтыру) жоспарларын қарау және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу.
Үшінші кезең:
2011 – 2016 жылдар аралығы – мемлекеттік қолдау шараларын қолдану;
2013 жылдан бастап оңалту (сауықтыру) жоспарларының іске асыру мерзімінің соңына дейін – Бағдарлама қатысушыларының оңалту (сауықтыру) жоспарларының іске асырылу мониторингісі.
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Ескерту. 6-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 117 қаулысымен.
2011 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет қаржыландыру көзі болып табылады. Алдын ала бағалау бойынша:
барлық әлеуетті қатысушылар Бағдарламаға қатысқан,
барлық оңалту (сауықтыру) жоспарларының ең жоғары субсидиялау мерзімі (5 жыл) болады;
барлық оңалту (сауықтыру) жоспарлары кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауды талап еткен кездегі ең пессимистік сценарий бойынша шығыстар 145,404 млрд. теңгеге дейін қурауы мүмкін, оның ішінде:
1) сыйақы ставкаларын субсидиялау – 141,004 млрд. теңге;
2) оңалту (сауықтыру) жоспарларын әзірлеу бойынша консультанттардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеуге бірлесе қаржыландыруға – 1,125 млрд. теңге;
3) мониторинг бойынша консалтингтік компаниялардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеуге – 1,685 млрд. теңге.
Осыларға жол беруді нақты бағалау осы шығыстарды 80 млрд. теңгеге дейін айтарлықтай қысқартуды болжамдауға мүмкіндік береді. Сондықтан 2012 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыру сомалары жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Сауықтыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды, әкімшілендіруді уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 7-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.09 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.09.08 N 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.11.19 № 1355, 2012.08.02 № 1016; 07.03.2013 N 224; 19.02.2014 № 117 қаулыларымен.
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау |
||||
1 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Қаржымині |
Заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң шығару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығару |
2011 жылғы |
2 |
Сауықтыру кеңесінің құрамын және ол туралы ережені бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
2011 жылғы |
3 |
Субсидиялау жөніндегі операторды айқындау |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
2011 жылғы |
4 |
Салалық органдардың кәсіпорынның Бағдарлама талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру тәртібін бекіту |
ИЖТМ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
2011 жылғы |
4-1 |
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті) (кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасының жобасын әзірлеу |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
2011 жылғы 2-тоқсан |
4-2 |
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде Сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасының жобасын әзірлеу |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасы ның Үкіметі қаулысының жобасы |
2011 жылғы 2-тоқсан |
5 |
Кәсіпорындары жүйе құрушыға жатқызу критерийлерін бекіту |
ЭДСМ |
Бірлескен бұйрық |
2011 жылғы |
6 |
Консультант қызметінің құнын төлеуді республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға өтінім нысанын бекіту |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы |
2011 жылғы |
7. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
2011 жылғы |
8. |
Бағдарламаға қатысуға өтініш нысанын бекіту |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы |
2011 жылғы |
9. |
Меншік иесі, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан қолдау шараларының тепе-теңдігін бағалау бөлігінде талдау әдістемесін бекіту |
Қаржымині |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы |
2011 жылғы |
Ұйымдастыру шаралары |
||||
10. |
Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың өтініштерін қабылдау |
Жұмыс органы (Қаржымині), әлеуетті қатысушылар |
Бағдарламаға қатысуға арналған өтініш |
2013 жылғы |
11. |
Қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу |
Консультанттар немесе негізгі кредит берушімен бірге қатысушы |
Оңалту (сауықтыру) жоспары |
Шарт жасалған күннен бастап 6 ай ішінде |
12. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен. |
|||
13. |
Сауықтыру кеңесінің Жұмыс органының Интернет-ресурстарына қажетті ақпаратты орналастыру |
Жұмыс органы (Қаржымині) |
Интернет-ресурстардағы ақпарат |
Қажетіне қарай |
14. |
Бағдарламаға қатысушыларға берілген салықтық преференциялар мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін ұзартудың мониторингі |
Қаржымині |
Жұмыс органына (Қаржымині) ақпарат |
Ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейін |
15. |
Пайыздық ставканы субсидиялау бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингі |
Субсидиялау жөніндегі оператор |
Қаржыминіне ақпарат |
Ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейін |
16. |
Қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларының іске асырылу мониторингі |
Қаржымині Консалтингтік ұйымдар |
Сауықтыру жөніндегі кеңеске ақпарат беру |
Жыл сайын (екінші жылдан бастап) оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асыру аяқталғанға дейін |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИТЖМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі