Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiндегі уақытша бос ақшаны тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдар (бұдан әрi – Ұйымдар) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың өз иелігiндегі уақытша бос ақшаны мынадай қаржы құралдарына:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарына – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің иелігіндегі ақшаны осы мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға құқығы бар Ұйымдар үшін 30 (отыз) пайызға дейін;
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін 10 (он) пайызға дейін.
Ақшаны осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру көлеміне шектеулер орталық контрагенттің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған кері РЕПО операцияларының нысанасы ретінде Ұйымдар сатып алған бағалы қағаздарға қолданылмайды;
2) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық Қайта құру және Даму банкi; Еуропа Қайта құру және Даму банкi; Азия Даму банкi; Ислам Даму банкi; Еуропа Инвестициялық банкi; Халықаралық қаржы корпорациясы; Америкааралық Даму банкi; Халықаралық Есеп айырысу банкi; Африка Даму банкi шығарған бағалы қағаздарға;
3) кредит рейтингі Standard & Poor's шкаласы бойынша BBB немесе Mood's Investors Service (бұдан әрі – Мооdу's) шкаласы бойынша Ваа3 төмен емес немесе Fitch Ratings шкаласы бойынша BBB төмен емес елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздарына;
4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаты тiзiмiне енгiзілген қазақстандық эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына;
5) шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кредит рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингінен бiр деңгейден артық төмен емес қазақстандық эмитенттер шығарған мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға;
6) кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА, Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;
7) осы тармақтың 1) – 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздарға;
8) шетелдік банктердегі (кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес) салымдарға (депозиттерге) және шетелдік банктер (кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес) шығарған депозиттік сертификаттарға;
9) уәкілетті мемлекеттiк органның лицензиясы бар болса, аффинирленген бағалы металдарға;
10) екiншi деңгейдегі банктердiң, сондай-ақ Ұлттық пошта операторының депозиттерiне орналастыруды қамтамасыз етсiн. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда, Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртіппен уақытша бос ақшаны кемiнде 3 (үш) екiншi деңгейдегi банктегi, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерде орналастырады, олардың әрқайсысындағы, оның ішінде Ұлттық пошта операторындағы сома, орналастыру күніне қалыптасқан уақытша бос ақша мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша бос ақшаны кемінде 3 (үш) екінші деңгейдегі банктегі, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерге орналастырады, олардың жалпы сомасы ол орналастырылатын күні қалыптасқан уақытша бос ақша мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.
5000 (бес мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі бір банктегі, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерге орналастырылады;
11) клирингтік қатысу сертификаттары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-1. Екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының депозиттерінен уақытша бос ақшаны жоспарланбаған алу туралы шешімдерді Ұйымдарға қатысты тікелей мемлекеттік басқару органы не акциялардың (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын орган болып табылатын мемлекеттік органдармен келісу бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бір мезгілде хабардар ете отырып, Ұйымдар қабылдайды.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.26 N 290 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар заңнамада белгiленген тәртiппен Ұйымдардың:
1) осы қаулыға сәйкес мынадай:
несие капиталы нарығында қарыздар тарту (бұл ретте қарыз тарту кезінде басымдық тартудың неғұрлым тиімді шарттарын (сыйақының ең төмен мөлшерлемесі, қарыз мерзімдері, қамтамасыз ету шарттары, жеңілдікті кезеңнің болуы және басқа да шарттар) ұсынатын қарыз берушіге беріледі);
екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Ұлттық пошта операторында банктік шот ашу бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тарту туралы;
2) Ұйымдардың екінші деңгейдегі банктерге, сондай-ақ Ұлттық пошта операторына:
депозиттерге қаражат орналастыру мерзімдері, екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық пошта операторы есептейтін сыйақы мөлшері туралы ақпарат және депозиттерге қатысы бар басқа да ақпарат алу үшін осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасын;
қарыз мерзімі, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдікті кезеңнің болуы, қарызды қамтамасыз ету шарттары және қарыз алуға қатысы бар басқа да шарттар туралы ақпарат алу үшін осы қаулының 2-тармағын;
екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Ұлттық пошта операторында шоттарды ашу және оларға қызмет көрсету шарттары туралы ақпарат алу үшін осы қаулының 3-тармағын орындау үшін сұраулар жіберуі туралы:
3) осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты алғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында және 2-тармағында көрсетілген қаржылық қызметтерді көрсету бойынша неғұрлым тиiмдi шарттар ұсынған екiншi деңгейдегі банктердi, сондай-ақ Ұлттық пошта операторын айқындау туралы шешiмдер қабылдауын қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдар осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |