Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 64 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 23) тармақшасына, 44-бабының  4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) тізбесі;
      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе);
      3) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидасы бекітілсін.
      2. Тізбеде көзделген тауарлар, жұмыстар, қызметтер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан осы тауарларды, жұмыстарды қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 (жүз) пайызы көлемінде сатып алынады.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесін, Тапсырыс берушілердің олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1257 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 574-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1257 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 191 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 80-құжат).
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 4 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдар

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

1

2

1. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

920440000055

2. «Қазақ соқырлар қоғамының № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

941140001019

3. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 2 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

990740001939

4. «Қазақ соқырлар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

950140001216

5. «Қазақ соқырлар қоғамының, Ақмола оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

980140003595

6. «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

941240000321

7. «Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

920240000761

8. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

611040000049

9. «Қазақ соқырлар қоғамының Жетісу оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

041240007053

10. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

021040001300

11. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

990540003006

12. «Қазақ соқырлар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

990340000014

13. «Қазақ соқырлар қоғамының Қаскелең оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

941140001564

14. «Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

071040005134

15. «Қазақ соқырлар қоғамының Леңгір оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

910340000024

16. «Қазақ соқырлар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

940940000453

17. «Қазақ соқырлар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

941240001469

18. «Қазақ соқырлар қоғамының Рудный оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

011040003880

19. «Қазақ соқырлар қоғамының Сәтпаев оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

930240000486

20. «Қазақ соқырлар қоғамының Семей оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

100240020418

21. «Қазақ соқырлар қоғамының Талғар оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

990640000461

22. «Қазақ соқырлар қоғамының Түркістан оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

030240004788

23. «Қазақ соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

050640005368

24. «Қазақ соқырлар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

940340000045

25. «Қазақ соқырлар қоғамының № 2 Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

040140000812

26. «Қазақ соқырлар қоғамының Шемонаиха оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

490940000011

27. «Қазақ соқырлар қоғамының Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

950140001058

28. «Қазақ соқырлар қоғамының Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

940740001325

29. «Қазақ соқырлар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

971040001902

30. «Қазақ соқырлар қоғамының З.Б.Бейсеков атындағы «Спутник» демалыс үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

100440014738

31. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

920140000837

32. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 1 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

370340000015

33. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» мемлекеттік емес мекемесі, Алматы қ.

930640000629

34. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің № 3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

980440004277

35. «Қазақ саңыраулар қоғамының № 4 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

000640004251

36. «Астана қаласы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

620840000017

37. «Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

921040000599

38. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорны» жеке меншік мекемесі.

941240000490

39. «Қазақ саңыраулар қоғамының Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

950940000574

40. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Қостанай қаласы.

950140000664

41. «Қазақ саңыраулар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» мемлекеттік емес мекемесі.

941240002070

42. «Қазақ саңыраулар қоғамының Семей оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

920140000533

43. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

660840000064

44. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

920240000672

45. «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, Өскемен қаласы.

930240000565

46. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

941240002407

47. «Қазақ саңыраулар қоғамының «Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

971240002274

48. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Щучье оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі.

940940001164

49. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кроива-Көмекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080740016838

50. «Қазақстан Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің республикалық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Кроива-Print» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080740016868

51. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Оңалту техникасы орталығы - Надежда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080740016888

52. «Жанат» мүгедектерді белсенді оңалту спорт орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Астана қ.

990140005932

53. «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Инватакси» оңалту қызметтерін көрсету орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

090540009453

54. «ШАНС» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің «ШАНС-Кокше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

100440000956

55. «Медеу ауданы мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080240019001

56. «Қазақстан республикалық Ауғанстан соғысы мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «SU Service group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қ.

080840001259

57. «Мүтедектерді оңалту өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Петропавл К-58. Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жергілікті қоғамдық бірлестігінің «Дәм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

911140000273

58. Алматы қаласы Бостандық ауданының мүгедектер қоғамы жергілікті қоғамдық бірлестігінің «Дәм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

981240002206

59. «Казмедсервис плюс мүгедектер қоғамы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Астана қ.

080740010343

60. «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Социал 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды қ.

100340021797

61. «Әлеуметтік қызметтер орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Социус 2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қарағанды қ.

100340021767

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен     
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім кодтары (ЭҚТӨК)

1

2

Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар;

13.92.12

аспаздың костюмі, пісірушінің костюмі, түрлі қалпақтар;

13.92.13

дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер;

13.92.14

перделер, машиналарға, креслоға арналған тыстар, түрлі шымылдықтар;

13.92.15

шахтер сөмкесі, түрлі қаптар, шахтер белбеуі;

13.92.21

термоберік брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далаға киетін күрте, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай;

14.12.11

түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған куртка, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан жасалған сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден жасалған костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы көкірекше, жылы куртка, далаға киетін бүркемеленген костюм, шалбар, фуфайка, теріден жасалған костюм;

14.13.11

әр түрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шұлықтар, шұлғаулар, әр түрлі жейделер;

14.14.12

жаңа туған нәрестеге арналған жиынтық;

14.19.11

барлық атаудағы қолғаптар мен биялайлар;

14.19.13

түрді үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, қол орамал, жаға астары;

14.19.23

жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық көкірекше, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, нысанды және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары;

14.12.30

үлбір құлақшын;

14.20.99

аяқ киім тігу және жөндеу;

15.20.99

қоқыс тазалайтын қалақтар, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, шашкалар, ілгіштер, шыны банкаларға арналған пластмасса, металл қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғау каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, жануарларға арналған биркалар, щетка - металл дөңгелек, жануарлардың бауы, рабицатор;

22.29.91

құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;

17.23.12

орайтын қораптар, мұрағат қораптары;

17.21.14

фармацевтикалық қызмет, дәрілік заттарды өндіру, жасау және сату;

21.20.99

биметалл камералық температуралық реле датчигі, автоөткізгіштер, шамдар, розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар, өрт сөндіру-күзет сигнализациясының аспаптары;

27.12.31

көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың қосалқы бөлшектері (сүзгілер, щеткалар, оратын сәуле, елейтін шатун);

28.30.93

үй-жайлар мен аумақтарды жинау;

81.29.19

абаттандыру, көгалдандыру;

81.30.10

мүгедектердің демалысын және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру;

88.10.13

жерлеу;

98.03.12

полиграфиялық, жарнамалық, баспа;

73.11.11

қылқалам-щетка бұйымдары;

32.91.19

мүгедектердің оңалту техникасын жасау, құрастыру, жөндеу және қызмет көрсету (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш-көлік құрылғылары мен механизмдер, телерадиоаппаратура);

28.22.99

ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер);

18.29.91

үй-жайларды жалға беру;

41.00.20

кресло-арбалар;

30.92.20

жиһаз жасау.

31.09.99

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрғaн, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 51 пайызын мүгедектер құрайтын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін жұмыстарды орындайтын қызмет көрсететін ұйымдардан (бұдан әрі - Ұйымдар) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін Ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде олар өндірген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды, осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 100 (жүз) пайызы көлемінде жүзеге асырады.

2. Ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың арасынан өнім берушіні таңдап алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңында көзделген ережелерге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне, осы Қағидада көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 281 қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырады.
      5. Ұйымдардан тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар осы Қағиданың 4-тармағында көзделген тәсілдермен тек Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған, тауар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін ұйымдардың тізбесінде көрсетілген Ұйымдардан ғана мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      6. Хабарландыру мәтінінде басқаларымен қатар конкурс және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуға тек Ұйымдар ғана жіберілетіні көрсетіледі.
      7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 16-бабының 4-тармағында көзделген негіздемелер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:
      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды Ұйымдар арасында қайта өткізу туралы;
      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды Ұйымдар арасында қайта өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдауға құқылы.
      8. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған осы Қағиданың 7-тармағында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасауға алып келмесе, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы.
      9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Ұйымдар арасында электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
      Бұл ретте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу екі рет өтпеді деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы.
      10. Осы Қағидада реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін және Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесін басшылыққа алады.