Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекеле

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы N 64 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) қарамағындағы аумақтық бөлімшелер мен ұйымдар қайта ұйымдастырылсын.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Аумақтық бөлімшелер» деген бөлімде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көліктегі аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
      аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті:
      Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Атбасар бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Атырау бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Жамбыл бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Жаңаарқа бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Защита бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Қарағанды бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Көкшетау бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Қостанай бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Қызылорда бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Маңғыстау бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Павлодар бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Семей бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Орал бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Шымкент бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.»;
      2-тармақта:
      1) тармақшаның жиырмасыншы абзацындағы «Щучье» деген сөз «Бурабай» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21, 22, 23, 24, 25-жолдар алып тасталсын;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 72 қаулысына  
1-қосымша    

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы
қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың
тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Көліктегі орталық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік-Батыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемелері «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңіраралық темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемелері «Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен.
       3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік-Батыс өңірлік әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Солтүстік-Орталық темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Оңтүстік-Шығыс өңірлік әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Батыс өңірлік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 72 қаулысына   
2-қосымша     

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
қайта аталатын аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс өңіраралық темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып.
      2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің Щучье ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып.