Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 N 64 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесін, Тапсырыс берушілердің олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 574-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар өндіретін, орындайтын және көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесінде :
"Қазақ саңыраулар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдары" деген бөлімде :
1-тармақта:
1) тармақшадағы "су өткізбейтін брезенттен жасалған шымылдық" деген сөздерден кейін ", нысанды және арнайы киім, жылы іш киім, бекетте киетін плащ" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) аяқ киім.";
2-тармақтағы "жөндеу-құрылыс" деген сөздерден кейін ", абаттандыру, көгалдандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақ соқырлар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдары" деген бөлімде :
1-тармақта:
1) тармақшадағы "машинаға арналған тыстар" деген сөздерден кейін ", нысанды және арнайы киім, іш киім, жылы іш киім, госпиталь халаттары, бекетте киетін плащ" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "металл қақпақтар" деген сөздерден кейін ", Р-50, Р-65 оқшаужікті, оқшаулау детальдары" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "автоөткізгіштер" деген сөзден кейін ", шамшырақтар, розеткалар, ажыратқыштар, ұзартқыштар, ИП-212-45 өрт белгісін бергіштер" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) дәретхана қағазы, қағаз орамалдар.";
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) демалысты және санаторийлік-курорттық емдеуді ұйымдастыру;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) үйжайларды жалға алу.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов