Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 604 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 604 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құрау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 413-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің қаражатын құрау және пайдалану ережесінде:
      3-тармақтағы «заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1286 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 531-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесінде:
      3-тармақтағы «шектелуі мүмкін» деген сөздер «шектеледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңнамасымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Орман кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы «тоқтатыла тұруы, шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін» деген сөздер «тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесінде:
      5-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі «заңнамада» деген сөздер «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақтың 2) тармақшасында:
      екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғалар үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмелері;
      жеке тұлғалар үшін - салық төлеуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәлігінің немесе паспортының, салық төлеуші куәлігінің (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмелері;
      лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, тендерге қатысушының орман пайдалану құқығын растайтын басқа құжаттардың (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмелері;»;
      16-тармақтағы «әзірлеуге және тапсыруға байланысты барлық шығындарды көтереді» деген сөздер «дайындау және тапсыру жөніндегі шығыстарды көтереді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақтағы «ақы алуы мүмкін» деген сөздер «ақы алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақтағы «танылуы мүмкін» деген сөздер «танылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      24-тармақтағы «тануы мүмкін» деген сөздер «таниды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Тендерге қатысушылар қатарынан оның жеңімпазын таңдау тендер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, тендер комиссиясының отырысында жүргізіледі. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер комиссиясының хаттамасында (бұдан әрі - тендер комиссиясының хаттамасы) тендер комиссиясының қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда осы фактіні растайтын құжатты (бар болған жағдайда) қоса оның болмау себебін көрсетеді.
      Тендер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған тендер комиссиясына қатысушы мүшелердің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, тендер комиссиясының төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Тендер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, осы тендер комиссиясының кез келген мүшесі ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде айтылуы және тендер комиссиясының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
      Тендер комиссиясының хаттамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.»;
      30-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 20-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесінде:
      6-тармақтың екінші бөлігіндегі «бола алады» деген сөздер «болады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      үшінші бөліктегі «нақтылануы мүмкін» деген сөздер «нақтыланады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші бөліктегі «бола алады» деген сөздер «болады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақтағы «жүргізілуі тиіс» деген сөздер «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Су кодексімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. «Су объектілеріне зиянды әсерлердің рұқсат етілетін шекті нормативтерін әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 50 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 24-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су объектілеріне зиянды әсерлердің рұқсат етілетін шекті нормативтерін әзірлеу және бекіту ережесінде:
      7-тармақта:
      «мамандандырылған ғылыми, жобалау» деген сөздер «ғылыми, мамандандырылған және жобалау» деген сөздермен толықтырылсын;
      «негізінде» деген сөзден кейін «ғылыми жұмыстарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақтағы «3 айдан аспауы тиіс» деген сөздер «90 күнтізбелік күннен аспайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы «қаралуы мүмкін» деген сөздер «қаралады» деген сөзбен ауыстырылсын.
      6. «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 2, 28-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесінде:
      11-тармақта:
      екінші бөліктегі «су пайдаланушыны» деген сөздерден кейін «он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұруы немесе қайта басталуы туралы хабарламаны су пайдаланушы алған күнінен бастап тоқтатылды немесе қайта басталды деп есептеледі. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      7. «Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 467 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 242-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесінде:
      5-тармақта:
      бірінші бөліктегі «(республикалық маңызы бар қалалар, астана)» деген сөздерден кейін «бір жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі «(республикалық маңызы бар қалалар, астана)» деген сөздерден кейін «бес жүмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтағы «көрсетілуі тиіс» деген сөздер «көрсетіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы «3 күн» деген сөздер «үш жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақтағы «кейін» деген сөзден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақта:
      «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      «құрады және» деген сөздерден кейін «он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      16-тармақтағы «заңнамасында» деген сөз «Азаматтық кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. «Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 613 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 23, 295-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру ережесінде:
      12-тармақтағы «қолданыстағы заңнамаға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақтың екінші бөлігінде:
      «жалға беруші» деген сөздер «тендер комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жалға беруші» деген сөздерден кейін «, тендер жеңімпазынан кейін тендер бастамашысы үшін кімнің тендерлік өтініші ең жақсы шарт талаптарын ұсынған» деген сөздермен толықтырылсын;
      28-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) заңды тұлғалар үшін - құрылтайшылық құжаттардың (құрылтай шарты және жарғысы) көшірмелері және салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері;»;
      31-тармақтың 5) тармақшасындағы «3 күн бұрын» деген сөздер «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      «36-1. Тендерлік комиссия осы Ереженің 28-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тендерлік өтінімді қабылдамаудың толық себептері көрсетілетін конверттерді ашу хаттамасын толтырады. Бұл жағдайда тендерге қатысушыға екі жұмыс күні ішінде тендерлік өтінімді қабылдамау туралы, себептерін негіздей отырып, жазбаша хабарлама жібереді. Хаттамаға тендерлік комиссияның барлық мүшелері қол қойғаннан кейін хаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күні ішінде барлық тендерге қатысушыларға жіберіледі.»;
      39-тармақтағы «жеңімпазға» деген сөзден кейін «тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде» деген сөздермен толықтырылсын.
      9. «Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 40 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж, № 2, 18-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:
      11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «құжаттаманы» деген сөзден кейін «екі жұмыс күн ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Енгізілген өзгерістер конкурстық құжаттаманы алған конкурсқа қатысушыларға екі жұмыс күні ішінде хабарланады, бұл ретте конкурстық өтінімдер беру мерзімі жеті жұмыс күніне ұзартылады»;
      14-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғалар үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері»;
      4) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеке куәліктің немесе паспорттың, салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері;»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін берілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және қалған конкурстық өтінімдермен бірге сақталады, өтініш жасалған жағдайда, конкурсқа қатысушыларға қайтарылады.»;
      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері отырысқа қатысушы барлық Комиссия мүшелері мен хатшы қол қоятын конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі. Ашу хаттамасын екі жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы облыстық атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.»;
      20-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Конкурстық комиссия мүшелерінің болмауына растаушы құжат болған кезде дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі.»;
      21 және 22-тармақтардағы «танылуы мүмкін» және «тануы мүмкін» деген сөздер «танылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Өткізілген Конкурс қорытындылары конкурстық өтінім салынған конверттер ашылған күнінен бастап, он жұмыс күн ішінде отырысқа қатысушы конкурс комиссиясының мүшелері қол қоятын хаттама (2-қосымша) жасалады. Хаттаманың көшірмесі конкурсқа қатысушыларға жіберіледі. Конкурстық комиссияның хаттамасы облыстық атқарушы органның шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады. Өткізілген конкурстың қорытындылары облыстық атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      24 және 25-тармақтардағы «үш күн ішінде» және «бес күн ішінде» деген сөздер тиісінше «үш жұмыс күні ішінде» және «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      26-тармақта:
      бірінші бөліктегі «заңнамасында» деген сөз «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «10 күн ішінде» деген сөздер «он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін оның санатына байланысты материалдық-техникалық базаның болуы;
      2) қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, үш жылға арналған аңшылық шаруашылығы ұйымын дамыту жоспары (қорғау, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды күшейтуді, жануарлар санының оңтайлы тығыздығын қамтамасыз етуді, ішкі шаруашылық аңшылық ісін ұйымдастыруды өткізу мерзімін, аңшылық шаруашылығын көркейтуді қоса алғанда);
      3) аңшылық шаруашылығының санатына сәйкес келетін және Аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереженің талаптарына жауап беретін қорықшылық қызметтің (немесе оны құру туралы жазбаша міндеттеме) болуы;
      4) конкурсқа қатысушының қаржылық әлеуетін растайтын құжаттар:
      анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылған конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушы қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мер басылған анықтамасының түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы отыз күнтізбелік күннің ішінде берілу тиіс;
      соңғы қаржы жылы үшін бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы;
      5) міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешектің болмауы:
      тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақылық жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмағаны жоқ немесе конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы;
      6) жоғары немесе арнайы орта білімі бар (аңшылық тану, аң шаруашылығы, биолог-аңшылық танушы, биология, ветеринариялық дәрігер, зоотехник, зооинженер мамандықтары бойынша) немесе білімін және жұмыс өтілін көрсете отырып, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жұмыс тәжірибесі және кемінде 1 жыл және өтілі бар мамандардың болуы (не конкурста жеңіске жеткен жағдайда, осындай мамандарды жұмысқа қабылдау туралы жазбаша міндеттеме).».
      10. «Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 580 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 275-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      6-тармақтың 2), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғалар үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркегені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері;
      4) жеке кәсіпкерлер үшін - өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;»;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Лицензиар өтініш берушінің құжаттары алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс ресімделгенін тексеруге міндетті. Толықсыздық фактісі анықталған жағдайда (оның ішінде бекітілген құжат нысандарының толтырылмағаны). Лицензиар көрсетілген мерзімде одан әрі қараудан жазбаша толық дәлелді бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде құжаттар жалпы негізде қаралады.»;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің осы түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.»;
      10-тармақта:
      5) тармақшадағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы екінші сөйлем алынып тасталсын.