Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 572 қаулысымен 
бекітілген    

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялауға, реинтродукциялауға, будандастыруға рұқсаттар (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Ерекше қорғалатын аумақтарда жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге және кейіннен жануарларды мекендеу ортасына шығармай-ақ будандастыруды жүргізуге рұқсат талап етілмейді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Мыналар рұқсаттар беру жөніндегі уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) болып табылады:
      балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Рұқсаттар берудің тәртібі

      6. Рұқсат беру үшін өтінімді (бұдан әрі - өтінім) заңды және жеке тұлғалар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жібереді.
      7. Өтінімге заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттардың:
      1) құрылтай құжаты мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын (паспорт немесе жеке куәлік - жеке тұлға үшін) құжаттың;
      2) облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы немесе аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімінің;
      3) интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе тауар чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырысы);
      4) жануардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттың;
      5) билогиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының көшірмелерін қоса береді.
      8. Уәкілетті орган өтінім тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және оларда көрсетілген мәліметтерді тексереді, ресімдеу жүргізеді және рұқсат береді.
      Құжаттарды толық толтырмау (оның ішінде құжаттардың міндетті жиектерін, бекітілген нысандарын толтырмау) фактілері немесе құжаттардың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде әрі қарай қаралмайтындығы туралы жазбаша дәлелді бас тартуын жібереді. Өтінім беруші көрсетілген ескертулерді жойған кезде құжаттар жалпы негіздер бойынша қаралады.
      9. Өтінім осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті уәкілетті органның бланкісінде ресімделеді, оған оның басшысы қол қояды және уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
      10. Рұқсат өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
      11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы рұқсатты ала отырып, онда көрсетілген мерзімде интродукциялауды, реинтродукциялауды немесе будандастыруды жүзеге асырады.
      Рұқсаттың қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылдан аспайды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге рұқсат етілмейді.
      13. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушы бір ай мерзімде тиісті уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны пайдаланудың қорытындысы туралы есеп береді.
      Берілген рұқсаттар туралы есепті уәкілетті органдар тиісінше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне немесе Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне ұсынады.
      14. Уәкілетті органның рұқсатты кері қайтарып алуына:
      1) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуден өз еркімен бас тарту;
      2) рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
      3) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайтуын және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      15. Уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту немесе осы Қағидаларда белгіленген мерзімде бермеу туралы шешіміне жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша         

_____________________________________________________________________
                  (уәкiлеттi органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның (толық) тегi, аты, әкесiнiң
                               аты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (мекенжайы, телефон және факс нөмiрi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргiзуге рұқсат беруге
өтiнiм

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге (қажеттiсiнiң астын сызыңыз) рұқсат берудi сұраймын.
      Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мақсаты___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жануар түрi _________________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы __________________________________________
      Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мерзiмi __________________________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзетiн аудан _______________________________________________________________

      20 __ жылғы ______                         ____________________
      (өтiнiм берiлген күн)                         (қолы, Т.А.Ә.)

М.О. (заңды тұлға үшiн)

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымша         

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргiзуге рұқсат
(қажеттiсiнiң астын сызыңыз)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Берiлдi (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң Т.А.Ә.)


Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзудiң мақсаты


Рұқсат етiледi (жануардың атауы, саны және т.б.)


Интродукциялауға, реинтродукциялау мен будандастыруға арналған жануарларды аулайтын орындар және оның әдiстерi


Қолданылу мерзiмi


Ерекше шарттар (куәландыратын және басқа да құжаттардың болуы, пайдаланылған және пайдаланылмаған рұқсаттар туралы есептi ұсыну)


Уәкiлеттi органның
      басшысы             ______________________________
                                 (қолы, Т.А.Ә.)

____________________________
   (Орындаушының Т.А.Ә.)

М.О. (уәкiлеттi органның)

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша         

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен
будандастыруды жүргiзуге рұқсаттар берудi тiркеу журналы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Рұқсат
нөмірі

Пайдалану түрi (жануардың түрi, саны)

Қолданылу мерзiмi

Кiмге берiлдi

Рұқсаттың күнi және
нөмірі

Алушының деректерi (Т.А.Ә., жеке куәлiгiнiң нөмірі )

Алушының қолы

Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялау мен     
будандастыруды жүргізуге  
рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша         

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау
мен будандастыруды жүргiзуге рұқсаттарды
пайдалану нәтижелерi туралы
ЕСЕП

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 N 1646 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

орындалған жұмыстардың атауы


iс-шараларды өткiзу мақсаты


iс-шараларды өткiзу мерзiмi


пайдаланылған жануарлар саны (көлемi)


жүргiзiлген жұмыстардың орны мен әдiстерi


Интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру жүргiзiлген сыртқы тіршілік ету ортасы жағдайларының көрсеткiштерi


Интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзу кезiндегi жануарлардың жай-күйi