Жануарларды интродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 572 қаулысымен 
бекітілген    

Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге,
сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға
рұқсаттар беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялау мен будандастыруға, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін анықтайды.
      2. Ерекше қорғалатын аумақтарда жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға және жануарларды мекендеу ортасына кейіннен шығарусыз будандастыруды жүргізуге рүқсат талап етілмейді.
      4. Мыналар рұқсаттар беру жөніндегі уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) болып табылады:
      балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері.
      5. Жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қою көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген лимиттерден аспауы тиіс.

2. Рұқсаттар берудің тәртібі

      6. Рұқсат беру үшін өтінімді (бұдан әрі - өтінім) заңды және жеке тұлғалар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жібереді.
      7. Өтінімге заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттардың:
      1) құрылтай құжаты мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын (паспорт немесе жеке куәлік - жеке тұлға үшін) құжаттың;
      2) облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы немесе аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімінің;
      3) интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе тауар чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырысы);
      4) жануардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттың;
      5) билогиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының көшірмелерін қоса береді.
      8. Уәкілетті орган өтінім тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және оларда көрсетілген мәліметтерді тексереді, ресімдеу жүргізеді және рұқсат береді.
      Құжаттарды толық толтырмау (оның ішінде құжаттардың міндетті жиектерін, бекітілген нысандарын толтырмау) фактілері немесе құжаттардың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде әрі қарай қаралмайтындығы туралы жазбаша дәлелді бас тартуын жібереді. Өтінім беруші көрсетілген ескертулерді жойған кезде құжаттар жалпы негіздер бойынша қаралады.
      9. Өтінім осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті уәкілетті органның бланкісінде ресімделеді, оған оның басшысы қол қояды және уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
      10. Рұқсат өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
      11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы рұқсатты алып, онда көрсетілген мерзімде интродукциялауды немесе будандастыруды, немесе жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюды жүзеге асырады.
      Рұқсаттың қолдан білу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайды.
      12. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге рұқсат етілмейді.
      13. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушы бір ай мерзімде тиісті уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны пайдаланудың қорытындысы туралы есеп береді.
      Берілген рұқсаттар туралы есепті уәкілетті органдар тиісінше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне немесе Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне ұсынады.
      14. Уәкілетті органның рұқсатты кері қайтарып алуына:
      1) жануарларды интродукциялауды, будандастыруды жүргізуден, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюдан ез еркімен бас тарту;
      2) рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
      3) жануарларды интродукциялауды, будандастыруды жүргізген кезде, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қойған кезде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу негіз болып табылады.
      15. Уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту немесе осы Қағидаларда белгіленген мерзімде бермеу туралы шешіміне жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

Жануарларды интродукциялау мен 
будандастыруды жүргізуге,   
сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген
жануарларды алып қоюға рұқсаттар
беру қағидаларына        
1-қосымша           

_________________________________________________________________
             (уәкілетті органның толық атауы)
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның (толық) тегі, аты, әкесінің аты
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      (мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге,
жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға
рұқсат беруге
өтінім

      Жануарларды интродукциялауды, будандастыруды жүргізуге, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға (қажеттісінің астын сызыңыз) рұқсат беруді сұраймын.
Интродукциялауды, будандастыруды жүргізудің, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюдың мақсаты __________________________________
__________________________________________________________________
Жануар түрі ______________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы _______________________________________
Интродукциялауды, будандастыруды жүргізудің, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюдың мерзімі ___________________________________ Интродукциялауды, будандастыруды жүргізетін, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоятын аудан _____________________________________
___________________________________________________________________

      20 __ жылғы ______                       ____________________
      (өтінім берілген күн)                        (қолы, Т.А.Ә)

М.О. (заңды тұлға үшін)

Жануарларды интродукциялау мен 
будандастыруды жүргізуге,   
сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген
жануарларды алып қоюға рұқсаттар
беру қағидаларына        
2-қосымша           

Жануарларды интродукциялауды, будандастыруды жүргізуге,
жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсат

(қажеттісінің астын сызыңыз)

Берілді (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә.)


Интродукциялауды, будандыстыруды жүргізудің және жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюдың мақсаты


Рұқсат етіледі (жануардың атауы, саны және т.б.)


Интродукциялауға, жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға жануарларды аулайтын орындар мен оның әдістері


Қолданылу мерзімі


Ерекше шарттар (куәландыратын және басқа да құжаттардың болуы, пайдаланылған және пайдаланылмаған рұқсаттар туралы есепті ұсыну)


Уәкілетті орган
    басшысы               (қолы)        _____________________
                                                 (Т.А.Ә.)

________________________
(Орындаушының аты-жөні)

М.О. (уәкілетті органның)

Жануарларды интродукциялау мен 
будандастыруды жүргізуге,   
сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген
жануарларды алып қоюға рұқсаттар
беру қағидаларына        
3-қосымша           

Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге,
сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға
рұқсаттар беруді тіркеу журналы

Рұқсат

Пайдалану түрі (жануардың түрі, саны)

Қолданылу мерзімі

Кімге берілді

Рұқсаттың күні және

Алушының деректері (аты-жөні, жеке куәлігінің №)

Алушының қолы





























Жануарларды интродукциялау мен 
будандастыруды жүргізуге,   
сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген
жануарларды алып қоюға рұқсаттар
беру қағидаларына        
4-қосымша           

Жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге,
сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға
рұқсатты пайдалану нәтижелері туралы
ЕСЕП

орындалған жұмыстардың атауы


іс-шаралар өткізу мақсаты


іс-шаралар өткізу мерзімі


пайдаланылған жануарлар саны (көлемі)


жүргізілген жұмыстардың орны мен әдістері


интродукция жүргізілген сыртқы және өмір сүру ортасы жағдайларының көрсеткіштері


интродукция жүргізу кезіндегі жануарлардың жай-күйі