Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 Қаулысы

Жаңартылған

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 570 қаулысымен   
бекітілген       

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылық, балық ресурстары және басқа да су жануарларының объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды балық шаруашылығы ұйымдарының арасында бөлу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі;
      2) Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі.
      3. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу жануарлар ресурстарын, аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      4. Аңшылық объектісі болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды бөлуді:
      бекітіліп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінетін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды қоспағанда, Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      бекітіліп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы субъектілері арасында балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық
объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып
қоюға арналған квоталарды бөлу тәртібі

       6. Аңшылық шаруашылығы субъектісі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне аңшылық алқаптардың өнімділігі және аңшылық шаруашылығын жүргізудің деңгейі туралы қысқаша анықтамамен бірге алдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың аңшылық объектілері болып табылатын түрлері бойынша есеп деректерінің негізінде өтінім береді.
      7. Өтінімде:
      1) аңшылық шаруашылығының атауы;
      2) жануардың түрі;
      3) ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны;
      4) бекітілген алып қою нормативі;
      5) (дарақтарды), соның ішінде (тұяқтылар үшін) аталықтарды, аналықтарды, шабақтарды алып қоюға сұратылған квота көрсетіледі.
      8. Аңшылық шаруашылығы субъектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюдың тиісті жылға арналған квоталарын қалыптастыруды берілген өтінімдер негізінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      9. Жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.
      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі берілген өтінімдерді ескере отырып, аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде алдын ала Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен келісілген аңшылық объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қою квоталарын бөлуді және бекітуді жүзеге асырады.
      11. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру және басқалар) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.
      12. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе немесе аңшылық шаруашылығы субъектісі аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді бұзса, онда аталған аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жануарлар түрлерін аулауға арналған квота бөлінбейді.

3. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға
арналған квоталарды бөлу тәртібі

      13. Балық ресурстарын алып қоюға арналған квоталар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті жылға арналған жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерінің (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) негізінде балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектілері арасында балық ресурстары және басқа да су жануарларының түрлік құрамына пайыздық қатынаста бөлінеді.
      14. Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік тапсырысты, бақылау, мелиорациялық, эксперименттік аулауды, өсімді молайту мақсатындағы аулауды орындау мақсатында әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 2%-ы шегінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыру үшін квота белгілейді.
      15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері алдыңғы жылдың 31 желтоқсанына дейін Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне не жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Өтінімде:
      1) балық шаруашылығы субъектісінің атауы;
      2) Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың жасалған күні мен нөмірін көрсете отырып, бекітілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы;
      3) ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі (теңге);
      4) аулау және көлік флотының болуы (бірлікпен);
      5) аулау құралдарының, оның ішінде жылымның, тордың, қабадандардың, шаян аулағыштардың, омыртқасыздарды жинау құралдарының және Балық аулау қағидасына сәйкес келетін басқа да аулау құралдарының болуы;
      6) бұдан бұрын бөлінген квотаның ағымдағы жылы нақты игерілуі (тоннамен);
      7) балықшылардың саны (адам) көрсетіледі.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар өтінімге қоса беріледі:
      1) аулау құралдарының болуы және балықшылар саны туралы анықтама;
      2) өтінім берілген күнінен бұрын екі ай ішінде алынған аумақтық көліктік бақылау органының аулау және көлік флотын тіркеу туралы анықтамасы;
      3) Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің ағымдағы жылы бөлінген квотаны игеру, ағымдағы жылы балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы бұзу саны (болған жағдайда), ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі туралы анықтамасы (мың теңгемен).
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      18. Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері не жергілікті атқарушы органдар балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жануарлар дүниесін алып қоюға арналған лимиттерге сәйкес кәсіпшілік учаскелеріне бөлінбеген су айдындарына бөледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19. Әр түрлі балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген екі және одан да көп балық шаруашылығы учаскелеріне бөлінген балық шаруашылығы су айдындарына квоталарды бөлу балық шаруашылығы субъектісін рейтингтік бағалау негізінде белгіленген лимиттің түрлік құрамына пайыздық қатынаста жүзеге асырылады.
      Су айдынында ғылыми ұйымдардың ұсынымдары бойынша айқындалған балық өсірілетін аудандар (биотоптар) болған жағдайда, квотаны бөлу балық өсірілетін аудандарды (битоптарды) ескере отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      20. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою лимиттері бекітілгеннен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығарылады.
      21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алған балық шаруашылығы субъектілері ай сайын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне оның пайдаланылуы туралы есеп береді.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Балық шаруашылығы субъектісі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаны 1 тамызға дейін игере алмаған жағдайда, Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі не жергілікті мемлекеттік орган бұрын бөлінген квотаны аталған балық шаруашылығы су айдынының басқа учаскелерінде басқа балық шаруашылығы субъектісіне қайта бөліп беруге құқылы.
      23. Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы өтінімде көрсетілген деректер, оған қоса берілген құжаттар мен мәліметтер негізінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесімен не жергілікті атқарушы органмен келесі негізде анықталады:
      1) 100 пайызға теңестірілген және балық шаруашылығы субъектісінің көрсеткіші бойынша пайыздық маңыздылыққа бөлінген максималдық бағалау көрсеткіші;
      2) балық шаруашылығы субъектісі көрсеткіштерінің көлемі және (немесе) саны ұсынылған өтінімдерге, осы мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарға, сондай-ақ, Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің не жергілікті атқарушы органның мәліметтеріне сәйкес белгіленеді;
      3) ең нашар көрсеткіші бар қатысушыға ең төменгі баға (минус 10 балл) қойылатын Рейтингтік бағалауды есептеу парағының 7-жолын қоспағанда, ең көп (ең үздік) көрсеткіші бар балық шаруашылығы субъектісіне тиісті тармақ бойынша 20 баллдық жүйемен ең жоғарғы баға қойылады;
      4) балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы (бұдан әрі – Р) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген Рейтингтік бағалауды есептеу парағының (бұдан әрі – Есептеу парағы) 3-бағанының көрсеткішін (ең жоғарғы бағалау көрсеткіші) Есептеу парағының 5-бағанына (20 баллдық жүйедегі баға) көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Рейтингтік бағаны есептеу осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      25. Әрбір балық шаруашылығы субъектісіне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары Л = К х Р формуласы бойынша анықталады, мұнда:
      Л - бөлінетін квота;
      К - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың коэффициенті;
      Р - балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті.
      26. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (бұдан әрі - К) К = У/С формуласы бойынша есептеледі, мұнда:
      У - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиті;
      С - балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициентінің сомасы.

Жануарлар дүниесі       
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына 
1-қосымша           

________ аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып
табылатын жануарларды түрлері бойынша алып қоюға арналған
квотаны алуға өтінім

Аңшылық шаруашылығының атауы

Жануардың түрі

Ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны

Алып қоюдың бекітілген нормативі

Алып қоюға (дарақтарды) сұратылған квота

Соның ішінде (тұяқтылар үшін)






аталығы

аналығы

шабақтары









































Берілген күні
МО

Аңшылық шаруашылығы
субъектісі басшысының Т.А.Ә.                          қолы

Жануарлар дүниесі        
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына  
2-қосымша            

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су
айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар
әлемі объектілерін алып қоюға
ӨТІНІМ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Балық шаруашылығы субъектісінің атауы_________________
      2. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы _______________________________________
      _________аумақтық бөлімшесімен жасалған Балық шаруашылығын
      жүргізуге арналған______ жылғы «___» ________ № ____ шарт
      3. Ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі, (мың/теңгемен)_______________________
      4. Аулау және көлік флотының болуы, соның ішінде:
      1) қуаты 40 а/к және одан жоғары балық аулау кемелері (бірлік)
      ______________________________________________________________
      2) моторлы қайықтар (бірлік)__________________________________
      3) көлік кемелері (бірлік) ___________________________________
      5. Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау құралдары:
      1) жылымдар (дана) ___________________________________________
      2) торлар, қабадандар (дана) _________________________________
      3) басқа да аулау құралдары (дана) ___________________________
      6. Ағымдағы жылы бөлінген квотаның нақты игерілуі (тн)____________
      7. Балықшылардың саны (адам) _________________________________

      Берілген күні
      МО

      Балық шаруашылығы субъектісі
      басшысының Т.А.Ә.___________________       Қолы_______________

Жануарлар дүниесі      
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына 
3-қосымша           

Балық және басқа су жануарларын аулау квоталарын бөлу
қорытындылары

Р/c

Балық шаруашылығы субъектісі

Рейтингтік коэффициент (Р)

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау коэффициенті (К)

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау квотасы (Л=Р х К)

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10





ҚОРЫТЫНДЫ:




Жануарлар дүниесі       
объектілерін алып қоюуға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
4-қосымша           

Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1088 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Балық шаруашылығы субъектісі _____________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі_______________

Р/с

Көрсеткіштердің атауы

Ең жоғарғы бағалау көрсеткіші пайызбен

Өтінімдерге сәйкес көрсеткіштер саны

20 баллдық жүйе бойынша бағалау

Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті

1

2

3

4

5

6

1.

Ағымдағы жылы балық ресурстарының және басқа су жануарларының өсімін молайтуға жіберілген қаржы қаражатының көлемі (мың теңгемен)

20




2.

Аулау және көлік флотының болуы, бірлік, соның ішінде

20




1) қуаты 40 а/к және одан жоғары балық аулау кемелері (бірлік)

10




2) моторлы қайықтар

5




3) көлік кемелері

5




3.

Балық аулау және (немесе) су омыртқасыз жануарларын жинау құралдарының болуы, бірлік соның ішінде

20




1) жылымдар

10




2) торлар мен қабадандар

5




3) торлар, шаян аулағыштар, омыртқасыздарды жинау құралдары, дана (шаяндарды және басқа су омыртқасыздарын алып қою квотаны бөлу кезінде толтырылады)

5




4.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу саны (фактілері)

20




5.

Ағымдағы жылғы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға бөлінген квоталардың игерілуі (тонна)

10




6.

Балықшылардың болуы (адам)

10




Жиыны

100




      Балық, шаян және су омыртқасыздарын алып қою квоталарын болу үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы бөлек толтырылады.