Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 570 қаулысымен   
бекітілген       

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аңшылық, балық ресурстары және басқа да су жануарларының объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды балық шаруашылығы ұйымдарының арасында бөлу тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі;
      2) Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі.
      3. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу жануарлар ресурстарын, аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
      4. Аңшылық объектісі болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды бөлуді:
      бекітіліп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінетін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квоталарды қоспағанда, Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      бекітіліп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы субъектілері арасында балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық
объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып
қоюға арналған квоталарды бөлу тәртібі

       6. Аңшылық шаруашылығы субъектісі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне аңшылық алқаптардың өнімділігі және аңшылық шаруашылығын жүргізудің деңгейі туралы қысқаша анықтамамен бірге алдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың аңшылық объектілері болып табылатын түрлері бойынша есеп деректерінің негізінде өтінім береді.
      7. Өтінімде:
      1) аңшылық шаруашылығының атауы;
      2) жануардың түрі;
      3) ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны;
      4) бекітілген алып қою нормативі;
      5) (дарақтарды), соның ішінде (тұяқтылар үшін) аталықтарды, аналықтарды, шабақтарды алып қоюға сұратылған квота көрсетіледі.
      8. Аңшылық шаруашылығы субъектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюдың тиісті жылға арналған квоталарын қалыптастыруды берілген өтінімдер негізінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
      9. Жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.
      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі берілген өтінімдерді ескере отырып, аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде алдын ала Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен келісілген аңшылық объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қою квоталарын бөлуді және бекітуді жүзеге асырады.
      11. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру және басқалар) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.
      12. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе немесе аңшылық шаруашылығы субъектісі аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді бұзса, онда аталған аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жануарлар түрлерін аулауға арналған квота бөлінбейді.

3. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға
арналған квоталарды бөлу тәртібі

      13. Балық ресурстарын алып қоюға арналған квоталар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті жылға арналған жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерінің (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) негізінде балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектілері арасында балық ресурстары және басқа да су жануарларының түрлік құрамына пайыздық қатынаста бөлінеді.
      14. Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік тапсырысты, бақылау, мелиорациялық, эксперименттік аулауды, өсімді молайту мақсатындағы аулауды орындау мақсатында әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 2%-ы шегінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыру үшін квота белгілейді.
      15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері лимиттер бекітілгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне немесе жергілікті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
      16. Өтінімде:
      1) балық шаруашылығы субъектісінің атауы;
      2) балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы;
      3) алып қою мақсаты;
      4) жануарлар дүниесін пайдаланудың түрі;
      5) алдыңғы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жіберілген қаржы құралдарының көлемі (мың теңгемен);
      6) балық өнімін салқындатуға, мұздатуға және сақтауға арналған ыдыстардың болуы, тонна;
      7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын терең өңдеу цехтарының болуы, тонна/тәулік;
      8) аулау флотының, оның ішінде 40 ат күші және одан жоғары тұрақты қозғалтқышпен өздігінен жүретін жүзу құралдарының және шағын көлемді және өздігінен жүрмейтін жүзу құралдарының болуы, бірлікпен;
      9) көлік флотының болуы, (саны);
      10) аулау құралдарының, оның ішінде ау, тор, қабадан, шаян аулағыштар, омыртқасыздарды жинау құралдарының саны;
      11) бұрын бөлінген квоталарды соңғы үш жыл ішінде нақты игеру;
      12) балықшылардың саны көрсетіледі.
      17. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар өтінімге қоса беріледі:
      1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау және өңдеу жөніндегі негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы құжаттардың көшірмелері;
      2) алдыңғы жылы молайту және балық қорғау іс-шараларына қаржы бөлінгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      3) аумақтық көліктік бақылау органының аулау және көлік флотын, оның ішінде шағын көлемдісін тіркеу туралы анықтамасы;
      4) балық өнімін салқындатуға, мұздатуға және сақтауға арналған ыдыстардың, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын терең өңдеу цехтарының болуы туралы құжаттардың көшірмелері.
      18. Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері не жергілікті мемлекеттік органдар балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын өтінім берілген көлемге сәйкес белгіленген лимиттердің түрлік құрамына пайыздық қатынаста бөледі.
      19. Әртүрлі балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген екі немесе одан да көп балық шаруашылығы учаскелеріне бөлінген балық шаруашылығы су айдындарында квоталарды бөлу балық шаруашылығы субъектілерінің рейтингтік бағасы негізінде жүзеге асырылады.
      20. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою лимиттері бекітілгеннен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығарылады.
      21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алған балық шаруашылығы субъектілері ай сайын оны пайдалану туралы есеп береді.
      22. Балық шаруашылығы субъектісі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квотаны 1 тамызға дейін игере алмаған жағдайда, Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі не жергілікті мемлекеттік орган бұрын бөлінген квотаны аталған балық шаруашылығы су айдынының басқа учаскелерінде басқа балық шаруашылығы субъектісіне қайта бөліп беруге құқылы.
      23. Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы өтінімде көрсетілген деректер, оған қоса берілген құжаттар мен мәліметтер негізінде Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесімен не жергілікті атқарушы органмен келесі негізде анықталады:
      1) 100 пайызға теңестірілген және балық шаруашылығы субъектісінің көрсеткіші бойынша пайыздық маңыздылыққа бөлінген максималдық бағалау көрсеткіші;
      2) балық шаруашылығы субъектісі көрсеткіштерінің көлемі және (немесе) саны ұсынылған өтінімдерге, осы мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарға, сондай-ақ, Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің не жергілікті атқарушы органның мәліметтеріне сәйкес белгіленеді;
      3) ең көп (ең үздік) көрсеткіші бар балық шаруашылығы субъектісіне тиісті тармақ бойынша 10 баллдық жүйемен максималды баға қойылады;
      4) балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы (бұдан әрі - Р) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген Рейтингтік бағаны есептеу парағының (бұдан әрі - Есептеу парағы) 3-бағанының көрсеткішін (ең жоғарғы бағалау көрсеткіші) Есептеу парағының 5-бағанына (10 баллдық жүйедегі баға) көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады.
      24. Рейтингтік бағаны есептеу осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      25. Әрбір балық шаруашылығы субъектісіне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары Л = К х Р формуласы бойынша анықталады, мұнда:
      Л - бөлінетін квота;
      К - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың коэффициенті;
      Р - балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті.
      26. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (бұдан әрі - К) К = У/С формуласы бойынша есептеледі, мұнда:
      У - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиті;
      С - балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициентінің сомасы.

Жануарлар дүниесі       
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына 
1-қосымша           

________ аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып
табылатын жануарларды түрлері бойынша алып қоюға арналған
квотаны алуға өтінім

Аңшылық шаруашылығының атауы

Жануардың түрі

Ағымдағы жылғы (дарақтардың) саны

Алып қоюдың бекітілген нормативі

Алып қоюға (дарақтарды) сұратылған квота

Соның ішінде (тұяқтылар үшін)






аталығы

аналығы

шабақтары









































Берілген күні
МО

Аңшылық шаруашылығы
субъектісі басшысының Т.А.Ә.                          қолы

Жануарлар дүниесі        
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына  
2-қосымша            

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су
айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар
әлемі объектілерін алып қоюға
ӨТІНІМ

1. Атауы, ведомстволық бағыныстылығы (болған жағдайда), құрылтайшысы, деректемелері, заңды мекенжайы ______________________________________
2. _________ облысы әкімдігінің ________ жылғы «  » ________ шешіміне
және __________ аумақтық бөлімшесімен жасалған _____ жылғы «  » _____
№ ______ шартқа сәйкес бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдыны
және (немесе) учаскесі ______________________________________________
3. Өндірістік қызметтің негізгі бағыты, балық аулауды және балық өнімі мен басқа су жануарларын өңдеуді қай уақыттан бері жүзеге асырады _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны (немесе) учаскесі ____
_____________________________________________________________________
5. Балық және басқа су жануарларын, оның ішінде түрлері бойынша аулаудың өтінім берілген көлемі (квотасы) ___________________________
_____________________________________________________________________
6. Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін жүзу құралдарының, кәсіпшілік механизмдерінің, аулау құралдарының болуы. Тиісті біліктілігі бар балықшылардың саны (жұмыс тәжірибесі, арнайы даярлығы), басқа да мәліметтер ______________________________________
_____________________________________________________________________
7. Өндірістік қуаттар, өндірістік үй-жайлар, цехтар (ш.м.) мұздатқыш қондырғылар. Технологиялық жабдық (қуаты) және басқа да өндірістік сипаттамалары _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Растаушы құжаттарды ұсына отырып, соңғы үш жылда өз қаражатының, ақшалай мәндегі демеушілік қолдаудың есебінен жүргізілген балық қорын молайту жөніндегі іс-шаралардың, мелиорацияның және басқа да жұмыстардың көлемі мен түрлері ______________________________________
_____________________________________________________________________

Берілген күні
МО

Балық шаруашылығы
субъектісі басшысының Т.А.Ә.                             қолы

Жануарлар дүниесі      
объектілерін алып қоюға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына 
3-қосымша           

Балық және басқа су жануарларын аулау квоталарын бөлу
қорытындылары

Р/c

Балық шаруашылығы субъектісі

Рейтингтік коэффициент (Р)

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау коэффициенті (К)

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау квотасы (Л=Р х К)

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10





ҚОРЫТЫНДЫ:




Жануарлар дүниесі       
объектілерін алып қоюуға арналған
квоталарды бөлу қағидаларына
4-қосымша           

Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

Балық шаруашылығы субъектісі ________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі __________________

Р/с

Көрсеткіштердің атауы

Ең жоғарғы бағалау көрсеткіші пайызбен

Өтінімдерге сәйкес көрсеткіштер саны

10 баллдық жүйе бойынша бағалау

Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті

1

2

3

4

5

6

1

Алдыңғы жылы балық ресурстарының және баска су жануарларының өсімін молайтуға жіберілген қаржы құралдарының көлемі (мың теңгемен)

10




2

Балық өнімін салқындатуға, мұздатуға және сақтауға арналған ыдыстардың болуы, тн;

10




3

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын терең өңдеу цехтарының болуы, тн/тәулік;

10




4

Аулау флотының болуы, бірлік

15




1) өздігінен жүретін, (тұрақты қозғалтқышпен), 40 а.к. және одан жоғары

10




2) шағын көлемді және өздігінен жүрмейтін

5




5

Көлік флотының болуы

10




6

Балық аулау құралдарының болуы, дана (балық ресурстарын алып қоюға арналған квоталарды бөлу кезінде толтырылады)

15




1) аулар

10




2) торлар мен қабадандар

5




7

Шаян аулағыштардың немесе омыртқасыздарды жинау құралдарының саны, дана (шаян және су омыртқасыздарын алып қоюға арналған квоталарды бөлу кезінде толтырылады)

10




8

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу саны (фактілері)

10




9

Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулауға бөлінген квоталардың игерілуі, %

10




1) 100%

10




2) 75%-дан 100%-ға дейін

5




3) 75 %-дан кем

0




10

Балықшылардың болуы, адам

10




ЖИЫНЫ:

100




      Балық, шаян және су омыртқасыздарын алып қою квоталарын бөлу үшін Рейтингтік бағалауды есептеу парағы бөлек толтырылады.